Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
• Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
• Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
• Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015ж.).
• Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Синэкология – әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шертер болып есептеледі.
Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Биоценоздағы әртүрлі түрлердің биотикалық қарым-қатынасқа түсуі олардың бірлестіктегі негізгі тіршілік жағдайларын, қорек табуын және жаңа кеңістікті меңгерулерін анықтайды. Тікелей немес жанама түраралық қарым-қатынастардың мәні бойынша түрлер биоценозда белгілі орынға ие болады. В.Н.Беклемишовтың (1970) классификациясы бойынша биоценоздағы түраралық биотикалық қарым-қатынастар 4 түрге бөлінеді:
1.трофикалық байланыстар - бір түр басқа түрмен қоректенгенде қалыптасады.
2. топикалық байланыстар – бір түрдің мекен теу ортасының физикалық немесе химиялық жағдайларының басқа түрдің тіршілік әрекеті нәтижесімен өзгеруі. Бұл байланыс әрқилы. Бір түрмен басқа түр үшін ортаның жасалуы.
3. форикалық байланыстар – бір түрдің басқа түрдің таралуына қатысуы. Тасымалдаушы ролін жануарлар орындайды. Жануарлармен өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын тасымалдауы зоохория деп аталады. Жануарлармен басқа ұзақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады.

1.А.Т.Қуатбаев «Жалпы экология» Алматы,2012 ж.177-187 беттер.
2.А.Нұрғызарынова, Ж.Шілдебаев «Экология және тұрақты даму» Астана, 2014 жыл.44-49-83 беттер.
3.Г.С. Оспанова «Экология» Алматы Экономика 2002 ж. 82-85 беттер.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану 2 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Тексерген:Мурзалимова А.К
Орындаған:Берікбосынов А.Б
Топ:Вс-403
Семей 2015ж
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
* Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
* Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
* Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015ж.).
* Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Синэкология - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. Синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шертер болып есептеледі.
Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы син деген сөздің өзі бірге, яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Биоценоздағы әртүрлі түрлердің биотикалық қарым-қатынасқа түсуі олардың бірлестіктегі негізгі тіршілік жағдайларын, қорек табуын және жаңа кеңістікті меңгерулерін анықтайды. Тікелей немес жанама түраралық қарым-қатынастардың мәні бойынша түрлер биоценозда белгілі орынға ие болады. В.Н.Беклемишовтың (1970) классификациясы бойынша биоценоздағы түраралық биотикалық қарым-қатынастар 4 түрге бөлінеді:
1.трофикалық байланыстар - бір түр басқа түрмен қоректенгенде қалыптасады.
2. топикалық байланыстар - бір түрдің мекен теу ортасының физикалық немесе химиялық жағдайларының басқа түрдің тіршілік әрекеті нәтижесімен өзгеруі. Бұл байланыс әрқилы. Бір түрмен басқа түр үшін ортаның жасалуы.
3. форикалық байланыстар - бір түрдің басқа түрдің таралуына қатысуы. Тасымалдаушы ролін жануарлар орындайды. Жануарлармен өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын тасымалдауы зоохория деп аталады. Жануарлармен басқа ұзақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады.
4. фабрикалық байланыстар - бір түрдің баспана құру үшін басқа түрдің шығару өнімдерін, өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы. Әрбір нақты түр таралуында барлық түраралық байланыстарды жасап үлгермейтін болғандықтан, физикалық ортаның өзіне жайлы жеріне орналасады. Соған байланысты түрдің таралуында екі түрлі оптимум болады;
1. физиологиялық оптимум - түр үшін барлық абиотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында өсу мен көбею темпінің жылдам болу мүмкіндігі.
2. синэкологиялық оптимум - түр үшін барлық биотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында көбеюдің табысты болу мүмкіндігі. Екі түр бірге тұрып, бір-біріне нейтралды, жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Соған байланысты қарым-қатынастар келесі түрлерге бөлінеді:
1) Жыртқыш-жемтік - биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар.
Симбиоз- ұзақ , өзара тиімді байланыстар. Бұршақ тұқымдастарының тамырындағы түйнек бактериялар, саңырауқұлақтар микоризасы, теңіз жануарларының жарық беретін фотобактериялары, т.б.
Комменсализм- біреуі басқасына мекен- жаймен тамақ береді, бірақ ешқандай тиімді емес: мысалы, медуза қоңырауы астындағы ставрида шабақтары, қи қоңыздары денесіндегі кенелер.
Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.
Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тірішілік ету.
Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету.
Амменсализм- организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрі.
Нейтрализм - екі түр тәуелсіз және бір-біріне ешқандай әсері жоқ. Биоценоздағы қоректік тізбектің маңызы.Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына көп байланысты. Биоценозда барлық тіршілік иелері қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және ажырау нәтижесінде белгілі қоректік буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа (3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- адам. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейден тұрады: I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) - 1-ші ретті консументтер III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- 2-ші ретті консументтер. IV- ірі жыртқыштар. V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер . Тізбектегі I-IV дейінгілер - жеу тізбегі; соңғы - детриттік тізбек Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады. Біріншісі - продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды. Екіншісі - консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар). Үшіншісі - редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады. Экологиялық қуыс дегеніміз биоценоздің жалпы жүйесінде түрдің алатын орны, оның биоценоздық байланыстарының және абиотикалық факторларға талаптарының жиынтығы. Ч.Элтонның (1934) анықтамасы бойынша, экологиялық қуыс дегеніміз - бұл түрдің тірі ортадағы алатын орны, қорекке және жауына қатынасы. Экологиялық қуыс концепциясының дамуына Ч.Элтоннан басқа Г.Хатчинсон, Ю.Одум деген ғалымдар үлес қосқан. Бірлестіктегі түрдің тіршілік етуінде көптеген факторлар үйлесімді болғанымен алатын қуысыедағы қоректену сипаты олардың қоректі қалай тауып жеуімен анықталады. Сонымен, жасыл өсімдік биоценоздың құрылуына қатыса отырып, бірнеше экологиялық қуыстың өмір сүруін жүзеге асырады. Бұл қуыстар әрбір түрдің жапырағымен, гүлімен, тамырымен және басқа мүшелерімен қоректенуіне байланысты қалыптасады. Қоректік ресурстардың қатынасында түрлердің мамандануы бәсекелестікті азайтып, бірлестік құрылымының тұрақтылығын жоғарлатады. Г.Ф.Гаузе ережесі бойынша екі түр бір экологиялық қуыста бірге тіршілік ете алмайды. Түрдің мамандануында қоректену, кеңістікті пайдалану және уақыт белсенділігі бойынша жағдайлары жағымды немесе жағымсыз болғанда, экологиялық қуысы кеңею немесе тарылуы мүмкін.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.
Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға түсетіні белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп, үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жанғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып, фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы барлық оттегі тірі организмдер арқылы (тыныс алу т.б.) 2000, көмір қышқыл газы 300, ал су 2 000 000 жылда бір рет өтіп отыратыны дәлелденген.
Жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі - автотрофты (жасыл өсімдіктер ) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының, зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отаратыны белгілі. Мысалы, күн энергиясының 30 % атмосферада сейілсе, 20 % атмосфера қабатында сіңіріледі де, ал 50 % құрлық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек күн энергиясының 0,1-0,2 % ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісіне түседі.
Энергия - материяның барлық түрлерінің қозғалысы мен әрекеттесуінің сандық ортақ өлшемі, табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысты болуы осыдан. Жүйедегі энергия жұмыс істелген кезде өзгереді.
Термодинамиканың бірінші заңы - энергияның сақталу заңы былай дейді: табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді, ол тек бір түрден келесі түрге айналады. Бұл өзгерістер кезінде энергия мөлшері өзгеріп отырады. Табиғаттағы барлық процестер осы заңға бағынады. Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның бір бөлігі әрқашанда пайдалануға келмейтін жылу энергиясы ретінде шашырап кететіндіктен, кинетикалық энергияның (мысалы, синтезделуші органикалық заттардың химиялық байланыстар энергиясына) айналу эффективтілігі әр уақытта 100%-дан кем болады.
Экожүйенің ең маңызды термодинамикалық көрсеткіші - оның іштей реттелуге және реттелудің жоғарғы деңгейін, яғни энтропиясы төмен күйін сақтап тұруға қабілеттілігі. Егер де жүйенің ішінде оңай пайдаланылатын энергия шашыратылып, пайдаланылуы қиын энергияға үздіксіз айналып жатса, онда оның энтропиясы төмен болғаны - экожүйенің реттелгендігі, яғни биомассаның күрделі құрылымы бүкіл қауымдастықтың тыныс алуы нәтижесінде сақталады, тыныс алу кезінде реттелу қауымдастықтан үнемі ығыстырылып шығарылып тұрған сияқты болады. Қауымдастықтықтың тыныс алуын фотосинтезге қарама-қарсы процесс ретінде сипаттауға болады:
(CH2O) + O2 = CO2 + H2O + Q
Экожүйедегі тыныс алуға, яғни оның тіршілігін сақтауға жұмсалатын энергияның (R) биомасса құрылымында жинақталған энергияға (B) қатынасын термодинамикалық реттелу өлшемі (RB) деп атайды.
Экожүйе қоршаған ортадан тек энергия емес, зат та келіп тұратын жағдайда ғана сақталына алады, яғни нақты жүйелер - энергетикасы және құрылымы бойынша ашық жүйелер болып табылады.
Термодинамиканың екінші заңы орнықтылық принципімен сабақтас. Осы концепцияға сәйкес, бойымен энергия ағыны өтіп жатқан кез-келген табиғи жүйе орнықтылық күйіне қарай дамуға бейім болады және де оның өздігінен реттелу механизмдері қалыптасады. Экожүйені сипаттайтын энергияның жалпы ағыны күн сәулесінен және жақын орналасқан денелерден таралатын ұзын толқынды жылу сәулесінен құрылады.
Көпшілік жағдайларда жалпы бастапқы өнім қауымдастықтың тыныс алуынан басым болады, соның нәтижесінде пайдаланылмаған органикалық заттардың тас көмір, жанғыш тақта тастар, қураған жапырақтар және т.с.с. түрінде қорланып жинақталуы орын алады. Энергияның кірісі мен пайдаланылуының теңгерілмегендігінің экожүйе үшін маңызды салдары бар.
2.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Адамдар табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы - қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
- Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.
Жан-жақты талдау - математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.
- Биосфераны оптимизациялау.
- Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
- Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
- Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
- Өндірісті шоғырландыру.
- Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
3.Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы статистика бойынша Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды.Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды.Біздің елге келгендер - 3209 адам, елден кеткендер - 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген:
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Қазақстан республикасы
247946
273028
278977
301756
321963
356575
357552
367752
372544
1000 адамға шаққанда
Қазақстан Республикасы
16,63
18,19
18,42
19,71
20,79
22,75
22,00
22,53
22,50
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Кестедегі сандарға сараптама жасайтын болсақ, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,50 болып отыр. Бұл дегеніміз 2011 жылы халық санының 2,25%-на тең сәби дүниеге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында тұрмыз.
Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан - 6,9, Тәжікстан - 6,49, Түркіменстан - 6,21, Өзбекстан - 5,29.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс - әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық - қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық.
Бала туу көрсеткіші
2009
2010
2011
1000 адамға шаққанда
2009
2010
2011
Барлығы
357552
367752
372544
22,22
22,53
22,50
Қазақтар
257027
266460
272707
25,35
25,69
25,62
Орыстар
48683
47879
47770
12,91
12,77

2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық.
Өлім көрсеткіші
2009
2010
2011
1000 адамға шаққанда
2009
2010
2011
Барлығы
142780
145875
144213
8,87
8,94
8,71
Қазақтар
58509
59404
60313
5,86
5,82
5,69
Орыстар
53562
54945
54533
14,42
14,88
14,64

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз - халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде.
2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте көпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай көшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам өсуі олардың үлесін көбейтуде (табиғи өсім 200 мың үстінде). Қазіргі үрдістер жалғаса беретін болса, болашақта біздің елдің демографиялық бет-бейнесі күрделі өзгереді.
Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. Қазақстан Республикасы статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алғаны жөн болады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету орынды болатын еді. Соңғы кездері жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық.
Біріккен ұлттар ұйымының классификациясы бойынша елдің қартаю дәрежесін көрсетудің жолдары анықталған. Ол бойынша 65 және одан жоғарғы жастағы адамдардың үлесі 4 пайыз немесе одан аз болса ол халық жас, 4-7 пайыз болса қартаюдың алдындағы халық, 7 пайыз және одан артық болса қартайған халық болып саналады. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 6,6% деңгейінде. ҚР статистика агенттігінің болжамына сүйенсек, 7 пайыздық межеге біз 2017 жылы жетуіміз мүмкін. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 7,4 пайыз болады.Басқа елдермен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Германияда - 24%, Ұлыбританияда - 20%, Украинада - 18%, АҚШ-та - 16%, Ресейде - 15%. Әрине біздегі көрсеткіш жоғарыда көрсетілген мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен экономиканың дамуы халықтың орташа өмір сүру жасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Осының арқасында бұл процесс өзінің қарқынын ала бастаған секілді.
Жалпы, демография мен мемлекет дамуының арасындағы байланысты байқауға болады. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері әсерін тигізе алады.
Қазіргі таңда біздің шығыс көршіміз Қытай экономика көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Көптеген мамандардың пайымдауынша, оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz