Киімнің адам денсаулығына әсері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Киімнің адам денсаулығына әсері

Пәні: Киім және аяқ киім гигиенасы

Орыдаған: Тексерген: Нұрымхан Г. Н.

ТК-321 тобының студенті

Токанова Айнур

Семей

2015

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Әр түрлі маталардан жасалған киімнің денсаулыққа әсері

2. 2. Аяқ-киімнің тірек-қозғалыс аппаратына әсер

2. 3. Денсаулыққа зиянды аяқ киімдер

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Қазіргі уақытта табиғи маталардан жасалған сапалы киім кию сәнге айналған. Көбіне адамдар зығыр мен,, , жасалған киім кигенді жөн көріп, синтетикадан жасалған киімдерге мән бере бермейді. Көпшілік табиғи маталардан жасалған киімдер сәнді емес деп ойлайды. Алайда, қазіргі заманда қарапайым табиғи маталардан әдемі киімдер тігу қолға алынған. Адам денсаулығына киім әсері қандай екенін қарастырып көрейік.

Сәнгерлер табиғи маталардан жасалған ерекше туындыларын ұсынатын арнайы эко-сән,, , Эко-сән адам денсаулығына, салауатты өмір салтына және экологияны жақсартуға негізделген.

Киімнің адам денсаулығына әсер ететінін барлығы біледі. Мысалы, арзан синтетикадан жасалған бас киім немесе мойынорағыш тағар болса, ол денсаулыққа зиянын тигізюі мүмкін. Ал, егер табиғи жүннен жасалған бас киім киер болса, табиғи жүн суықта жылытып қана қоймай, кей аурулардан да айықтыруы мүмкін. Жүн және тағы басқа табиғи маталар емдік қасиетке ие.

Табан патологиясының пайда болу себептерінің бірі - дұрыс таңдалмаған аяқ-киім болып табылады. Статистика бойынша өкше ауруларына шағым қатынасы келесідей көрінеді: 1:4 (еркектер, әйелдер) . Сол себепті бұл мәселе көбінесе әйелдер қауымына қатысты.

Қазіргі таңда сән әлемі өтім нарықғына ұсынатын аяқ-киімдерді екі топқа бөліге болады: өкшесі биік және жайпақ табанды. Жасөспірім қыздар жайпақ табанды аяқ-киім мен алмастыра отырып биік өкшеге өте ерте көшеді, сәйкесінше бұл тақырыптың маңыздылығы жоғары.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Әр түрлі маталардан жасалған киімнің денсаулыққа әсері.

Жүн: жүнен жасалған киім жылытады және емдейді. Сонымен қатар жүннен жаслған киім бүйрек, бауыр, буын және сүйектерге жақсы әсер етеді. Жүннің жануар жылуын денесіне сақтауы, адам ағзасына жағымды әсерін тигізеді. Денсаулығы әлсіз жане түрлі созылмалы аурулары бар адамдарға жүннен жасалған киім кию пайдалы. Қыс мезгілінде түйе жүнінен тоқылған шұлық киген пайдалы.

Мақта. Мақтадан жасалған киім денеге қолайлы. Мақта өте жұмсақ, тегіс болғандықтан оны іш киім тігуге жиі қолданады. Бұл мата түрі барлығына пайдалы, әсіресе балаларға киюге кеңес етіледі. Мақта жан тыныштығын туғызады, жылытады жане адам бойындағы жағымсыз энергияны жояды. Денсаулық және көңіл күйді жақсарту үшін синтетикалық қоспасыз мақтадан жасалған іш киім киюді ұсынады.

Жібек. Жібек өзімен бірге, , Сонымен қатар, жібектен жасалған көйлек пен іш киімдердің жүйке жүйесіне әсері зор. Жібек маталары ауа өткізгіш, су сіңіргіш және тез кебетін болыфп келеді.

Кендір матасы. Бұл мата өте берік және өз қалпын жоғалтпайды. Теріге дем алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кендір матасынан жасалған киімдер антибактериялық қасиеттерге ие және ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Жазда салқындатып, қыста жылытады.

2. 2. Аяқ-киімнің тірек-қозғалыс аппаратына әсері

Дұрыс таңдалмаған аяқ-киім табан деформациялануының негізгі себебі екені мамандармен дәлелденген. Аяққа ауыр салмақ түсіру нәтижесінде пайда болатын майтабан, табан деформациялануының бір түрі болып табылады. Әйелдер еркектерге қарағанда майтабаннан 4 есе жиірек зардап шегеді. Мұндай «дискриминацияның» басты себебі - сән үлгісі: биік өкше, жайпақ табанды аяқ-киім және биік өкшеден бірден жайпақ табанды аяқ-киімге ауысу.

Майтабаннан зардап шегетін адам жұмыр тастан жасалған өткелдің үстінен жүріп бара жатқан ауыр дөңгелектен құралған механизмге ұқсас. Табандағы ойыспен бәсеңдетілмеген соққы серпіні қаңқа арқылы жоғары тарайды. Сөйтіп жүктеменің барлығы буын мен омыртқаға, кей жағдайларда бас миына да түседі. Басты амортизация (бәсеңдету) қызметін омыртқа өзіне алып, соның нәтижесінде тез тозады. Адамдар өздерін нашар сезінгенде, көбіне оның майтабанның кесірінен екенін білмейді де. Арқадан басқа бас және, әрине, аяқ ауырады. Майтабанды асқындырып жібергенде табан деформацияланып, үлкен башпайдын жанынан сүйек өседі. Аяқта қан айналымы нашарлап, адам саны ісініп, ауырады. Тізе буындарында өзгеріс байқалады. Жүру ауырлап, адам тез шаршайды.

Медицинадағы соңғы зерттеулер бойынша жайпақ табанды аяқ-киім омыртқаға биік өкшелі аяқ киімнен кем түспейтін зиян келтіретіні анықталған. Сондықтан, алғашқы көзге сондай ыңғайлы болып көрінетін бұл аяқ-киімдер, дәрігерлердің айтуынша, артрит, омыртқа деформациясы, буынның ауруы сияқты көптеген аяқ ауруларына әкеп соқтырады.

Биік өкшеден бірден жайпақ табанды аяқ-киімге көші де өте зиян. Себебі екеуін алмастырғанда аяқ бір күйден екінші күйге лезде ауысуы нәтижесінде үлкен куйзеліске ұшырайды. Нәтижесінде салмақтың табанға түсіретін қысымын бәсеңдету қызметін толық орындай алмай қалады.

2. 3. Денсаулыққа зиянды аяқ киімдер

Қандай аяқ-киімнің қауіпті екендігі туралы сөз қозғайық. Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ-киімнің түр-түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан, өкшелі немесе ашық аяқ киімдер. Ал олардың ішіндегі денсаулыққа зияндылары да бар екен.
Бірінші орында - “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ киім түрі. Бұндай аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол - майтабандықаалып келуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ киімдерден аулақ болған жөн.

Ал екінші кезекте-биік өкшелі аяқ киімдер. Олардың аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің тиісті өлшемдері - 2-4 см. Ал максимальды биіктік- 6 см. болуы керек. Сондай-ақ, олар да аяқты мықты ұстап тұруы қажет. . Кішігірім өкше башпайға түсетін күшті 22%-ға арттырса, 7 сантиметрлік өкше башпайға екі есе салмақ түсіреді екен. Қалай болғанда да, дәрігерлер 8 сантиметрлік өкшені аптасына екі-үш рет киюге ғана рұқсат береді.
Ал күнделікті өкшемен тарсылдап жүретін қыздар мынандай қиындықтарды кездестіре алады. Башпай терісінің қатаюы. Өкше кигенде бар салмақ башпайға түсетіндіктен, бұл жерде қан айналымы бұзылып, тері қорғаныс ретінде қатайып кетеді. Үлкен саусақтың деформациялануы. Башпайға түскен күш табанның осы жерінің кеңеюіне әкеледі, үлкен саусақ кеңейіп, қасында сүйекше пайда болады. Башпай саусақтарының деформациялануы. Өкше шешпейтін қыздардың саусақтары аяқ киімнің ұшында қысылып тұрады. Осыған байланысты башпай саусақтары пішінін өзгертуі мүмкін. Саусақ ұштарының ұйып қалуы және жіліншек бұлшық еттерінің қақсауы. Белдің ауыруы. Биік өкшемен жүрген қыздың салмақ ортасы алдыға қарай ауытқиды. Сондықтан денені тура ұстап қалу үшін беліміз қосымша жұмыс атқарады. Осының әсерінен арқамыз ауырып, беліміз шаршайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар
Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Киімге қойылатын талаптар
Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар
Аяқ киім гигиенасы жайында
Жіптің сауда номері
Лекалоны матаға жаймалау
Киімнің жылу сақтағыш қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді
Қалампыр түстегі сәнді жадағай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz