Жылуэнергетика және қоршаған орта


Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік- технологиялық факультеті

5В071700 - «Жылуэнергетика»

CӨЖ

Тақырыбы: Жылуэнергетика және қоршаған орта.

Орындаған:Мәдениет М.

Тобы:ТЭ-517

Тексерген: Сейсенбаева М. К

Семей 2015

Жоспары:

I. Жылуэнергетика жайлы түсінік.

II. Қазақстанның жылуэнергетикасы, экологиялық прорблемалары.

III. Жылуэнергетика саласына қатысты заңнамалар.

Жылу энергетикасы - жылудың энергияның басқа түрлеріне (мех., электрлік, гидравликалық, т. б. ) түрленуін зерттейтін жылу техникасының саласы. Жылуды электр энергиясына түрлендіру жылу электр стансасында жүзеге асырылады. Ол үшін бұларда отын жанғанда немесе ядр. отын ыдырағанда бөлінетін энергия, сондай-ақ, Жер қойнауының қызуы мен Күн радиациясы энергиясы пайдаланылады. Жылу энергиясынан мех. жұмыс алу үшін қолданылатын негізгі энергет. агрегат - жылу қозғалтқышы.

Жылу энергеткасы жоғары қамтамсыз етілген елдер Италия, Испания, Англия Бір сөзбен айтқанда Еуропа елдері және Америка дүние бөлігі
Жылу энергиткасы төмен елдер Африка мемлекеттері себебі Африка өте ыстық болғандықтан Жылу энергетикасын қолданбайды, және жоғары дамымаған!
Жылу энергетикасы орташа деңгейде қамтамасыз етілген елдер шығыс елдері яғни Қазақстан, Корея, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСI - электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2, 5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1, 3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1, 6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 - 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экон. және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өз-нiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр ст-н салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр ст-ның құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту з-ты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын з-ты iске қосылды.

1925 - 26 ж. Доссорда мұнайдың 41, 2%-ы, Мақатта 87, 8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергет. қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты. Жалпы электр ст-лары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады: бiрiншi кезең 1918 - 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр ст-лары салынып, алғашқы энергет. тораптар пайда болды. Екiншi кезеңде (1946 - 58 ж. ) аймақтық электр ст-ларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергет. жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959 - 90 ж. ) республиканың энергет. базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергет. жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр ст-лары (АСЭС) салынды. Ертiс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр ст-лары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

жэ1.jpg

1-бап. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Жылу энергетикасы объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, пайдалану, жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау нормативтік құқықтық актілермен регламеттеледі, олар жылу энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан басқа өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1) есепке алу аспаптары - бір немесе бірнеше: өлшеу, жинақтау, сақтау, бейнелеу және жылу энергиясының саны, жылу тасығыштың массасы (көлемі), температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс істеу уақыты туралы ақпаратты беру функцияларды орындайтын техникалық құрылғы;

2) жылу беруші ұйым - жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерді көрсететін ұйым;

3) жылу желілерінің күзетілетін аймағы - жылу желілерін қалыпты пайдалану жағдайларын, зақымдануының алдын алуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ адамдарға, аралас жерлерге, табиғи объектілер мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту үшін олардың ұзына бойындағы жер;

4) жылу желісі - орталық жылу пункттерін және сорғы станцияларын қоса алғанда, жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты жылу энергиясы көздерінен жылу тұтынатын қондырғыларға дейін беруге арналған құрылғылар жиынтығы;

5) жылу желісінің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы - жылу желісінің теңгерімдік тиесілілігі бойынша айқындалатын жылумен жабдықтаушы және (немесе) жылу беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында жылу желісін бөлу нүктесі;

6) жылу жүктемесі - жылу тұтынатын қондырғыларда уақыт бірлігінде тұтынылатын жылу энергиясының саны;

7) жылу өндіруші ұйым - жылу энергиясын өз қажеттіліктері үшін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын ұйым;

8) жылу тасығыш - ол арқылы жылу энергиясын беру жүргізілетін немесе тұтынушы жылу энергиясын шаруашылық мақсатта, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау мақсатында тікелей пайдаланатын зат;

9) жылу тұтынатын қондырғы - жылу энергиясын жылыту, ыстық сумен жабдықтау, желдету мақсаттарына немесе тұтынушының технологиялық қажеттіліктеріне пайдалануға арналған құрылғы;

10) жылу энергетикасы - жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау және тұтыну саласы;

11) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган - ЖЭО-ның жылу энергиясын өндіру саласында, елді мекендер шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ. және одан астам белгіленген қазандықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган

12) жылу энергиясы - жылу тасығыш беретін, жылумен жабдықтау жүйесінде оның шығысымен және жылу энергиясын өлшеуге немесе есептеуге мүмкіндік беретін термодинамикалық өлшемдерімен сипатталатын энергия;

13) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алу - жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың саны мен сапасын коммерциялық есепке алу аспаптарымен, ал олар жарамсыз немесе болмаған жағдайда есептеу тәсілімен белгілеу және алынған деректерді жылумен жабдықтау шарттары бойынша өзара есеп айырысу үшін пайдалану;

14) жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру - нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жай-күйде жылу желілерін ұстауды, сондай-ақ жылу тасығышты қабылдауды, қайта түрлендіруді және (немесе) жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және технологиялық байланысқан іс-қимылдар кешені;

15) жылумен жабдықтау - тұтынушыларға жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру, тарату және сату жөніндегі қызмет;

16) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу энергиясы, жылу желілері мен жылу тұтынатын қондырғылар көздерінің жиынтығы;

17) жылумен жабдықтау объектілері - жылу энергиясын өндіруге және тасымалдауға арналған жылу өндіруші станциялар не қондырғылар, жылу электр станциялары, жылу электр орталықтары, қазандықтар, когонерациялық қондырғылар, жылу желілері.

18) жылумен жабдықтауды дамыту схемасы - елді мекен аумағында жылумен жабдықтауды дамыту жоспары;

19) жылумен жабдықтаудың сапасы - жылу тасығыштың термодинамикалық өлшемдерін қоса алғанда, жылумен жабдықтаудың мемлекеттік стандарттарында, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда және (немесе) шарттарды қойылған талаптар жиынтығы;

20) жылумен жабдықтаудың сенімділігі - жылумен жабдықтаудың сапасы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жылумен жабдықтау жүйесінің жай-күйі;

21) жылумен жабдықтаушы ұйым - тұтынушыларға өздері өндірген және (немесе) сатып алған жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты, оның ішінде тасымалданатындарды сатуды жүзеге асыратын ұйым;

22) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - ЖЭО-ны және елді мекендер шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ. және одан астам белгіленген қазандықтарды қоспағанда жылумен қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) қосалқы тұтынушы - тұтынушының жылу желілеріне желілері және (немесе) жылу қондырғылары қосылған жеке немесе заңды тұлға;

24) тұтынушы - жылумен жабдықтаушы немесе жылу беруші ұйымның жылу желілеріне тікелей немесе өз желілері арқылы қосылған өзінің жылу тұтынатын энергия қондырғыларында тұтыну үшін жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

25) уәкілетті органдар - жылу энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

26) электр және жылу энергиясын аралас өндіру (халықаралық атауы -когенерация) - электр энергиясын өндіру жылу энергиясын өндірумен бір мезгілде технологиялық байланысты болатын жылу электр орталықтары мен басқа да когенерациялық қондырғылар жұмысының режимі;

27) энергетикалық сараптама - қолданыстағы объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілер жобалары бойынша жылумен жабдықтау саласында жүргізілетін сараптама;

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»] .

жэ.png

«Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7, 2 пайыға ұлғайды, . . . атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі - 6, 3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9, 9 пайызға өскен. Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады.

Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.

Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.

Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.

Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.

1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5, 1 млн. тоннадан 3, 2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. 2007жылы атмосфераға 185 мың тонна залалды заттар таралды, . . . оның 15 мыңы стационарлық көздерден, ал қалған 170 мың автокөліктен [3. Айдос Шөкім. Инвесторлар экологтарды неге басынып отыр. Заң газеті. №54 /1280/. 11 сәуір, 2008ж. 2б. ]

Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

«2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 миллион тоннаға жетпек. Ең жетік технологиялармен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан шыққан шикізаттың 0, 1пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек жылына 10 мың тонна мұнай теңізге құйылатын болады» [4. Еркеғали Сарсенов. Каспийдің Қызыл балығынан айырылып қалмаймыз ба. Атамекен. Республикалық қоғамдық-экологиялық газет. №1 /366/ 15. 01. 2007ж. 1б, 1б. ] .

Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көпаспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр металдарға сипаттама және олардың зияны
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі
Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту
Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттер
Нернст теоремасы
АЭС болашағы
Көп атомды газдың ішкі энергиясы
Ауыр металдар. Олардың қоршаған ортаға әсері
Жел энергиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz