Кәсіпорынды жоспарлаудың теориялық негіздері
КIРIСПЕ
І. КӘСІПОРЫНДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайында бизнес.жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы
1.2 Кәсіпорын жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
II. БИЗНЕС.ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ
2.1 Қаржылық жоспарлау . кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бизнес.жоспар негізінде бағалау және болжау әдiстемесi
2.3 "Жігер" ЖШС.нің бизнес.жоспарын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл ұйымдастыра бiлмесе, нарық жағдайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа жетпейдi.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау- бұл кәсiпкерлiктiң барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал. Ал бизнес-жоспар- үнемi жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады.
Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi, жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi. Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине бұл шешiмдердiң әрқайсысының өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл өлшеу көбiнесе мүмкiн болмайды.
Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет. [1, 56 б. ]
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ, серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады. Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.

1. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
2. Нурмуханова Л.К. Концептуальные подходы к организаций антикризис-ного управления // Саясат. - 2007. - № 3-4. - с. 102-107
3. Мухамбетов Т. И., Нукушев А. Г. Банкротство и антикриэисное управ-ление предприятием Учебник: Алматы, 2000.
4. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы, Мерей, 2000.- 154 бет.
5. www.google.kz
6. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
7. В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2002. – 544 с.
8. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
9. Абрютина М.С. Анализ финансово экономической деятельности предприятия.: Учеб. прак. пособие. - 3-е изд.испр. - М.: Изд. «Дело и сервис» ., 2005.- 265 с.
10. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Мн.: ООО “Новое знание”, 2003 г.
11. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходной экономике (на примере Республики Казахстан). -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2008. — 141 с.
12. Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. -Алматы : Экономика, 2006. — 330 б.
13. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. М.: ИНФРА-М, 2003 г.
14. Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2003
15. Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 2004 ж. – 272 бет.
16. Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 1996.
17. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.
18. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
19. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
20. «Жігер» ЖШС-нің 2009-2013 жылдарға арналған бизнес-жоспары.

Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын
қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi
туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы
ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл
ұйымдастыра бiлмесе, нарық жағдайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз
етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз
болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа
жетпейдi.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау- бұл кәсiпкерлiктiң
барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал. Ал бизнес-жоспар- үнемi
жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта
болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады.
Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл
бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi,
жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi.
Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының
жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер
арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине бұл шешiмдердiң әрқайсысының
өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм
қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл
өлшеу көбiнесе мүмкiн болмайды.
Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн
арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы
неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру
арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-
жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және
еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн
экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет. [1, 56 б. ]
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы
факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс
бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ,
серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс
екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды
өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен
серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу
мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана
қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы
мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып
алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер
етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар
қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген
қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару
қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады.
Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан
және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.
Әдетте бизнес-жоспар жобаның жүзеге асыру мүмкiндiгi әбден
зерттелгеннен кейiн, оның өмiр сүру қабiлеттiлiгi анықталғаннан соң және
бағалау зерттеулерi жүргiзiлiп, оны жүзеге асыруға болады деген соңғы шешiм
қабылданғаннан кейiн ғана құрылады. Одан ары қарай жобаның мақсаттары мен
кәсiпорынның мақсаттары қалай ұштасады, және жобаны жүзеге асыру барысында
және нәтижесiнде серiктестердiң, несие берушiлердiң, инвесторлардың
мүдделерi қалай сақталады деген сияқты мәселелер анықталады.
Бизнес-жоспар оған қызығушылық танытқан тұлғаға iстiң дәл мәнiсi
жайлы, оған қатысу дәрежесi және одан келетiн пайда туралы дәл ақпарат
беруi керек. Ол жаңа өнiм өндiрудi немес оны елеулi модификациялауды
көздеген бiрнеше компаниялардың қызметiн үйлестiретiн белсендi құрал болуы
керек.
Дағдарыстық экономика жағдайында кез-келген кәсiпкер қарыз құралдарын
тарту қажеттiлiгімен кезiгедi, өйткенi кең көлемде қызметтi жүзеге асыру
үшiн әдетте кәсiпорындардың меншiктi құралдары жеткiлiктi бола бермейдi.
Тап осы кезде бизнес-жоспар және бизнес-ұсыныс жасалады. Бұл, бiрiншiден,
қолда бар ресурстарды маңызды проблемаларды шешуге жұмылдыруға мүмкiндiк
бередi, екiншiден, кәсiпкерде өз бизнесiн жоспарламау нәтижесiнде жiберген
қателерiн жөндеуге не ресурсы, не уақыты болмай қалуы мүмкiн. Оған қоса,
дағдарыс жағдайында бизнестiң табыстылығы емес, ең алдымен оның өмiр
сүргiштiк қабiлетi, яғни ұзақ мерзiмдегi оның активтерi мен
мiндеттемелерiнiң арақатынасы бiрiншi орындағы маңызды проблема болады. [2,
102-107 бб.]
Ресурстар алға қойылған мақсатқа бағытталған және мейлiнше тиiмдi
пайдаланылған жағдайда ғана компания нарықта өз орнын сақтап қалады және
табысқа жетедi, ал бұған бизнес-жоспарды құру және енгiзу мүмкiндiк бередi.
Сонымен, бизнес-жоспарлаудың қазiргi нарық жағдайында компаниялар
қызметiн табысты жүзеге асырудағы маңыздылығын ескерек отырып, бұл
тақырыптың өзектiлiгiн байқауға болады.
Курстық жұмыстың алға қойған мақсаты- бизнес-жоспардың, әсiресе оның
қаржылық бөлiгiнiң маңызын, құрылу қағидаларын, әдiстемесін талдау болып
табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын
айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың
iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
І. КӘСІПОРЫНДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол
жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім
өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және
еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын
жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс
береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын
инвестицияның тиімділігін негіздейді.
Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия
пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы экономикалық жағдай
кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілдеме қолдануды талап
етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет.
Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау
нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол
жеткізудің оптималды варианты - бизнес-жоспар болып табылады.
Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі – сауатты басқару және
жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол
жеткіліксіз. Өздерінің іс-әрекеттерін жоспаралайтын көптеген кәсіпорындар
сәтсіздікке ұшырады, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен
қарау керек. [1, 59 б. ]
Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын
оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын,
уақыт өтісімен ақпарат та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар
өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа
өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту
деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан
оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы
ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтарын сезінуге,
қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін
құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған
инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын
проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс
құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл
жобаға қаражат салуға тұра ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты
ақтайтындай табыс әкеле ме?”
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге
байланысты қажет:
Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі
бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық
экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар
алдын-ала көріп біле алмайды;
Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің
алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін
тудырады.
Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың
өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;
Бизнес-жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі
міндеттерді шешуге көмектесу: [3, 106 б. ]
болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;
осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды
тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы
жоспарланған істің табыстылығын анықтау;
өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;
өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін
бақылау көрсеткіштерін анықтау.
Бизнес-жоспар – қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне,
қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің
арнайы құралы.
Батыс елдермен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың
бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес-
жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін
жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті
ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге басты назарды айналысқалы отырған
ісіне шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл жекелеген ұсақ аспектілерге
көңіл аудармауға жағдай жасайды. “Бизнес әлеміне ұшпас” бұрын, кәсіпкер өз
бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас
үшін, болашақтағы іс-әрекетін қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
2. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға көмектеседі. Егер
бизнес-жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге асырылуына негіз болады.
3. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөндеумен тең. Жоспардың
болмағанынан болғаны жақсы.
4. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс тұлғаларға
жеткізеді, бұл қаржыландыру көздерін тарту немесе бірлескен кәсіпорын құру
үшін қажет. [4, 156 б. ]
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді
білгісі келеді:
• Сізге қанша ақша қажет?
• Ол сізге қашан қажет болады?
• Қаражат сізге не үшін қажет?
• Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылған істер жоспарсыз оқиғаларға
жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда табысқа әкеледі. Өйткені
бизнес-жоспар басты мақсатқа зер салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті
міндеттерге басты назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр
елде, әр салада әртүрлi құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын
инвестициялық жобаларды құру ДСҰ-ның ұсынған халықаралық стандарттары
бойынша жүргiзiледi. Соның құрылымын қарастырайық. Негiзгi тараулар
келесiдей:
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттар мен бизнес стратегиясын анықтау
). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзiмдерi;
2. Жобаның алғышарттары және идеясы;
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгiлеу стратегиясы).
Нарықтағы сұранысты бағалау;
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта;
5. Техникалық жобалау және технология. Жобаның базалық технологиясы;
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару. Өндiрiстiк процесс. Өндiрiс көлемi.
Өнiмнiң стандарттары мен технологиясы;
7. Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау.
8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн анықтау.
Ендi осы тараулардың әрқайсысына қысқаша түсiнiктеме берiейiк.
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы.
Бұл тарауда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның
құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлерi, заңгерлiк тiркелген және
орналасқан жерi, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының
мөлшерi, құрылтайшылық құжаттарында келтiрiлетiн бiрқатар маңызды деректер
берiледi. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвстициялық
жобаға қысқаша сипаттама берiледi. Жобаны жүзеге асыру мерзiмi, оның құны
және қаржыландыру көздерi, жобаны жүзеге асыру кестесi т.с.с. мәлiметтер
осы тарауда көрсетiледi.
Қажеттi ақша құралдарына деген қажеттiлiктi 2 бағанға бөлiп көрсеткен
дұрыс: ақша құралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздерi. Бұл екi
көрсеткiш арасындағы айырмашылық қажеттi ақша құралдарының мөлшерiн анықтап
қана бермейдi, сонымен қатар жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану
бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына
ерекше көңiл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз
құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелдi толық
ақтайтындығына көз жеткiзу керек. [6, 74 б. ]
2. Жобаның алғышарттары және идеясы.
Мақсат дегенiмiз-белгiлi бiр уақыт аралығында қол жеткiзудi көздеп
отырған қызмет нәтижесi. Мiндет - бiрқатар сандық және сапалық
параметрлермен сипатталатын, берiлген уақыт мерзiмi iшiнде қол жеткiзiлетiн
қажеттi қызмет нәтижесi.
Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткiзудi
көздеп отырған жетiстiктерi ретiнде белгiлi бiр иерархиялық тiзбекте болуы
мүмкiн, немесе басымдықты мақсат бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн, немесе компания
қызметiнiң әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берiлуi мүмкiн.
Мұндай мақсаттарға, мысалы, мыналар жатады:
- өнiм өткiзу көлемiн белгiлi бiр нақты деңгейге жеткiзу;
- өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы шығындарды нақты бiр шамаға төмендету;
- өнiмнiң сапасын белгiлi бiр нақты деңгейге көтеру;
- белгiлi бiр нақты мөлшерде таза пайда мөлшерiн алу;
- компанияның нарықтағы үлесiн белгiлi бiр нақты процентке арттыру.
Осы тарауда сондай-ақ, өндiрiлетiн өнiм ассортиментi, жобаның жүзеге
асырылатын жерi, экономикалық тиiмдiлiгi, оның заңгерлiк рәсiмделуi,
мемлекеттiң жүргiзiп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесiмдiлiгi
туралы қысқаша мағлұматтар берiледi.
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы.
Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдайды
жақсы бiлетiндiгiн көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы негiзгi
бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсiлдерi, және т.б.
Маркетинг жоспары фирма қызметiн iшкi ұймдастыру үшiн, сондай-ақ
серiктестер және инвесторлармен келiссөздер жүргiзу кезiнде қажеттi құрал
болып табылады. [7, 251 б. ]
Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серiктестермен өзара арақатынастар
негiзiн қалыптастырады, оның мақсаты-тауарды бөлiп-тарату схемасы туралы,
баға белгiлеу мен өткiзудi ынталандыру әдiстерi туралы анық көрiнiс беру.
Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданатын баға белгiлеу
стратегиясы, нарықтың мақсатты сегменттерiн таңдау, сату болжамдары,
тауарды бөлiп-тарату схемасы, клиенттерге сатудан кейiн де қызмет көрсету,
жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелерi, дайын өнiмдi немесе
тауарды өткiзу каналдары туралы ақпарат берiледi. Сонымен қатар компанияның
тауарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткiзудi ынталандыруда
қолданылатын маркетингтiк тәсiлдерi көрсетiледi. Жалпы маркетингтiк
концепциясына сипаттама берiледi.
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта.
Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшiн жердi таңдау туралы шешiмдi
қабылдау негiзделедi. Өнiмдi өндiру iсi жүзеге асырылатын құрылыс үйлерi,
жер учаскелерi қандай қағидаға сүйенiп алынғаны көрсетiледi.
5. Техникалық жобалау және технология.
Бұл тарауда жоба шеңберiнде қарастырылған ұсынылып отырған тауар
немесе қызмет өндiрудiң технологиясы мен техникалық сипаттамалары
келтiрiледi. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен
кемшiлiктерi көрсетiледi.
Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, оларды өндiрушiлер
туралы, құрал-жабдықтың жұмыс iстеу режимi, техникалық-технологиялық линия
жұмысы туралы мағлұматтар берiледi. [8, 119 б. ]
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару.
Ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент-бұл фирманың iскерлiк кестесi,
қызметiнiң құқықтық қамтамысз ету сұрақтыры, кәсiпорында басқаруды
ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық
бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң өзара қызметiн үйлестiру.
Iскерлiк кесте- бизнес-жоспардың қажеттi бөлiгi. Мұнда өнiмдi өндiру,
нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешушi iс-әрекеттердiң уақыт
кестесiн бекiту қажет. Iстi табыстылыққа жеткiзетiн мейлiнше маңызды
тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады. Бизнес-жоспардың шешушi оқиғалары
болып мыналар табылуы мүмкiн: шикiзат пен материалдарға тапсырыс беру;
дизайынды дайындау; тауардың бiрiншi көрмесiн ұйымдастыру; өндiрiстiң
басталуы; алғашқы тапсырыстың түсуi; алғашқы сату; алғашқы шоттар бойынша
есеп айрысу және т.с.с.
Сондай-ақ, бұл тарауда өндiрiс процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi,
өндiрiс көлемi, шығарылатын дайын өнiмнiң стандарттары мен технологиясы
туралы ақпарат берiледi.

Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi ағымдық және ұзақ мерзiмдi
сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттiлiктi анықтау болып табылады.
Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни
оның шамасын, активтерiнiң көлемiн және олардың қаржылану көздерiн
анықтаудан басталады.
Қаржылық жоспарлаудың объектiлерi болып мыналар табылады: өнiмдi
өткiзуден түскен түсiм; пайданың қалыптасуы және қолданылуы; Шығындарды
жабу көздерi; бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық
компаниялармен арадағы қарым-қатынастар. [9, 85 б. ]
8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн
анықтау. Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаның ел экономикасы және
экологиясына тигiзетiн әсерi негiзделедi. Яғни жобаның барлық қатысушылар
үшiн әкелетiн пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешiмiн қабылдаған
потенциалдық инвесторларға келетiн ұтыс дәлелденедi.
Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетiн салдары көрсетiледi. Егер
өндiрiстiң табиғатқа терiс салдары болса, оларды жою немесе керi салдарын
мейлiнше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемi сияқты
мәселелер де осы тарауда бейнеленедi. [10, 124 б. ]
1.2 Кәсіпорын жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы шетелдік мемлекеттер бизнесінде
кәсіпорындағы кез-келген жоспарлау қызметін басқарушы болмағанымен,
әрқайсысы оны жоспарлауға қатысуы тиіс деген ұғым қалыптасты. Ондағы
рыноктық қатынастырдың қозғаушы күші тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру жолындағы бәсеке.
Бәсекелердің бағытын зерттеу М. Портер енгізген рынокта тек өзі
кездесетін тікелей бәсекелестіктен ғана емес, сонымен бірге бәсекелестердің
бәсекелестік күштерінің алатын маңызына, осы рыноктағы әлеуметтік
бәсекелестерге, ауыстырғыш тауарларды өндіретін фирмаларға да тәуелді
өзінің бәсекелестік артықшылығын жүзеге асыратын компаниялардың
мүмкіндігінен шығатын қарсылардың кеңейтілген тұжырымдамасынан шығады. [12,
63 б.]
Бәсекелестерге талдау жасау, олардың мақсатын стратегиясын, олар
иеленетін қаржының деңгейін, жоспарлау бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта шетелдік тәжірибе көрсетуінше жоспарлау қызметін
ұйымдастыру кезінде келесі ұстанымдардың бірі жатады: функционалдық,
тауарлық, рыноктық, географиялық. Қазіргі уақытта шетел фирмаларында
жоспарлау қызметтің әртүрлі құрылымдық фирмалары бар. Оның ішінде ең көп
таралған формасы функционалдық болып табылады. Ол жоспарлау элементтерінің
бірі маңызды болған кезде және шығарылатын тауар топтары арасында үлкен
айырмашылық болмауында қолданылады. Бұл форма кез-келген фирманың жалпы
ұйымдастырушылық құрылымына біршама жеңіл қосылады. Қандай да болмасын
шетелдік кәсіпорындардың кәсіпорынды жоспарлау қызметінің басты бағыты мен
іске асырылуы бизнес-жоспар негізінде жүргізіледі.
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін
қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы
проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.
Сонымен, бизнес-жоспар – бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген
мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған мақсаттарға
қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын
құрал.
Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттердің схемасы.
Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған
мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсаттарға қол жеткізуге қажетті барлық
ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.
Шетелдік компаниялардың нарықты зерттеудегі 10 үлгілік және ауқымды
міндеттерін көрсетуге болады: нарық сипатын зерттеу; рыноктың әлуетті
мүмкіндіктерін зерттеу; рынок пен фирма арасындағы үлесті бөлуді талдау;
өткізуді талдау; іскерлік белсенділік тенденциясын зерттеу; бәсекелестер
тауарларын зерттеу; қысқа мерзімді болжау; баға саясатын зерттеу.
Мынандай американдық компаниялар Левер Бразерс, Дженерал
электрикс, Дюпон де Немур және басқалары оны кеңінен қолданады.
Маркетингтік зерттеулер нәтижелері компаниялармен: стратегиялық және
күнделікті жоспарлауда; кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік
қызметінде; өндіріс көлемін анықтауда; экспорт саясатын дайындауда;
маркетингтік стратегияларды, тактикаларды, әдістерді және сұранысты
қалыптастыру және өткізуді ынталандыру тәсілдерін анықтауда; компаниялардың
жұмысының тиімділігін бағалауда оның қызметінің өзгеруі ұсыныстарды өңдеуде
қолданылады. Кейбір компаниялар рынокты зерттеуден бас тартқан жағдайларда
олардың шығындары зерттеуге кететін шығындардан 10-100 есе асып кетуі
мүмкін. [11, 38 б]
Нарықты зерттеуде маңызды мыналармен қорытындыланатын кешенді тәсіл
қажет: нарықтың барлық негізгі элементтерін талдау қажеттігі туындайды; оны
зерттеуде жалпы экономикалық құбылыс пен өнім рыногының өзара байланысының
міндеттілігі бар; оған ықпал жасайтын ішкі сипаттағы (осы нарыққа қатынасы
бойынша) факторлардың барлық негізгі топтарын қамту жүреді.
Әртүрлі компаниялар өздерінің бағдарламаларында жекелеген
компоненттерге әртүрлі мағына беруі мүмкін. Элементтердің нақты жиынтығы
бағдарламада фирманың өнімдеріне, тұтынушыларға, бәсекелестерге, аймаққа,
ішкі және халықаралық нарықтағы сату арақатынасына тәуелді. Бірақ кез-
келген жағдайда маркетингке бағытталған фирма қызметінің негізгі бағыты деп
нарықты зерттеуді және сұранымды ынталандырудың әртүрлі формаларын
есептейді. Бұл мәселелерді маркетингтің стратегиялық бағдарламалары
анықтайды.
Әлемде экономиканың экспортқа бағдарланған модельдерiн құрудың бай
тәжiрибесi жинақталған. Экспорттық бағдарланудың бес түрiн бөлiп алуға
болады: шикiзат ресурстарының экспорты, экспорттық-өңдеушi аймақтар,
құрамдас бөлiктер экспорты, толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң экспорты
және меншiктi сауда маркалары (брендтер) бар өнiмдер экспорты.
Iрi трансұлттық компаниялар арзан жұмыс күшiн іздеп коммерциялық
тапсырыстарды шығыс-азия елдерiне орналастырды, ал олар өз кезегiнде елдегi
жұмыс күшiнiң қымбаттауына байланысты жұмыс күшi арзан болып тұрған елдерге
тапсырыстарды қайта орналастырып отырды. Бұл процесте Шығыс Азияның дамушы
елдерi дамыған елдердiң компанияларынан түскен коммерциялық тапсырыстар
арқылы өзiнiң индустриялық әлеуетiн дамытуға мүмкiндiк алды. Өзiнiң
индустриялық әлеуетiн жетiлдiре келе дамушы елдер өз тұғыр-шебiн нығайтып,
экспорттың жаңа түрлерiне iлгерiледi. [12, 83 б. ]
Әлемнiң көптеген елдерi коммерциялық тапсырыстар арқылы жаңа
индустрияларды негiздеу мүмкiндiгiне белгiлi жағдайларға байланысты ие
болған жоқ. Басқаша айтқанда, трансұлттық компаниялар кейбiр Шығыс Азия
елдерiнiң әлемдiк экономикаға кiруiне және дамыған елдердiң бай рыноктарына
одан әрi қол жеткiзуiне көмектестi.
Бәсекелестiк жағдайларды жасау мақсатында заңнамалық база сындарлы
талданатын болады және Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестiктi
орнатуға кедергi жасайтын тауарлар мен қызмет көрсету жолындағы барлық
кедергiлер жойылатын болады.
Сауда режимiн кезең-кезеңiмен ырықтандыру сауда саясатының стратегиялық
бағыты болуы тиiс. Бұл саясатты қосылған құн тiзбегiн одан әрi дамыту
пайдасына шикiзат салалары кiрiстерiн бөлшектеп қайта бөлу, сондай-ақ
ғылыми және инновациялық әзiрлемелерге негiзделетiн жаңа өндiрiстердi
ұйымдастыру арқылы, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде жүргiзу қажет.
Бүгінде көптеген ірі халықаралық корпорациялар өздерінің қаржылық
басқару мен ұйымдастыруын тиімді етіп жүргізуге ынталы болып отыр. Өйткені
ғаламдану барысындағы жоғарғы бәсекелестіктің сұранысы осыған алып келеді.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген корпорациялары өздерінің қаржыларын
акциялар шығару арқылы тартуға ынталы және олар акционерлердің аз ғана
тұлғалар емес, көптеген жекелеген тұлғалардың сатып алуына бейімді болады.
Өйткені, акция ұстаушы тұлғалар көп болған сайын, олар қоғамда өздерінің
акцияларының болашағы болып табылатын компанияны қолдап, оны жоғарғы
дәрежеде танымал болуға жетелеп отырады. [13, 126 б. ]
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс нақты
өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның
тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт
жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда
ерекше бір бағыт ұстануы қажет. Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті
жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық
саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін
қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға шығады.
Технологиялық үрдістің сапасы оның жаңалық енгізу қабілеттілігімен
сипатталады. Ол техника-технологиялық сипаттар жағынан сондай-ақ
экономикалық көрсеткіштер жүйесі тұрғысынан бағаланады. Көп қолданып жүрген
техника-экономикалық және функционалдық-құндық әдістерді талдау және
жоспарлау техника мен экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті
көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендерге қарасақ, инновациялық әрекеттің
маңызды кезеңі техникалық дәреже мен жаңалықтардың бір-бірімен байланысын
және тәуелділігін қарастырады. Өйткені, сапа мәселесі және жаңа техниканың
экономикалық тиімділігін бөлек шешу мүмкін емес. Ол үшін кәсіпорынның
техникалық дәрежесін көрсететін өзіндік құн, өндіріс шығындарын анықтайтын
үлгілерді яғни, баламалы варианттарды таңдау керек. Кәсіпорындар саны, өнім
көлемі мен маңыздылығына және негізгі өндіріс үрдісінің автоматтандыру
деңгейіне байланысты кәсіпорынның жоспарлау қызметін жан-жақты талдау
бүгінде шетелдік және отандық кәсіпорындардың жауапты және басты
қызметтерінің бірі болып табылады.
II. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы
ретінде

компаниялармен арадағы қарым-қатынастар. [14, 168 б. ]
Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлiгiнде жоспарланған пайда, әр
тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлiктi сатудан түскен
түсiмдер және т.с.с. табыстар көрiнiс тапса, шығындар бөлiгiнде-салықтық
төлемдер, несие үшiн төленетiн проценттер, сақтандыру шығындары, таза
пайданы қорлануға жұмсау, резервтiк қорлар бейнеленедi.
Ағымдық қаржылық қызметтi бақылау компанияның жедел жоспарының
көмегiмен жүргiзiледi. Ақша құралдарының шығындарының орындалуын және
мерзiмiн, сондай-ақ олардың қаржыландыру көздерiн жедел бақылау үшiн төлем
күнтiзбесi құрылады. Ақшалай түсiмдер мен шығындардың баптары уақыт
аралықтарына қарай (ай, тоқсан, декада) және балансты түрде құрылады.
Жоспарланған шығындардың күтiлген түсiмдерден асуы компанияның өзiне алған
мiндеттемелерi бойынша есеп айрысудың мүмкiн еместiгiн бiлдiредi. Бұл
жағдайда шығындардың бiр бөлiгiн немесе болашақ кезеңдерге ауыстыру керек,
немесе компания шотына тез арада ақша түсiмдерiнiң түсуiн қамтамасыз ету
керек.
Компанияның төлем қабiлеттiлiгiнiң бiр жағы - касса арқылы компанияның
жұмыскерлерiне қолма-қол ақша төлемдерiн жүзеге асыру. Осыған байланысты
жоспарланған еңбек ақы қорының деректерiнiң негiзiнде, материалдық
ресурстарды сату туралы ақпарат негiзiнде, табыс салығының сомасы туралы
деректер, жалақы төлеу күнтiзбесi және т.б. негiзiнде кассалық жоспар
құрылады.
Сайып келгенде компанияның дамуы әрқашан оның қаржылық жағдайын
жақсартуға, сәйкесiнше жоспарланған табыстар шамасын алуға бағытталған.
Көрсеткiштердi ағымдық талдау баланс пен қаржылық нәтижелер есебiн құру
үшiн негiз болып табылады.
Қаржылық жоспарлау барлық жоспар түрлерiн бiрiктiредi: маркетинг,
өндiрiс, материалдық-техникалық жабдықтау, өткiзу, техникалық даму. Бұл
алынған және көзделген көрсеткiштердi сыйымды және түсiнуге жеңiл формада
бейнелеуге көмектеседi. Мұндай форма болып компанияның балансы табылады.
[15, 132 б. ]
Баланс активтерi олардың белгiлi бiр мерзiмдегi орналасу құрамы және
шамасы туралы ақпарат бередi. Олар алынған және болашақта алуға көзделген
құралдарды көрсетедi (жобалық баланс).
Баланс пассивтерi, немесе “капитал мен мiндеттемелер” компанияның
активтерiн жабуға арналған және белгiлi бiр мезгiлге мақсатты қолданылуы,
мерзiмi, қаржыландыру көздерi бойынша бөлiнiп таратылған құралдарын
көрсетедi.
Компанияның қаржыландыру көздерiнiң және пассив баптарын
қалыптастырудың құрылымы қарапайым. Барлық құрал көздерi қысқа және ұзақ
мерзiмдi болып бөлiнедi, соңғылары (аванстық капитал) өз кезегiнде
меншiктi және қарыздық болып бөлiнедi. Меншiктi капитал негiзiнен
компаниялардың қорланған жарғылық қорында, резервтерде (резервтiк, қосылған
капитал және жинақталған пайда) шоғырланады.
Ағымдық шаруашылық қызметтi және оның нәтижелерiн тексерудi жүзеге
асыру үшiн пайдалар мен залалдар туралы есептiк форма қолданылады, және бұл
жағдайда “жоспарлық көрсеткiштер” және “есептiк көрсеткiштер” графалары
енгiзiледi.
Қаржылық қызмет компанияның қызмет етуiнiң барлық аспектiлерiн қамтиды:
өндiрiс, өткiзу, негiзгi және айналым қорларының ұдайы өндiрiсi. Ол
өндiрiстi үздiксiз қалыпты деңгейде жүргiзiп тұруды және өнiмнiң ұдайы
өндiрiсiн қамтамасыз ететiн ақшалай табыстарды қалыптастыруға бағытталған.
Қаржылық жұмысты ұйымдастыру сырт мекемелермен өзара қарым-қатынас
негiзiнде құрылады: банктер, сақтандыру ұйымдары, бюджет және т.б.
компаниялар. Оның табысы өндiрiстiк және ұдайы өндiрiстiк циклға қызмет
көрсетудi ұйымдастыруға, өз мiндеттемелерi бойынша сыртқы ұйымдармен дер
кезiнде және дұрыс есеп айрысуға байланысты. Басқаша сөзбен айтқанда,
компания тұрақты қаржылық жағдай жағдайында серiктес ретiнде де, капиталды
салатын объект ретiнде де сенiмдi бола алады.
Тұрақты қаржылық жағдай компанияның бүкiл өндiрiстiк-шаруашылық қызмет
процесiнде қалыптасады және компанияның активтерi мен пассивтерiнiң
шамасына, негiзгi және айнлалым капиталының салыстырмалы шамасына,
кредиторлық және дебиторлық қарыздарының шамасына, меншiктi және қарыз
құралдарының жағдайына, салық жүйесi мен саяси жағдайға, т.с.с. көптеген
факторларға байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында компания өз проблемаларын өз бетiнше,
яғни серiктестер мен несие берушiлер көмегiнсiз шешуi мүмкiн емес.
Сондықтан компанияның бизнес бойынша серiктес және несие алушы объект
ретiндегi тартымдылығы бiрқатар сапалық және сандық көрсеткiштер кешенi
арқылы анықталады.
Талдау тәжiрибесiнде мыналар бағаланады: компанияның мүлкi, қаржылық
жағдайы және қаржылық-шаруашылық қызметi. Компания мүлiгiн бағалау кезiнде
келесi көрсеткiштер есептеледi: негiзгi құралдардың шамасы және олардың
жалпы актив сомасындағы үлесi, тозу, жаңару және шығу коэффициентi және
т.с.с. [16, 144 б. ]
Компанияның даму процесінде өткiзу көлемiнiң, өнiм сапасының, нарық
конънктурасының өзгерiсiнiң әсерiнен құралдар құрылымы мен олардың
қаржылану көздерiнiң құрылымы да өзгерiске ұшырайды. Бұл өзгерiстер
динамикасын талдау үшiн қаржылық есептiк және көлденең талдау әдiстерi
қолданылады.
Инвестициялық институттар, банктер, несие берушiлер капиталды неғұрлым
пайдалы орналастыруға тырысады, ол үшiн олар көп күш-жiгер және шығын
жұмсайды. Мұндай сыртқы агенттер үшiн алғашқы ақпарат болып компаниялардың
ресми жариялайтын есептiк деректерi, ұсынған бизнес-жоспарлары және
инвестициялық жобалары табылады.
Бұл құжаттардың мазмұны болашақта табыс алу тұрғысынан компания
қызметiн талдауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz