Интелектісі бұзылған балаға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде тұжырымдар


Интелектісі бұзылған балаға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде тұжырымдар
Интеллектісі бұзылған адамға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты негізіндегі тұжырымдар төмендегі жағдайларды анықтайды:
Педагогикалық сенім, қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделген, әрбір адамның, оның интеллектуальды қабілеті мен шектеулі мүмкіншілігіне қарамай білім үрдісін қосылу құқығын мойындайды;
Ертелеу педагогикалық көмек көрсету, бала дамуындағы ауытқушылықты ертерек байқап, анықтауды қамтамасыз етуді көздеп, оның білімділік сұраныстарының ерекшеліктерін анықтай отырып, баланың дамуын-дағы алғашқы ауытқушылықты анықтаған сәттен мақсатты бағытта коррекциялық - педагогикалық көмек көрсетудегі бастау қажет;
Білім беру бағытының (түзетіп-теңестіру) коррекциялы - теңестіруі - оқушының сау күйіне сүйене отырып, жұмсалған және жартылай қызметін компенсациялау үрдісінде қосымша мүмкіндіктер жасауды болжайды; Әлеуметтік-бейімдеу бағытындағы білім беру-арнайы білімдік-коррекциялық үдерісте даму мүмкіншілігі шектеулі адамның әлеуметтік өмірде тәуелсіз және өз бетінше болуын қамтамасыз ететін кұрал ретінде қарастырылады;
-Арнайы білім берудің құралы ретінде ойдың ділдің және сөйлеуді дамыту - интеллектуалды жетіспеушілігі бар адамдардың өзіндік арнайы ерекшеліктерін таным қызметінің тұрақты бұзылуы деп санау қолданылады. Сондықтан оларға білімдік сұраныста маңыздысы ойлау, тіл және сөйлеуді дамытуға коррекциялы-педагогикалық көмек қажет болып келеді;
- Оқыту және тәрбиелеуге іскерліктің бабын табуинтелектісін бұзылған балаларды заттық-практикалық қызметін ұйымдастыра отырып, сөз жүзінде оқытуды енгізуге негізделген. Заттық-практикалық қызметі жоғары психикалық функцияның сенсомоторлық даму негізіне өмірлік және практикалық тәжірибиеден әлеуметтік қарым-қатынасқа икемдеуді меңгеруге көмектеседі;
- Жеке және дара тұрғыданкему-интелектуалды жетіспеушілігі бар балалар мен жасөспірімдердің түрлі типтік ерекшеліктерінің ақыл-ой бұзылуы бір дәрежеде болуына байланысты жеке тұрғыдан келеді;
- Жеке және дара тұрғыдан келу- ауыр және көптеген ауытқушылығы бар балаларды дамыту үшін оқыту. Мазмұны оларға Түсінікті болу арқылы, ерекше қарқынмен ұйымдастыру арқылы, арнайы тәсілдер мен педагогикалық көмек көрсету әдістерін пайдалануға мүмкіншілік береді;
- Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттілігі мәнініңмаңызы- бар, өйткені интеллектісі бұзылған балаларды көпшілік жағдайда жекелей өз бетінше оқып-тану ісі қиын әрі мүмкін емес. Сондықтан, тек арнайы педагог қана оқытып-таным қызметінің үдерісін ұйымдастырып әрі басшылық жасай алады, - өйткені ол ақыл-ой кемістігі бар балалардың таным мүмкіндігін және даму ерекшеліктерінің заңдылықтарын, әрі оларға тиімді коррекциялық көмек көрсету әдістері мен жолдарын біледі.
- Ақыл-ой кемістігі бар балалар.
Ақыл-ой кемістігі бар балалар тобына бекіген таным қызметі бұзылған және эмоциялық ерік саласында шаңырақ органикалық ми қабатының зақымдалуы салдарынан бұзылған балалар кіреді. Айқындалып тұрған кемшілік дәрежесі зақымдалу ауыртпалығына, оның оқшаулануы басымдау және пайда болған уақытысына байланысты. Ақыл-ой кемістігіндегі ерекше емшіліктері жоғары психикалық функцияның бұзылуы салдарынан тәртібі мен ісінде байқалады. Ең алдымен таным үдерісі зардап шегеді-қабілеті, сезінуі, ойлауы, есі, тілі, назары.
Эмоциялы -ерік саласындағы моторикасы бұзылған бүтін тұлғаның өзінде де ауытқушылық байқалады.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1994жыл (МКБ 10 ВОЗ) қабылдаған топтастыруға байланысты ақыл-ой кемістігі -интелектінің төмендеуінің төрт дәрежесін көрсетеді-жеңіл (Ғ70), өлшемді (Ғ71), ауыр (Ғ72), және терең (Ғ73) .
Ақыл- ой кемістігі бар балаларды жекелеп оқыту мақсатында интеллектісінің бұзылуы дәрежесіне қарай білім беру стандарты бойынша арнаулы көмекші мектептерде 2 типтегі оқу жоспармен жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру (бала - бақшада, орталықтарда. Психологты-педагогикалық коррекция кеңселерінде) интеллектісі бұзылған балаларды осы 2 типтік бағдарлама бойынша оқытып дайындау іске асырылады. Бағдарламаның 3 типінде арнаулы көмекші мектепте баланы оқытып, дайындау қарастырылмаған.
I типтегі оқу бағдарламасы
(«А» класы) - көмекші мектептерді жалпылама қабылданған бағдарламасындай интеллекті дамуының жеңіл түрдегі бұзылуы бар балаларға арналған. Бұл категорияға ақыл-ой кемістігінің жеңілдетілген түріне (М. С. Певзнердің топтастыру бойынша) жататындар көңіл-күйі ойлау және таным қызметінің дамуы жетілмеген күрделі түріне бөлек анализаторлардың өрескел бұзылуына ілеспейді және алғашқы сақталған эмоциялық- ерік саласындағы сипаттамалар жатады. Бұл балалардың айырмашылық ерекшелігі сол-оларға тапсырманы белгілі бір тәртіппен мақсатты бағытталған ісі өзінің бір тиісті межесіне дейін жеткізіп орындау қабілеті болады. Есту қабілеті дұрыс әрі көрініп тұрған ауытқушылығы жоқ сөйлеу мүшелерінің экспресивті және импрессивті тілінің дамуына тоқтап, олардың күрделі түрдегі моторикалары жетілмей қалады. Бұл топтағы балаларға тән психикалы үдерісі баяу және енжар болады.
II типтегі оқу бағдарламасы
(Б класы) көмекші мектептердегі жеңілдетілген варианттағы бағдарлама ретінде ұсынылып даму интеллектісінде өлшемді ауытқулығы бар балаларға арналған. Бұл деңгейдегі балаларға клиникалық және психологиялық түрі топтар жатады.
І. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрдегі бұзылу деңгейі ой жүйесі қызметі мен тәртібі айқын бұзылған. Мүндай балаларға тән ерекшелік-жүйкесі жұқарғандықтан сабаққа жұмыс істеу қабілеті тек 15-20 минутқа ғана жетеді. Әрі зейіндегі өрескел ауытқушылықтан жеткіліксіз шыдамдылық пен жинақылық ауыртпалығы байқалады.
Тәртібі мен жұмыс істеу қабілетінің бұзылу ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлуге болады: тежеліп қалған және тез қозатын балалар.
Тежеліп қалған ақыл-ой кемістігі бар балалар өздерінің сылбыллығымен, әлжуаздығымен, бейтараптылығымен ерекшеленеді де, ол олардың тәртібінде моторикасы мен жұмыс істеу қабілетінде танымдық пайымдауында байқалады. Әсіресе ойлау жүйесінің бірізділігінен байқалады. Тез тозатын ақыл-ой кемістігі бар балалардың ойлау және танымдық пайымдаудың жетілмеуіне тән тәртібіндегі өзіндік өзгерістер, жұмыс істеу қабілетінің төмендегі тез қозып жеңілтектенуі, ызақорлығымен ерекшеленеді. Сабақ оқытудың барысында бұл балалар мазасыз қозғалып назарын тез басқаға аударып, кейде өз сөздеріне аяқасты есіне түскен байланыссыз сөздер мен сөйлемдер үзіндісін қосып айтады. Бұл балаларды оқыту үдерісі танымдық пайымдауы жетілмеуінен ғана емес, олардың зейінінің төмендігі мен жүйкесінің жұқарғанымен де қиындатылған. Мысалы, жаттаған әріптерін олар тез ұмытады, оқу кезінде буындардың орнын ауыстырып, болжаумен оқиды. Әсіресе үлкен қиыншылық көрсететін жазу санау үрдісі: қалай болса солай жазып, асығып, әріптер мен цифрларды тастап кетеді. 2. Ақыл-ой кемістігі жазбаша және ауызша тіліндегі, кеңістікті көріп-қабылдаудағы, санау операциясында, ақыл-есі, ұсақ моторикасында айқын бұзылуымен асқынған. Бұл түрдегі клиникалық және психалогиялық көрінімдер тек ойлау және танымдық пайымдаудың жетілмеуі белгілерінен ғана емес, жергілікті зақымданумен де негізделіп сипатталған. Бұл балалардың оқуға сақталған мүмкіншілігіне экспресивті және импрессивті тілдегі айқын бұзылған бөліктері, жазуды меңгерудегі қиындық ерекшеліктері, оқуда, санау икемділігіне, дыбыстық есту қабілетінің, кеңістікті көріп қабылдау қабілеті, ақыл есі, моторикасының бұзылғандығына негізделгендігі белгіленеді.
Балалар психикалық шиеленіске қабілетсіздігімен байқалады, әрі белсенділік бағыты бұзылған тәртібінің себебі жоқ. Олар ынтасыз іскерлігі жоқ, жәрдемсіз. Олар елітпе көңіл-күйге тән қасиеттері нашар дамыған. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрдегі имбецилі. Танымдық пайымдауы жан-жақты күрделі жетілмегендер жатады. Оларды нақты жағдайдан шығу, жалпы түсініктер қасиеті мүлдем жоқ. Белсенділігі жоқ, өз бетінше атқаруы жоқ, еліктеу негізінде қайталау қасиеті тән. Сынау оларда өте төмен дамыған. Осымен қатар кейде, тұрмыстық жағдайда байқағыштығымен, бағдарлай алуымен байқалады. Оларды қарапайым түсініктердің пайда болып, кейбір мәліметтерді жинақтау қабілеті бар, заттардың өзара айырмашылығын олардың түр сипатына қарап ажырата алады. Қарапайым эмоциялары сақталып ұялағанда, мақтап, ұрысқанды түсінуінде байқалып отырады. Өздерінің дене әлсіздігін және ебедейсіз моторикасына үнемдей алады. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрдегі имбецильді балаларды оқуға, жазуға санау элементтерін орындауды меңгертіп, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, қарапайым, еңбек түрімен айналысуға үйретеді.
III типтегі оқу бағдарламасы әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жағдайында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және даму интеллектісінде күрделі ауытқушылығы бар балаларға арналған қорғау мекемелерінде іске асырылады.
Имбецилі айқын дәрежедегі балаларды психикалық даму сатысы өте төмен екендігі байқалады. Эмоциялары дөрекі: қуанышы, қорқынышы, ашуланғаны. Туысқан адамдарына жақын болуы, мақтағанда қуануы, ұрысқанда мазасызданып, қанағаттанбаушылығы, сезімдерін біртіндеп қалыптастыруға болады. Өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым түрі мен жинақылық икемділігі кешеуілдеу қалыптасады. Сөзі түсініксіз, қысқа сөз тіркестерінен тұрады.
Терең ақыл-ой кемістігінде өзін-өзі сезінуі айқын емес. Сөйлеу тілі жоқ, кейде дыбыстар шығарып, мағынасы жоқ, буындар айтады, талап-талғамының сипаты инстинкті түрде болады, қимыл-қозғаласы бағытсыз, қалай-болса солай, кейде шайқалып, ешбір себепсіз қимылдар жасайды. Мұндай балаларды тек қарапайым өзіне-өзі қызмет көрсету ісіне үйретуге болады. Күрделі терең ақыл-ой кемістігі бар адамдар үнемі көмек жасауды, қарауды қажет етеді. Олар әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігінің қарамағындағы мекемелерді тұрады.
Стандартизациялау объектілері.
Арнайы білімдегі стандартизациялау обьектісінің мөлшері интелективінің дамуына ауытқушылығы бар балалар мен қатар мүмкіншілігінше сәйкес білімге, еңбекке дайындауды қамтамасыз етеді;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- білім мазмұны;
- оқу жүктемесінің мөлшері деңгейі;
- оқу үрдісін жүргізу технологиясын (оқыту мерзімі) жеке топтағы ауытқушылығы бар балаларға арнайы түзетіп, бейімдеу сабақтарын өткізу;
- оқыту жағдайына қойылатын талаптар интелекттісінде ауытқушылығы бар балалардың оқу сұранысының деңгейі қажетін қамтамасыз ету мақсатында;
- баға өлшемі, интелектісінде ауытқушылығы бар балалардың мүмкіншілігіне байланысты болуы;
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы (коррекциялау) мектепте оқушыларды педагогикалық сараптау өткізу.
Мемлекеттік стандарттың өлшемді-бағалау міндеті мектептің білім сапасымен мазмұнын нормативін анықтауды талап етеді. Бірақ, оқушылардың медициналық көрсеткіштерімен клиникалы-психологиялық ерекшеліктерінің құрамы әртүрлі болуын ескеру қажет, өйткені бұл нормативтер арнайы білім беру саласында бірдей болуы мүмкін емес. Білім беру нормасының негізінде, көмекші мектеп оқушыларына педагогикалық сараптау жасалынады. Ол Россияның Білім Академиясында В. В. Воронкованың басшылығымен өңделіп жетілдірілген. Ақыл-ой кемістігі бар балалар оқытудағы басты көрсеткіші деп саналуға тиісті;
-ойлау қызметін жинақтап, қорыту, оның ішінде білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру;
-сезіну-сөздік-логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің құрамды бөлігімен ара қатынасын анықтайды;
-тапсырманы өз бетінше шешу;
-оқушылардың көмекті қабылдауы. Олардың үлкендер жағынан көрсетілген көмек мөлшерінің көлемімен түріне жауабы. Осы көрсеткіштер негізінде оқушыларды оқу материалын меңгеру мүмкіншілігіне байланысты төрт топқа бөлуге болады:
1-топ. Фронтальды оқыту үрдісінде бағдарлама материалдарын жете меңгерген оқушылар. Олар барлық тапсырманы әдеттегідей орындайды. Өзгертілген тапсырманы орындау барысында олар қиналмайды. Өйткені сөздерінде тәжірибиеге сүйене отырып, жаңа жұмысты дұрыс орындайды. Өз істерін түсіндіре білуі, ол оқушылардың бағдарлама материалын ақылмен меңгергендігі. Олар кейбір жинақтап қорыту деңгейіне жете алады. Мұндай оқушылар басқаларға қарағанда алған білімдерін практика жүзінде сәтті пайдалана алады. Күрделі тапсырмаларды орындауға, оларға ересектер жағынан аздаған көмек қажет.
2 топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын әрең орындайды. Оқыту барысында бұл балалар бірінші топтағы балаларға қарағанда көп қиыншылықтар көреді. Олар негізінде мұғалімнің түсіндірмесін түсінеді, бірақ өткен материалды есінде сақтай алады да, қарапайым жинақтап қорытуды көмексіз жасай алады. Олар барлық түрдегі жұмыстарды орындауда мұғалімнің көмегін қажет етіп отырады. Білім берудің жаңа жағдайға өткізу аса қиналтпайды. Бірақ оқушы жұмыс екпінін төмендетеді, қателер жібереді, оны мұғалімнің көмегімен түзетеді: 2топтағы оқушылар өз істері жайлы түсіндіру анық емес, жинақтап қорыту деңгейі төмен.
- топ. Оқушылар жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады, әрі әр түрлі көмектерді қажет етіп отырады. Бұл оқушыларға тән қайта түсіндірілген материалды жеткілікті түсінбейді. Оларға оқытылған тақырыптың басты ойын анықтау қиын. Фронтальді сабақ барысындаматериалды нашар түсініп қосымша түсіндіруді қажет етеді. Олардың өз бетінше жұмыс істеуі төмен. 2 топтағы балаларға қарағанда материалды меңгеру екпіні төмен.
- топ. Бұл топтағы балалар жекелендірілген бағдарлама бойынша оқытылады, өйткені кейбір пәндердің негізгі мазмұнын олар түсіне алмайды. Оларға ең аз көлемді білім беру белгіленеді дедажетті оқу, жазу, санауды меңгерту болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz