Ватикан дипломатиясының қалыптасуы, дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Ватикан дипломатиясының қалыптасуы, дамуы
1.1. XV.XVIII ғ.ғ. Ватикан дипломатиясының сипаты ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2. Рим папаларының дипломатиялық дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
2. Қазіргі кезеңдегі Ватикан дипломатиясының ерекшеліктері
2.1. Ватиканның дипломатиялық өкілдіктердің ерекшеліктері ... ... .. 8
2.2. Ватиканның дипломаттарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... 8
3. Ватиканның қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
3.1. Ватиканның басқа мемлекеттермен байланысы ... ... ... ... ... ... ... .. 16
3.2. Ватиканның шетелдік өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Тақырыптың өзектілігі: Римдік Католикалық шіркеу – дүниежүзіндегі дін қоғамдастықтарының ішіндегі басқа мемлекеттерде және халықаралық ұйымдарда қолдау тапқан, бір-ақ халықаралық құқықтық ұйымның, ешбір басқа конфессияның немесе дін ұйымының ондай статусы болған жоқ. Кәсіптік дипломатиялық қызметі бар діни жүйесі – Католикалык шіркеудің «Орталық Үкіметі» – Ватикан болып табылады. Ол халықаралық келісімшарттарға қол қоюға, активті және пассивті дипломатиялық құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Римдік Католиктік шіркеу апостолдық нунцинатуралар және делегациялар арқылы бүкіл дүниежүзімен қарым-қатынаста болады. Ватикан дипломатиясының қалыптасуын, дамуын, қазіргі кездегі ерекшеліктерін және сыртқы саяси қызметін көрсету – зерттеу жұмысының өзегі болып табылады.
Көптеген католикалық мемлекеттерде шіркеу - үкіметті басқаратын кадрларды дайындайтын маңызды көзі болып келеді. Ортағасырлардың ерте кезеңінде папалық дипломатияның жүйесі Еуропадан тыс жерлерге жайылуға тырысты. Крестоносшілер жаулап алған христиандық емес ұлттарға (татарлар, парсылар және Қытайдың өзінде) папа дипломатиясы өз өкілеттіліктерін орнатуға ұмтылатын. Бірақ папа дипломатиясының негізгі зейіні Еуропа мемлекеттерінде болды. Уақыттың талабына сай папа егемендік мемлекеттердің билеушілерімен қарым-қатынастарды тең хұқылы негізде салуға тырысады. Бұл папалық дипломатияның жүйесін зайырлы жүйеге келтіруге талап етті. Дипломатияның тәжірибесінде алғашқы рет болған Еуропаның ірі мемлекеттері папалық нунцийді арнайы дипломатиялық өкіл ретінде, яғни елші ретінде құқықтық түрде бекітті. Бұл Ватиканның Халықаралық аренадағы орнын анықтап берді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ватикан дипломатиясының орта ғасырлардан бастап қазіргі күнге дейінгі дамуын, Рим папаларының дипломатиялық дәстүрлерін, дүниежүзінде Ватиканның дипломатиялық өкілдіктері және олардың жұмысының басқалардан ерекшеліктерін, мемлекеттермен байланысу жолдарымен таныстыру курстық жұмыстың мақсаты болып отыр.

Зерттеудің міндеттері: Ватикан дипломатиясын талдау, яғни дүниежүзі аренадағы беделін және өкіметті күшейту жолдарын зерттеу мақсатымен дипломатиялық әрекеттер жиынтығын білу; Ватиканның құрамын зерттеу; Қазіргі кезең қоғамындағы және бүкіл дүниежүзіндегі Ватиканның рөлін зерттеу; Қазіргі кезең мәселелеріне Ватиканның ықпалы.
1. Зонова Т.В. Дипломатия в условиях европейской интеграции и регинализации. Мир и Россия на пороге ХХІ в. М.,2001.-с.328
2. Зонова Т.В. Дипломатическая служба Святого престола/ //Дипломатия иностранных государств. М., : РОССПЭН, 2004. -с.309
3. Карлов Ю.Е. Дипломатия Москвы и Второй Ватиканский собор. Взгляд из Москвы. М., 1997.-с.196
4. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/policy/cooperation/europe_america/30
5. Интернет портал МГИМО

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. Ватикан дипломатиясының қалыптасуы, дамуы
1.1. XV-XVIII ғ.ғ. Ватикан дипломатиясының 5
сипаты ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Рим папаларының дипломатиялық 6
дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Қазіргі кезеңдегі Ватикан дипломатиясының ерекшеліктері
2.1. Ватиканның дипломатиялық өкілдіктердің 8
ерекшеліктері ... ... ..
2.2. Ватиканның дипломаттарына қойылатын 8
талаптар ... ... ... ... ... ...
3. Ватиканның қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3.1. Ватиканның басқа мемлекеттермен 16
байланысы ... ... ... ... ... ... . ... .
3.2. Ватиканның шетелдік 19
өкілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Әдебиеттер 27
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Римдік Католикалық шіркеу – дүниежүзіндегі дін
қоғамдастықтарының ішіндегі басқа мемлекеттерде және халықаралық ұйымдарда
қолдау тапқан, бір-ақ халықаралық құқықтық ұйымның, ешбір басқа
конфессияның немесе дін ұйымының ондай статусы болған жоқ. Кәсіптік
дипломатиялық қызметі бар діни жүйесі – Католикалык шіркеудің Орталық
Үкіметі – Ватикан болып табылады. Ол халықаралық келісімшарттарға қол
қоюға, активті және пассивті дипломатиялық құқықтарды жүзеге асыруға
құқылы. Римдік Католиктік шіркеу апостолдық нунцинатуралар және
делегациялар арқылы бүкіл дүниежүзімен қарым-қатынаста болады. Ватикан
дипломатиясының қалыптасуын, дамуын, қазіргі кездегі ерекшеліктерін және
сыртқы саяси қызметін көрсету – зерттеу жұмысының өзегі болып табылады.
Көптеген католикалық мемлекеттерде шіркеу - үкіметті басқаратын
кадрларды дайындайтын маңызды көзі болып келеді. Ортағасырлардың ерте
кезеңінде папалық дипломатияның жүйесі Еуропадан тыс жерлерге жайылуға
тырысты. Крестоносшілер жаулап алған христиандық емес ұлттарға (татарлар,
парсылар және Қытайдың өзінде) папа дипломатиясы өз өкілеттіліктерін
орнатуға ұмтылатын. Бірақ папа дипломатиясының негізгі зейіні Еуропа
мемлекеттерінде болды. Уақыттың талабына сай папа егемендік мемлекеттердің
билеушілерімен қарым-қатынастарды тең хұқылы негізде салуға тырысады. Бұл
папалық дипломатияның жүйесін зайырлы жүйеге келтіруге талап етті.
Дипломатияның тәжірибесінде алғашқы рет болған Еуропаның ірі мемлекеттері
папалық нунцийді арнайы дипломатиялық өкіл ретінде, яғни елші ретінде
құқықтық түрде бекітті. Бұл Ватиканның Халықаралық аренадағы орнын анықтап
берді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ватикан дипломатиясының орта ғасырлардан
бастап қазіргі күнге дейінгі дамуын, Рим папаларының дипломатиялық
дәстүрлерін, дүниежүзінде Ватиканның дипломатиялық өкілдіктері және
олардың жұмысының басқалардан ерекшеліктерін, мемлекеттермен байланысу
жолдарымен таныстыру курстық жұмыстың мақсаты болып отыр.

Зерттеудің міндеттері: Ватикан дипломатиясын талдау, яғни дүниежүзі
аренадағы беделін және өкіметті күшейту жолдарын зерттеу мақсатымен
дипломатиялық әрекеттер жиынтығын білу; Ватиканның құрамын зерттеу; Қазіргі
кезең қоғамындағы және бүкіл дүниежүзіндегі Ватиканның рөлін зерттеу;
Қазіргі кезең мәселелеріне Ватиканның ықпалы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Курстық жұмыста Т.В. Зонованың
Дипломатия в условиях европейской интеграции и регинализации. Мир и Россия
на пороге ХХІ в. және Дипломатическая служба Святого престола атты
еңбектерінен мағлұмат алынған. Халықаралық байланыстарды зерттейтін
профессор Т.В.Зонова Еуропаның ең ескі дипломатиялық қызметі – Ватиканның
дипломатиялық қызметі туралы еңбегі біржарым ғасырдан астам эволюциясын
және қазіргі күннің өмірін көрсетеді. Еңбек дүниежүзінің саясатында дін
күштерінің рөлі неліктен азаймай, керісінше, жоғарылағанын көрсетеді.
Бүгінгі күннің Ватиканы – бұл халықаралық өмірдегі әртүрлі оқиғалардың
белсенді қатысушысы, халықаралық құқықтың танылған субъектісі. Оның қолы
мемлекеттер және халықтар арасындағы байланыстарды регламенттайтын көптеген
актілерде қойылған.
Т.В. Зонова Ватиканның дипломатиялық қызметін зерттей келе, оның
қалыптасуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайына тоқталып кеткен. Дінге
негізделген ерекше дипломатияның пайда болуы жалпы дипломатияға деген
көзқарасты өзгертеді. Мұны өз еңбектерінде көрсететін автор зерттеулері
Папаның дипломатиясының ерекшелігін көрсетеді.
Келесі деректер Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің
(http:portal.mfa.kzportalpagep ortalmfarucontentpolicycoopera tione
urope_america30) және Ресей мемлекетінің Сыртқы Істер Министрлігінің
Мәскеу мемлекеттік Халықаралық байланыстар институтының интернет
ресурстарынан алынған. Ақпаратқа толы бұл сайт көмегі едәуір көп.
Қолданылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында келтіріледі.

Зерттеудің методологиялық негізі: Курстық жұмысты жүргізуде кешендік
әдістер қолданды, яғни бір-бірін толықтыратын теориялық негіздердің
қолданылуын көздейтін факторлар келтіріледі.

Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады,және кіріспе мен
қорытындыдан тұрады. Бөлімдерде Ватикан дипломатиясының даму тарихы,
қазіргі кездегі ерекшеліктері және сыртқы саясатына шолу жасалған.

1. Ватикан дипломатиясының қалыптасуы, дамуы

1.1. XV-XVIII ғ.ғ. Ватикан дипломатиясының сипаты
Католикалық шіркеу - кәсіптік дипломатиялық қызметі бар діни жүйесі.
Папалық дипломатияның көпғасырлық тарихы бар. Ғалымдар үшін дипломатияны
және халықаралық саясатты зерттеуде бағалы зерттеу көзі. Көптеген
католикалық мемлекеттерде шіркеу - үкіметті басқаратын кадрларды
дайындайтын маңызды көзі болып келеді. Ватиканда Папаның билігі ең басынан
екілік сипатта жүзеге асады. Біріншісі, католикалық шіркеудің басшысы
ретінде, екіншісі, папалық мемлекеттің басшысы ретінде. Бір жағынан, папа
дипломаттарының алдында діни және шіркеу мақсаттары тұрса: евангелизация,
санды өсіру, шіркеу реформалары, шіркеулерді салу, догматикалық дау-
жанжалдарды шешу, екінші жағынан, зайырлы қызметті атқару: үкімет
басшыларының сыртқы саясатының мәселелерін шешу, қаражатты жинау, бақылау
және соттау қызметтерін атқару.[1,c.134]
Ортағасырлардың ерте кезеңінде папалық дипломатияның жүйесі
Еуропадан тыс жерлерге жайылуға тырысты. Крестоносшілер жаулап алған
христиандық емес ұлттарға (татарлар, парсылар және Қытайдың өзінде) папа
дипломатиясы өз өкілеттіліктерін орнатуға ұмтылатын. Бірақ папа
дипломатиясының негізгі зейіні Еуропа мемлекеттерінде болды.
Ортағасырлардың аяғында папа дипломатиясының унитарлық және
иерархиялық жүйелері дағдарысқа ұшырады. Қайта өркендеу кезеңінде егеменді
мемлекеттер қарым-қатынастарды дипломатиялық өкілеттіліктер орнату арқылы
реттеп, үкімет басшыларының тағдырын шешетін және халықаралық қатынастардың
дамуын бақылауға тырысты. Бұл жүйеде Ватикан жоғарғы басшының рөлін
жоғалтады.
Ортағасырларда болған жоғарғы арбитрдің рөлі делдалдың рөліне
ауысады. Уақыттың талабына сай папа егемендік мемлекеттердің билеушілерімен
қарым-қатынастарды тең хұқылы негізде салуға тырысады. Бұл папалық
дипломатияның жүйесін зайырлы жүйеге келтіруге талап етеді: папа өз
елшілерін тек зайырлы билеушілерге жібереді. Легаттар Қассиетті тақ пен
қабылдаушы мемлекет арасында тұрақты өкілдерге айналады.[2,c.126]
Қайта өркендеу кезеңінде папаның билігі - жаңа халықаралық
формалардың негізін қалаушысы, ал Рим - дипломатиялық белсенділіктің
орталығы болады. Папалық мемлекет Батыс еуропалық қоғамының негізін
қалаушысы деп айтсақ та болады. Осы мезетте Ватиканның активті және
пассивті дипломатиялық өкілеттілігі қарқынды дамиды.
Егеменді мемлекеттерді құру және католикалық билеушілердің Ватиканмен
қарым-қатынасты жаңадай орнату кезеңінде билеушілер ортағасырлық жүйеден
құтылып, және саясат сұрақтарын пападан тәуелсіз шешуге тырысты. Бірақ олай
болғанымен, Ватикан дипломатия жолдары арқылы ағымдағы саяси оқиғаларға
қатысып отырды, ал ол өз кезегінде Еуропа билеушілердің дипломатиялық
миссиялары үшін пайдалы болатын.
Папалар зайырлы билеушілердің саяси тәуелсіздігімен келісуге
мәжбүр болатын. Мұндай жағдай папаның дипломатиялық қызметтің ары қарай
дамуына жол берді: католикалық билеушілердің абсолютизміне, протестанттық
реформаға және исламның келуіне. Оған қарсы папа тек дипломатияның
мәдениетін қоя алатын.[3,c.57]
Уақыттың талабына сай Ватиканның дипломатиясы өз икемділігін
көрсетті. Еуропалық мемлекеттердің ішкі істеріне тікелей араласу құпиялы
дипломатия әдістерімен айналысуға мәжбүр етті.
Вестфальдық бейбітшілік келісімшартында 1648ж. алғашқы рет
тұрақты дипломатиялық жүйенің шарттары келтірілді. Оның дамуына зор үлесті
папалық дипломатия қосты. Бұл уақытта папаның дипломатиялық құрамы басқа
мемлекеттердің құрамынан ерекшеленген жоқ.[2,c.128]
Бұл келісімшарт Еуропалық аренада зайырлы дипломатияның толық
билігіне алып келген жоқ. Бір-бірімен бәсекеге түсетін католикалық
билеушілер бұрынғыдай Римнің қолдауын табуға тырысты. Бірақ маңызды
шешімдерді қабылдау үшін папаның бұрынғы рөлі шектеулі болды. Қайта
өркендеу кезеңіндегі Еуропада монархтардың Римдік куриямен күресі,
соңғылардың егеменді мемелекеттердің ішкі істеріне араласуға, иезуиттердің
әсер етуімен сипатталады. Ондай сипатты юрисдикционализм деп атады. Яғни
зайырлы өкімет ұлттық католикалық шіркеу мен қасиетті тақ арасындағы қарым-
қатынасты бақылауға хұқылы. Кең мағынада юрисдикционализм бұл шіркеудің
мемлекет істеріне араласпауы.
Бұл негізде егемендіктің жаңа концепциялары қалыптасты. Олар
XVIII ғ. шіркеу мен мемлекет арасында қарым-қатынастарды түсінуге кілт
ретінде болатын. Екі өкілет түсінігі - зайырлы немесе рухани өз маңызын
жоғалтты. Жаңа зайырлы саяси теория - егеменділіктің бөлінбеу
концепциясынан пайда болды. [2,c.129]
Дипломатияның тәжірибесінде алғашқы рет болған Еуропаның ірі
мемлекеттері папалық нунцийді арнайы дипломатиялық өкіл ретінде, яғни елші
ретінде құқықтық түрде бекітті.
Біртіндеп зайырлы және рухани өкілет арасына қарым-қатынастардың
жаңа жүйесі қалыптасты. Мемлекет егемендік бөлінбейтін концепциясынан
аластап, ал атазаңдары папаның рухани егемендігін мақұлдады. Кейін бұл жүйе
бос шіркеу , бос мемелекетте деген атаққа ие болды.[4]

1.2. Рим папаларының дипломатиялық дәстүрі
Ватиканда, ең біріншіден, көңіл дипломатиялық хаттамаға бөлінеді. Оның
ішінде мемлекет басшыларын қабылдау хаттамасына. Мысалы, 1980 жылы
Ұлыбританияның патша әйелі Елизавета ІІ папаға аудиенциясы кезінде Папалық
үйдің префектісі, Ватикан қаласының бас викариі, көптеген прелаттар, тақтың
ассистенті, Ватикан қала-мемлекетінің істері жөніндегі папалық комиссияның
арнайы делегаты, мемлекет кеңесшісі, швейцариялық гвардияның басшысы,
папаның айналасы, қабылдау үйінің деканы, ардақты швейцарлық гвардия және
папалық оркестр қатысуға міндетті болды. Ватиканның кіреберісінде нөкерлер
пикеттері тізіліп, папаның ауласы алдында ардақты қарауылдар тұрды. Лифтің
кіреберісінде әрбір жақтан төрт нөкерден орналасты. Қонақтар өтетін
бөлмелерде де нөкерлер тізіліп тұрды. Кітапханаға жақындаған сайын (жоғарғы
лауазымды қонақтарды папа қабылдайтын орын) патша әйелдің қасындағы
дипломаттар және күзетшілер нормаға сай, белгілі бір интервалдар арасында
белгіленген жерде тоқтап отырды.[5]
Патша әйел қара костюмге, шіркеу адамдары шеттері қызыл түстен
өңделген қара сутанада, ал зайырлы адамдар мақтау белгілері бар костюмдерге
киінген.
Папа кітап шкафтары алдында орналасқан тақта, ал қонақтар
папаның алдында орындықтың үстінде отырды. Әрбір қонақ сәлемдесу сөзін
айтқанда орнынан тұрды.
Ватикандағы елшінің аккредитация хаттамасы зайырлыдан аз
ерекшеленеді. Римге келетін мемлекет өкілі Мемлекет хатшыға арнайы визитпен
келіп, сенім грамоталардың копияларын тапсырады. Одан басқа ол мемлекет
хатшысының орынбасарымен кездеседі . Папалық үйдің префектісі папаның жаңа
елшіні қабылдау мерзімін және уақытын орнатады.
Белгіленген уақытта елшіні Ватикан қақпасының алдына папаның
екі көмекшісі кездестіріп, оны Ватиканның Әулие Дамаз атты ішкі ауласына
кіргізеді, онда швейцарилық нөкерлер оған әскери құрмет береді. Елші және
оның жақындағы адамдар лифтпен Апостолдық ғимараттың екінші қабатына
көтеріліп, оларды ғиммараттың қызметшісі қарсы алады.[1,c.143]
Барлығы папаның апартаменттеріне, яғни тақтық бөлмеге жақындайды.
Тақтың жанында ең жоғарғы өкілдер тұрады - бас викарий, прелаттар және т.б.
Елші өзінің сәлемін оқып, сенім грамоталарын тапсырады, одан кейін
папаның қысқа жауабын тыңдап, папамен кітапханаға конфеденциалды әңгімені
жүргізу үшін кіреді. Әңгімені аяқтағаннан соң елші папаға өзінің қасындағы
адамдарын таныстырады. Аудиенция аяқталады, елші Клементиндік залында
префектімен қоштасып, мемлекеттік хатшымен қысқа әңгіме үшін кездеседі.
Егер елші католик болса, ол Сантиссимо Сакраменто капелласына Әулие
Петрдің базилигінде намаз оқып, одан кейін Әулие Петрдің моласына кіреді.
Егер елші католик болса, ол Әулие Дамаз ауласы арқылы шығаберіске
бағытталады.
Сол күні елші өз елшілігінде Ватиканның арнайы қонақтарын қарсы алып,
олар құрметті қонақтар кітабында өз жазуларын қалдырады. Елші жазбаша түрде
кардинал аудиенциясын сұрайды. Кардинал Қасиетті коллегияның деканы.
Елшінің кардиналға келуі дәл сол күні жауапты келуімен аяқталады. Келесі
күндері елші Римде тұратын курияның барлық кардиналдарына кіреді.[4]
Хаттамалық шараларға елшілерді марапаттау да жатады. Ол үшін елшілер
Ватиканда ұзақ уақыт қызмет етуі қажет. Әдетте папа оларды 1847 жылы
құрылған Gran Crose (үлкен крест) орденімен марапаттайды. Бұл орденімен
католиктермен қатар, басқа дінге сенетіндер де марапатталуы мүмкін.
Ватиканның дипломатиялық тәжірибесінде өз азаматтылығына акцент
берілмейді. Ватикан дипломаттары өздерін ешқашан Ватикан қала-мемлекетінің
өкілдері түрінде таныстырмайды. Олар өздерін бүкіл адамзаттың, яғни
дүниежүзілік шіркеудің өкілдері деп санайды. Олардың этникалық тегі мұнда
ешқандай рөль атқармайды. Ватиканның дипломатиялық байланыстары
мемлекетаралық емес, халықаралық байланыс сипатында болады. Бұл
байланыстардың субъектісі Ватикан қала-мемлекет емес, Апостолдық тақ. 1957
жылы БҰҰ папалық дипломатияның басшылығымен келісе отырып, ресми құжаттарда
және халықаралық конференцияларда Ватикан қала-мемлекеті терминінің
(Vatican city) орнына Қасиетті тақ (Holly see) терминіне кепілдеме берді.
Сондықтан папаның өкілдерінде Ватикан қала-мемлекетінің куәлігі емес,
Қасиетті тақпен берілген дипломатиялық немесе құжаттық куәлігі
болады.[3,c.58]

2. Қазіргі кезеңдегі Ватикан дипломатиясының ерекшеліктері

2.1. Ватиканның дипломатиялық өкілдерінің ерекшеліктері
Қазіргі күнде Ватикан өткен уақытпен салыстырғанда дипломатиялық
өкілдер түрінде шіркеу қызметкерлерін (священнослужитель) қабылдамайды.
Папаның ауласында мемлекетті кім таныстыратынын бағыттаушы елмен шешіледі.
Мысалы, Ұлыбритания Ватиканға ешқашан католик-елшіні жібермейді.
Германия екі соғыстың арасында болған кезінде, елші міндетті түрде
протестант болуы керек екенін шешті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Ватиканда ФГР-ң елшісі қайтадан протестант болды. Бірақ 1956 жылы оны
католик ауыстырды. Бұл ФГР-ң Пруссиялық дәстүрді сақтауға келмейтіндігін
көрсетті. Түбінде ФГР Ватиканға бірде протестант, бірде католик елшіні
жіберіп отырды. Голландияның үкіметі мүлде болса: Қай дінге жататын елшіні
жіберсек те, өз ісіміз!, - деп жауап қайтарады.
Қазір Ватиканда елшілер рөлін әйелдер де атқарады. 1975ж.
Уганданы елші болып Бернадетт Ово таныстырады. 1988 жылы Жаңа Зеландия мен
Ямайканың елші әйелдері понтификке өз сенім грамоталарын тапсырады. 1990
жылдары Ватикан қатарына АҚШ-тан және Ұлыбританиядан елші әйелдер
кіреді.[1,c.172]

2.2. Ватиканның дипломаттарына қойылатын талаптар
Ватикан халықаралық ұйымдардың қызметінде белсенді жұмыс атқарады. Ол
үкіметаралық (БҰҰ, ВОЗ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, ФАО, Еуропа Кеңесі, Еуропалық
Одақ, ОАГ, Әскери медицина және фармакологияның халықаралық комитеті,
туризм бойынша халықаралық ұйым), сонымен қатар үкіметтік емес халықаралық
ұйымдарда (Тарихи ғылымдардың Халықаралық комитеті, Палеография бойынша
Халықаралық комитет, Антропология және этнография бойынша Халықаралық
комитет, Медицинаның нейтралитетін сақтауы бойынша Халықаралық комитет,
ескерткіштерді және қорықтарды сақтау бойынша Халықаралық кеңес,
Халықаралық туристік альянс) өзін таныстырады.[4]
Әдетте халықаралық ұйымдардағы папаның тұрақты өкілдерінде епископ
атағы болмайды. Тек БҰҰ-ның Нью-Йорктағы және Женевадағы Ватиканның
өкілдері және ФАО-ның римдік штаб - пәтеріндегі өкілдері ондай атаққа ие.
Өкілдердің титулдары берілген ұйымда немесе халықаралық конференцияда дауыс
беруге құқының бар не жоғына байланысты. Егер өкілдің дауыс беруге құқығы
бар болса, ол делегат, ал егер болмаса, бақылаушы деп аталады. Бірақ басқа
мемлекеттердің өкілдеріндегідей ерекше жеңілдіктер мен иммунитеттер бар
болғанның өзінде, екеуінде де дипломатиялық мәртебе жоқ.[5]
1970 жылы Страсбургте Ватикан өзінің арнайы елшінің қызмет орнын
ұйымдастырды. Оның функциясы - Еуропа кеңесіндегі тұрақты бақылаушының рөлі
болатын. Ал Бельгиядағы апостолдық нунций Брюссельдегі орналасқан штаб-
пәтеріндегі ЕЭС, ЕОУС және Еуро атомның нунций түрінде аккредитацияланған.
ЕС-гі папаның өкілі өзінің категориясындағы апостолдық нунцийдің титулы
бар жалғыз тұлға. Кейде папа өкілінің орнында зайырлы тұлға болуы мүмкін.
Мысалы, Ватиканды өкіл ретінде Жеке хұқықтың унификациясы бойынша
Халықаралық институтта профессионалды заңгер таныстырады.
Ватиканның дипломатиялық қызметінің басшылығы БҰҰ-ның дипломатиялық
құқықты кодификациясына аса үлкен көңіл бөледі. 1961 жылы болған
дипломатиялық қарым-қатынастар жөніндегі Веналық конвенциядан басқа, 1963
жылдың көктемінде Венада БҰҰ-ның инициативасімен консулдық құқықты
кодификациялау туралы конференция өтті. Папалық делегацияны кардинал
Казароли басқарды. Делегация папалық мемлекеттің консулдық қарым-
қатынастардың тарихи тәжірибесін көрсететін анықтамаларды дайындады.[4]
1969 жылы ГА БҰҰ-мен бірлесе отырып, Ватикан арнайы миссиялар
конвенциясын шығарды. Ватикан делегацияның пікірінше, арнайы дипломатиялық
миссиялардың шараларын кодификациялау дін бостандығы принципінің дамуына
жол берді.
Дипломаитиялық құқықты кодификациялау жөнінде БҰҰ-ның бір
конференциясында (Вена 1974 жылы) папаның өкілі конвенцияға келесі ұсыныс
енгізуді ұсынды: Халықаралық конференцияда қатысып отырған мемлекет өз
делегациясын құрай отырып, сараптаушылар көмегін пайдалану мүмкін, ал олар,
өз кезегінде, қабылдаушы елдің азаматтары бола алады. Мұндай мақсатпен
берілген мемлекеттен рұқсат алынады, ал егер ешқандай жауап болмаса, рұқсат
болғаны деген мағынада түсініс болады.
Ватикан өкілінің бұл ұсынысы көпшілік дауыспен қабылданды, себебі
мұндай жағдай мемлекеттердің халықаралық конференцияларда қатысуын
жеңілдетті. Ватиканның дипломатиялық құрамына сараптаушылардың қатысуы
діннің бірауызды болуын күшейтеді. Конференция 1975 жылы 14 наурызда жан-
жақты сипаттағы халықаралық ұйымдармен мемлекеттерді тағайындау
конвенциясын қабылдаумен аяқталды.[2,c.137]
Ватикан көп көңілін БҰҰ-ның қатарында қызмет атқаруына бөледі. БҰҰ-ның
жарғысында тіркелген бейбітшілік, әділеттілік, адам құқықтарын сыйлау
принциптері шіркеу қызметінің принциптеріне сәйкес келеді. Ватикан
дипломаттарының пікірінше, тек беделді халықаралық ұйым қазіргі кезеңнің
қиын мәселелерін шешуге қабілетті: қарусыздандыру, қоршаған ортаны сақтау,
энергетикалық дағдарыс, демография, тағам өнімдерімен қамтамасыз ету,
денсаулық сақтау, жанұя, жасөспірімдер және қарт адамдар, дүниежүзілік
мұхит және космос мәселері.
Ватиканның пікірі бойынша, мұндай мәселелер орташа деген бағамен екі
жақты деңгейде шешілмейді: барлық үкіметтердің саяси еркі, сонымен қатар
халықаралық қауымның мүшелері арасындағы үнемі болатын диалог қажет. Осыған
байланысты тек БҰҰ жоғарыда аталып кеткен мәселелер бойынша диалогқа және
келіссөздерге негіз беретін ерекше халықаралық форум бола алады.[3,c.62]
Бұған қарамастан Ватикан БҰҰ қатарындағы толықтай мүшелігінен бас
тартты, ол арнайы ұйымдар деңгейінде бақылаушы рөлінде тағайындалған. БҰҰ-
ның негізінде мүшелердің егемендік теңдігі принципі жатады, ал Ватиканның
пікірінше, оны қарапайым егеменді мемлекет қатарына қосуға болмайды.
Себебі, БҰҰ-ның жарғысы бойынша оның мүшелері жарғы баптарын бұзғаны үшін
мемлекет-мүшеге қарсы акцияларда өнегелі, заңды және саяси түрде қатыса
алады. Ватикан дипломаттарының пікірінше, толық мүшенің дәрежесі Ватиканды
күштеу акцияларына қатысуға мәжбүр еткізеді, ал ол дін миссиясына қарсы
болатын жәйт. Сонымен қатар Ватиканның нейтралитеті Латерандық бітімдерінің
24-бабымен түсіндіріледі. Папаның бақылаушылары халықаралық сұхбаттасу
процесстеріне тікелей қатыспайды және дауыс беруден бас тартады. Олар тек
ұлттық шіркеулер және адам құқықтарына тиісті мәселелерге қатыса алады.
Оған қарамастан, Ватикан дипломатиясы Еуропадағы қауіпсіздік және
қызметтестікке тиісті жиналыста 1972-1975 жылы белсенді қатысты. Ватикан
Жалпы еуропалық форумда белсенді қатысып, Қорытынды актіге өз қолын қойды.
Ватикан өзіне бұдан кейін болған барлық еуропалық жиналыстарға толық
құқықты қатысуға жол ашты. Ватикан дипломатиясы мұндай жиналыстардың болуын
жалпы еуропалық диалогта ең жақсы құралы деп ұқты.[3,c.63]
Жалпы еуропалық процесстің барысында папаның дипломатиясы адам
құқықтары және фундаменталдық бостандықтар, ой бостандығы, ар-ұят және дін
бостандығын қоса мәселелеріне көңіл бөлді. Табиғи құқықтар принциптеріне
негізделген адам құқықтарын қорғау ерте христиан кезеңінен қазіргі кезеңге
дейін шіркеудің негізгі көңілін алады, бірақ тарихи тұрғыдан әр түрлі
білдіріледі. Католик философ-персоналистердің пікірінше, демократиялық
құндылықтар католикалық доктринаға қарсы болды. Осыған байланысты адам
құқықтарын қорғау, фундаменталдық бостандықтар мәселелері, ой бостандығы,
ар-ұят және дін бостандығы құқықтарын қоса, бірінші кезекті алатын.[5]
Иоанн Павел ІІ шіркеудің адам құқықтарын қорғайтыны туралы пікір
айтатын. Әсіресе ол Халықаралық қылмыс трибуналының құрылуын қолдайтын:
Тұрақты құқықтық негізде құрылған мұндай институт халықаралық масштабта
адам құқықтарының эффективті қорғауына әсер етеді, - деді ол.
Ватиканның нейтралитеті екі жақты шиеліністерде делдал рөлінде шығуға
мүмкіндік беретін. Нейтралитет саясатының түбінде конфликттік жағдайды шешу
қасиеті жатады. Бенедикт ХV Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы сөздері -
пайдасыз соғыс - Ватиканның бейбітшілік саясатында бастапқы нүкте болды.
Бұдан кейін Ватиканда отырған папалар сырқы саясатта ең бастысы -
бейбітшілікті қолдау және қайта құру деп ұғатын.
Бейбітшілік, Ватикан түсінігі бойынша, тек қана соғыстың болмауы ғана
емес, бейбітшілік - бұл үнемі күштің жұмсалуын қажет ететін ғимарат.
Папалық дипломатия бейбітшілік концепциясына адамдық және қоғам берекесінің
анықтамасын кіргізеді, ол халықаралық қауымның өмір құқығы, ар-ұят
бостандығы сияқты фундаменталды адам құқықтарын ұстануға
негізделген.[1,c.174]
Ватиканның саясатында ерекше орынды превентивті дипломатия алады.
Католикалық шіркеудің пікірінше, қарулы дау-жанжалдарды болдырмау үшін,
әділеттілік принципін тұрақты сақтау қажет. Бұл принципті сақтау
мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының міндеті. Қарулы дау-жанжалдарды
болдыртпайтын дипломатиялық акциялар Ватикан бейбітшілікке үйрету
(pedagogia della pace) деп атайды.
Қарулы күшті қолдану әлде болса да ұмытылмайды, бірақ сөзбен
шешілмейтін жағдайларда ғана. ХХ ғасырда Ватикан тек екі рет қана
халықаралық қауымдастықтың қарулы күреске үндеуіне дауыс берді: бірінші рет
Руандада, екінші рет Югославияда. Себебі, Ватиканның пікірінше, күш
қолдаудың альтернативасы - бейбітшіл халықты жаппай жою болатын. Әділетті
соғыстың концепциясын Иоан Павел ІІ Парсы шығанағында болған екінші
соғыстың барысында американдықтар басқарған коалицияның күш жұмсау
асыққанын сынау үшін пайдаланды.
Осыған байланысты Ватикан дипломатиясының делдал, ақ көңіл қызметтер
және арбитр ретінде көпғасырлық тәжірибесі аса бағалы болып саналады.
Болашақ папаның дипломаттарына бейбітшілікті орнату кез-келген
дипломатиялық миссияның алдында тұратын мақсат, әсіресе Ватиканның
дипломатиялық миссиясында - деп үйретеді. Соңғы 10 жылдықта Ватикан
дипломатиясы ұзаққа созылатын және қанды қақтығыстарды шешуге белсенді
қатысады.
Иоан Павел ІІ диалогтан ешқашан бас тартпаңдар және қарудың күшіне
сенбеңдер деп айтты. [2,c.139]
Қарулы күш нәтижелері үшін жауапкершілік қарсыласып отырған жақтарға
емес, ең біріншіден, дамыған және күшті мемлекеттерге жатады, себебі олар
диалогтың дамуын қолдамай, керісінше, қару-жарақты беру арқылы соғысқа
шақырады. Соңғы кезде Ватикан терроризмді қатты сынап-сөгу арқылы
превентивті соғыстың концепциясына қарсы шықты.
Иоан Павел ІІ дипломатияның халықаралық қарым-қатынастың құралы
ретінде екенін бірнеше рет айтты. Бейбітшілікті этикалық өлшеу азаматтық
қоғамның құқық құрылғыларында, келісім шарттарда, мемлекет, аймақ,
континент, бүкіл халықаралық қауым деңгейдегі халықаралық қарым-қатынас
институттарында орын табуы тиіс.
Папаның сөзі бойынша, дипломатиялық қарым-қатынастар дүниежүзілік
халықтарының моральдық және көңіл ресурстарын жұмыс істеткізетін адекватты
құралы. Бұл мақсатқа жету үшін дипломаттарының бірнеше маңызды қасиеттері
болуы қажет. Басқа адамдардың қиын жағдайларында бір ауыздан және ашық
қарау, адамдар арасында болатын ерекшеліктерге шыдамдылықпен,
түсінушілікпен және қолдаушылықпен қарау, диалог кезінде айырықша
жауапкершілікті сезу. Олардың мақсаты-әрбір қарсылас жақтың тиісті
нүктелерін табу.[4]
Ватикан дипломатияның ерекше жақтарын айта отырып, Иоанн Павел ІІ оның
гуманитарлық өлшеуін айтады. Дипломатияның гуманитарлық өлшеуіне:
жергілікті шіркеулердің мүдделерін қамтамасыз ету, халықаралық өмірде
зорығушылықты жою, адамға деген сенушілікті арттыру қасиеттері жатады.
Папа дін бостандығы принципін көздей отырып, кез-келген мемлекетпен
дипломатиялық қарым-қатынастарды саяси режимнің және әлеуметтік-
экономикалық құрамына қарамастан орнатуға дайын. Осыған байланысты Ватикан
басқа зайырлы мемлекеттерге қарағанда дипломатиялық қарым-қатынастардың
үзілуінде талапкер ретінде ешқашан шықпады, бірақ ондай қарым-қатынастардың
болуы мемлекет саясатындағы барлық істерін растайтынын білдірмейді.
Сонымен, католикалық шіркеудің халықаралық саясатының негізінде диалог
принципі жатады.[3,c.64]
Иоанн Павел ІІ-ның сөзі бойынша, диалогтың құралы болып делдалдықтың,
арбитраждың барлық мүмкін формулаларын үнемі пайдаланудың ынтасы. Мұнда
келісім қайшылық пен жек көрушіліктен жоғары болуы қажет.
Ағымдағы моментке байланысты диалог түрлі конфигурацияда болуы мүмкін.
Иоанн Павел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Ресейдің дипломатиялық қызметі
Италия дипломатиясы
Византияның сыртқы саясаты мәселесі
Қасиетті Одақтың қызметі
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Ришельенің Францияның дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Пәндер