Инвестициялық жобаның қаржыландыру қайнар көздері



Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.
Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалрдың сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады.
Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді.
1. Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 2014. – 29-32 бб
2. Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2012. – 187-190 бб
3. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2013. – 158-166 бб
4. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2011. – 291-305 бб
5. Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-қаражат,№6 2014. – 90-94 бб
6. Стпешин А.И. Оценка коммерческой состоятельности инвестиционного проекта. М.: Статус-Кво 97, 2001.
7. Виленский П.Л, Лившиц В.Н., Смоляк С.А. Оценка эффективности инвестиционных проектов: теория и практика. М.: Дело, 2001.
8. Жданов В.П. Инвестиционные механизмы регионального развития. Калининград: БИЭФ, 2001.
9. Лимитовский М.А. Инвестиции на развивающихся рынках. М.: Дека, 2002.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

ОӨЖ

Тақырыбы : Инвестициялық жобаның қаржыландыру қайнар көздері

ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И.Т.

ТОП
: ФН-207

ТЕКСЕРГЕН : Нурмадиева Г.Д.

Семей қаласы

2015 жыл

КІРІСПЕ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды.
Кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі
кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы
сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы
бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс
жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның
түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және
жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар қуаттарын
техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және
өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне
тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан
нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы,
қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің
реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері
мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер
сатып алу мен құру.
Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық
қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды
талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалрдың
сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы
жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады.
Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы
инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел
инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды
буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші
факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға
мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің
мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі

Мемлекеттік қаржы өзінің құрамына келесілерді енгізеді:

- мемлекеттік бюджет;

- бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік несие жүйесі;

- сақтандыру жүйесі.

Қаржыландыру жүйесі

Мемлекттік қаржы Шаруашылық етуші субъектілер
қаржысы

Сурет 1- Қаржыландырудың құрамды өзара байланыс бөлігі

Инвестициялық қызметтің қаржылық жағынан жүзеге асырылуын қамтамасыз
ету инвестицияны қаржыландыру көздері мен оның әдістерінен құралады.
Инвестицияны қаржыландыру әдісі-бұл инвестициялық үдерісті қаржыландыру
мақсатымен инвестициялық ресурстарды тарту механизмі.Нақты инвестицияларды
тарту мезанизміне мыналар жатады:
- өзін-өзі қаржыландыру;
- капитал нарығы арқылы қаржыландыру;
- қарыз нарығы арқылы қаржыландыру;
- бюджеттік қаржыландыру.
Толық өзін-өзі қаржыландыру-инвестицияны кәсіпорынның тек ішкі қаржы
көздерінен (таза пайда, амортизациялық аударымдар) қалыптасатын меншікті
қаражатының есебінен қаржыландыру. Өзін-өзі қаржыландыру-инвестицияны
қаржыландырудың неғұрлым сенімді әдісі, бірақ оның мөлшерін ұзақ мерзімді
жоспарлауда болжау мүмкін емес. Сондықтан кәсіпкерлік істі стратегиялық
дамыту қаржыландырудың қосымша көздерін іздеуді талап етеді.
Капитал нарығы арқылы қаржыландырудың екі негізгі түрі бар: үлестік және
қарыздық қаржыландыру. Үлестік қаржыландыру-бұл кәсіпорынның нарыққа өз
акцияларымен шығып, акцияларын қосымша сату арқылы ақша қаражатын тартуы.
Ал қарыздық қаржыландыруда кәсіпорын нарыққа ұстаушыларына тұрақты пайыз
түрінде табыс алуға құқық беретін облигациялар шығады және сатады.
Әлемдік тәжірибеде инвестициялау үшін қаражат тартудың негізгі нысаны
болып акционерлік капиталды кеңейту, қарыз алу және облигациялар шығару
болып табылады. Қосымша акциялар шығару арқылы қаржы тартудың артықшылығы
мынада: акцияға табыс (дивиденд) кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты
төленеді, ашық сатуға акцияларды шығару олардың өтімділігін арттырады,
сондай-ақ ақша қаражаты шексіз мерзімге және қайтару міндетінсіз тартылады.
Сондықтан ашық типтегі акционерлік қоғамның капитал тартуда мүмкіндігі
жоғары болады. Ал оның кемшілігі акционрелер санының тым артуы кәсіпорынды
басқаруда қиындық туғызуынан, акцияларды ашық сатудың меншікті бақылаудың
жоғалуына әкелуінен көрінеді.
Кәсіпорындар корпоративтік облигациялар шығару арқылы қосымша ақша
қаражатын тартуға тырысады. Корпоративтік облигация-бұл ақша қаражатын
тарту үшін компаниялар шығаратын айналым мерзімі алдын ала белгіленген,
шығарылым шарттарына сәйкес эмитенттен ол бойынша сыйақы мен оның айналым
мерзімі аяқталғаннан кейін оның атаулы құнын алу құқығын растайтын бағалы
қағаз. Эмитент облигациялар шығару арқылы кәсіпорынның меншік құрылымын еш
өзгертпестен қарыз капиталын тарта алады және жаңа инвесторлар кәсіпорынды
басқару ісіне еш қатыса алмайды. Қаржыландырудың бұл әдісін негізінен төлем
қабілеті мен іскерлік беделі инвесторлардың еш күмәнін туғызбайтын
кәсіпорындар ғана қолданады.
Шұғыл лизинг-бір дизинг келісімшарты мерзімінің ішінде лизинг
берушінің лизинг объектісін ұстауға және оны алуға жұмсаған шығындары
лизинг төлемдері арқылы өтелмейтін жалға беру қатынасы, яғни лизинг
объектісі құнының толық өтелмеуі.
Қаржы лизингісі-жалға беру-алу шарттары іске асырылу барысында лизинг
объектісінің құны толықтай немесе оның көп бөлігі өтелетін лизингтің ең
кеңінен қолданылатын нысаны.
Инвестицияны қаржыландырудың келесі ерекше нысаны-форфейтинг.
Форфейтинг түсінігі тауарларды жабдықтау немесе қызмет көрсетуде пайда
болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды
білдіреді. Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімді
қаржыландыру нысаны болып табылады[16].
Инвестицияны бюджеттік қаржыландыру-заңды тұлғаларға инвестициялық
мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу.
Бюджеттік инвестициялар-бұл бюджеттен қаржыландыру шартымен бюджеттік
инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру
есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайту мақсатымен мемлекеттік
бюджеттен қаржыландыру.
Қорытындылайтын болсақ, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан,
халықаралық қаржы ұйымдарынан қаржы тарту- инвестицияны қаржыландырудың
кеңінен таралған әдісі болып табылады.
Мемлекеттік органдардың

инвестициялық жобаларына

мониторинг жүргізу және

іске асыруды бағалау ережелеріне

11-қосымша

 

Қаржыландыру көздері

 Инвестициялық жоспарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаның шешім қабылдау тәсілдері және жүзеге асыру құрылымы
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының бағалануы
Инвестициялық жобаларды жоспарлау
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты. Шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдалану саясаты
Инвестициялық саясат және инвестициялық жобаларды кешенді бағалау
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Пәндер