Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.

1. 1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы . . . 6

1. 2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың

себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар . . . 12

1. 3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы . . . 18

II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары

2. 1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның

түрлері . . . 25

2. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде . . . 35

2. 3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,

не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік . . . 44

Қорытынды . . . 72

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 76


КІРІСПЕ

Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар-намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін мойындауды қажет етеді. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны ерекше аталып көрсетіледі [2, 36. ] . Осыған орай, елдегі саяси жүйедегі реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесін ұжым, бүкіл қоғам мүддесімен ұштастыруға, сондай-ақ адамды қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмір сүру және еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті, саяси бостандықты орнатуға, адамның жан-жақты дамуына және рухани баюына мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Алайда жаңа қоғам құру оңай шаруа емес. Бұл процесс кейбір келеңсіз құбылыстармен үштасып жатады. Соның бір көрсеткіші - елдегі соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлардан құқықбұзушылықтардың көбеюі. Қылмыстардың тұрақты өсуі тенденциясының қалыптасуы қоғамдағы табиғи-саяси жағдайларға келеңсіз әсер етеді, адамдар арасындағы келіспеушілікті үлғайтып, халықтың болашағына деген сенімсіздігін арттырады.

Елімізде 1993 жылы ақша реформасын жүргізу барысында ұлт мақтанышы, тәуелсіз мемлекет рәмізі, мемлекет тәуелсіздігінің басты бір белгісі болатын өзінің алғаш ұлттық валютасы-теңгені шығарды. Қазақстан халқының басым көпшілігі нарық жағдайына жаңа үйреніп, оның заңдылықтарын енді игеріп жатуы жаңа қылмыстар түрлерінің пайда болуына әкеп соқты. Оның нақты бір көрінісі - жалған ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау, сақтау, не оларды сату.

Аталған қылмыстың қауіптілігін барлық уақытта да көпшілік мойындап келген. "Хандықтардың, корольдіктердің, республиканың қүлауына негізінен төрт түрлі жағдай әсер етеді: ол шапқыншылық, өлімнің болуы, егін-ауыл шаруашылығындағы жұтшылық және монеталардың құнсыздануы. Алғашқы үш жағдай басқа түскенде тәуекелге бел бууға болады, олар - жорамал. Ал, монетаның құнсыздануын кейбіреулер республиканың құлауының негізі ретінде мойындамайды, себебі ол мемлекетті бірден, зор екпінмен емес, жайлап, жасырын түрде мемлекетті құртады және жояды" [3, 99-10066. ] .

Жалған ақшаны жасау, сақтау, не айналымға жіберуден елдің экономикалық ақша айналымы заңы бұзылады, инфляцияға сара жол ашылады. Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:

- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;

- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;

- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату тек экономикалық қызмет саласына ғана зиян келтіріп қоймай, жәбірленушінің меншік құқығына да белгілі дәрежеде әсер етеді. Жалған ақша мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді. Халықтың өз ұлттық ақша бірліктеріне деген құрметін, ал бағалы қағаз рыногында жалған бағалы қағаз эмитент беделін өз бәсекелестері арасында түсіріп, сенімсіздік тудырады. Осыны ескеріп, ҚР қылмыстық заңында ұлттық ақша бірліктері, бағалы қағаздармен қатар шетел валютасы мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Іс-тәжірибеде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу көп жағдайда ұйымдасқан нысанда кездеседі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, айналымға жіберу түріндегі жекеленген қылмыстық әрекеттерді жалғыз қылмыскерге жүзеге асыру қиындау. Ол үшін жалған құжатты жасайтын мамандарды, оны таратуды жүзеге асыратын тұлғаларды тартады. Ал, ұйымдасқан қылмыстармен күрес бүгінде мемлекеттегі өзекті мәселе екендігі баршаға аян.

Аталған қылмыспен күресудің қиындығы сол, ол тікелей ғылыми-техникалық жетістіктермен, қоғам әл-ауқатының жақсаруымен тығыз байланысты. Тәжірибеде жалған ақша мен бағалы қағазды жасауда жай стандартты баспа құралдарының жедел түрін қолдану анағұрлым тиімді: ол жоғары дәрежеде құжат көшірмесін даярлайды, сенімді және оңай қол жеткізуге болады, әрі жинақы.

Қай кезеңде болмасын жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күрес, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру өзекті мәселе болған. Бұл қылмыстардың түрлі мемлекеттерде өзіндік ғасырлық тарихы бар екені жұмбақ емес. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуден қорғанудың түбегейлі әдістерін, жолдарын ешбір елде, ешбір заманда, ешкім де ойлап тапқан емес. Қылмыстылық - қоғам сияқты мәңгілік. Алайда, қылмыстардың алдын алудың тиімді жолын іздеу - адамзат парызы. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуды арнайылап ауқымды зерттеген отандық еңбектер жоқ. тек Ағыбаева Л. А. -ның диссертациялық жұмысында бұл тақырыптың кейбір жақтары көрсетілген[6] .

Дипломдық жұмысының басты мақсаты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күресу шараларын жүйелеу және жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату туралы қылмыстық норманы толық ашып қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың актуалдығы - аталған тақырыпта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеу және оны дұрыс дәрежелеу мәселелеріне қатысты қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттама берілген, оның Қазақстан Республикасында алғаш рет арнайы, кешенді түрде ғылыми тұрғыдан зерттелуі диссертацияның ғылыми жаңалығы болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендіріп жүргізіледі. Қылмыстылықпен күресте әлемдік ғылыми тәжірибедегі жетістіктер қамтылады.


I ТАРАУ. ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУҒА КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы

Қылмыстылық мәселесінің тарихы адамзат цивилизациясынан бастау алады. Қылмыстылық ұғымы кең. Оны статистикалық және әлеуметтік тұрғыдан да қарауға болады. Қылмыстылық - объективті, адамзат қоғамымен, оның заңдарымен байланысты әлеуметтік, сондай-ақ тарихи өзгермелі құбылыс.

Қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс ретінде қарасақ, ол әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде пайда болады. Неміс криминологы Арманд Мерген (1961ж. ) : "Қылмыс - ертеден келе жатқан және қоғаммен бірге өмір сүретін әлеуметтік құбылыс", дейді.

Қылмыстық заң актісімен реттелетін қылмыстар қылмыстылықты құрайтын болғандықтан, ол - қылмыстық құқықтық құбылыс болып табылады. Қылмыстылық қоғамға қауіпті және мемелекет заңдарына қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктердің жиынтығы тұрғысынан қаралады. Қылмыстылық басқа әлеуметтік құбылыстардан құқықтық сипатымен ерекшеленеді, оның бұл қылмыстық құқықтық сипаты басқа құқықбұзушылықтардан да айырып тұрады. Қылмыстылық дегеніміз белгілі уақыт аралығында мемлекеттегі қылмыстардың жиынтығы түріндегі тарихи өзгермелі, объективті және әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Криминологияда экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседі. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым. Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттің белсенді ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндірісті, технологияларды дамытуды, халықаралық сауда көлемін ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды, бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құруды, сондай-ақ экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың, экономикалық қылмыстардың алдын алуды қажет етеді.

Бу Свенсон экономикалық қылмысты экономикалық қылмыстар ұзаққа созылатын, жүйелі, пайдакүнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет, деп есептейді [24, 3-766. ] . Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Тіленчиева Г. Д. экономикалық қылмыстарға төмендегі белгілерді жатқызады [25, 356. ] :

- олардың экономикалық-шаруашылық механизмдермен байланысты;

- қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесіндегі тұлғалар ғана қылмыстың субъектілері бола алады.

Аталған белгілер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрі де жүйелі түрде жасалына бермейді, сондай-ақ қылмыскердің тек сол экономикалық жүйедегі тұлғаның бірі болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргізу қызметін бұзады. Қылмыскер өзіне материалдық игіліктерді алу үшін шарауашылық механизмдерді саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизмнің звенолары бір-бірімен тығыз байланыста. Қылмыспен бір звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизмдеріне эрозия алып келеді. Экономикалық қылмыстардың кейбірі пайдакүнемдіктен басқа ниетпен де жасалынады.

Дженаро Д. Д. мен Бетерс Э. : "Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әділ процесі, ол заңмен қорғалынатын нарықтың ойын ережесін бұзады", -дейді [25, 116. ] . Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бір түрі ретінде, -дейді Вороженин В., - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Шаруашылық қылмыстың топтық объектісі рыногтық экономиканың дамуына негізделген, қоғамдағы шарашылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Ал, Дементьева Е. Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жатқызады [26, 256. ] :

- материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалынуы;

- жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;

- ұзақ, жүйелі;

- мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі.

Автор өз еңбегінде жәбірленуші мәселесін көтереді, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игілікке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаның меншік құқығына да нұқсан келтіреді, деп есептейді. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншік құқығынан қауіптірек болады да, қылмыстың объектісі ретінде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандандырылған қызмет барысында жасалынады, деген автордың пікірімен келісуге болады, бірақ та барлық уақытта емес. Тұрмыстық мәмілелерді жасауда мамандандырылған қызметтің болуы міндетті емес.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату көне заманда, ақша пайда болғаннан-ақ қоғамда кездесіп отырған. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік туралы заңнамалардың даму тарихы ерекше жағдайлардан өтті. Ресейдің алғашқы қылмыстық кодексі (1922) бұл қылмыстық әрекетті құжаттарды бұрмалаудың түрі ретінде қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыс деп қарастырды. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сатуға мемлекеттік қылмыстық сипат беріп, ОАК мемлекеттік қылмыстар туралы (1927) жалпы одақтық ереже қабылданды. Қылмыстық нормада пайдакүнемдікпен жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік көзделді. 1959ж. Қазақ Советтік Республикасы қылмыстық кодексінде жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау шаруашылық қылмыстар қатарында қаралды. Бүгінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу - ақша-несие саласында кездесетін қылмыс. Ақша-несие жүйесі мемлекеттің негізгі элементі болғандықтан, бұл мемлекеттің экономикалық қызметтері ұғымын қамтиды. Экономикада ақша-несие жүйесі ерекше орын алады, бұл ұғымдарды бөлек қарау мүмкін емес. Елдің рыногтық өтпелі экономикалық жағдайында, кәсіпкерлік бостандығы жарияланып, бәсекелестікке жол берілгенде, құн мен сыртқы экономикалық қызмет либерализацияланғанда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмысты экономикалық қылмыс қатарына жатқызбау әділ болмас еді.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстарды Қайыржанова С. Е. банктік қылмыс қатарында зерттейді [27, 186. ] . Банктік қылмыстар - экономикалық қылмыстардың жекеленген түрі. Жұмыста банктік қылмыстарды екі топқа бөледі:

- банк жүйесінде жасалынатын қылмыстар;

- банк қызметі саласындағы қылмыстар.

И. А. Сербина: "Жалған ақшаны жасау, сақтау, не сату банктік операцияларды, не басқа мәмілелерді жүзеге асыру процесінде кездеспейді. Бұл құжаттар әріптестер арасында шарт жасамай сатылады", - деп есептейді [28, 30-3666. ] . Банк жүйесіне эмиссиялайтын, эмиссияламайтын банктер жатады. Ал, банктердің бірден-бір қызметтері валюта айырбастау, сондай-ақ бағалы қағаздарды техникалық сақтау болғандықтан, жалған ақша мен бағалы қағазбен байланысты қылмыстардың бұл салада кездеспеуі мүмкін емес. Мысалы, ақша айырбастау шарты ауызша нысанда да жасалынады, демек тұлғалар арасында шарт бар, реституция қолданылады.

Ақша-несие, бағалы қағаздар рыногы саласының қазіргі таңдағы криминологиялық жағдайын зерттеу нәтижесінде төмендегідей ерекшеліктерді байқаймыз:

- аталған қылмыс санында біршама ғана ауытқулардың болуы;

- қылмыстың қоғамға елеулі дәрежеде қауіптілігі;

- қылмыстың ғылыми технологиялық жетістіктермен тығыз байланыстылығы;

- ақша-несие саласындағы қызметтерге ерекше әсер етуі;

- жоғары дәрежеде латенттік сипат алуы.

Қылмыстылық келесі негізгі үш көрсеткіштермен өлшенеді: жалпы жағдайы, құрылымы мен динамикасы. Сонымен қатар, қылмыстылық қылмыспен келген шығынның мөлшерімен, оның сипатымен де өлшенеді.

Қылмыстылықтың жалпы жағдайы - бұл қылмыстардың және қылмыскерлердің сандық көрсеткіші. Қылмыстылық деңгейі коэффицентпен анықталады. Жалған ақша мен бағалы қағадарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің қылмыстылық коэффиценті жалпы қылмыс саны мен халық санының арақатынасының нақты массаға көбейтіндісіне тең. Әрбір 1 адамға шаққанда 50 қылмыстан келеді.

Қылмыстылық құрылымы - қылмыс түрінің белгілі аймақта, уақыт аралығындағы жиынтығы. Оны мына белгілер сипаттайды: әлеуметтік-демографиялық, қылмыстық құқықтық және криминологиялық.

1 және 2-кестелерге сәйкес, экономикалық қылмыстар саласындағы ҚР ҚК бойынша өндірісте тіркелінген жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар санының көрсеткіші төмендегідей [29] . : 1998 жылы 3593 экономикалық қылмыстардың 871-і жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыс, 1999ж. 3538 экономикалық қылмыстардың 866-і, 2000ж. 5292 экономикалық қылмыстардың 639-ы, 2001ж. 5622 экономикалық қылмыстардың 590-ы, 2002ж. 6036 экономикалық қылмыстардың 797-ы, 2003ж. 4669 экономикалық қылмыстардың 844-ы жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар. 1998-1999жылдары экономикалық қылмыстардың 1/4-і, ал 2001ж. экономикалық қылмыстардың 1/8-і жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу құрған.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар 1998ж. мен 2003ж. аралығында азайып барып алғашқы қалпына келген. Қалталы кәсіпкерлер арасында ақшамен есептесуде детекторларды қолдану соңғы кездерде жайлап өріс алуда. Алайда, мұндай жағдай қылмыстар санының азаюына толық кепіл емес-ті. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың латентті қылмыстар қатарынан табылатындығы да мәлім.

Қылмыстылық динамикасы - белгілі уақыт аралығында қылмыстылық, оның негізгі құрылымдық көрсеткіштерінің тұтасымен өсуі, не төмендеуі. Қылмыстылық динамикасына мына факторлар әсер етеді: әлеуметтік және құқықтық. Біріншісі - қылмыстың себептері мен оларға жол беретін жағдайлар, халықтың демографиялық құрылымы, миграциясы. Екіншісі - қылмыстық және басқа жазаланатын әрекеттер кездесетін салаларды тарылтатын, не кеңейтетін, нақты қылмыстарды топтауға, оларды саралауға әсер ететін заңдардағы, қылмыстық және әкімшілік жазалардағы өзгерістер мен толықтырулар. Қылмыстылық динамикасы белгілі жағдайда қылмыстарды есепке алу, тіркеу жағдайымен, құқық қорғау органдары қызметтерінің тиімділігімен, қылмыстардың дер кезінде ашылуымен де байланысты.

Жалпы ҚР аумағы бойынша өндірістегі жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстық істердің арасынан тергеу аяқталып, сотқа жіберілгендерінің орта есеппен алғандағы жайы төмендегідей: 1998ж. - 6, 1%, 1999ж. - 10, 2%, 2000ж. - 13, 8%, 2001 ж. -14, 4%, 2002ж. - 11%, 2003ж. - 17%.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстарға криминологиялық сипаттама беруде жекеленген географиялық аймақтарда қылмыстардың ашылу жағдайларын қарастырудың орны зор (Кесте 3) . Сотқа жіберілген қылмыстық істердің ашылуының деңгейі 1998ж. -2000 жылға дейін тіпті 10%-ға да әрең жеткен, 2000ж. -2003ж. жоғарылаған. Соңғы екі жылдағы жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу туралы қылмыстардың ашылуының жақсы көрсеткіші ІІО мен ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнініндегі Агенттіктің (қаржы полициясы) бірлескен қызметтерінің жемісі деуге болады. Ал, жекелеген жағдайда қылмыстардың ашылу деңгейінің ең жоғары көрсеткіші 30%, ал Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Целинное басқармаларында ғана қылмыстардың ашылу деңгейі 80%-ға жеткен.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу түріндегі қылмыстарды ашу, тергеу барысында төмендегідей кемшіліктер кездеседі:

- қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу нормативтік базасының жетілдірілмеуі, баяу дамуы;

- қылмыстық әрекетерді ашуды ұйымдастыруда құқық қорғау қызметшілерінің біліктіліктерінің жетіспеуі;

- тергеу, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге материалдық-техникалық құралдардың жетіспеуі;

- құқық қорғау қызметкерлерінің экономикалық және физика-химия салаларындағы ілімдерді біле бермеуі;

- ақша-несие саласында қылмыскерлердің криминалды кәсібилігінің, ой-өрісінің дамуы және т. б.

Кесте 1 - Экономика саласында тіркелінген қылмыстар

Кесте 2 - Қылмыстық қудалау органдарының есебі бойынша жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың 1997-2003-жылдар аралығындағы күйлері туралы мәліметтер


1. 2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар

Кез келген құбылыстың пайда болуын сипаттайтын жалпы категория "детерминация" деп аталады. "Детерминация" - бұл құбылыстар, процестер мен жағдайлардың объективті тәуелдігі. Айналамызды қоршаған түрлі құбылыстар бір-бірімен байланысты, олар барлық уақытта диалектика заңына сәйкес қозғалыста болады. Детерминация төмендегідей өзіндік ерекшеліктерге ие: жағйдай, қызметтердің байланысы, коффеляция, себептілік және басқалар.

Себепті байланыс - детерминация туралы ілімнің негізгі түрі, ядросы. Себептілік - криминологияда ең күрделі, шиеленіске толы мәселелердің бірі. "Себептілік" ұғымына дұрыс түсінік беру үшін оны кезегімен, түрлі жағдайларға қатысты қарастырған дұрыс.

Себептілік - детерминацияның ішкі мазмұны, мәні. Себепті байланысқа мыналар тән: жалпыламалық, уақыт пен аймақтағы үздіксіздік. Табиғаты жағынан себептілік - генетикалық байланыс. Себептілік категориясында бір құбылыс міндетті түрде екіншіге (нәтижеге) айналады. Себептілік бір-біріне әсер ететін нақты оқиғаларды ғана сипаттайды, құбылысты өзгертуі де мүмкін. Себептілік категориясы тек себеп, жол беретін жағдай, нәтиже, олардың байланысы ғана емес, нәтиже мен себептердің арасындағы кері байланысты да қамтиды. Кез келген себеп түрлі жол беретін жағдайлармен бірге болады. Себеп - нәтиже туғызатын құбылыс, ол нәтижеге жету үшін белгілі оқиғаның дамуын қамтамасыз етеді.

60 жылдары криминология тек қылмыстылықтың күйі, жолдары мен құралдары жөніндегі ғылым ретінде қарастырылды [30, 86. ] . Қылмыстылықтың нақты бейнесін, оның дамуын анықтау, қылмыспен күресте не істеу керек деген сауалға жауап бермейді. Кез келген қылмыстылықтың пайда болуына қоғамдағы қайшылықтар себеп болады. Қылмыстылықты танып, баға беру мен күресу барысында қылмыстылықтың детерминациясы, себептері мен қылмысқа жол беретін жағдайларды міндетті түрде анықтау қажет болғандықтан, кейінгі оқулықтарда криминология қылмыстылықтың себептері мен қылмыстылықтың шарттарын зерттейтін болған [31, 986. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
Жалған ақша немесе бағалы қағаз
Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Жалған ақшаны дайындау мен сатуға байланысты қылмыстық істер
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және өткізу
Бағалы қағаздардың нарығының қызметі және оның маңызы
Ақша айналыс заңы
Дамудың салалық инвестициялық стратегиясы
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz