Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I . тарау. Қаржы менеджментінің негіздері
1.1. Қаржыны басқару туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару ... ... ... 6
IІ . тарау. Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі
мен жүйесі ретінде
2.1. Мемлекет қаржысын басқаратын жоғары органдар ... ... ... ... ... ..10
2.2. Мемлекет қаржысын басқарудағы “Қаржы министрлігі” мен “Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің” орны ... ..12
2.3. Қаржы министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді.
Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролінің артуына ықпал етті.
Менеджмент - ағылшын сөздігінде «manage» басқару деген ұғым. Осыған байланысты, қаржы менеджменті қаржыны басқару немесе кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы оны пайдалану, тарату және ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын әдістер мен басқару шешімін іске асыру принциптерінің
жүйесі. Қазақстан Республикасында тиімді қаржы менеджменті практикасы әлі бастапқы даму кезеңінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық қиыншылықтары, нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан қажетті мамандарды дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.
Еліміздің нарықтық экономикаға енуі қаржылық басқарудың жаңа тәсілдерін талап етті, басқару жүйесінде жаңа мамандықтың қаржы менеджментінің пайда болуына ықпал етті.
Қаржы менеджментінің атқарымы және мәні, қаржы менеджментінің негізгі көрсеткіштері, кәсіпорынның қаржы көздері және оның құрылымының қалыптасуы, қаржы тұтқасының тиімділігі, фирманың инвестициялық саясаты, тәуекелдікті басқару, кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару және т.б.
Қаржыларды басқару дегеніміз жетілдіру және дамыту мақсатымен қаржылық, экономикалық және әлеуметтік жүйеге ықпал ету процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және осының негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуде қамтамасыз ету жөніндегі қаржы органдары арқылы жүзеге асатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
1. Құлпыбаев С. «Қаржы» Оқу құралы: Алматы, 2007. – 685 бет;
2. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. «Қаржы менеджменті» Оқу құралы: Алматы: Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 2002. – 187 бет;
3. Смағұлова Р.О. «Қаржы нарығы» Алматы, 2001;
4. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента» Москва, 1999;
5. Құлпыбаев С. ж не т.б. «Қаржы теориясы» Оқу құралы: Алматы, 2001;
6. Финансы. Под ред. А.Г. Грязновой, Е.Л. Маркиной. Москва, 2004;
7. Самсонов Н.Ф. и др. Финансовый менеджмент. Учебник. Москва: Финансы;ЮНИТИ, 1999. – 495с.;
8. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – Москва: Финансы и статистика, 2000 г – 768с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

"Қаржы және салық салу" кафедрасы

“Қаржы менеджменті” пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі
мен жүйесі ретінде.

Орындаған: ҚЭФ-інің сырттай оқу бөлімінің 4-курс
студенті Абдраимов Б.Н.

Тексерген: аға оқытушы Шотанова Г.Б.

Алматы - 2009ж.
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I - тарау. Қаржы менеджментінің негіздері

1.1. Қаржыны басқару туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару ... ... ... 6

IІ – тарау. Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі
мен жүйесі ретінде

2.1. Мемлекет қаржысын басқаратын жоғары органдар ... ... ... ... ... ..10

2.2. Мемлекет қаржысын басқарудағы “Қаржы министрлігі” мен
“Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің” орны ... ..12

2.3. Қаржы министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің

жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де
тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы
ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының
сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі
көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық
көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық
кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді.
Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың
ролінің артуына ықпал етті.
Менеджмент - ағылшын сөздігінде manage басқару деген ұғым.
Осыған байланысты, қаржы менеджменті қаржыны басқару немесе
кәсіпорындардың қаржы ресурстарының қалыптасуы оны пайдалану, тарату және
ақша қаражатының айналымын ұйымдастыруды басқару үшін жасалатын әдістер мен
басқару шешімін іске асыру принциптерінің
жүйесі. Қазақстан Республикасында тиімді қаржы менеджменті практикасы әлі
бастапқы даму кезеңінде, оған өтпелі кезеңнің объективті экономикалық
қиыншылықтары, нормативтік-құқықтық базалардың жетілдірілмеу салдарынан
қажетті мамандарды дайындау деңгейінің төмендігі себеп болды.
Еліміздің нарықтық экономикаға енуі қаржылық басқарудың жаңа
тәсілдерін талап етті, басқару жүйесінде жаңа мамандықтың қаржы
менеджментінің пайда болуына ықпал етті.
Қаржы менеджментінің атқарымы және мәні, қаржы менеджментінің негізгі
көрсеткіштері, кәсіпорынның қаржы көздері және оның құрылымының қалыптасуы,
қаржы тұтқасының тиімділігі, фирманың инвестициялық саясаты, тәуекелдікті
басқару, кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін
басқару және т.б.
Қаржыларды басқару дегеніміз жетілдіру және дамыту мақсатымен
қаржылық, экономикалық және әлеуметтік жүйеге ықпал ету процесі және қаржы
қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және осының
негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуде қамтамасыз ету жөніндегі қаржы
органдары арқылы жүзеге асатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

I - тарау. Қаржы менеджментінің негіздері

1. Қаржыны басқару туралы түсінік

Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік
жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және
каржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және
мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны
басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі - бұл
мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті
үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Қаржы жүйесінде оны басқаруды
арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің соның ішінде әр түрлі
ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігенде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының
тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
- басқарудың ғылымилығы;
- орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
- басқарудағы жауапкершілік;
- шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық
өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
корлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан
басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың
экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатының
білдіреді. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен
тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз
кұбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды кажет етеді. Сонымен бірге айқын және
уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары
сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында баскару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы үдерісін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың акиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер
қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық
және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның
көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары
арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері
арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды
пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, каржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару жұмыскерлерінің
жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің - каржы органдарының
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы кұрылымдарының барлық
жұмыскерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы үдерістерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құкығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау
қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржылық
қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың
сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын
бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы.
Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық
органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың
жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің,
ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің
қаржы басқармалары мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен
топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомостваларда қаржыны басқарудың сызбасы
басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды
орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау - қаржылық немесе
қаржылық-бухгалтерлік басқармалар жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің
шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды., қаржыны: айналым қаражаттарының
айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымыңа пайдаланылмай жатқан тауар-
материалдық құлдылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен сыраптарды
қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдылығын азайтуды және
жоюды, ішкішаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды
жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті)
арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттырға бағытталған ұсыныстар
дайындайды. Олар сонымен бірге ведомоствоға қарасты шаруашылық
бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар,
әдістемелік материалдар дайындайды.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының
аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың
жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға
қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын
үйлестіреді.
Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше
болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы
бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы-өткізім немесе
бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.
Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайында басқару қаржы
менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық
үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып
табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша
қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп
жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып
пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды
ұйымдастыру.
Төменгі буындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары)
кредит және есеп айырысу операцияларының (акцияның, вексельдің,
факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырьш, оперативті
қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстармен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен
қатар, жоғарғы органдар олардың қатысушыларының жалпы жиналысы
(өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда - акционерлердің
жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің
лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды
адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вицепрезидентті
(басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне
- қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның
бағынысындағы жеке қызметшілер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық
қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (1 сызба) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-
қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.
Қаржы бөлімінің тұрпаттық құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-
экономикалық бюросы (қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау
мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар
бюросы, есеп айырысу бюросы (сатьш алушылармен есеп айырысу, тапсырыс
берушілермен есеп айырысу және кінәрәт-талап топтары).
Валюталық операцияларды жүзеге асыратьн кәсіпорындарда валюта тобы
құрылады.

1-сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару

Ірі кәсіпорындарда қаржы қызметін экономика немесе қаржы жөніндегі
директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент (әсіресе,
акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды
адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы,
бухгалтерия, экономикалық талдау секторы және т.б. бағынуы мүмкін.
Қаржы-өткізім бөлімдері сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен,
бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, қаржылық
жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас
функцияларды жеке атқарушы - мамандар орындай алады.
Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен
қаржы нормативтерінің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-
қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау
бухгалтерияға жүктеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды
міндеттері мыналар болып табылады:
- табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және
рентабелділікті арттыру;
- өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы
шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
есеп айырысуларды ұйымдастыру;
- өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдалануға
жәрдемдесу;
қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының
сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және
басқалары.
Фирманың, кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк
мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп айырысу-кассалық қызмет
көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашылықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын
басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ
басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы
службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы
көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын
іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің
басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржы
службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

IІ – тарау. Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі
ретінде

2.1. Мемлекет қаржысын басқаратын жоғары органдар

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары - Қазақстан Республикасының Парламенті, Президент аппараты,
Үкіметі, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
жүзеге асырады. Қаржы проблемалары жөніндегі шешімдер қоғамды дамытудың
бағдарламаларын әзірлеумен және жүзеге асырумен байланысты басқа шаруашылық
және саяси проблемаларымен тығыз матасатындықтан бұл органдар басқа
функцияларды орындаумен бірге қаржыны басқарады. ұзақ мерзімді, орта
мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды (болжамдарды)
жүзеге асыру міндетті қаржылық қамтамасыз етуді, яғни нақтылы қаржы
ресурстарын іздестіруді қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық
проблемалар бойынша шешімдерді жасау үдерісінде салықтық, салықтық емес
түсімдер, трансферттер, қарыз қаражаттары, ақша қаражаттарының басқа
көздері түрінде қаржы базасы айқындалады.
Қазақстан Республикасы Президентте көп жағдайда Президент аппараты
арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру
тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді,
оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу
туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жылға
арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және салық-бюджет
саясатының негізгі бағыттары айқындалады;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады
және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың
көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. ұлттық қорды
қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті
қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын
бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы - Парламентке жүктелген.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті,
сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді,
бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды,
мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге көмек
көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді -
Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және
кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама кұқында жүзеге
асырылады. Парламент аса маңызды коғамдық қатынастарды реттейтін заңдар
шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді. Парламенттің жұмыс
органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты
комитеттерінің бірі - экономика, қаржы және бюджет комитеттері болып
табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында
дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі - Министрлер Кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, ұлттық қорға активтерді есептеу,
ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды, елдің
қаржы жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды жасап, жүзеге асырады,
мемлекеттік қаржы, валюта және материалдық ресурстарды жасау және пайдалану
кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, Қазақстан
Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бұл органдар басқа функцияларды орындаумен бірге қаржыны басқарады,
өйткені қаржы проблемалары жөніндегі шешімдер қоғам дамуының
бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен байланысты басқа шаруашылық
және саяси проблемаларымен тығыз тоқайласады. ұзақ мерзімді, орта мерзімді
және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды (болжамдарды) жүзеге
асыру міндетті қаржылық қамтамасыз етуді, яғни нақтылы қаржы ресурстарын
іздестіруді қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық проблемалар
бойынша шешімдерді жасау үдерісінде салықтық, салықтық емес түсімдер,
трансферттер, қарыз қаражаттары, басқа ақша көздері түрінде қаржы базасы
анықталады.

2.2. Мемлекет қаржысын басқарудағы “Қаржы министрлігі” мен “Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігінің” орны

Жалпымемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар - Қаржы
министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес
Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік
бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару,
есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз
борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік
есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің
атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, олардың
қаражаттарының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын бақылау, сондай-ақ
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп,
есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық ету;
- салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге түсімдерді, міндетті
зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан
Республикасының ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
- өз кұзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- мемлекеттің салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- банкроттық рәсімін жүргізуге, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз
борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген
өзге міндеттер.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды
жүзеге асырады:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке
кірістердің түсуі сферасында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын айқындауға қатысу;
өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық басқару
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Стандарт- сапалыққа сенім
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Экономикалық дамудағы қаржы
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Құрылған кәсіпорынды басқару
Пәндер