Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі
Тексерген: Тугамбаева С. М
Орындаған: Турлыбекова Т. С
Семей 2015 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Бұғылардың тәуліктік белсенділігі
б) Еліктердің тәуліктік белсенділігі
III. Пайдаланылған әдебиет
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) - жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы.
Бұғы
Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.
Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Мүйіз бағананың түбінен әдетте бірнеше өскендер тарайды. Ең төменгі өскіншек бірінші көз үсті деп аталынады. Одан кнейін екінші көз үсті, үшінші өскінен ортаңғы деп аталады, одан кейіни орналасқан - жоғарғы деп аталады. Өскіншектердің аяғы екінші рет бұтақтануы да мүмкін. Бас сүйегінің көз аймағының жанында екі танау жас өзекшесі орналасқан. Көз жас сүйегінің сыртқы бетінде көз алды шұңқырлары орналасқан. Жақ аралық сүйегінде танау тесігі қысқа. Жоғарғы шошақ тістері тек кейбір аталықтарында ғана ұзын, жоғарғы ерін түбінен шығып тұрады. Терісінде көптеген арнайы бездері болады. Өт болмайды. Сүт безі төрт бөлікті. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т. б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр - шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
Су бұғысы(Hydropotinae) - мүйізсіз. Дене тұрқы 75 - 100 см, биіктігі 45 - 75 см, салмағы 9 - 15 кг. Реңі күрең - қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа, қыста қалың, мамықты. Азия, Шри - Ланка, Қытый, Индияда таралған. Өзен және көл маңындағы шалғында, шөптесіндерде мекендейді. Жүктілігі 6 айға созылады. Маусым-шілде айларында 1 - 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады.
Су бұғысы
Нағыз бұғы (Cervinae) . Бұл тұқымдас тармағы 2 туыстан 12 - 14 түрден тұрады. Денесі 130 - 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 40 - 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Жақсы дамығын мүйіз тек аталықтарында ғана бар.
Жануарлардың барлық түрлері аңшылық немесе кәсіптік болып есептеледі. Бір түрі олень арнайы шаруашлықтарда өсіріліп жас мүйіздерінен пантокрин деген дәрі жасалынады. ТМД - да 3 түрі, Қазақстанда нағыз бұғы деген бір ғана түрі кездеседі. Жетісу және Алтайлық деген екі формасын ажыратады.
Бірінші формадағы жануарлар Қазақстанның оңтүстік - шығысында таулы аймақтарда мекендейді, екіншісі - шығыс пен Алтайды мекендейді. Марал - Евразиядағы ең ірі бұғы. Тек аталықтары ғана мүйізді. Европалық бұғылардан оның айырмашлығы, денесінің көлемі, мүйізінің ерекше формасы, көзінің көлемі орналасуы, және өте қысқа құйрығы.
Аталықтарының аяқтары ұзын, кең маңдайлы, күшті мойынды. Аналықтары аталықтардан біршама кішірек, ұзын мойынды, басы ірі және құлақтары ұзын. Аналықтарының түсі қыста қара, аталықтары көбінесе ашық -сары. Марал Тянь-Шань, Жонғар- Алатауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.
Лань (Cervus dama) теңбіл түсті. Дене ұзындығы 130-160 см. Иранда. Палестинада Иракта, Украйнада, Беларусияда таралған. Жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста ағаштың қабықтарымен қоректенеді. Жүктілігі 7. 5-8 ай, 1 кейде 2 бала туады. Негізінен саябақта декоративті жануар ретінде пайдаланыды.
Теңбіл бұғы - тұқымдас ішіндегі орташа денелі жануар. Аталықтарының (бұқалар) дене тұрқы 180 сантиметр шоқтығының биіктігі 115 сантиметрден артық, салмағы 130 кг-ға жетеді. Сиырлары (аналықтары) біршама кіші. Жазда реңі ашық жирен, арқасы мен бүйірінде сарғыш-ақ дақтары болады, ал қысқа қарай реңі - қоңырсұр, жирен. «Таңы» жетілген. Теңбілділігі аса анық емес, дақтары ұзына бойы қатар түзеп орналасады, бүйірінде олар қосылып, жолақ түзуі де мүмкін. Мүйіздері тек бұқаларында ғана болады, ол 4 бұтақты, ұшы үшкір, көз үсті өсіндісі біреу. Мүйізі жылма-жыл түсіп тұрады. Сəуір-мамырда түседі, тері қапшығынан тамызда тазаланады, ал күйге түсер алдында нағыз мүйізге айналады
Теңбіл бұғы Шығыс Қытай, Қиыр Шығыс (Уссурий өлкесі), Солтүстік Вьетнам, Жапон аралдарында тараған. Жаңа Зеландияда, ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, кейбір ерекше қорғалатын аумақтар мен аңшылық шаруашылықтарында жерсіндірілген. Соңғы 100 жылдықта таралу аймағы тарылып, саны өте күшті азайды. Осыған орай бұл бұғыны жерсіндіру жəне жартылай қолда өсіру жұмыстары XIX ғасырдың сексенінші жылдарында-ақ қолға алынды. 1909 жылы Аскания-Нова қорығына жіберілді, ол жерде күні бүгінге дейін саны өсіп, тіршілік етуде. XX ғасырдың отызыншы жылдарында марал шаруашылықтарына, мысалы, Алтайға жіберілді, ал 1938 жылы 7 қорыққа (Ока, Мордова, Хопер, Куйбышев, Воронеж, Ильмен жəне Бұзұлық орманы) 240 бас теңбіл бұғы Қиыр Шығыстан алып-келіп жіберілді (Колосов жəне басқалар, 1968) . XX ғасырдың 70-80 жылдарында Орынбор облысынан (Бұзұлық орманы) Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан Кирсанов қорықшасына жиырмаға жуық теңбіл бұғы өтіп, сонда тіршілік ете бастады. Қазір бұл аймақта кей жылдары бірен-саран бұғылар кездесіп қалуы мүмкін. Көпшілік жағдайда бұл бұғылар аңшылық шаруашылықтарында жəне марал өсіру шаруашылықтарында өсіріледі.
Теңбіл бұғы - кішігірім аралас табын құрып, қонысын көп аудармай тіршілік ететін орман жануары. Аралас жəне жалпақ жапырақты ормандарда мекендейді. Бұлардың қоныстануына қардың қалыңдығы көп əсерін тигізеді. Қардың қалыңдығы 30 см биік болатын жерлерде олар кездеспейді. Таңертең жəне түс ауа белсенділігі артады. Қиыр Шығыс жағдайында 130-ға тарта өсімдіктермен қоректенеді. Қорегінде ағаштар мен бұталардың жапырақтары, майда бұтақтары, жас өскіндері, жаңғақтары маңызды орын алады. Қыста ағаш қабықтарында қорек ретінде пайдаланады.
Шөптесін өсімдіктер мен ағаш қыналарын көп жемейді.
Қыркүйек-қараша айларында күйекке түседі. Саны көп болған жағдайда күшті бұқалары жиырмадай сиырды бір табынға жинайды. Күйектен кейін кішірек табын құрып тіршілік етеді. 7, 5-8 ай буаз болып, бір, өте сирек 2 бұзау туады. 1, 5-2, 5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.
Теңбіл бұғылардан эймерияның бір түрі тіркелген (Сыбанбаев, 1979) : Eimeria wassilewskyi Rastegaieff, 1930.
Теңбіл бұғылар тарихи заманда еті мен терісі, ең бастысы Қытай, Тибет, Үнді, Моңғолияда халық медицинасында кең қолданылатын пантасы үшін көптеп ауланған. Бұл бұғы арнай рұқсат арқылы аңшылық шаруашылықтарында əуесқойлық жолмен ауланатын нысан жəне орман көркі. Марал өсіру шаруашылықтарында панты алу үшін өсіреді. Қолда (жартылай қолда) өсіргенде күтімді аса көп қажет етпейтін жануар. Мысалы, тəулігіне қосымша қорек ретінде бұтадан жасалған 3 сыпыртқы, 10 г тұз, 1, 5 кг құрама жем не 0, 5 кг картоп беріледі. Осылайша теңбіл бұғыны түр ретінде сақтап қалуға, аңшылық фаунаны байытуға жəне панты алу үшін бұғы шаруашылығының базасын кеңейтуге болады.
Елік (лат. Capreolus pygargus) - бұғы тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған. Қазақстанда Сібір түр тармағы (C. c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 - 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 - 100 см, салмағы 30 - 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз - мамырда толық жетіліп, қараша - желтоқсанда түсетін 3 - 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде - тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 - 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 - 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 - 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.
Елік - өсімтал аң. Олар 1, 5 жасында жыныстық жағынан жетіліп, екі жасында лақтайды. Оның күйіті тамыз айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін созылады. Еліктер күйге түскен шақта текелерінің арасында қатты «қырқысу майданы» басталады. Мамыр - шілде айларында лақтайды. Еліктің ересек ешкісі жылына егізден лақ туып, оларды 6-8 ай бойы сүтімен асырайды. Туған лақтарын жасырып тастау үшін қалың шалғынды бұталардың арасын мекендейді. Лақтарының түсі алғашқы уақытта теңбіл болып, 3-4 ай өткен соң теңбілі жойылып кетеді.
Елік сүтінде лақ организмнің тез өсуіне қажетті заттар: белок, май, қант көп болады. Бір күндік лақтың салмағы 1 кг 225 г болса, ал үш жетіде 3 килограмнан асады. Лақтары аңқау, жуас келеді. Кейде олар адамды көргенде, одан қорқып, үркудің орнына соңынан еріп жүре береді.
Еліктердің жаулары - қасқыр, түлкі, сілеусін, құну жəне бұралқы иттер. Жаулары еліктердің арасынан ауруларын, əлсіздерін ұстап жеп, табиғатта əртүрлі аурулардың таралуына жол бермейді; ал екінші жағынан, табиғаттың қолайсыз, қары қалың түскен жұт жылдары олардың санын күрт азайтып жібереді.
Еліктердің пастереллез, сібір жарасы, қатерлі ісік, оба, аусыл, саркоцистоз ауруларымен ауырытыны белгілі (Беркінбай О., Ахметсадықов Н. Н., 2009) . Сондай-ақ, олар бүйрек қуысы, тері, бас сүйектері, бас, жүрек еттері, тіс еті, төменгі жақ, ауыз қуысы, бүйрек, бауыр қатерлі ісіктеріне шалдығады.
Ертеректе дəмді еті үшін жыл сайын 900-5400 бас елік ауланған. Қазіргі кезде бар-жоғы əуесқойлық жолмен 200-250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяққиім, төсеніш, қайыс, былғары жасайды.
Соңғы кезде етімен қатар мүйізін де пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. Еліктер орман шаруашылығында жас көшеттердің (əсіресе, майқарағай) басын шипап шамалы зиян да келтіруі мүмкін. Десе де оны қорғап, сан мөлшерін көбейтуге жағдай жасап отыру керек.
Еліктер
Бұлан (ALcinae) . 6-7 түр тармағына бөлінеді, оның 4-5 түрі ТМД-ны, қалған 2 түрі Солтүстік Американы мекендейді. Өте ірі бұғы. Дене ұзындығы 300 см-ге дейін жетсе, биіктігі 235 см және салмағы 580-600 кг. Аяқтары ұзын, кеуде бұлшық еті күшті. Түсі қара - қоңыр. Солтүстік Америка, Европа, Азия, Канада да таралған. Орманның әртүрлі аймағын мекендейді. Ағаш-бұтақты өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Жүктілігі 225-240 күн, 1-2 төл туады. Аңшылық - кәсіптік маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Миграция. Түлеу. Реттелген және реттелмеген миграция
Тексерген: Тугамбаева С. М
Орындаған: Турлыбекова Т. С
Семей 2015 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Миграция. Түлеу
б) Реттелген және реттелмеген миграция
III. Пайдаланылған әдебиет
Құстардың қайтуы - құстардың жылда бір аумақтан екінші аумаққа жаппай қоныс аударуы. Бұл құбылыс - олардың тарихи жағдайда қалыптасқан белгілі біринстинктке негізделген, тұқым қуалайтын қасиеттерінің бірі. Құстардың кайтуы - климаттың маусымдық өзгерістеріне бейімделуге (қоректік нысандардың және ашық су көздерінің азаюы, т. б. ) тікелей байланысты.
Миграция түрлері:
- Отырықшы құстар - бір аймақта тіршілік етіп, көбейетін құстар.
- Қоныс аударатын құстар - климаттың маусымдық өзгерістерге емес, қоректік қорға байланысты қоныс аударатын құстар.
- Жыл құстары - күзде жылы аймақтарға жылыстап, көктемде бұрынғы мекендеріне қайта оралып отыратын құстар
Қоныс аударатын құстардың жылдық биологиялық циклы (көбею мерзімінің қысқа болуы, жылына 1 рет жұмыртқа салуы, түлеуі, өте қарқынды және ұзақ болмауы) жылдам өтетін процесс. Қысқа қарай құстар қоңыржай, суық аймақтарда таудан өзен аңғарларына көшіп, суықтан қорғанса, тропиктік аймақта ұя салған жерлерінен таудың биік бөктеріне көтеріліп, қуаңшылықтан сақтанады. Кейбір құстар өте алыс жерлерге ұшып кетеді. Мысалы, Сібірде ұялайтын құралай құсы қыс түсе Балтық жағалауынан Қазақстан және Орта Азия арқылы Үнді-Қытайға қоныс аударады. Ең алысқа қоныс аударатын - поляр қарқылдағы (30 мың км-дей) . Ол Арктикада ұя салып, Антарктикада қыстайды. Құстардың кайтуы кезінде құстардың орташа ұшу жылдамдығы сағатына 30 - 50 км-дей (шымшық) 200 - 300 км-ге (торғайлар) жетеді. Күндіз құстар топтанып ұшады. Құстардың кайтуы барлық құстарға тән емес. Мысалы, сары шымшық, жорға торғай, т. б. - отырықшы құс, қарға - Сібірде жыл құсы, Шығыс HYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81_%D0%95%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B0"Еуропада отырықшы. Қазақстандағы қаз тәрізді құстардың маусымдық миграциясының негізгі жолдарының картасы. Шартты белгілер: Суда жүзетін құстардың негізгі ұшып өтетін жолдары.
Түлеу- жануарлардың даму кезіндегі жас ерекшеліктеріне, маусымдық өзгерістерге байланысты және тіршілігінде тұрақты түрде жүріп отыратын биологиялықпроцесс.
Түлеу сыртқы эпидермис қабаты, терінің қосалқы түзілістері (кутикуланың, қабыршақтардың, қауырсындардың және түктердің) белгілі бір уақыт аралығында ауысып тұрады. Жануарлардың түлеуі олардың организмінің даму қабілетіне, жасына, гормондық жағдайына, сондай-ақ қоршаған ортаның әсеріне (мысалы, температура, т. б. ) байланысты. Әрбір түлеу аралығын - түлеу кезеңі, ал сол кезеңдегі жануарлардың дамуына кеткен уақытты - түлеу жасы деп атайды.
Түлеу, әсіресе, денесі тығыз хитинді затпен , соның ішінде буынаяқтыларда (шаянтәрізділер, т. б. ) айқын байқалады. Түлеп түскен қатты хитинді жабын қайта түзілгенше жануарлардың (әсіресе дернәсілдің) дене мөлшері қарқынды түрде өседі. Жәндіктердің көптеген түрлерінің дернәсілдерінің түлеу саны үнемі тұрақты болады. Мысалы, көбелектердің дернәсілінде (жұлдызқұртында) - 5, шыбындардың дернәсілінде - 3, ал біркүндіктер мен көктемдіктердің дернәсілінде - 25 - 30 рет қайталанады. Омыртқалылардың түлеуінде біраз ерекшеліктер байқалады. ыландартүлеген кезде сыртқы қабыршақтары басынан бастап, бірте-бірте денесінен тұтасымен, ішінен сыртына қарай сыдырылып түседі. Түлеу кезінде терінің сыртқы қабатындағы тіршілігін да, терінің түсі өзгеріп, жылу реттеу қабілетінде де өзгерістер байқалады. Тасбақалартүлемейді, олардың терісінің сыртындағы мүйізді сауыттар үнемі өсіп отырады. Құстардың түлеуі кезінде ескі қауырсындар түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар шығады, салмағын азайтады. Олардың түлеуі көбінесе балапан басып шығарған соң байқалады, алдымен қораздары, кейбір түрлері жеке-жеке (торғайтәрізділер, тауықтәрізділер) түлейді. Ал қазтәрізділер үлкен топ құрып, қанат қауырсындарын бір мезгілде түлеп, ауыстырады. Бұл кезде олар ұша алмайды, сондықтан адам бармайтын жерлерде шоғырланып жасырынады. Құстардың кейбір тобында қауырсындары (бағыттаушы және қағатын) бір уақытта түседі, бұл кезде олар ұшу қабілетін біраз уақытқа жоғалтады (мысалы, үйректер- 20 - 35 күнге, аққулар- 1, 5 айға) . Құстардың жыл маусымдарына байланысты түлеуі кезінде қауырсындарының тығыздығы да өзгереді. Сүтқоректілердің түлеуі кезінде түктерін жыл маусымдарына қарай ауыстырып тұратындықтан түгінің түсі де, тығыздығы да өзгереді. Мысалы, ақбөкендержазда сарғыш қызғылт, ал қыста ақшыл бозғылт түске енеді. Қысы суық, жазы ыстық болатын жерлерде тіршілік ететін жануарлар тез, алтропиктікжәне жартылай суда тіршілік ететінжануарлар(ондатр, саз кәмшаты, калан) біртіндеп түлейді. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 2 рет (көктемде және күзде), мыс., тиін, түлкі, т. б. ; көртышқандар3 рет, кейбір түрлері (түлендер, суырлар, сарышұнақтар) 1 рет түлейді.
Реттелген және реттелмеген миграция. Қазіргі кезде барлық ішкі мигранттардың 60%-ке жуығы үйленбеген 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға тиеді. Осы жастағы топтар қазақ жастары арасында үлкен орын алады. Бұлардың тұрмыс құруымен бала тууды кейінге қалдырады бұған жұмысқа тұруды және тұрғын проблемалары әсер етіп отыр.
Мигранттардың арасында үйленбеген еркектердің көп болуы көшіп келген региондағы тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымдарының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл аудандарда семья құрудыңмүмкін емес болғандығынан тұрғындардың қайта қайту ағыны болады. Миграцияның жыныстық құрылымының территориялық бөлінуі кезінде ескерген жөн, себебі бұл сол региондағы демографиялық процестердің келешекте даму ағынына тікелей әсер етеді.
Мысалға-Қазақстанның ірі қалаларында жас бала туу жасындағы әйелдер саны көп Алматының өзінде әйелдер 100 мыңға көп оның ішінде 22 мыңы қазақ әйелдері.
Сонымен қатар ішкі миграция жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады.
Жастар арасында қарқынды өсіп жатқан жұмыссыздықты жою үшін арнайы құрылған және кең торабты кәсіби техникалық училище (ПТУ), СУЗдар және ВУЗ сиақты оқу орындарының көп болуы қажет. Бірақ қазіргі кезде біз мұндай торабтардың азайып кетуін байқап отырмыз. Айта кететін жай миграция процестерінде ең басты орынды прописка мен тұрғын үй мәселелері алып отыр. Сондықтан негізінен мигранттар өздерінің таныстарының немесе туыстарының үйінде тұрып жатыр. »Қазақстандағы миграцияны басқару туралы»қаулы жергілікті халыққа жағымды жағдай жасай отырып пропискаға тұру және одан шығуды реттейтін және бақылайтын процедуралары туралы заңдарды қамтуы тиіс.
Миграциялық ағымдардың құрылуына басты орындардың бірін бұқаралық ақпарат құралдары алады. Мигранттардың жаңа тұрғын орындарына ағылып келуіне әсер ететін факторлардың бірі-ол жаңа орын туралы ақпараттармен қамтылуы. Нарықтық экономикалық жағдайдағы миграциялық прогресс нарықтық шарттармен реттелінеді. Мұндай жағдайларда да миграциялық процестерді басқарудың бүтіндей жүйесі қажет. Бұл негізінен сыртқы миграцияға байланысты, яғни республиканың келушілерге квота белгіленуі тиіс. Қазақстанның миграциялық саясаты экологиялық келімсектерге арнайы статус берілуі керек. Ол келімсектерге Арал маңынан келгендер, Семей ядролық полигоны аймағынан келгендер, сонымен қатар мүмкін болатын жер сілкінісі аймағынан келгендер және ауыр экологиялық салдары болатын ірі авариялар болуы мүмкін болатын аудандардан келгендер жатады. Егер мұндай процестерді реттемей өзінің табиғи ағымын жіберсек, ол кіру жерлерінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды әбден туғызуы мүмкін.
Мүмкін болған жағдайда Қазақстан қалаларында эммиграцияны шектеу қажет. Себебі, мұндай процестер ауыл жастарының қалаға ағылып келуіне байланысты әлеуметтік тығыздылыққа өмірлік және еңбекпен қамтылу ауырлығына әкеліп соқтырады. Орта Азиядағы және Кавказдағы ұлтаралық қкқтығыстар салдарынан қашқандар Қазақстан Республикасының қалаларында баспана табуға тырысады.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының құрылуымен эммигранттар оның бір бөлігі болып табылады. Сол арқылы эммигранттардың жұмыс күші туралы ақпараттар базасын құрып, мұндай ақпараттармен әр түрлі региондармен алмасын жұмыс күшін қажет ететін аймақтарға мигранттарды бағыттау мүмкіншілік туады. Миграциялық қызметтің мүмкін болатын миграциялық қақтығыстары туралы болжамдары болу керек. Кез келген тілдік, территориялық, психологиялық экстрелизм жергілікті халықтармен мигранттар арасында қақтығыстарды туғызады. Республикадағы саяси тұрақтылық елдегі екі негізгі этностардың(орыс және қазақ) арасындағы қатынастарға байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz