Ғимараттың құру және оның деформациясы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ

Тақырыбы: Ғимараттың құру және оның деформациясы.

Орындаған:Бейсенбаева Б. Р

Тексерген: Аубакирова С. М

Семей 2015 жыл

Жоспар

Ғимараттың деформациясы.

Ғимараттар мен имараттар туралы жалпы мәліметтер.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Ғимараттардың деформациясы - әр түрлі жүктемелер әсерінен ғимарат пішінінің және өлшемдерінің өзгеруі, сондай-ақ орнықтылығын (шөгу, жылжу, ауу және т. б. ) жоғалтуы.

Ғимараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және топтастыру.

Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.

Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады . Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көп қабаттыларға бөледі.

Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.

Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар.

Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :

а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;

б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;

в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.

Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне) : іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер, шамдар жатады.

2. Ғимараттардың конструктивті желілері

Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар негізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттар-дың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеу-лерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті.

Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді:

- сыртқы және ішкі жүктеу көтеруші қабырғалы ғимараттар;

- қаңқалы ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды.

Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиынтықта ғимарат қаңқасын құрастырады .

Бұл негізгі желілерден басқа аралық және құрастырылған желілер бар.

Конструктивті желілерді бірнеше үлгілерде қарастырып көрейік.

Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы көп қабатты ғимараттың конструктивті желісі 1. 1 суретте көрсетілген.

Бұндай ғимараттардың күштеу көтеру қаңқасы, көлденең және тік диафрагма құрайтын, жабындар және ішкі (әсіресе көлденең) қабырғалар арқасында кеңістік қаттылықты қамтамасыз ететін, қорап тәрізді болады. Бұндай күштеу көтеру қаңқаның тұрақтылығы қабырғалар тұрақтылығына, жабындар қаттылығына және осы элементтердің тиісті байланыстарына тәуелді болады.

Бұндай ғимараттардың әдетте кездесетін енінде (9-18 м) олардың жабулары-на ішкі аралық тіректерді міндетті түрде қою қажет, себебі олардың күш көтеруші элементтерінің тіреулері арасындағы қашықтық темірбетон жабындары үшін 5-7 м, ал ағаш жабындар үшін 4, 5-6 м шамадан аспауы тиісті (болмаған жағдайда эко-номикалық тұрғыдан жабындар қымбат болады) .

Жабулар үшін арналған аралық тіректер ретінде:

1) ішкі көлденең қабырғалар;

2) ішкі бой қабырғалары;

3) бөлек тұратын тіректер (бағаналар) қызмет ете алады.

Жабулар сүйенуінің бірінші түрі (1. 2 сурет, «а») ішкі қабырғалардың жалпы бойлығын үлкейтуді талап етеді. Бірақ оны қолдану бір қатар жағдайларда ақтал-ған болып табылады, өйткені бұл жағдайда сыртқы бой қабырғалар жабындардан жүктеу қабылдамайды, сондықтан конструкцияны едәуір жеңілдетуге болады. Келешекте жоғары әсерлі қабырғалық материалдардың өндірісі дамыған сайын бұл нұсқа кең тарау алу тиісті.

1. 2 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы ғимараттардың желілері:

а - көлденең күштеу көтеруші қабырғалы; б - бой күштеу көтеруші қабырғалы; 1- іргетас;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттарды құру және оның деформациясы
Ғимараттар мен құрылыстардың деформациясы
Қадалы іргетас
Ғимараттың деформациясы туралы жалпы түсiнiк. Бөлу жұмыстарының технологиясы
Ғимараттың деформациясы туралы жалпы түсінік
Темірбетон құрылыс конструкциялары
Интерьер сәулеті
Шөгінді лес топырақтардағы құрылыс
Сығу кезіндегі металдың механикалық қасиеттері
Құрама іргетастарды монтаждау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz