Қазақстан Республикасының нарық экономикасындағы коммерциялық банктері


«Қазақстан Республикасының нарық экономикасындағы коммерциялық банктері»
- Коммерциялық банктің мәні және қызметтері
- Қазақстандағы банк жүйесін реформалау ерекшеліктері
- ҚР-ғы банк қызметін ашу және ұйымдастыру
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында Қазақстанда коммерциялық банктер ашалып жұмыс жасай бастады. Коммерциялық банктердің бастапқыда көбірек ашылуда объективті құбылысты көрсетеді. Ол кезде коммерциялық банктер өздерінің атынан туындап отырғандай коммерцияға яғни саудаға қызмет ете бастады. Себебі, өндіріс экономикадағы дағдарыстарға сәйкес тоқтап қалған болаты. Сонымен қатар коммерциялық банктерде шоғарланған ақша қаражаттар да қысқа мерзімдік сипатқа ие болған жасырын емес. Коммерциялық банктер пайда табуды көздеп көптеп ашыла бастады.
1995 жылы Қазақстан Ұлттық банкінің Базель келісімне қол қойған күннен бастап, коммерциялық банктер құрылымында өзгерістер бола бастады. Ол өзгерістер, негізінен ҚҰБ-нің банк жүйесін реформалауды жүргізу және жалғастырунан туындады.
Реформалаудан кейін коммерциялық банктер саны күр қысқарып, бәсекеге тұрақты бантер қана қала бастады. Көптеген банктеріміз жабылып, немесе бірігіп, сондай-ақ өзге несиелік мекемелерге айналып кетті.
Банктік жүйенің тұрақты дамуы кезеңі ретінде 2000 жылдан осы күнге дейінге кезеңде атауға болады.
Қазіргі коммерциялық банктер тек қана саудаға ғана емес, өнеркісіптің барлық салаларына бірдей қызмет етуде.
Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банк жүйесі өзінің көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.
Бүгінгі күні Қазақстанның жетекші банктері ел экономикасының жағдайының жақсаруымен байланысты, алдағы уақытта да несиелерге сұраныстың өсетіндігін ескере отырып, халықаралық қаржы нарықтарынан қарыз тарту саясатын жалғастыруда. Осы мақсатқа жетуде екінші деңгейдегі банктерге ІРО-ға шығу немесе онымен стратегиялық серіктестікке түсуі қажет.
Сарапшылардың мәліметтері бойынша 2007 жылы ІРО-ға шығуға Халық банкі, Казкоммерцбанк және Центркредит банкі дайындық жасауда. Ал Туран Әлем банкі ІРО-ға шығуды 2009 жылға жоспарлауда.
Тақырыптың өзектілігі бүгінгі коммерциялық банктер қызметіндегі корпоративтік басқару, тәуекелді басқару және капиталды арттыруға жалпы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың болуымен сипатталады.
Зерттеу объектісіне - ҚР-ғы коммерциялық банктер қызметі, олардың клиенттерге қызмет көрсету түрлері мен операциялары және өнімдері жатады.
Диплом жұмыстың басты мақсаты - нарық жағдайына сай коммерциялық банктердің қызмет ету ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан оқып, біле отырып, қазіргі жағдайларға сай олардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
- Коммерциялық банктердің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің жіктелемін беру;
- ҚР-да банктік реформалардыың ерекшеліктерін сипаттау;
- Банктерді ашу және ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
- Екінші деңгейдегі банктердің қызметін талдау жасау;
- Банктік қадағлау қызметін жетілдіруді қарастыру;
- Банктеодің қызметін дұрыс бағалау жүйесін қарастыру.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға бағытталған жазған шетелдік және отандық ғалымдардың шығармашылықтарын пайдаланады.
Диплом жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдалылған әдебиттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негізі
1. 1 Коммерциялық банктің мәні және пайда болуы
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XІV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVІ-XVІІ ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді. [1; 134б. ]
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, “банк” сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. VІ ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. ІV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді. [1; 135б. ]
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе - бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк “ірі несиелік мекеме” ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б. э. д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы “банктік операциялар” ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды. [1; 136б. ]
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына “кәсіпорын” деген атақты иеленуге ешқандай да тиым салынбаған.
Ежелгі Русьте “кәсіпорын” деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге “банк - бұл кәсіпорын” деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі “кәсіпорын”- бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк ” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады. [1; 137б. ]
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк -осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын) ;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру. [1; 140б. ]
1. 2 Қазақстандағы банк жүйесін реформалау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1) 1987-88жж банктік реформалар;
2) 1995 ж банктік реформа.
3) 1996-1998 жж банктік реформалар.
1987-88жж банктік реформалар. Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жж. ) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.
КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды. [2; 107б. ]
Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашады. Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz