Детерминизм


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

Орындаған: Тұрсынғазин Н. С. Математика 6М010900

Тексерген : философия ғылымының кандидаты Жаркимбаева Д. Б

Семей- 2015

Детерминизм - табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстығынын себептестігінің зандылығын зерттейтін ілім. Детерминизм- психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі (себеп-салдар мәселелерін қарастырады) . Детерминизм принципі - философиялық және әдіснамалық ұстаным бойынша, табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен зандардың әсер етуінен пайда болады деп түсіндіреді. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды. Бұл принципті іс-әрекеттің әдіснамалық негізі ретінде ұстанған психологиялық зерттеулердің нәтижелігі дәлелді болады

Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Детерминизм ( лат. determinare - анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

  • ресми
  • материалдық
  • қозғалысты
  • мақсатты

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т. б. ) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:

  1. Қатаң детерминизм;

Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, ал қатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады.

  1. Жұмсақнемесебірлескен детерминизм.

Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.

Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Индетерминизм

ндетерминизм (nam. іn - жоққа иіыгаратын приставка, determine - анықтаймын) - жалпы заңдылыктар мен қоғам мен табиғаттағы кұбылыстардың себептік байланыстылығын жокка шыгаратын философиялык теория. Индетерминизм адамның сырткы факторлардың, себептердің ыкпалынсыз зрекет ете алатын мүмкіндігіне сенеді. Психологиядағы синонимі «ерікжігер бостандыгы».

Қазақ энциклопедиясы

Синкретизм - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т. б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т. б. айқын көруге болады

  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6
  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005. - 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

Синергетика

Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) - пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңістік және уақыт теориясының мәселелері
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері жайлы
Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Адамзат қоғамының дамуы
Психология ғылымы туралы
Ғылым туралы жалпы түсінік
Географиялық детерменизм
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz