Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығының базар байланыстары мен мал өнімдерін өңдеудің қазіргі даму ерекшеліктері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Шәкарім атындағы Семей мемлекеттік университеті

МӨЖ

ҚР мал шаруашылығы базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өңдеудегі ерекшеліктер.

Орындаған: Чушеков У. А.

Топ: МВС-501

Тексерген: в. ғ. к. п Серикова А. Т

Семей 2015жыл

ҚР мал шаруашылығы базар байланыстарын қазіргі даму жағдайында малдардың өнімдерін өңдеудегі ерекшеліктер.

Ауылшаруашылығында соңғы жылдары біраз оңды тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа (фермер) қожалықтары мен корпоративтік түрдегі кәсіпорындар өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар арасында оңтайлы арақатынас қалыптасты.

Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өндеу және сату саласы қалыптасуда, ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық шартпен жұмыс атқаруда.

Үшіншіден, зандылық-құқықтық база ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базарларға еркін қолы жетуі жұмысқа ынталы фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып табысты молайтуға мүмкіндік тудырды.

Қазіргі кездегі жағдайда азық-түлікпен қмтамасыз ету үшін қолайлы тенденция деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ товарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін өзі қамтамасыз етуін жақсартты.

Кейбір аймақтарда базарлы инфрақұрылымның қажетті элементтері болып саналатын азық-түліктің көтерме сауда базарларының және маркетингтік қызметтердің қалыптасуы үлкен үміт тудыратын құбылыс болып саналады.

Мал басының тұрақты өсуі байқалды. Өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қараның саны 3 пайыз, қой мен ешкі - 4, шошқа - 8, жылқы - 0, 8 түйе - 1, құс - 9 пайыз өсті. Соның нотижесінде өндірілетін ет көлемінің құлдырауын тоқтатуға, сүттің көлемін 6 пайыз, жұмыртқаны - 12 пайыз, жүнді - 3 пайыз көбейтудің мүмкіндігі пайда болды.

Алайда өтпелі кезеңнің қиындықтары азық-түліктің маңызды түрлерін өндірудің реформаға дейінгі деңгейіне жетуге мүмкіндік бермеді. Аграрлық сектордағы реформаның бірінші кезеңіндегі жете ойластырмай жасалған өзгерістер (бартер, келісімшарттық қанытастарды елемеу, жымысқы босеке әсерінің күшеюі, тауар мен қызмет көрсету базарындағы сұраным мен ұсыным арасындағы алшақтық) тиімсіз болып шығып дағдарыстың ұзаққа созылуына апарып соқтырды.

Экономиканың аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі салдарынан бұл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салық, несие, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына, әсіресе банк және коммерциялық капитал саласына бөлініп кетті. қатаң ақша-несие саясаты ауыл шаруашылық кәсіпорындарының төлем қабілетіне өз әсерін тигізді. Берешекті төлемеудің көбеюі есеп айырысуды кешеуілдетті, өндірілетін жоне сатылатын өнім көлемін азайтты, сөйтіп тауар өндірушілерді қажетті көлемде материалдық-техникалық ресурстарды (жанар-жағар май материалдарын, техниканы, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау қүралдарын жоне т. б. ) сатып алу мүмкіндігінен айырды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуда баламасыз айырбас байқалады.

Тауар өндірушілердің ақшалай қаражатының жетіспеушілігі (ауыл шаруашылық жұмыстарының толық көлемін орындап шығу үшін қажетті қысқа мерзімді несие қорларымен қамтамасыз етілу орта есеппен 40 пайыз болды) тұқым шаруашылығының, асыл тұқымды мал шаруашылығының түралауы ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің, мал санын көбейтудің технологиясының сақталмауына, ал мұның өзі, сайып келгенде, егістің түсімділігі мен мал өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық косіпорындарының үнемі шығынмен жұмыс істеуі салдарынан олардың несиелік берешегі сатылған өнім көлемінің 65, 5 пайызына жетті.

Осы уақытқа ауыл шаруашылығына несие беру жөніндегі үйлесімді заңдар жинағының жүйесі жоқ, ондай жүйе нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде бар. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін мемлекет бөліп отырған ақша қаражаты мардымсыз. Борышты кешіру түріндегі мемлекеттік көмек берешектің қайтадан пайда болуының себептерін жоя алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан табиғаты және көшпелі мәдениет пен мал шаруашылығының ерекшеліктері
Дүниежүзілік мал шаруашылығының салалары, өнімдері және экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы: даму бағыттары мен өсімдік-мал шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Қазақстанда нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы мен орналастыру факторлары
Мал шаруашылығының негізгі шикізат көздері және өңдеудегі ветеринариялық-санитариялық талаптар
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру экономикасы: маңызы, аймақтық ерекшеліктері және өнімділік динамикасы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері және әлеуметтік-экономикалық маңызы
Мал шаруашылығының шикізат көздері және олардың өңдеу өнеркәсібіндегі маңызы
Қазақстандағы мал шаруашылығының тарихи-мәдени негіздері және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz