Қазақстан Республикасының валюта нарығының қалыптасу кезеңдері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

2. 1 Қазақстан Республикасының валюта нарығының қалыптасу кезеңдері

Монетарлық тұжырымдамада макроэкономикалық саясат мемлекеттік борыш, инфляция, қайта инвестициялау, ұлттық ақша өлшемінің валюталық бағамының проблемаларымен түйіседі. Бұл жағдайда мемлекеттің валюта нарығының дамуы мен құрылуына ерекше назар аудару керек, бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық стратегиялық дамуының маңызды кезеңі болып табылады.

Қазақстан Республикасының валюта нарығы - құрылу сатысындағы ішкі валюта нарықтарының категориясына жатқызылады. Қазақстандық валюталық нарық өзінің тұрақсыздылығы және болжамсыздығымен сипатталады. Бұл негізінде әлемдегі экономикалық және саяси өзгерістерге валюта нарығының әдеттен тыс жылдам реакциясымен түсіндіріледі (Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығына көп дәрежеде экономикалық сілкіністер ықпал етеді) .

Ұлттық валюта нарығы, әдетте, өздерінің клиенттеріне валюталық қызмет көрсету бойынша, соның ішінде халықаралық операциялар жүргізуге маманданбаған жеке тұлғалар мен банктер, компаниялар болуы мүмкін, сол мемлекеттің аумағында орналасқан банктермен жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы. Бұдан басқа, ішкі ұлттық нарық операцияларына жеке тұлғалар арасындағы операциялар, жеке компаниялар арасында жасалатын валюталық операциялар, сонымен қатар, валюта биржасында жүргізілетін операциялар жатқызылады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын «теңге» енгізумен байланысты қазақстандық валюта нарығының қалыптасу процесі басталды, ол 17 жыл бойы табысты дамуда.

Валюталық шектеулерге байланысты валюта нарығын еркін және еркін емес валюта нарығы деп бөлуге болады. Валюталық шектеулері бар валюта нарығы еркін емес, ал олардың болмауы - еркін деп есептеледі.

Қолданылатын валюталық бағамдар бойынша валюталық нарық бір жақты және қосарлы болуы мүмкін. Қазақстан бір жақты валюта нарығымен сипатталады, бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген және есеп айырысу мен кеден төлемдерін жүргізу үшін ресми жарияланады. Екіншісі биржада сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленеді және коммерциялық есеп айырысулар үшін қолданылады. Қазақстанда Ұлттық банк бұл режимді қолданбайды.

Ұйымшылдық дәрежесі бойынша валюта нарығы биржалық және биржадан тыс болады. Биржа нарығының артықшылығы валюта қаражаттары мен валютаның ең арзан көзі болып табылады, ал сауда-саттыққа шығарылған өтінімдер абсолютті өтімділікке ие. Қазақстанда валюта нарығы 1992 жылдың маусым айынан, яғни Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасының ашылу мезетінен бастап қызмет атқарады (1996 жылдан - AFINEX, 1998 жылдан - KASE) .

Қазақстан үшін биржадан тыс нарық белгілі мөлшердегі оның қатысушыларымен сипатты (брокерлік компаниялар, сыртқы сауда жүргізетін фирмалар, банктер, уәкілетті немесе девиздік валюталық дилерлер және т. б. ) .

1-кестеде негізгі қатысушылардың мүмкін болатын мәмілері және валюталық нарыққа шығу мақсаттарына шолу.

1-кесте - Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушыларды шолу.

Қатысушылар
Мәмілелер
Себептер
Қатысушылар: Коммерциялық банктер
Мәмілелер:

- клиенттер үшін мәмілелер

- меншікті шоттан сауда

- валютаны сату және сатып алу

- валюталық тәуекелдерді сақтандыру үшін мәмілелер

Себептер:

Төлемдерді жүргізу

Клиенттік мәмілелер бойынша позицияны теңестіру немесе пайда алу

Қатысушылар: Кәсіпорындар (экспортерлер, импортерлер)
Мәмілелер:

Шетел валютасында несиені алу және ұсыну

Сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру

Себептер:

Ұлттық және шетел валютасында төленетін төлемдер

Өзіндік құн калькуляциясы үшін сенімді база құру

Валюталық тәуекелдерді болдырмау

Тиімді шарттарды алу үшін мүмкіндіктерді пайдалану

Қатысушылар: Ұлттық банк
Мәмілелер:

Валютаны сату және сатып алу

Валюталық интервенция

Себептер:

Төлемдер, вексельдерді, чектерді инкассолау және т. б.

Валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және валюта бағамын қолдау үшін валютаны сату және сатып алу

Қатысушылар: Брокерлер
Мәмілелер: Валюталық және пайыздық мәмілелер кезіндегі делдалдық
Себептер: Мәмілелерден процент немесе комиссиялық түрде пайда алу

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі заң негізінде валюталық бақылауды жүзеге асырады, валюталық операциялардың құқығын анықтайды, мемлекеттің барлық ішкі және сыртқы борышын актив және пассив бойынша есеп жүргізеді және борыш құрылымын қайта қарауды жүзеге асырады, халықаралық есеп айырысу тәртібін нығайтумен айналысады. Бұдан басқа, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының ресми алтын-валюталық резервтерін басқарады, басқа мемлекеттердің ақша бірлігіне қатысты теңге бағамын анықтайды және ресми жариялайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюта нарығында екі түрлі бейнеде көрінеді. Ең алдымен, оның өзінің коммерциялық мүддесі бар және халықаралық институттарға төлемдер жүргізу үшін валютаны сатып алады және сатады. Келесі міндеті - ұлттық валютаның мемлекет ішінде ғана емес, басқа валюталарға қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық банк валюта резервтерін басқаруды жүзеге асырады, валюталық интервенцияларды жүргізеді, пайыз мөлшерлемесінің деңгейін реттейді, валюталық шектеулерді белгілейді.

Қазақстан валюта нарығын және оның қатысушылары құрамының негізгі сипаттамасын қарастыра отырып, оның белгілі бір уақыт кезеңінде дамуын талдайық.

1991 жылы халықаралық төлемдерді жүргізу және шет мемлекеттермен сауда-саттықты жүргізу үшін монополия жойылған кезде, мемлекеттің ішкі валюта нарығының қалыптасуы басталды. Бұл кезден бастап қаржы нарығының бұл секторы Қазақстанда ең қарқынды дамушы нарықтардың бірі болып табылады. Бұған шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру және мемлекетте валюталық операцияларды реттемелеуші тәртіппен жүргізудің заң базасын құру бойынша Ұлттық банк жүргізген едәуір жұмыстардың алғышарты болды.

Бұдан кейін, республикада құқықтық және заңнамалық валюталық база белгіленген және банктік жүйе құрылғаннан кейін, республика қаржылық, яғни валюталық нарықтың либерал үлгісін құруға бет алды.

1994 жылы биржада АҚШ доллары бойынша мәміле көлемі 1993 жылмен салыстырғанда 29, 5 есеге өсті және 1002, 4 млн. құрады, Ресей рублі бойынша да мәміле көлемі едәуір өсті (24, 6 есеге өсті) және 519, 7 млн. жетті. Бұл кезеңде сауда-саттық неміс маркасы бойынша жүргізілгенде, талданылып жатқан кезеңде мәміле көлемі 12, 6 млн. құрады.

1995 жыл республикадағы толық валюта нарығын қалыптастырудағы бетбұрыс кезең болды. Инфляция деңгейінің 1994 жылы 1258 %-дан 1995 жылы 60, 3 %-ға күрт төмендеуі және бір мезгілде 1994 жылы 759, 9 %-дан 1995 жылы 17, 9 %-ға АҚШ долларына қатысты теңге бағамының құнсыздану қарқынының төмендеуі, ұлттық валютаға деген сенімнің артуы, сауда балансы сальдосының жақсаруы, мигранттар трансферттерінің азаюы, сондай-ақ жаңа, анағұрлым табысты қаржылық құралдардың енгізілуі қолма-қол және қолма-қолсыз валютаға дүрлікпе сұраныс факторын болғызбау мүмкіндігін жасады. Нәтижесінде валюта нарығында тұрақтанудың алғашқы белгілері көріне бастады. Бұл 50 %-дан 30 %-ға валюталық түсімнің міндетті сатуын төмендету, ал одан кейін мүлде жоюға мүмкіндік туғызды. Бұл өз кезегінде жеткілікті өтімділікті және едәуір көлемі бойынша банкаралық валюталық нарықтың пайда болуына және қалыптасуына жағдай жасады.

1994-1995 жылдар АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуімен сипатталады, 1994 жылы - 8, 5 есеге. Бұл кезеңде Қазақстан экономикасы инфляцияның жоғары деңгейіне қақтығысты (1994 жылы - 1158, 3 %), бұл көбінесе бағаны ырықтандыру және өндірістің құлдырауымен байланысты болды (1994 жылы - 12, 6 %) . Импорттық тауарларға қанағаттандырылмаған сұранымның едәуір көлемі, сондай-ақ сыртқы сауданы ырықтандыру Қазақстанға тауар импорты көлемінің артуына әкелді және оның экспорттан асып түсуі айырбас бағамның өсуіне және шетел валютасына деген сұраныстың өсуіне алып келді. 1995 жыл республикада толық валюта нарығын қалыптастыруда бетбұрыс кезең болды. Инфляция деңгейінің 60 %-ға дейін күрт төмендеуі, анағұрлым табысты, жаңа қаржылық құралдардың енгізілуі қолма-қол және қолма-қолсыз валютаға дүрлікпе сұранысты азайтты, сауда балансы сальдосының жақсаруы 1994 жылы 759, 9 %-дан 1995 жылы 17, 9 %-ға АҚШ долларына қатысты теңге бағамының төмендеуіне алып келді. Ұлттық банк экспорттық түсімдерді кәсіпорын экспортерлерге банкаралық валюта биржасында міндетті сатуды енгізді, бұл өз кезегінде ішкі валюта нарығына қысымды азайтты және ұлттық валютаның белгілі бір тұрақтануына алып келді.

1-сурет. Қазақстан валюта нарығында АҚШ доллары бағамының жай-күйі.

Валюта нарығында конъюнктураны қысқа мерзімді өзгертулер нәтижесінде бағамның ауытқуын болғызбау мақсатымен Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасында Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамын қалыптастыруға қатысуы интервенциялармен шектелді.

Алайда, Қазақстан валюта нарығының дамуы көлем параметрлері ғана сипаттамайды. 1995 жылы валюта нарығында болған ең маңызды өзгерістер қатарына әлемдік стандартқа жақындау сипатын атап айтуға болады. Бұған 1995 жылдың аяғында сауда-саттық жүргізудің электрондық сауда жүйесіне көшуі жатқызылады. Жаңа енгізілімнің артықшылығы аукционның кең ашықтығында, дилерлік операциялардың оңтайландырылуында. Биржалық сауда-саттық көлемінің артуы жалғасты.

1996 жылы валюта нарығы қарқынды дамуда, ішкі баға мен айырбас бағамның өзгеру динамикасының жуықтауы және өзінің тарапынан шектеулі араласу кезінде Қазақстан қор биржасының (1996 жылдың маусымында Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасы Қазақстан қор биржасы деп өзгертілді) биржа алаңында сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы көрініс табатын, теңгенің сәйкестендірілген айырбас бағамы саясаятын жүрзуді Ұлттық банк жалғастыруда. 1996 жылы АҚШ долларына қатысты теңге бағамының төмендеуі 15, 4 %-ды құрады. Бұл кезең ішінде 253 валюталық сауда-саттық өткізілді.

1996 жылы валюта нарығының айрықша сипаты валюталық тәуекелдерді хеджирлеу механизмдерін құру есебінен «кеңірек» ғана емес, сондай-ақ «тереңірек» дамуы болды. Осы жылдан бастап Қазақстан қор биржасында валюталық фьючерстер бойынша сауда-саттық жүргізіле бастады.

1996 жыл ішінде валюталық фьючерстер бойынша операциялар екі сауда алаңында өткізілді: Халықаралық Қазақстандық Аграрлық-өнеркәсіптік Биржа және Қазақстан қор биржасы. Халықаралық Қазақстандық Аграрлық-өнеркәсіптік Биржасында АҚШ доллары бойынша фьючерстік өзара шарттарының алғашқы сауда-саттығы 16. 01. 96 болды және жыл ішінде тұрақты өткізілді.

Бұл кезеңде Қазақстан валюта нарығын ары қарай ырықтандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қазақстан Республикасы шекарасынан резиденттермен шетел валютасын тиісті растаусыз құжаттармен шығару көлемі 10 мың АҚШ доллары эквивалентіне дейін ұлғайды.

1996 жылдың маусым айында ағымдағы операциялар бойынша теңгенің толық айырбасталымдылығының енгізілуімен белгілі болды. Жыл соңында Қазақстан Республикасы территориясында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін, валюталық операциялар субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын, валюта заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын заң құжаты қабылданды. Аталған заңның дамуында Қазақстан Республикасы территориясында айырбас орнын ұйымдастыру туралы жаңа нұсқаулық және валюталық операцияларды жүргізудің жаңа ережелері әзірленді.

Қаржылық құралдардың Алматы биржасында (1997 жылдың қыркүйек айында AFINEX деп қайта құрылды) валюталық-айырбас операциялардың ерекшеліктері 2004 жылы операциялық практикаға СВОП операциялары сияқты құралдарды енгізумен байланысты, олар валюта бағамының сәйкесінше ауытқуы және биржа нарығында сұраныс пен ұсыныстың Қазақстан теңгесіне қатысты АҚШ доллары бойынша қысқа мерзімді өтімділікті арттыруда банктің қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызды. Өткен мерзім ішінде ішкі нарықта 10 СВОП операциялар өткізілді.

1998 жылы Қазақстанның сауда серіктес мемлекеттерінде ұлттық валютаның едәуір девальвациясы, ең алдымен Ресейде, сондай-ақ түсті металға және мұнайға деген әлемдік бағаның қолайсыз конъюнктурасы теңгенің қымбаттауына себеп болды. Бұл ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетті, сыртқы сауда операциялары бойынша төлем балансының теріс сальдосын арттырды, экономикалық өсу қарқынына теріс әсер етті.

Бұл кезеңде биржа сегментінде сауда-саттық көлемінің азаюы және банкаралық сегментте банк-резиденттер мәмілелерінің едәуір артуы байқалды. Негізгі үш валюта түрі бойынша валюта нарығында (биржа және биржадан тыс) қолма-қол ақшаның жалпы айналымы: АҚШ долларына, неміс маркасына және ресей рубліне 1998 жылы 47, 7%-ға өсті (соның ішінде биржа нарығында - 21, 6%-ға, биржадан тыс нарықта - 60, 3%-ға өсті) және теңгеге қайта есептеуде 777, 4 млрд. теңге құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Халықаралық валюталық өтімділік
Дүниежүзілік валюталық жүйе
ҚР қаржы нарығының дамуы
Қаржы және ақша нарығы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Ақша - несие саясатының құралдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz