Жануарлардың морфо-физиологиялық құрылымы. Жануарлар әлемінің тектік және туыстық байланысы



Ғаламшарымызда жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын. Сондықтан оларды топқа бөліп, жіктеп, бір жүйеге келтіру қажет.

Жүйелеу дегеніміз – ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа – жануарлар дүниесіне біріктіріледі.

Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы ортадан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздеп табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыз жануарлар жәнеомыртқалы жануарлар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер – жоғары сатыдағы жануарлар. Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыда ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т.б.) желі өмір бойы сақталады.
1. Беклемишев В.Н Биогеоценологический основы сравнительной паразитологий М. 1982
2. Вернадський В.И Біосфера М. 1970
3. Культиасов И.М Екологія растении М. Изд. МТУ 1982
4. Одим Ю Екологія Т-1, Т-2 М. 1986
5. Пианка М.Ф эвалюционная экология 1981

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТІ
СӨЖ
Жануарлардың морфо-физиологиялық құрылымы Жануарлар әлемінің тектік және туыстық байланысы

Орындаған:Сарсенов Даулет
Тексерген: Нуржуманова Жанат Мекешовна

Жануарлардың морфо-физиологиялық құрылымы
Жануарлар әлемінің тектік және туыстық байланысы

Ғаламшарымызда жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын. Сондықтан оларды топқа бөліп, жіктеп, бір жүйеге келтіру қажет.

Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа - жануарлар дүниесіне біріктіріледі.

Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы ортадан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздеп табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.

Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыз жануарлар жәнеомыртқалы жануарлар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер - жоғары сатыдағы жануарлар. Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыда ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т.б.) желі өмір бойы сақталады.

К. Линней (1707 - 1778)

Жануарларды негізгі жүйелік топтарға жіктеу. Жер ғаламшарын дағы сан алуан жануарларды жеке-жеке атау, түрлерге ажырату, жүйеге келтіру оңайға түскен жоқ. Біздің заманымыздан бұрын (б. з. б.) V - ІV ғасырларда ғалымдар жануарларды жүйелеп, жіктеуге ерекше назар аударды. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ (б. з. б. 460 - 370 жж шамасында) сол кезде белгілі жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеді. Грецияның ұлы ойшылы Аристотель (б. з. б. 384 - 322 жж шамасында) жануарларды аңдар, құстар, балықтар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Филогенетика казыргы кезеңі
Биометрия негіздері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Филогенетикалық ағаштардың құрылысы
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Еркек малдың жыныс мүшесі
Жануарлар биотехнологиясы. Аналық малды ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру
Пәндер