Экономикалық теория қалыптасу кезендері.ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері.Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
1. Экономикалық теория қалыптасу кезендери
2. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
3. Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары.
Тексерген: Габдуллина Л. Б
Орындаған: Қызырханов Ө
Семей 2015
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері
3. Экономикалық категориялар мен заңдар
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б. ) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды - заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатыңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты - меркантелистер мектебі. Ол (мерканте - итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп болса, қоғамнын байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарыка тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіңдірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінін жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы - экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оку процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеиес Одағында Шығыс Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4-5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, ендірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес, ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау максаты жүзеге. асырылуда. Рынок экономикасына кешу бір дүркің қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден- басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тйрихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасынын басқа мемлекеттер, тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз, қандай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.
Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
3. Жекешелендірудің түрлері
4. Қорытынды.
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінің басталуы - мемлекеттік меншіктің үлесін азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталды.
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:
- Микроэкономикалық артықшылықтары:
- капиталды инвестициялау;
- өзіндік құнды төмендету;
- жаңа басшылық;
- жаңа технологиялар.
2. Макроэкономикалық артықшылықтары:
- бәсекелестіктің күшеюі;
- қаржылық тұрақтылық;
- капитал нарығының дамуы;
- әлеуметтік бағдарламар;
- тікелей шетел инвестицияларын тарту.
3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:
- жаңа нарықтар;
- тәуекелдің төмендеуі;
- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;
- тұтунышылар үшін пайдалылығы.
Жекешелендірудің түрлері:
1. Кіші жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
2. Жаппай жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 дамнан асатын орта кәсіпгорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.
3. Жеке жобалар жекешелендіру - жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.
4. Жекеше жекешелендіру - мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.
5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру - мемлекет тарапынан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.
Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі ас а кең тараған деп жиі айтылады.
Жекешелендірудің әдістері:
1. Аукциондар , бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс - максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.
2. Акцияларды сату , яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатфысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдщері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып, табылатын сауда-саттық.
3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максисмалды баға қоюдың талабы ұсынылады.
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін сатып алуды мақсат етіп қойды.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезең. Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші кезең. Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта жәнге ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай жекешелендірудің мынандай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.
Үшінші кезең. Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіп орындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік қабілеттігін көтеру.
Қорытынды
Қорыта келгенде инвестициялық жекешелендірудің куапондардың ақшаға баламалылығы жоқ, және олар тек жекешелендірудің инвестициялық қорына салуға арналған. Ал, бұл қорлар ашық түрде акционерлік қоғамдар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Н. Доғалов; Н. С. Досмағанбетов «Экономикалық теория» 56-59 бет; Алматы, 2014
2. «Жалпы экономикалық теория» оқулығы 252-255 бет; Қ. Жұбаенов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2004
3. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. - 196 бет
Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) - жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.
Рагнар Фриш 1969 жылдың Нобель лауреаты. (1895-1973)
Норвегиялық экономист Рагнар Антон Киттил Фриш Осло қаласында дүниеге келген. Ол Антон Фриш пен Рагна Фредирик Фриштин ұлы болған. Көптеген Фриш әулетінің отбасылары зергер, алтын мен күміспен жұмыс істеген. Және Рагнар осы кәсіпті атақты фирмада « Давид Андерсен» - да оқып, 1920 жылы алтын кәсіпқойы құқығын алады. Және де Осло университетін де, экономист мамандығы бойынша оқиды. Бұл мамандықты таңдау себебі, «ең жеңіл, әрі тез оқу курсы» дейді. 1919 жылы Норвегиядан Францияға аспирантура оқуға барады. 1925 жылы Осло қаласына экономика көмекші - профессор ретінде келеді. 1926 жылы математикалық статистика бойынша диссертациясын аяқтағаннан кейін докторлық деңгейін алады. 1928 жылы адъюнк - профессоры болады, ал 1931 жылы социалдық эконом профессоры және де Экономикалық университеттің зерттеу бөлімінің директоры болып тағайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz