Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы

1. 1 Баға-нарықтық экономиканың негізгі элементі

1. 2 Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы

II БАҒА ҚҰРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

2. 1 Баға белгілеу заңдары

2. 2 Бағалаудың негізгі принциптері

2. 3 Бағалау құнының қағидалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Баға саясаты дегеніміз - өзінің тауарларына (қызметтеріне) баға белгілеу үшін басшылыққа алған фирманың жалпы принциптері. Ал баға стратегиясы дегеніміз - сол принциптерді іс жүзіне асыру үшін фирманың қолданылатын әдістер жиынтығы.

Сонымен қатар, нарықтық экономикада фирма баға саясатын жүргізгенде нарықтың құрылымының әсері мен маңызы зор. Яғни, нарық құрылымы бәсекелі болған жағдайда, жекелеген бәсекелес фирмалар нарықта бағаға әсер ете алмайды, олар бағаны белгіленген деп есептейді. Сондықтан олар максималды пайда табу үшін өндіріс көлемін, өндіріс шығындарын оптималдауды іске асырады. Ал монополиялық нарықтағы кәсіпорындардың монополиялық билікке ие болғандықтан, олар өздерінің өнімдеріне баға белгілей алады және олар бағаға байланысты әр түрлі саясаттар жүргізе алады. Мысалы, монополиялық фирмалар бағалық дискриминация саясататрын жүргізе алады және олар ол саясатты жүргізу арқылы қосымша табыс түсіреді.

I БАҒА ҚҰРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҒЫЛЫМИ ӘДІСНАМАЛАРЫ

1. 1 Баға-нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға-көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси қайшылықтар туындайды. Сондықтан да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең анализіне қызығушылықпен қарайды.

Баға-тауар бірлігіне берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті.

Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.

Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі рольде сипат алады (проявляются) . Ол мына түрде болады:

-нарық конъюктурасы мен саясатын көрсететін индикаторы ретінде (сұраныс пен ұсыныс байланысы (соотношения), саудалық және экономикалық тәуекел, қаржы-несиелік жағдайлар, нарықтағы бәсекелестіктің дәрежесі және т. б. ) ;

-сұраныс пен ұсынысқа, нарықтың құрылымына, теңгенің сатылымдық қасиетіне және т. б. әсер ететін нарықтың маркетингтік реттеуіші (регулятор) ретінде. Бағаның реттеуіш ретінде ресурстарды қолдануды шектеуге көмектеседі және ол өндіріс үшін мотивация болып табылады.

Нарықтық баға әр түрлі функциялар атқарады. Баға-бұл тауарларды ақшаға ауыстыруда ( соизмеритель ) және делдал. Баға-нарық конъюктурасының маңызды көрсеткіші, сұраныс пен ұсыныстың байланысы мен құрылымының, деңгейінің факторы. Баға-тиімділікті (эффективность) басқарудың және пайда табудың құралы, салық салудың факторы. Баға-бұл инфляциялық процестердің маңызды құраушысы, инвестициялық саясатқа әсер ету құралы (бағаның көтерілуінен (өсуінен) инвестицияның ( привлекательность ) өседі) . Баға-еңбек нарығына, тұтынудың көлемі мен құрамына, әр түрлі әлеуметтік топтардың нақты табыстарының деңгейіне әсер ететін халықтың өмірінің дәрежесінің күшті (мощный) факторы. Сонымен қатар, баға-бұл бәсекелестік күрестің қаруы.

Бағаның түсінігін түсінудің тағы бір әдісі экономикада бағалардың ойнайтын ролін суреттейтін оның функцияларын қарастыру.

Бағаның алғашқы функциясы-өлшемдік (измерительная) . Бағаның арқасында тауардың құнын өлшеуге, анықтауға болады, басқаша айтқанда, сатылған тауарлар үшін сатып алушы қанша ақша беру керектігін анықтау. Бағалар ақшаға төлем құралы ретінде сату-сатып алу актінде сандық анықтамалыққа (количественная определенность) ие болуға мүмкіндік береді. Тауарлардың бірлігінің даналық, көлемдік, салмақтық бағасын біле отырып және оны сатушының сататын көлеміне және сатып алушының алатын бірлігіне көбейте отырып, біз тауарлар мен қызметтерге ақшалай төлемдердің көлемін анықтаймыз. Еңбектің, жұмыс күшінің бағасын есептей отырып, жалақы есептеледі.

Бағаның өлшемдік функциясынан басқа әр түрлі тауарлардың құндылықтарын салыстыра қарама-қарсы қоюға бағытталған ( соизмерительная ) функциясы бар. Бағаларды салыстыра отырып, біз өте немесе кішкене қымбат, қымбат және арзан тауарларды ажыратуға мүмкіндік аламыз.

Өлшемдік функциясының арқасында баға есептік (учетная) функцияға ие болады. Физикалық бірліктерді өлшенген материалды-заттық түрдегі тауарлардың сандық және сапалық көрсеткіштерін ақшалай бірліктерде өлшенген ( адекватные ) көрсеткіштерге ауыстырсақ, баға есептің қосалқы құралына айналады. Кәсіпорынның мүліктік кешенінде 5 қондырғы бар екендігі бекітілгенге қарағанда, есептің жалпы соммасы 15 млн. ақшалай бірлік болатын әрбіреуінің бағасы 3 млн. ақшалай бірлік болатын 5 қондырғы бар екендігін куәландыруы ыңғайлы. Бағаның есептік функциясы өнім өндіруге кеткен шығындарды да есепке алуға мүмкіндік береді.

Есеппен қатар баға өлшеуіш ретінде көрсеткіштері ақшалай түрде қолданылатын талдаудың (анализ), болжаудың, жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі бола алады.

Бағалардың жоғарыда аталған функцияларынан оларды экономикалық процестерді реттеудің құралы ретінде қолдану мүмкіндігі туады. Сонымен, нарықтық экономикада баға-бұл тұтынушы немесе сатып алушының жауапты реакциясымен олардың төлеміне тауарларды сатушы немесе өндірушінің ақшалай сауалын (запрос) ұштастыратын сұраныс пен ұсыныстың теңесуінің негізгі құралы. Реттеуші баға реттеу процесінде пайда болады және оған бұл мағынада реттелетін болуы тән. Сондықтан да дәрежесі сұраныс пен ұсынысты теңестіруге сәйкес келетін тең (равновесные), яғни өзі қалыптасатын (самоустанавливающиеся) бағалар көмегімен тауар-ақша процестерін реттеу (саморегулирования) функциясы туралы сөз қылған нақтырақ болатын еді.

Баға үлестіру (распределительная) функциясын атқара алады. Оның мәні өнімнің бағасымен байланысты сол немесе басқа өнімге сұранысты қайта үлестіру арқасында тауар ұсынысына, жетіспейтін (дефицит) тауарладың өндірісін кеңейтуге және артық (избыточный) тауарлардың өндірісін қысқартуға әсер ету мүмкіндігінде. Соның арқасында инвестициялар ескі салалардан ағып шыққан қаржылар арқасында өндірістің аз дамыған салаларына көбірек бағытталады.

Баға өте маңызды әлеуметтік функцияны атқарады. Баға және оның өзгеруімен жанұяның тұтыну (потребительский) бюджеті, өмір деңгейі (уровень жизни), өмір сүру минимумы, шығындары, қызметтер мен игіліктерді тұтыну көлемі мен құрылымы байланысты. Бағаның деңгейі мен оның өсуіне адмдардың әлеуметтік реакциясы сезімтал және жоғары. Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бөлшектік (розничные) бағаларды тұрмыстық қабылдауда (восприятие) адамдар бағаның өскені өмір деңгейін төмендетеді, ал бағаның төмендеуі өмір деңгейін жақсартады деп ойлайды. Бұл жағдайда әдетте тұтыну құрылымы, табысьар, тауарлардың нарықта болуы сияқты басқа, бағалық емес факторлар ескерілмейді.

Өндірушінің сатудан түсетін түсімді ұлғайту үшін өнімнің сапасы мен өндіріс көлемін үлкейтудегі қызығушылығына әсер ете отырып, бағалар ынталандыру функциясын атқарады. Бұл әсер етудің механизмі өндірушінің тауарлар мен қызметтер, өнімдер бағасымен байланысты кіріс пен табысты ұлғайту мүддесі арқылы өтеді. Бұл функцияның бәсекелестік нарықтық және дефициттік бәсекелессіз экономикада көрініс табуларының арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда, өндіруші тауар көлемін, сапасын және бағаны, ал екіншісінде-тек қана бағаны көтеруге тырысуында.

Нарықтық экономикада бағалар көптеген функциялардан босатылған (мысалы, жоспарлық) және негізінен ақшалай мазмұнды іске асыратын нарықтық реттеуіш және ынталандырғыш ретінде қолданылады.

Баға-объективті (әділ) категория, оның көлемі ақша айналымы, сұраныс пен ұсыныс заңдарының әрекетіне байланысты.

1. 2 Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы

Рынокты реттеуде, бағаға елеулі әсер ететін, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен роль атқарады. Бағаның жоғарлауы - өндірісті кеңейтуге, ал төмендеуі - өндірісті қысқартуға көтермелейді. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің стихиялы әрекеттері жоғары немесе төмен деңгейдегі оптималды пропорциялар орнатады. Реттеуші «көрінбейтін қол» әрекет етеді, ол туралы Адам Смит былай деген: «Кәсіпкер тек өз мүдделерін көздейді, жеке бас пайдасын ойлайды және де бұл жағдайда «көрінбейтін қол» оны алдын-ала ойламаған мақсатына жетелейді. Өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін, ол қоғамға бұрынғыдан да саналы түрде қызмет көрсетеді»1.

Рынок жағдайында байланысты баға туралы шешімдер, яғни баға құру бағыты әр түрлі. Сондықтан ол шешімдердің фирма үшін салдары да әр түрлі. Демек, баға деңгейін белгілеу алдында әрбір баға бағытын, оның терең салдарын талдау қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тек дәл баға саясатын белгілеп, анық баға стратегиясын ұстанған фирмалар рынокта жемісті әрекет жасай алады. Осы екі басқа (баға саясаты, баға стратегиясы) түсініктердің мәнін айыру қажет.

Біраз қайталап, жоғарыда келтірілген міндеттердің бірін еске түсірейік. Айталық, фирма рыноктың кеңею мүмкіндігін үдете пайдаланып, сату көлемін асыра ұлғайту үшін бағасын негізгі бәсекелестерден де одан әрі төмендетуді ұйғарды делік. Міне, бұл фирманың баға саясаты, яғни баға белгілеуді ұстаған приципі. Осы баға саясатын іске асыру үшін фирма оны орындау тәртібін және шаралар жиынтығын, яғни баға сратегиясын белгілейді. Мысалы, сатып алушыларға неше түрлі жеңілдіктер арқылы, айталық, оларға тауарды тегін жеткізу, тегін орнату, тегін жөндеу, тұтыну несиесінарзан беру, бағаны бірден немесе күн сайын, апта сайын белгілі мөлшерде кеміту, тұтынушыларға сыйлық беру немесе сауда орындарында шай беру, ойын сауық ұйымдастыру т. б. с. с. шаралар арқылы өзінің баға стратегиясын жүргізеді. /1, 31 б/

Егер фирма жұмсаған шығынын анықтап, белгілі пайда табу тұрғысынан бағасын белгілеген болса, онда оның баға саясаты, онымен бірге баға стратегиясы да болмағаны. Баға саясаты болған фирма мәселені басқаша қарастырады: Әрекет жасайтын нақты рынокта бағаның деңгейі қандай болуы мүмкін? Сол баға деңгейіне сәйкес пайда табу үшін шығындар көлемін шектеу қолдан келе ме? Осы сұрақтарға жауап іздестірген фирманың баға саясатының болғаны.

Сатып алушылардың табысы қандай бағаны көтере алады деген сұраққа жауап іздеген фирманың баға саясаты мен баға стратегиясының болмағаны. Баға саясаты мен баға стратегиясын қолданған фирма басқаша сұрақтарға жауап іздестіреді: сатып алушылары үшін фирма тауарының құндылығы қандай? Сол тауар құндылығына сәйкес бағаның белгіленгені жайлы сатып алушыларды қалай сендіруге болады?

Тауар құндылығы, яғни тауар пайдалығының субъективті қабылдануы бағаны ақтамаған жағдайда, білгір менеджер бағаны дереу төмендетудің тауардың қындылығының (пайдалылығының) жойылғаны деп түсінеді. Ондай тауар бағасы төмендесе де сұраныс таппай, өтпей қояды. Осыған байланысты бағаның қандай деңгейі сату көлемін ойлаған мөлшерге, ойлаған рынок үлесі жеткізеді дегент сұраққа жауап іздеген фирманың баға саясатының болмағанын білдіреді.

Ал маркетинг қызмет фирманың бәсекедегі ұтымды жақтарына сүйене отырып, оның комерциялық негізі бола алатын ұтымды өнім түрін, рынок сегментінің таңдауды игеруі қажет. Саиып келе, дәлме - дәл айтқанда, маркетинг және қаржы қызметкерлерінің арасындағы қайшылық фирма басшылығының баға құруда орын алатын екі түрлі бапты анық ажыратпағаннан болатыны белгілі. Ол шығынға немесе құндылыққа сүйенген баға құру баптары. Олардың мәні кейінірек талданды. Ал олардың қысқаша мәндік сипатының айырмашылығын мына сурет арқылы көрсетуге болады.

а) Шығынға негізделген баға құру бабы

Өнім
Өндіріс техноло - гиясы
Өнім: Шы - ғындар
:
Өндіріс техноло - гиясы: Ба - ға
:
:

Құнды -

лық

:
:

Сатып алушы -

лар

б) Құндылыққа негізделген баға құру бабы

Сатып алушы - лар
Құн - ды - лық
Сатып алушы - лар: Баға
:
Құн - ды - лық: Шы - ғындар
:
: Өндіріс техно - логиясы
:
: Өнім

Сурет-1 - Екі түрлі негізінде бға құру.

Шығынға негізделген баға құру ежелден қалыптасып, көзге оңай, сенімді болып көрінелі. Өйткені онда деректі бухгалтерия мәліметтерімен дәлелденген өндіріс пен өнімді өткізуге кеткен нақты шығындарға сүйене отырып баға есебі жүргізіледі. Демек, шығынға негізделген баға құру дегеніміз - ол баға есебінің бастапқы негізі ретінде өндіріс пен тауарды өткізуге кеткен нақты шығындар алынады. Оған қоса бұл баға құру бабы экономикалық теория тарапынан да біршама қолдаү табады. өйткені бұл баға құру бабы жұмсалған барлық шығынға фирма мөлшерлі пайда табуды, шығындар өнімдер арасында дұрыс бөлінуді қамтамасыз етеді деген көрініс алады. Алайда негізінде бұл баптың күрделі кемшіліктері бар. Айталық, әрбір өнім данасына кеткен үлесті шығынды баға белгіленбей жатып, септеп шығару мүмкін емес қой. Оның себебін айтпаса да түсінікті (шығын сату көлеміне байланысты, ал сату көлемі бғаға тәуелді) және оны 2-ші суреттен де байқауға болады. /1, 33 б/

Баға: Баға
:
Сату көлемінің мүмкін болатын мөлшері: Сату көлемінің мүмкін болатын мөлшері
:
Өндірістің мүмкін болатынМөлшері:

Өндірістің мүмкін болатын

Мөлшері

:
Өнім данасынакекен шығын:

Өнім данасына

кекен шығын

Сурет-2 - Рынок жүйесі жағдайында қалыптасқан баға мен шығындар арасындағы нақты байланыс.

Суретте көрсетілгендей, рынок жағдайында қалыптасқан баға деңгейі сұранысты, демек сату көлемін анықтайды. Соған сәйкес өндіріс көлемі белгіленеді. Ал экономикалық теория мен бухгалтерлік есеп анықтағандай, өнім данасына жұмсалған үлесті шығынның мөлшері өндіріс көлеміне байланысты. Мысалы, өндіріс көлемі ұлғайған сайын өнім данасына шаққанда үлесті тұрақты шығындар да азаяды. Осы заңдылықты көптеген фирмалар жеткілікті ескермей, бағаны ақылмен реттеп, ұтымды әрекет жасамай, сәтсіздікке ұшырайды. өйткені бағаны белгілегенде әр өнімге кеткен шығын мен өндіріс көлемі арасындағы байланыс ескерусіз қалады. Осы заңдылықты ескермесе тіпті ұтымды бизнеспен айналсықан фирманың өзі сәтсіздікке ұшырайды. Оның дәлелі ретінде бұрынғы Кеңес Одағы химия өнеркәсібінің алыбы Жамбыл (қазіргі Тараз) “Фосфор” өндірістік бірлестігі немесе Павлодар трактор зауыты бола алады. Осы екі алып кәсіпорындар ауыл шаруашылығына аса қажет өндіріс құралдарын, тыңайтқыштар шығаратын. Ал ол тауардың бағасы шығынға негізделген еді. Кеңес Одағы тарап, энергия көзі мен өндіріс құрал - жабдықтарының қымбаттауының салдарынан өндіріс шығындары көбейе түсті. Баға шығынға негізделгендіктен шығынмен мен қоса трактор мен тыңайтқыштың бағасы өседі.

Бағаның тез өсуі сұранысты кеміте келіп, аяғында ол өнімдерді рынок қабылдамай дүркіреп өсіп тұрған кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Керісінше, аталмыш заңдылықты еске ала отырып жұмысын ұйымдастырған Алматы кондитер фабрикасы (қазір “Рахат” ААҚ) баға құру саясатын басқаша белгіледі. Өндіріс техникасы мен технологиясын жаңартып, барынша шығындарын кемітті. Кондитер өнімдерінің сапасын жақсартып, оның орау әсемдігін асырды. өнімдерінің бағасын ең төмен (минималды пайда әкелетін) деңгейде белгіледі. Төмен баға сату көлемін ұлғайтты. Ал ол өндіріс көлемін ұлғайтуға, соның негізінде әрбір өнімге кеткен орта шығынды кемітіп, пайдасын көбейтуге мүмкіндік берді.

Осы тәрізді мысалдарды көп келтіруге болады. бірінші мысалдағы Павлодар және Тараз кәсіпорындары кеткен шығындарын қайтару және өз әрекетіне қажет пайда табу мақсатымен пассивті баға құру жолына түскен. Ол баға құру жолына түскен. Ол баға құру жолы кәсіпорыдарды сәтсіздікке апарып сықтырды. Демек, есті менеджер ондай жолмен жүрмеуі тиіс.

Пассивті баға құру дегеніміз шығын негізінде немесе тек бәсекелестердің баға шешімдері ықпалында болып баға белгілеу. /3, 406 б/

Ең ұтымды активті баға құру. Ол үшін бағаны реттей отырып, сату көлемін қажетті мөлшерге жеткізіп, соның нәтижесінде өнім данасына кеткен орта шығынды көзделген деңгейге дейін кемітіп, көзделген пайдаға жету керек.

Сонымен, активті баға құру дегеніміз таурдың сатылуын ұтымды көлемге жеткізіп, соның негізінде орта шығынды кемітіп, көзделген пайдаға жету үшін тауар өткізуді басқару шеңберінде бағаны реттеп отыру.

Активті баға құру логикасына сәйкес мына тәрізді сұрақтарды шешуге тура келеді.

  1. Төмен бағаны қолдана отырып, пайда көлемін жеткілікті мөлшерде алу үшін тауардың сату мөлшерін қаншалықты көбейту қажет?
  2. Бағаны көбейткен жағдайда пайда бұрынғыдай көбеюі үшін тауардың сатылу көлемін қаншалықты деңгейге кемітуге болады?

Осы тәрізді сұрақтар тұрғысынан баға құрылса, шығынға негізделген баға құруға байланыстй кемшіліктер жойылатын еді. Айталық, сұранысы нашар рынокта аса жоғары баға немесе сұранысы күшті рынокта аса төмен баға белгіленбейтін еді.

Өйткені сатылмаған өнім бағасына жеңілдіктер арқылы алармандарға сыйлық берудің өзі, сатып алушылар рыногын қалыптастырып, сатып алушылардың үстемдігін күшейтеді. Сатып алушылар өзіне ыңғайлы шарттарды талап ете бастайды. Айталық, баға жеңілдіктерін одан әрі жалғастыру үшін тауарды сатып алудан бас тартады. Сондықтан бұл жолмен фирма табысқа жетуі өте қиынға түседі.

II БАҒА ҚҰРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

2. 1 Баға белгілеу заңдары

Құндылыққа негізделген баға құрудың фирманы үлкен жетістікке жеткізу себебі баға белгілеу жұмысын бухгалтерлердің және финансистердің қолынан алып, өнімді өткізуші мамандарға тапсырылуында. өйткені өнімді өткізушілер сатып алушылармен қоянқолтық әрекет жасап, тығыз араласады. Сондықтан олар тұтынушылардың материалдық мүмкіндігін, ұнатылымдығын, тауарды туз арада сатылу шарттарын және фирмаға максималды пайданы қамтамасыз ететін бағаны жақсы сезеді.

Әрине, біздің еліміз рынокты экономикаға жаңа еніп, оны игере бастады. Фирмалар құндылыққа негізделген баға құруға енді - енді көшуі тиіс. Алайда олардың көпшілігінің ежелден қалыптасып қалған шығынға негізделген баға құрудан қол үзуі оңайға түспейді. Әйтседе рынок өмірінің өзі итермелеп, әсіресе аямас бәсеке жағдайында тіршілігін сақтап қалу үшін құндылыққа негізделген баға құруға көшіп жатқан фирмалар баршылық. Олар бүгінгі таңда, әрине, көп емес. Солардың ішінен Алматы қаласындағы “Меркур - Продукт” ЖШС (агрофирманы) айтуға болады. /1, 36 б/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржының экономикалық негіздері
Қаржының мәні, функциясы және ролі
Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
Ақша қорларының жиынтығы
Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары
Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz