Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы



Мазмұны

Жоспар бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І. Өнімді өткізуден түскен табыстардың теориялық негіздері.
1.1.Табыстылықтың теориялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2.«АВК Капланбек» ЖШС.нің жалпы экономикалық сипаттамасы
және экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. «АВК Капланбек» ЖШС.нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру... 14

ІІ. Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы
2.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... . 21
2.3 Маржиналды табысты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... 49

ІІІ. Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары
3.1 Аудиттің маңыздылығы мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
3.2 Негізгі қызмет табыстарының аудиті және аудитті жүргізудегі
процедуралардың жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 76

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84
Кіріспе
Қазіргі нарықтық жағдайда ұйымдарда табыстылық маңызды орын алады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық қаржылық есептілік стандартқа көше бастаған.
Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.
Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның қаржы жүйесі заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз күрделі экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін емес.
Диплом жұмысының мақсаты «Өнімді өткізуден түскен табыстың талдауы және аудиті» туралы алдағы кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.
Диплом жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауларына сай толық ашылады.
1-бөлім Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы
2- бөлім Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстылығын талдау
3-бөлім Өнімді өткізуден түскен табыстарының аудиті мен жетілдіру жолдары
Осы бөлімдер бөлімшелерден тұрады. Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылады. Бұл дипломдық жұмыста статистикалық экономика-математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде табыстылықтың теориялық аспектілері қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік бағыттары және жұмыстары қолданылады. Сонымен қатар, қарастырып отырған мекеменің жалпы экономикалық сипаттамасы, көрсеткіштері қолданылады және бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылу жолдары қарастырылады.
Екінші бөлімінде Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстылығын
талдау сонымен қатар табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау және маржиналды табысты талдау жолдары толығымен ашылады.
Үшінші бөлімінде Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары жазылады. Қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан қаржы нәтижесі орныдалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау жасалған.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты.
Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы
2. Аудиторлық қызмет туралы заң Алматы,2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-№ ІІІ
3. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 2006ж
4. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Алматы, 1996-2003ж.
5. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру» Т.1. Алматы,2001 ж.
6. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.Алматы:«Бико»,2004ж.
7. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы: Экономика,2003 ж.
8. Абрютина М.С «Финансовый анализ коммерческой деятельности» Финансовый менеджмент Москва «фин пресс» 2002г.
9. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-Алматы: АЙАН, 2001ж.
10. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә. Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит». Алматы, 2006 ж.
11. Байдаулетов М. «Аудит». Алматы,2004 ж.
12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет Алматы 2005ж.
13. Бочаров В.В. «Финансовый анализ» Питер 2002г.
16.Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. «Анализ финансовой устойчивости предприятия»// Библиотека бухгалтера и предпринимателя -2004-№ е 21
18.Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К., Дюсембаева З.К. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы : «Қаржы-қаражат», 1998 ж.
19. Жумагалиева Ж.Ғ., Жаппарханова М.С. «Басқару есебі» Алматы 2006ж
20.Ержанов М.С. «Теория и практика аудита». Алматы,2000 ж.
21. Ефимова О.В. «Финансовый анализ» Москва 2002г.
22. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы экономика 2006ж.
23. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп» Алматы экономика 2001ж.
24. Қожамқұлов Т. «Еңбектi ұйымдастыру мен басқару тәсiлдерi». Алматы, Мектеп,2002
25. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. « Кәсiпорындардың бухгалтерлiк есебi». Алматы, Рауан, 1992.
26. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы: Экономка 2006ж
27. Назарова В.О.«Бухгалтерлік есеп принциптері»Алматы:Экономика 2005ж
28. Сатмұрзаев А.А., Укашев Б.Е. «Аудит теориясы», Алматы,1999 ж.
29. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета»-Алматы: Экономика, 2003г.
31.Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие». Алматы: Экономика,2000ж.
32.Тасмағанбетов Т.А. т.б. «Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк есеп». Алматы, Экономика, 2002.
33. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы 1998г.
34. Энтони Р.Дж.Рис. «Учет ситуаций и примеры»- М.:Финансы и статистика, 2003г.
35.Чумаченко Н.Г. «Совершенствовать экономический анализ.» //Бухгалтерский учет -1997-№11.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Жоспар
бет

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Өнімді өткізуден түскен табыстардың теориялық негіздері.
1.1.Табыстылықтың теориялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2.АВК Капланбек ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы
және экономикалық көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. АВК Капланбек ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру... 14

ІІ. Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстарының талдауы
2.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың

міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... . 21
2.3 Маржиналды табысты
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
2.4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ...
49

ІІІ. Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру жолдары
3.1 Аудиттің маңыздылығы мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
3.2 Негізгі қызмет табыстарының аудиті және аудитті жүргізудегі
процедуралардың жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 76

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 82

Пайдалынылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
84

Кіріспе
Қазіргі нарықтық жағдайда ұйымдарда табыстылық маңызды орын алады.
Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық
қаржылық есептілік стандартқа көше бастаған.
Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері
ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін
қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық
болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту
заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.
Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның қаржы жүйесі
заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз күрделі
экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін емес.
Диплом жұмысының мақсаты Өнімді өткізуден түскен табыстың талдауы
және аудиті туралы алдағы кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.
Диплом жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауларына сай толық ашылады.

1-бөлім Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы
2- бөлім Кәсіпорынның негізгі қызмет табыстылығын талдау
3-бөлім Өнімді өткізуден түскен табыстарының аудиті мен жетілдіру
жолдары
Осы бөлімдер бөлімшелерден тұрады. Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан
Республикасының Үкіметінің қаулылары және заң актілері білімді
экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылады.
Бұл дипломдық жұмыста статистикалық экономика-математикалық және жеке
ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беру
мәліметтеріне талдау жасалған.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде табыстылықтың теориялық аспектілері
қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік
бағыттары және жұмыстары қолданылады. Сонымен қатар, қарастырып отырған
мекеменің жалпы экономикалық сипаттамасы, көрсеткіштері қолданылады және
бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылу жолдары қарастырылады.
Екінші бөлімінде Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстылығын
талдау сонымен қатар табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау және
маржиналды табысты талдау жолдары толығымен ашылады.
Үшінші бөлімінде Өнімді өткізуден түскен табыстардың аудиті мен
жетілдіру жолдары жазылады. Қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан
қаржы нәтижесі орныдалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және
өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау
жасалған.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді
оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты.
Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның
кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін
жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен
қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге
асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа
да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың
қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды
ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді.

1-Бөлім. Өнімді өткізуден түскен табыстардың теориялық негіздері
1.1. Табыстылықтың теориялық сипаттамасы
Шаруашылық субъектісінің табыстары- деп Қазақстан Республикасы
бухгалтерлік есебінің №5 Табыс - деп аталатын стандартына сәйкес есепті
кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің
келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі)
негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа)
яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
- дивиденттер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және
тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп
түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда
жатқызылмайды:
- алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
- алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.
Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің)
нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған
шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына
байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыстар;
- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен
(жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын
құрайды.Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе
алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады.Өткізу құны шаруашылық
субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы
келісім-шарт бойынша анықталады.
Шаруашылық субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған
кезде танылады:
- табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
- субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған
жағдайда;
- субъекті сатып алынған меншік құқығын берген жағдайда;
- мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар
дұрыс бағаланған жағдайда.
Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары – деп
кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан,
көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан
табыстары саналады.Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының
есебі 70-(6010) Негізгі қызметтен түскен табыс - деп аталатын жұмыс
жоспарының бөлімше шоттарында жүргізіледі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары –
деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды
(қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан табыстарын
айтады.Шаруашылық субъектісінің бұндай қызметтерді атқаруы,жұмыстарды
орындауы барысында алған табыстары 72-(6210)Негізгі емес қызметінен түскен
табыс - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.
Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты
табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші- бұл табыспен
пайданың жиынтығы. Шет елдерде "табыс" ұғымы келесі мағынада анықталады:
Табыс-бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің
ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан
капиталдың өсуі.
Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты
көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:
- Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс;
- Жалпы табыс;
- Қаржыландырудан түскен кірістер;
- өзге кірістер;
- негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
- салық салынғанға дейінгі табыс;
- салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
- төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
- кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза
табыс.
Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының
өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны
экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы
тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер
дұрыс.
Қазіргі нарықтық заманға сай табыстың маңызы өте зор. Табыс: не
өндіреміз, кімге және қалай өндіреміз деген үш түбірлі бір бірімен тығыз
байланысты мәселелерді шешуді анықтайды.
Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі
көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып
табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына,
өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр кәсіпорын ағымдағы және
қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша
жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие
бойынша қамтамасыз етеді.
Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек
өнімділігін жоғарылауын және өзіндік құнынның төмендеуін ескеру қажет.
Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми
негізделген болуы керек. Табысты бөлу механизмі белсенді орныды алуы тиіс
және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор
қызметін атқарады.
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық жүйесінде ғана
(амортизациялық аударымдар жарнасы, қаржылық жазалау шаралары, салық салу
акциздер, жол ақысы, дивиденттер, өсім ақы, салымдар, пай жарнасы, қаржы
салымдары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздардың құндылығы, тағы
басқа).
Нақты табыс көлемі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің (кіріс және
шығыс туралы есеп беру) тиімділігі емес, экономикалық тиімділік
көрсеткішіне жатады.
Бес жүз мың теңгелік табыс қызмет масштабының және кәсіпорынның салған
қаржы мөлшерінің табысы болуы мүмкін. Осыған орай салыстырмалы сомасы
бірдей болмайды. Сол себептен, алынатын табысты нақты бағалау үшін
салыстырмалы табыс көрсеткішін қолданады, оған әр түрлі пайдалылық
көрсеткіштер қатысты. Табыс деңгейін және кісіпорын қызметінің тиімділігін
сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткіштерінің дамуына шаруашылық
субъектісі сияқты мемлекетте көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты
және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.
Тауарларды сатудан түскен пайда, талдау жасалатын ұйымдар есеп беру
мерзіміндегі пайданың бастапқы мерзімі мен немесе басқа шаруашылық ұйымдар
сол мерзіміндегі өзгерістерін салыстыру арқылы жеке факторлардың қызметін
анықтау осы талдаудың маңызы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы нәтижелері сипаттамасы пайда жиынтығының
көрсеткіштерімен шектеліп қана қоюға болмайды, себебі нақты пайда көлемін
– қандай шаруашылықта, қай салада қорлар тиімді қолданылатындығын түсіну
қиынға соғады. Пайда көлемінің өсуі, ақшаның құнсыздануына әкеліп соғатын
өнімнің өзіндік құнының өсуі себебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең
сенімді өндірістік тиімділік көрсеткіші – пайдалылылық рентабельділік
болып табылады, ол, баланстық пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік
құнына қатынасын білдіреді.
Пайда көрсеткіштері:
1. баланстық пайда ол қаржылық нәтижелерде, жұмыс пен қызмет, басқада
өткізулер, өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар мен шығындардан
тұрады.
Жұмыс, қызметтің қаржы нәтижелері:
- өнімді сатудын көлемі, дайын өнімнің ауыспалы қалдықтарынан,
дайын өнімді шығару, төленбей тиелген өнімнің өзгерістерінен
тұрады;
- тауар өнімдерінің құрылымы;
- тауар өнімінің сапасымен, өнімдерді өткізу нарығы, сату нарығы
мен құнсыздану процесіндегі бағаның өзгеруінен құралатын сату
бағасы;
- өнімнің өзіндік құны;
Басқа өткізуден түскен пайда үш факторға бөлінеді:
- Қорларды сатудан пайда;
- Қосалқы шаруашылық өнімін сатудан түскен пайда;
- Негізгі қорларды және материалдық емес активтерді өткізуден
пайда.
Өткізуден тыс қаржы нәтижелері біріккен кәсіпорындарда, үлестік
қатыстар пайдасынан құралады:
- негізгі құралдарды және жерді жалға беруден пайда;
- алынған және төленетін өсім айыбы мен жазалар;
- дебиторлық берешектерді есептен шығарғандағы шығындар;
- табиғи апаттан шығындар;
- акция, облигация, депозиттерден табыстар;
- валюталық операциялар бойынша табыстар мен шығындар.
Салық салынатын пайда баланстық пайда мен мүлікке салынатын салық
сомасы пайда. Табыс салығы ұсталатын (құнды қағаз және бірлескен
кәсіпорынның үштік қатысы бойынша) пайдалар, тек пайдалылық дәрежесінен
жоғары алынған, бюджетке толық шығын, есептегенде пайдаға салынатын салыққа
жеңілдікті есептеуде қаралатын.
Таза пайда- бұл барлық салықтардан, экономикалық жазалау шараларынан
және қайырымдылық қорларына аударымдардан кейін кәсіпорын басшылығында
қалатын пайда.
Талдау процесінде таза табыс көлемінің өзгеру динамикасы, пайдалылық
(рентабельділік) деңгейі және оған әсер ететін факторлар зерттеледі. Таза
табысқа әсер ететін негізгі факторлар болып, өнімді өткізуден түсім көлемі,
өзіндік құнының деңгейі, пайдалылық деңгейі, өткізуден тыс операциялар
табысы, олар бойынша шығындар табыс салығы мен басқа да салықтар көлемі
жиынтық табыстан төленетін кәсіпорын табыстылығын талдау өткен кезеңмен
жоспарды салыстырумен жүргізіледі.
Пайда және кірістің молдығы өндірістің маңызды тиімділік көрсеткіші
болып табылады. Пайда- бұл, біріншіден, кәсіпорын қорының негізгі көзі,
екіншіден мемлекеттік және жергілікті бюджет табыстарының көзі
Табыс деңгейі мен кәсіпорын рентабельділігі өндірісті қарқындардыру
және маркетингтік қызметтің көрсеткіштері болады. Табыстылықты тереңірек
талдау үшін әсер етуші факторларды мақсатқа сай топтастыру керек.
Сыртқы факторлар тобына:
- табиғи жағдайлар көліктік және басқа да факторлар, яғни, бір
кәсіпорында қосымша шығындар шығаратын, екіншіден қосымша пайда
әкелетін;
- өзгерістер, кәсіпорын жоспарында қаралмаған өнімнің көтерме
бағасы, қолданылатын шикізат, материал, жанармай, жартылай
фабрикаттар, қызметтер мен тасымалдарға белгіленген бағалар,
сауда жеңілдігі, амортизациялық аударым жарнасының мөлшері,
еңбек ақы мөлшері және оған қосымша төлем;
- тағы басқа жинақтардың мөлшері кәсіпорын төлейтін салық;
- кәсіпорынға әсер ететін шаруашылық сұрақтары бойынша
жабдықтаушылармен, жабдықтау- өткізу, жоғарғы шаруашылық,
қаржылық, банктік және басқа мемлекеттік тәртіп органдар мен
бұзушылық.
Ішкі факторлар:
- негізгі факторлар:
а) еңбек нәтижелерін анықтайтын және мемлекеттік тәртіпті бұзумен
байланысты факторлар.
Кәсіпорынның әр түрлі өндірістік, тұрмыстық және қаржылық қызметтері
соңғы ақшалай бағасын қаржы нәтижелер көрсеткіші жүйесінде алады. Оған
кіретіндер өнімді өткізуден табыс (зиян); басқа да өткізулерден (жұмыс,
қызмет) пайда (зиян); өткізуден тыс операциялардан табыс, шығын; баланстық
пайда салық салынатын табыс, таза табыс және тағы басқалары.
Қаржы нәтижелері көрсеткіші кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін
сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржыны қайтарым даңгейі кәсіпорынға
салынған активтердің табыстылығы анықталады.
Табыс көрсеткіштерін есептеудің бастапқы кезеңі, өнімді өткізу айналымы
болып табылады. Өнімді сатудан түскен қаржы кәсіпорынның өндірістік ісінің
аяқталғанын авансталған қаржының қайтарылуын сипаттайды. Сату көлеміндегі
өзгеріс қаржы нәтижелеріне маңызды әсер тигізеді.

2. АВК Капланбек ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы
Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін
мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994
жылдан бастап завод жекешелендіріліп Капланбек Агровинкомбинат
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.
Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына
жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-
өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.
- Заводтың болашақ жоспарында жүзімдіктерді көбейтіп, ескірген
жүзімдіктерді жаңартып және жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы
шараптың жаңа түрлерін шығару қаралған.
- Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті
тұрғындармен жеке жүзім өндірушілермен келісім-шарт арқылы жүзім
шикізатын көбейтеді.
- Капланбек АВК ЖШС-нің шығарған өнімдерін Қазақстанның қалалары
аудандары және алыс жақын шет елдерге жіберіледі.
- Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме сауда арқылы және
дүкендер арқылы жүргізіледі.
Өндірістік өнім өндіру көлемі шамамен жылына 6,7 млн теңгеге
жетеді.заводтың негізгі бәсекелестері болып:
1) Бахус Ашық Акционерлік Қоғамы;
2) Конысбаев - шарап заводы және Абай аудандағы Назико
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;
3) Өзбекстандағы шарап заводтары есептеледі.
Капланбек АВК ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірден-бір ірі
шығаратын кәсіпорын болып есептеледі.
Заводтың барлық инфраструктура мен жарақталған шарап өнімдерін шығару
үшін технологиясы барлық стандартқа сай құрылған.
Өндірістің негізіне жүзімді өңдеу арқылы маркалы шараптың 8 түрі
өндіріледі.
Олар: Херес, Капланбек, Мускат, Ақ-бұлақ, Ислам, Жоламан,
Ерке-Тумаш, Қызыл-Таң және де орденді шараптың үш түрі бар,олар:
Ахдам, Талас, Рубин.Бұл шараптар 12 халықаралық сайыстардың жеңімпазы
аталған.1995 жылы завод бөлім-бөлімімен қайта жаңартудан өтіп бірнеше
ғимараттар мен үлкен жертөле салынды.Заводтың шарап шығару қуаты жылына
20000 долл.1997 жылы шарап өндіру цехы тоқтаусыз және көпжақты ашыту
бойынша қайта жарақталып,1200 гкалсағ мұздатқышы, 4-16 тсағ қазандығы
қойылды.
Заводта:
- сөткесіне 850 тонна жүзімді өңдейтін 8 желі бар;
- сөткесіне 75 тонна жеміс өңдейтін 2 желі бар;
- сағатына 1500 шөлмек құятын 2 желі бар;
- сағатына 5000 шөлмек құятын 1 желі бар;
- сөткесіне 500 долл беретін спирт колоннасы құрастырылып жатыр;
- сөткесіне 280 дол беретін коньяк колоннасы жұмыс істеп тұр.
Басқарма ғимараты 2 қабаттан тұрады.Осы ғимаратта керекті құралдармен
жабдықталған зертхана орналасқан.Зертханада шараптардың және шарап
өнімдерінің сомасына талдау жүргізіледі.
Есеп шоты – 009467183 Халық Банкі
Шымкент қаласы МФО – 195801604
СТН – 581200001712
Қаржылық шаруашылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштер
Кесте-1

Көрсеткіштер Өлшем 2005 г 2006г 2007г
бірлігі
1.Өндіріс көлемі Мың долл 228,94 114,56 19201,5
2.Өндіріс көлемі Мың долл 91396,0 93406,2 97506,8
3.Өндіру көлемі Мың долл 16,69 67,83 35,95
4.Сатудан түскен пайда Мың теңге 12633,7 25131,6 24397,5
5.Өндірілген өнімнің өзіндік Мың теңге 48028,3 126,25 5208,2
құны
6.Сатудан түскен өнімнің Мың теңге 11747,7 19252,5 19728,3
өзіндік құны
7.Сатудан түскен өнімнің Мың теңге
қаржылық нәтижесі +886,0 +15145,0 +5403,3
8.Амортизациялық шегерім Мың теңге 2136,8 2620,7 3494,3
9.Салықтар же басқа да Мың теңге 125,2 13953,2 2615,0
шығындар
10.Қаржылық нәтиженің барлығыМың теңге
(+,-) -1250,8 -1428,9 -706,0

Кесте-2
Есеп беру жылына жоспарланған баланстық табыстың орындалуын және өсу
құрамын талдау
Баланстық табыстың Өткен жылЕсеп беру жылы
құрылымы (мың,тг)
Жоспар Нақты
Баланстық пайда 939200 15458,97 164094
Өнімді өткізуден түскен 12633,7 15458,97 19252,5
табыс
Мерзімі өткізілген өнімнен12633,7 15458,97 17983,6
түскен табыс
Жалпы өткізілген 1250,8 15458,97
өнімдердің нәтижесі

1.3. АВК Капланбек ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылу жолдары
Қоғамның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу келесідей
нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Қазақстан Республикасы
Президентінің 26.12.1995 ж № 2732 Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар
жарлығы және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18 қыркүйек
2002, №438 бұйрығы бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары ( ҚР Қаржы
Министрлігінің 21.10.2003 ж №372 бұйрығымен енгізілген зерттеулер) және
есеп қолданудағы әдістемелік ұсынылымдар. Оны құру базалары болып Қазақстан
Республикасының Ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есеп туралы 1996 ж13-15
қарашадағы №3 бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) және оған әдістемелік
ұсынылымдар, сонымен қоса ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудегі басқада
нормативті – құқықтық құжаттар болып табылады. Берілген есеп саясатымен
есепті ұйымдастырудың негізгі тәртіптері және ішкі бақылау және сыртқы
аудит талаптары анықталады.
Құрылу негізіне келесідей принциптер енгізілген есептеу, үздіксіз
қызмет, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, бейтараптылық,
сақтық, аяқтылық, сәйкестік, жүйелілік, шын және айқын болуы.
Салық есептемесі және төлемдері ҚР Салық және бюджетке міндетті
басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының 2001 ж 12 маусым №210 -2
өзгертулермен толықтырылуларына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепте есептеу әдісі қолданылады. Есеп саясатын құру
және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жауапкершілігі қоғам президентіне
жүктеледі.
Қоғамның бухгалтерлік балансы БЕС №2 Бухгалтерлік баланс және
қаржылық есептіліктегі негізгі алынымдар талаптарына сәйкес.
Қазіргі уақытта Қоғамда ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ.
Қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есептілік БЕС №3 сәйкес.
Есепті кезеңде танылған барлық табыстар мен шығындар есепті кезеңде таза
табыс пен зиянды анықтауда қосылады.
Қоғамның есепті кезеңі болып күнтізбелік жыл есептеледі,. Алдыңғы
кезеңдегі қаржы есептілігін құру кезінде жіберілген қателер сомасын
дұрыстау есепті кезеңнің табыс және зияны (шығынға) енгізіледі. Алдынғы
кезеңдегі мәнді қателер сомасын дұрыстау, есептілікте бөлінбеген табыстың
бастапқы сальдосын өзгерту арқылы жүргізеді.
БЕС №3 Қаржы шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп калькуляциялау
үшін, және сонымен қатар жоспарлау, экономикалық талдау және бақылау үшін
қажет. Бұл есептілік қоғамның ішкі пайдаланушылары үшін бағытталған,
сондықтан ол сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және қоғамның коммерциялық
құпиясы болып табылады. Табыспен сәйкестендіру мақсатында, оған қоса АВК
Капланбек ЖШС құрудағы мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, шығындар
бөлімі шартты түрде негізгі және негізгі емес қызметіне бағытталған
шығындар болып бөлінеді.
Кәсіпорынның кассасы жұмысшы қызметкерлерге есептелген еңбек ақы
бойынша есеп айрысу үшін, күнделікті көлік құралдарына шығындарды (жанар –
жағар майға ) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларды сатып алу үшін, сатылған
өнім үшін түсетін табысты қабылдау үшін, сондай ақ ұйымның хат және басқада
құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айрысуға арналған. Касса арнайы
жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған,
және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналасқан.
Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерлерінің мөрі сүргіш арқылы
басылып жабылатын сейфте сақталады. Касса қызметкері әрбіржұмыс күнінің
соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың
түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.
АВК Капланбек ЖШС жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп мына
құжаттардан тұрады:
1. Бухгалтерлік баланстан
2. Қаржы – шаруашылық нәтижелері туралы есептен;
3. Меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
4. Ақшалардың қозғалысы туралы есептен;
5. Түсініктемелік жазбадан.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба
кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдық
мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік
қортынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды
ақпараттардан турады. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның
келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер
көрсетіледі.Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі 1 қаңтардан 31
желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.

ІІ-бөлім. Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен табыстылығын талдау
2.1 Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттері.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
экономикалық пайдалылығы табыс табумен аяқталады.
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен
сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе
пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы
келесідей түрде анықталады:
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы Бухгалтерлік
есеп туралы заң күші бар ҚР Президентінің №2732 Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: Табыстар – бұл есептік кезеңдегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы.Белгілі бір шығындар
шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.Өз кезегінде, табыс
алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс;
салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше
жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі
болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына
жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.
Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың
абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға
мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директифті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек?Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады.
Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және
кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.Бұл әр
кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы
көздерінен жабатындығын білдіреді.
Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл
ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқы мерзімді ссудаларымен және
коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ
мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын
сипаттайды.Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен
осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады.
ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.Біздің
ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады.
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктерінің өндірістік және әлеуметтік даму
көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты
шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді.
Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы
көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің
тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті
тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі
шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қажетті
шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің
үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор
болуы тиіс;
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу,
акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы
қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу
нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.)
ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігін емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады.500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы
мүмкін.Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде
бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі.
Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы
көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
• табыстың өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу

2.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі
және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті
талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді ( жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады.
Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн
салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ
қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып
тасталып көрсетіледі.
Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша
негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден
түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде – азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен
және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы
тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ
өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы
тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да
кездеседі.
Кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру
жөнінде мәліметтер келтірілген.

Кесте-3
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы бойынша мың
тг.
1 Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл 17983,6
басындағы нақты қалдығы
2 Тауарлы өнім шығару 29000
3 Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы15458,97
4 Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 31524,63
қатар + 2 қатар – 3 қатар)
5 Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын15458,97
табыс
6 Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар) 16065,66

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 16065,66 мың
теңгеге төмендеткені көрінді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден
түсетін табыс 15458,97 мың теңгені емес, 16065,66 теңгеге көп, яғни
31524,63 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық
орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады.
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше
нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай – ақ
кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім
тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін
сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың
түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке
айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу
бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала
төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен
тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп
айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның
кемшіліктері де бар:
біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет
көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті
санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар
мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын – энергетика ресурстарында бағаның өсуімен
өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті
айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі
нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың
өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік
құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина
жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және
т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен
анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап
етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның
өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын
немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары
мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін
инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты
өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының
айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция
айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен
отын – энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады.
Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем
жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем
жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес,
сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы
кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның
өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың
өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және
тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді
болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы –
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі
талдау кестесін құруға болады (4 - кесте).

Кесте-4
2006 жылғы “АВК Капланбек” ЖШС-нің жалпы табысы (мың теңге)

Көрсеткіштер Жоспар бойынша Нақты өткізілгенНақты
өнімге жоспар
бойынша
1 Өнімді (жұмыс, қызмет)12633,7 25131,6 24397,5
өткізуден түсетін
табыс
2 Өткізілген өнімнің 11747,7 19252,5 19728,3
өндірістік өзіндік
құны
3 Жалпы табыс (1 қатар –886 5879,1 46692
2 қатар)

Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 45806 мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың
есебі келесі түрде жүргізіледі.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген
өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің
жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы
табылады:
П=- .
Q - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
S - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
S - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған
жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы
өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау
барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда
төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 4758 мың
теңгеге төмендетті (19728,3 – 19252,5).
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға
өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
П= - .
Мұндағы: P және p - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және
жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен
нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 734,1 мың теңгеге
(25131,6 – 24397,5) өсті.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау
үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін
анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді
болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу
пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып – зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және
оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа
тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін
көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады:
қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша.Өткізілген
өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай
бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі.
Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін
табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай – ақ
құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділігіне
де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан
кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік
өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі
есеп арқылы анықталады:
1. N =

Мұндағы: N - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі
жоспарының орындалу деңгейі;
S, S - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы
өндірістік өзіндік құны.
2. П= .
П - тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;
П - жоспарлы жалпы табыс.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 16,79
% - ға асыра орындады (19728,3:11747,7*100)-100, нәтижесінде жоспарланған
жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (886*16,79:100) – 886.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) “өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша” есептелінген,
алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың
орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен
салыстыру арқылы;
2) “өткізу көлемінің өзгеруі” факторының әсер ету сомасын “өткізілген
өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша” есептелінген және алынуға
тиісті табыстың көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы
(қалдық тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету
көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды.
“Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша” есептелінген, алынуға
тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын
болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін
әсерін анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
1) 5879,1 – 8860,1 = -2981
2) – 2981 + (- 150) = - 3131.
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс
3131 мың теңгеге кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар
бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша
жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған
табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер
келесідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кондитер кәсіпорынында табысты болуды және қалыптасуды талдау
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау туралы
Қаржылық талдау
Ақша қаражаттар есебі жайлы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық мазмұны мен мәні
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
Қаржылық қатынас
Пәндер