Несиелік процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

  1. Несиелік процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . . Коммерциялық банк несиелерінің экономикалық процестерді

қаржыландырудағы мәні мен маңызы . . .

  1. . Проблемалы несиелер пайда болуының алғышарттары . . .
  2. . Несиелік қоржын және оны бағалау әдісі . . .
  1. «Темірбанк» акционерлік қоғамының проблемалы несиелермен

жұмыс істеу аспектілері . . .

2. 1. «Темірбанк» АҚ Проблемалы несиелер департаментінің қызметі . . .

2. 2. Проблемалы несиелер департаментінің жұмыс істеу методикасы . . .

3.

3. 1 Проблемалы несиелерді басқарудың шетелдік тәжірибесі . . .

3. 2 Ұсыныстар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

1. 1 Коммерциялық банк несиелерінің экономикалық процестерді қаржыландырудағы мәні мен маңызы

Несиенің классикалық теориясы оны шаруашылық қатынастарды айқындайтын қоғамдық - экономикалық категория ретінде қарастырады. Ал несиелік қатынас қоғам арасындағы негізгі шаруашылық байланыстарға жүгіне отырып, түрлі ортада жеке тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен халық, басқа да әлеуметтік топтар арасындағы тауар айналымының негізінде пайда болады. [ Давл; 6] Шын мәнінде, несие айырбас сатысында пайда болып, құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін келісім - шарт формасында белгілі. Ал соңғысы өз кезегінде несие қозғалысының көзі болып табылады. Сонда, несиені экономикалық категория ретінде қарастыруымыз үшін ол шаруашылық қатынастар негізінде айқындалуы тиіс, яғни қарыздық келісім - шарт аясында болуы қажет. Мұнда несиені экономикалық категория ретінде өздігінен көрсететін қарыздық келісім-шарт емес сол келісім - шарт негізінде қалыптасатын шаруашылық байланыстар болып табылады. Бұл шаруашылық байланыстар өз кезегінде тарихи өзгерістер арқылы түрліше формада жүрді. Бірақ мәні, маңызы, мазмұны және табиғаты жағынан айырмашылығы болғанымен, оларды бір сөзбен - «кредит» деп атаған. Сөздің түпнұсқасына көз жүгіртсек, «кредит» деген сөз латынның «creditum» - қарыз, несие, «credere» - сену, сенемін деген сөзден шығады. [Насыр; 345] Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болу кезінен бастап қарапайым формаларда: бай мен кедей қоғамдарында айрықша көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге түтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар - ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Жоғарыда айтқандай, несие өндірістік процесстің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Белгілі болғандай, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік капиталдары (негізгі және айналым) әр уақытта тауарлы, ақшалай және өндірілген формасында болуы мүмкін. Атап айтқанда, қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының олпрда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшалай болуын талап етеді. Белгілі уақыт аралығында капитал айналымының тепе - теңсіздігінің нәтижесінде бір өндірісте уақытша бос ақша пайда болып, ол өз кезегінде басқа өндірістің қажеттілігін туындатады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал - жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатын ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталатын ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады. Тағы бір мысал, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттардың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін.

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетте салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді. Сонымен қатар, біздің жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталып жатқан зейнетақы ақша қорларыда уақытша бос ақша қорларының көзі болып табылады.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі. Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі. [Сейт; 105]

Сонда, несие дегеніміз - тауарлар мен уақытша бос ақшалай қаражаттарды белгілі бір мерзімге, әдетте үстінен пайыз төленетін қажеттілікке беруді айтамыз. Қалай болғанымен, осы несиенің жеке экономикалық категория ретіндегі мәнін түсіндіру жолында бірнеше зерттеушілер өз көзқарастарын айтқан. Мәселен, зерттеушілер В. Захаров және М. Пессель несиені қарызға ұсынылған құнның өсуі деп бағалайды. Сонымен қатар, В. Захаров несие анықтамасында оны тек абстрактілі экономикалық категория ретінде сипаттайды. Ол несиені уақытша қолданысқа берілетін қоғамдық қатынасқа қатысты құн деп жазады. Бұл анықтамада несиенің өндіріс және тауар айналымдары себеп болған немесе болып жатқан қоғамдық - экономикалық формацияға тән жалпы сипатына көңіл аударылған. Ал, М. Пессельдің айтуынша, несие шаруашылыққа тән, мемлекеттік шаруашылық ұйымдары мен жеке тұлғалар бір - біріне қайтарымдылық шарттары бойынша уақытша пайдаланудағы құнды беріп, өндірістік қатынастарда көрініс табатын экономикалық қатынастар деп есептейді. Жоғарыда берілген анықтамаларда несиенің қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ақша қаражаттарды бөлу нысаны, қозғалыс нысаны (тауар немесе ақша) өндірістегі қозғалысының басты тектік белгісі сияқты ең маңызды жақтары көрсетілген. [Теңіз; 67] Ал, Б. Көшенованың айтуынша, несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі, тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты. Біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет. Екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет және ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады деп тұжырымдайды. [Көшен; ] Осы айтылған көзқарастардың ортақ мәні мынада: қарыз капиталының құрылу базасы айналымнан босатылған уақытша бос ақша қаражаты. Уақытша бос ақша капиталы несие арқылы қосымша ақша капиталына сұраныс бар шаруашылыққа ұсынылатын қаражат.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін оның белгілі бір талаптары бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. [Давл; 6] Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты үсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым - қатынастар туындайды. Несие беруші мен қарыз алушы араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Несиелік қатынас несие болмысының формасы болып табылады. Осы ерекше қатынас шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. К. Маркс бұл пайда болатын қатынастар «несиелік жүйе негіздерін қалаушы болуымен қатар, соңғысы қызмет етуден бұрын оның еркін дамып келуі әбден мүмкін» деп көрсеткен. [пуш; 15]

Сөйтіп, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

  • жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналым) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
  • несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
  • несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берішілер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым - қатынасты білдіреді. Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Көріп отырғанымыздай, несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жайт -несие құрылымы. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір- бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілірі, сондай-ақ жоғарыда айтқанымыздай, бұл субъектілірге несие беруші мен қарыз алушы жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алынған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беріші банк болып табылады. Ол кәсіпорынның, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос ақша қаржаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Банктердің пайда болуымен несиелердің шоғыры пайда болды десекте болады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда қарыз алушы болып көрінеді.

Қарыз алушы - несиелік қатынастар жағы, яғни несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алущылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай банктен басқа қарызға алушылар болып кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық және мемлекеттер де болуы мүмкін. Қарыз алушының несие берушіге қарағанда бірқатар өзгешеліктері бар. Біріншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі болады. Оған қарасты емес басқа біреудің ресурстармен (қаражаттарымен) жұмыс жасайды. Екіншіден, қарыз алушы алған несиені өз қалауы бойынша айналым сферасында да, өндіріс саласында да қолдана алады. Үшіншіден, қарыз алушы қаражатты өз шаруашылығында пайдаланғаннан кейін оны қайтаруы тиіс. Бірақ қарыз алушы өз шаруашылығын кейін несие берушіге қарызын қайтарып бере алатындай етіп өндіріс процессін құруы тиіс. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалану үшін алған несесін ғана қайтармайды, оның үстінен өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы несие берушіге тәуелді, яғни несие берушінің қойған талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Осы экономикалық тәуелділік қарыз алушының қаражатты тиімді пайдалануна жол ашады. Алайда, қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары екендігін ұмытпау керек. Несиелік қатынастар шегінде несие беруші мен қарыз алушының орындары ауысуы да мүмкін: несие беруші қарыз алушы болып, қарыз алушы несие беруші болып. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс - әрекетінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісікелсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесін көздейді.

Несие берушілер мен қарыз алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады. Несиеленген құн ұдайы өндіріс процессін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

1. Сурет. Несиенің құрылымы

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтердің бірлігін болжайды.

Сонымен бірге, несиенің мәнін толығырақ оның қозғалыс заңдылығы аша түседі. Несиенің қозғалыс заңдылығының сызбасы сурет 2. көрсетілген. [финрын; 110]

Несиені орналастыру (Н о ) - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленеген мерзімде пайызбен төленетініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу (Н а ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану (Н п ) қарыз алушының несиеніөз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді.

Ресурстардың босатылуы (Р б ) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымының аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттілігін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несиеқозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (Н қ ) уақытша пайдаланған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді. Уақытша пайдалануға алынған ақшалай қаражаттарды қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берегн кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәмілінің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісім-шартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Несие қозғалысының соңғы сатысы - несие берушінің қарыз алушыға уақытша пайдалануға берілген қарызды алуы (Б к ) . Аталмыш сатыларда сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл сол соманы алады.

2. Сурет. Несие қозғалысының сызбасы

Сөйтіп, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде көріп отырғанымыз, осы сатылар несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын бір-бірімен байланысты несиенің қозғалысын білдіреді. [Вор]

Жалпы алғанда, несиенің белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектілерге ғана емес, мемлекеттің жалпы экономиканың даму үрдісіне қатысты ролі біршама. Атап айтсақ, өнімді шығару мен өткізу процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі ролі үлкен. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа шаруашылық субъектілерінің несиеге деген қажеттіліктері көбінсе өнімді өткізуден түсетін қаражат уақыты мен материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақыны төлеу және көрсетілген қызметтер бойынша төлем жасау шығындарын жабу уақыттарымен сәйкес келмеуінен пайда болады. Ал бұл шығындарсыз кәсіпорын өз жұмысын тоқтауы мүмкін. Осы уақытта қарама-қайшылықты шешу несие арқылы іске асады, ол өз кезегінде өнімді шығару және сату процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Мұндай маусымдық қажеттіліктер, әсіресе, халық шаруашылығында жиі болып тұрады.

Несие өндірісті ұлғайтуда да үлкен роль атқарады, яғни негізгі қорларды (ғимараттар, құрылыстар), мүлде жаңа құрал-жабдықтарды алуға, өндіріске жаңа технологияларды ендіруде, т. б. Аталған мақсаттарға жету үшін несиені қолданудың бюджеттік қаржыландырумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Қайтарымсыз қаржыландыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражатты көп мөлшерде және бақылаусыз алуына әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде алған қайтаруды қажет етпейтін қаражаттарды тиімсіз пайдалануына жол ашады. Ал несиені пайдалану жағдайында мұндай талпыныстарға жол жоқ. Алынғн қаражат қайтарылуға тиіс, сонымен бірге міндетті түрде пайыздық өсімақы негізінде қайтарылады. Несие көлемі үлкен болған сайын, үстінен қайтарылатын пайыздық өсімақы мөлшерлемесі де көп болады.

Қазіргі уақытта несиенің ақша айналысы сферасындағы ролі де белгілі. Қолма-қол ақшаларды несиелік операцмялармен ауыстыру қызметін атқара отырып, несие айналымда жүрген ақша массасының азайыуына көмектеседі. Сонымен қатар, несие арқылы айналымға қолма-қол ақшалардың шығарылуы (поступление) мен оның айналымнан алынуы (изъятие) жүзеге асады. Өйткені банктермен ақшалай қаражаттарды ынталандыру, клиенттерге ақша беру несиелік операцияны білдіреді. Айналымдағы ақша массасына деген қажеттілікті реттеу өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының бәрі экономиканы нарықтық негізде басқаруында несиенің қажеттілігін, ролін көрсетеді.

Несиенің мәні нақтылы қызметтер негізінде де байқалады. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты: қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Несие мәні бір уақытта өзінің барлық қызметтерінен көрінбейді, тек бір немесе бірнешеуінен ғана көрінеді. Айталық, ақша төлем құралы қызметі кезінде бір уақытта айналыс құралы қызметі мен жинақтау және қорлану құралы қызметтерін атқара алмайды, несие туралы осыны да айтуға болады. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Қызмет несиелік қатынастың барлығына қатысты болады, жеке несие берушіге немесе жеке қарыз алушыға қатысты емес. Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулері екі (қайта бөлу мен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды айтады. Ал жекелеген автортар несиенің қызметін айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинақтау т. б. деп түсіндіреді. [Бад; 220] Қазіргі экономикалық әдебиеттерде көбінесе несиенің екі қызметін бөліп көрсетеді: қайта бөлу және айналымдағы ақшаларды несиелік құралдарымен ауыстыру.

Қайта бөлу қызметі. Оның мағынасы қарыз алушыға (шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекетің бос ақшалай қаржыларын ( ақша капиталдары мен табыстар) несие арқылы шоғырландырылып, қарыз беру капиталына айналдыру. Нарықтық экономика жағдайында түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты шаруашылық субъектілерінің бір жағында уақытша бос ақшалай қаражаттар пайда болса, екіншісінде - оған даген қосымша қажеттілік туындайды. Шаруашылық субъектілердің бос қаражаттарын уақытша басқа біреуге пайдалануға берілуі құнның қайта бөліну процессін білдіреді. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асатындықтан, оның қызметі қайта бөлу болып табылады. Бұл жерде екі сұрақ туады: біріншіден, неге бөлу қызметі емес, ал қайта бөлу қызметі? Өйткені, банктерде шоғырланған уақытша бос қаражаттар - бұл жалпы өнім мен ұлттық табыстан алдында бөлінген бөлігі. Олар біреудің меншігі бола тұра бөлуге жатпайды. Сондықтан оны тек уақытша қайта бөлу, орналастыру болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесі лекция тезистері
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Коммерциялық банктердің несие саясаты
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Несие берудегі несие саясаты
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz