Сөйлеу туралы теориялар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Сөйлеу туралы теориялар
Орындаған: Каденова М. И
Группа: ПХ-415
Тексерген: Едигенова А. Ж.
Семей 2015 жыл
Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап. і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар - сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды». Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Сөйлеу - пікір алысу
процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі - тіл, тілдің көркі - сөз» деп тауып айтқан.
Сөйлеу әрекеті - үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А. А. Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:
1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау
2. оны жүзеге асыру
3. салыстыру мен бақылау
Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз - мидың жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Психолог Т. Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді - дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.
Ауызша сөйлеу
- кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т. б. атаулар. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер ар0ылы мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады. Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;
ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;
б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;
в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді. Сөйлеудің жеке бір түрі -
ішкі сөйлеу
. Бұл тілдік материалдар негізінде дауысталмай - ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін.
Ішкі сйөлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру - интериоризация деп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездеседі. Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.
Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі - оның өзінің сөйлеуінде тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы. Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деуі тегін емес. Шебер сөйлей білу де өнер. Оқушының сөйлеу қабілетінің дамуының шарты - баланың сөздік қорының мол болуы.
Сөйлеу тілінің дамуы -өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімделіп отырады. И. П. Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді жалпылай алу - адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
Сөйлеу тілінің толығырақ сипаттайтын оның істеген істері бола тұрса да, сөйлеген сөзінен адамның көптеген қасиеттерін байқауға болады. Сөйлеген сөзінен адам мінезінің (рақымдылық пен мейірмсіздік, биязылық пен тұрпайылық, батылдық пен ұяңдық) көптеген жақтары көрінуі мүмкін. Адамдармен қарым-қатынас жасауда күйгелектік жасау, не болмаса бөлу, тіпті сөйлеу қарқыны адам темпераменттінің ерекшеліктеріне байланысты келеді. Сөйтіп басқа да психикалық процестерімен қатар сөз де адамдардың жеке басының көптеген қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады. Сөз, сөз сараптау, тілдік қатынас, екеуара сөйлесу, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау, сабақ барысында белгілі бір ситуацияға әңгіме құру арқылы оқушылардың сөйлеу тілі дамытылады. Сөз - тілдің негізі. Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады. Оның алғашқы ұстазы ата - анасы, тетелес ағалары мен әпкелері. Олармен күнбе - күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді. Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады. Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым - қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады. Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым - қатынас жасауы үшін, оның сыпайы түрде жүзеге асуы үшін, сондай - ақ көңіл - күйге жағымды әсер етуі үшін жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени - көпшілік орындарда және т. б. жерлерде бүлдіршіндердің өзге адамдармен өзара қарым - қатынас жасауы алуан қырлы, сан түрлі болып келеді. Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес. Әйтсе де мұндай сан алуан қарым - қатынастың типтік түрлері болады. Оларды, негізінен, мынадай басты - басты топтарға бөлуге болады:сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризалық білдіру, өтішіш жасау т. б. Бұл тізбек, әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың болуы мүмкін
Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz