Орман және орман-парк шаруашылығының дамуын жоспарлаудың рөлі



1.Кіріспе
2.Орман шаруашылығының мәселелері
3.Орман шаруашылығын дамуын жоспарлау
4.Орман.парк шаруашылығының даму жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1990 жылғы жағдай бойынша ормандар Жер шарының 3,4 млрд немесе құрлықтың 27 пайызын алып жатты. Ормандар жыл сайын құрлықта 2/3 жуық органикалық массаны синтездейді. Орман басқару жүйелері әр елде әртүрлі. Олар тарихи түрде бүкіл институционалдық және орман экономикалық жағдайлар кешенінің әсерімен қалыптасып, жалпы елдің және оның аймақтарының даму ерекшеліктерін бейнелейді. Орман және орман өнімі нарығында ең ірі әлемдік қатысушылары, қазіргі кезде АҚШ, Канада, Ресей, Финляндия, Швеция болып табылады. Қазақстан – орман қоры шектеулі ел.Қазақстанның ормандары оның бүкіл аумағының тек 42 пайызын құрайды.Дегенмен, 12,3 млн га құрайтын ормандардың жалпы ауданы бойынша Қазақстан, Ресей мен Түркиядан кеін Шығыс Еуропа, және Орталық Азия елдері арасында үшінші орында тұр.Қазақстанда әр адам басына шаққанда 0,77 га орман алқабынан тиеді.Беларуссияда орман көлемі қанша болса , бізде де солай. Алайда экономикалық тиімді қолдану жағынан ескерер болсақ, салыстыруға келмейді.Мысалы, Эстонияда ағаш өсетін өңір аз. Солай бола тұра , 150 млн . шаршы бірлікке жиһаз сыртқа жөнелтіледі.Мұның ө¬зі Ресейден 1,5 есе артық.Әлемде осы салада жинақталған ірі тәжірибелер мен көптеген инновациялардың болуына қарамастан, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының орман секторын басқару саласындағы өкілеттіліктер мен міндеттерін бөлуі, орман ресуртарын басқару шын мәнісінде қалай жүріп жатқандығын талдау әрекеттері ғана жасалды.
1. Агапонов Н. Н., Ковальский А. И. Путеводитель по объектам лесной
мелиорации горного Крыма. Симферополь «Полиграф. Центр
2004.– 140 с.
2. Аллабергенұлы Д. Отанымыздың байлығы мен сұлулығы . 2002.2-бет
3. Анучин Н. П. Лесная таксация. – М.: Лесн. пром.-сть, 2006.– 552 с.
4. Асқарова .Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.Алматы:
2007 ж. 48-49 беттер
5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н.Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996. 244-бет
6. Әлімбек Қ. Орман мәселесі басты назарда.2003.298-бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Орман және орман-парк шаруашылығының
дамуын жоспарлаудың рөлі.

Тексерген: Самиева Г.Т
Дайындаған: Серікқанова А.Д

Семей
2015 жылы
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Орман шаруашылығының мәселелері
3.Орман шаруашылығын дамуын жоспарлау
4.Орман-парк шаруашылығының даму жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
1990 жылғы жағдай бойынша ормандар Жер шарының 3,4 млрд немесе құрлықтың 27 пайызын алып жатты. Ормандар жыл сайын құрлықта 23 жуық органикалық массаны синтездейді. Орман басқару жүйелері әр елде әртүрлі. Олар тарихи түрде бүкіл институционалдық және орман экономикалық жағдайлар кешенінің әсерімен қалыптасып, жалпы елдің және оның аймақтарының даму ерекшеліктерін бейнелейді. Орман және орман өнімі нарығында ең ірі әлемдік қатысушылары, қазіргі кезде АҚШ, Канада, Ресей, Финляндия, Швеция болып табылады. Қазақстан - орман қоры шектеулі ел.Қазақстанның ормандары оның бүкіл аумағының тек 42 пайызын құрайды.Дегенмен, 12,3 млн га құрайтын ормандардың жалпы ауданы бойынша Қазақстан, Ресей мен Түркиядан кеін Шығыс Еуропа, және Орталық Азия елдері арасында үшінші орында тұр.Қазақстанда әр адам басына шаққанда 0,77 га орман алқабынан тиеді.Беларуссияда орман көлемі қанша болса , бізде де солай. Алайда экономикалық тиімді қолдану жағынан ескерер болсақ, салыстыруға келмейді.Мысалы, Эстонияда ағаш өсетін өңір аз. Солай бола тұра , 150 млн . шаршы бірлікке жиһаз сыртқа жөнелтіледі.Мұның ө - зі Ресейден 1,5 есе артық.Әлемде осы салада жинақталған ірі тәжірибелер мен көптеген инновациялардың болуына қарамастан, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының орман секторын басқару саласындағы өкілеттіліктер мен міндеттерін бөлуі, орман ресуртарын басқару шын мәнісінде қалай жүріп жатқандығын талдау әрекеттері ғана жасалды.

2.Орман шаруашылығының мәселелері
Орман таптырмайтын табиғи обьект болып табылады. Орман шығуы , өсуі және дамуының ерекшеліктері және ішкі заңдылықтары бар.ҚР территориясы аумағы 272,49 млн га алып жатыр, орман қорнының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 26,4 млн,га.Орманды жерлерінің аумағы 12,4 млн.га. Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18,9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5,4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді. Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi сексеуiл ормандарын сақтау туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген.1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi.Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен.Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi.Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды.Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі.Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе.Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор.Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы.Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.
3.Орман шаруашылығының дамуын жоспарлау.
Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді.Осылай, республика бойынша орман иеленушілер 2011-2014 жылдары республика аумағында 243,7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстары жүргізілді.2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы ақпарат
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Тематикалық парктер
Қала саябақтары
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Орман және орман-парк шаруашылығындағы жаңа техника мен технологияның ролі
Пәндер