Ойынның психологиялық ерекшелігі



Бала мен балалар ұжымының дамуында бастауыш сынып балалар іс-әрекетінің негізгі түрі — ойын орасан зор роль атқарады.
Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.
Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды коршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің кұралы деп білді. «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,— деп жазды ол,— ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін — оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін — тәрбиенің мықты формасы.»
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін — айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас жасау мен қоғамдық, тәжірибені игерудің қуатты кұралы- тілді бірте-бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен ренішін түйсіне отырып, ол осындаи өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің кандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында кандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады».
Түрлі халықтардың және коғам дамуының әр түрлі тарихи кезеңдерінде балалар ойындарын ұзақ қадағалау, олардың мазмұнын зерттеу ойынның негізгі кайнар көзі — адамдардың әлеуметтік өмірі, баланың, оның отбасының тіршілік жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қймылын, іс-әрекеттерін, олардың барлық қимылынан туған жағдайдағы қарым-катынасын бейнелеуі болып табылады.
Аса көрнекті режиссер әрі актер К.С.Станиславский «Актердің өзімен жұмыс істеуі» деген кітабында балалар ойынын сипаттай келіп, былай деді: бала ойынының ерекшелігі- ол өз ойлағанының шынайылығы мен шындығына сенеді. Бала өзіне «солай болған екен» десе бітті,-оның қиялы шарықтап жүре береді. Сонымен бірге баланың тағы бір касиеті байқалады: «балалар өздерінің неге сене алатынын, нені елемеу керек екенін біледі ».
Ойынның мұндай сипаты оны балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлерінен өзгеше етеді және белгілі бір мөлшерде өнермен, шындықты бейнелеп көрсетумен жақындастырады. Шын іс-әрекеттерді ойында қайталап жеткізу оны дәлме-дәл көшіру, айнадағыдай бейнелеу емес. Балалар шын жағдайдың барлық нақты жақтарымен, уакытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен шектелмейді. Ойнап жүргенде ол бөлменің ішінде-ақ буырқанған теңіз іщінде жүзіп жүргеніне сенеді шын қорқыныш пен қиындықты жеңгендегі қуаныш сезімін бастан кешеді.
1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.
2. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002
3. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
5. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
Педагогика факультеті

Баяндама
Тақырыбы: Ойынның психологиялық ерекшелігі

Орындаған:Ерланқызы М.
Тексерген: Карипбаева Ш.Т.

Семей қ.2015ж.

Бала мен балалар ұжымының дамуында бастауыш сынып балалар іс-әрекетінің негізгі түрі -- ойын орасан зор роль атқарады.
Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.
Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды коршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің кұралы деп білді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, -- деп жазды ол, -- ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін -- оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін -- тәрбиенің мықты формасы.
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін -- айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас жасау мен қоғамдық, тәжірибені игерудің қуатты кұралы- тілді бірте-бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен ренішін түйсіне отырып, ол осындаи өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің кандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында кандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.
Түрлі халықтардың және коғам дамуының әр түрлі тарихи кезеңдерінде балалар ойындарын ұзақ қадағалау, олардың мазмұнын зерттеу ойынның негізгі кайнар көзі -- адамдардың әлеуметтік өмірі, баланың, оның отбасының тіршілік жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қймылын, іс-әрекеттерін, олардың барлық қимылынан туған жағдайдағы қарым-катынасын бейнелеуі болып табылады.
Аса көрнекті режиссер әрі актер К.С.Станиславский Актердің өзімен жұмыс істеуі деген кітабында балалар ойынын сипаттай келіп, былай деді: бала ойынының ерекшелігі- ол өз ойлағанының шынайылығы мен шындығына сенеді. Бала өзіне солай болған екен десе бітті,-оның қиялы шарықтап жүре береді. Сонымен бірге баланың тағы бір касиеті байқалады: балалар өздерінің неге сене алатынын, нені елемеу керек екенін біледі .
Ойынның мұндай сипаты оны балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлерінен өзгеше етеді және белгілі бір мөлшерде өнермен, шындықты бейнелеп көрсетумен жақындастырады. Шын іс-әрекеттерді ойында қайталап жеткізу оны дәлме-дәл көшіру, айнадағыдай бейнелеу емес. Балалар шын жағдайдың барлық нақты жақтарымен, уакытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен шектелмейді. Ойнап жүргенде ол бөлменің ішінде-ақ буырқанған теңіз іщінде жүзіп жүргеніне сенеді шын қорқыныш пен қиындықты жеңгендегі қуаныш сезімін бастан кешеді.
Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі -- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар, жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуы мен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-катынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің кайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пай-да болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
* ойынның түпкі ниеті,
* сюжеті немесе мазмұны;
* ойын әрекеттері, рольдер;
* ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді
Ойынның түпкі ниеті -- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, балалар бақшасы, аурухана және т. б.болып ойнау);
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (метро салу, ауыл еңбегі, үйлер, фабрикалар, стадиондар тұрғызу және т. б.);
в) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар, т.т.) Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны -- бұл оның жанды тұлғасын кұрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарьім-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рол.
Ойын процесіңде рольге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рольді немесе рольді-сюжетті ойындар деп аталады. Роль әрқашан адамға немесе жануарға, оның қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рольді ойнайды. Бірақ мектепке дейінгі бала ол рольді жай ғана ойнап қоймайды, бар жанымен сол бейнеге енеді, оның шын екеніне сенеді.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда -- ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мнн өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдык, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншак, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі азды-көпті типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әр түрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылатын және басқарылатын педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу кұралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Балада ойын әрекеті және оның түрлері
Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Балалар ойынының жіктелуі
Қимыл-қозғалыс ойындарының нұсқалары
Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
Пәндер