ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген іс - тәжірибе



1. ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұғымы туралы ақпарат.

1.1.ЖШС Каз Экспо Аудит ұйымдық құрылымы.

2. Ұйым жұмыстары ҚРСТ 3.4 . 2003 стандарты бойынша әзірлеу.

2.1. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі.

2.2. Сәйкестік мағлұмдамасымен бекітілген талаптарға сәйкес растау.

2.3. Өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі туралы ақпарат шағымдар.

2.4. Құжаттарды толтыру тәртібі.

3. Өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді сәйкестік белгісімен таңбалау.
ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұйымы 1997 ж. ҚР нарықтық тауарлар мен қызметтердің жұмысын сертификаттау қызметі бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Компания өз құрылымын сертификаттау жүйесіндегі негізігі 1 сынақ зертханасымен, автотасымалдау құрылғыларының қауіпсіздігін сынауды қолға алған.
ЖШС Каз Экспо Аудит құрамына – сынау орталықтары екі сынақ зертханалары, өнімді қызметті сертификаттау бөлімі кіреді. Белгілі бір мемлекеттен өткен тауарды сынау сараптау бөлімдері бар. Қазіргі кезде сонымен қатар ЖШС Каз Экспо Аудит кәсіпорынның нормативтік құжаттарды әзірлеумен қатар, техникалық қызметтерді және де сарапшы – аудиторлардың жұмысын өз базасына сай қазіргі жаңа технологиямен қамтуды бағалайды. ЖШС Каз Экспо Аудит шет мемлекеттен тауар тасушы шипортерлармен кедендік қызметпен тасымалданатын тауарлармен де жұмыс атқарады. Шет мемлекеттен әкелінген тауардың сапасымен адам денсаулығына сонымен қатар біздің мемлекетте қолданысқа қауіпсіз енуін бақылап белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етуді бақылайды. Оның қажеттігінің негізінде Қазақстанға тасып әкелінетін тауардың құжат түрімен, сәйкестік сертификаты немесе өтініш декларациясы (тарату қауіпсіздігін қорғау туралы) құжаттарымен жұмыс жасайды.
Бұл ұйым 10 жыл мерзім ішінде көлемін бірнеше сатыға дейін үлкейтті. Оған ірі көлемдегі Қазақстандық және шетелдік ірі фермалар мен кәсіпорындар өз таурларына сертификат ала алады. Оның ішінде ЖШС Creen house distribution, ЖШС Туркуаз, ЖШС Орейфлим, ЖШС Винком, ЖШС Шалир Indesit Company SPA, OY Electrolux AB, Ferero Trading Zux фирма HP Internation Trade BV және тағы басқалар.
Мақсаты жұмыс көлемінің үлкен бөлігі өндірілетін өнімге көп көңіл бөлу. Ұйым №5 кестеге сәйкестендіріп өнімді тексергеннен кейін (3 жыл мерзім көлемінде) ұзақ мерзімдік сертификат бере алады. СТРК ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесін сертификаттау жолы арқылы өнімге сертификат құру арқылы 2 түрлі сертификат бере алады, біреуі сапа менеджмент жүйесінің сертификаты ал екіншісі өнімге бағытталып жасалынады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Технология Университеті

Есеп беру

ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген
іс - тәжірибе

Орындаған: СМиС-01 к\о

Туран А.Т.

Алматы 2008 жыл.

Мазмұны.

1. ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұғымы туралы ақпарат.

1.1.ЖШС Каз Экспо Аудит ұйымдық құрылымы.

2. Ұйым жұмыстары ҚРСТ 3.4 – 2003 стандарты бойынша әзірлеу.

2.1. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу
тәртібі.

2.2. Сәйкестік мағлұмдамасымен бекітілген талаптарға сәйкес растау.

2.3. Өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі туралы ақпарат шағымдар.

2.4. Құжаттарды толтыру тәртібі.

3. Өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді сәйкестік белгісімен таңбалау.

ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұйымы 1997 ж. ҚР нарықтық тауарлар
мен қызметтердің жұмысын сертификаттау қызметі бойынша жұмыс жүргізіп
келеді. Компания өз құрылымын сертификаттау жүйесіндегі негізігі 1 сынақ
зертханасымен, автотасымалдау құрылғыларының қауіпсіздігін сынауды қолға
алған.
ЖШС Каз Экспо Аудит құрамына – сынау орталықтары екі сынақ
зертханалары, өнімді қызметті сертификаттау бөлімі кіреді. Белгілі бір
мемлекеттен өткен тауарды сынау сараптау бөлімдері бар. Қазіргі кезде
сонымен қатар ЖШС Каз Экспо Аудит кәсіпорынның нормативтік құжаттарды
әзірлеумен қатар, техникалық қызметтерді және де сарапшы – аудиторлардың
жұмысын өз базасына сай қазіргі жаңа технологиямен қамтуды бағалайды. ЖШС
Каз Экспо Аудит шет мемлекеттен тауар тасушы шипортерлармен кедендік
қызметпен тасымалданатын тауарлармен де жұмыс атқарады. Шет мемлекеттен
әкелінген тауардың сапасымен адам денсаулығына сонымен қатар біздің
мемлекетте қолданысқа қауіпсіз енуін бақылап белгілі бір дәрежеде
қамтамасыз етуді бақылайды. Оның қажеттігінің негізінде Қазақстанға тасып
әкелінетін тауардың құжат түрімен, сәйкестік сертификаты немесе өтініш
декларациясы (тарату қауіпсіздігін қорғау туралы) құжаттарымен жұмыс
жасайды.
Бұл ұйым 10 жыл мерзім ішінде көлемін бірнеше сатыға дейін үлкейтті.
Оған ірі көлемдегі Қазақстандық және шетелдік ірі фермалар мен
кәсіпорындар өз таурларына сертификат ала алады. Оның ішінде ЖШС Creen
house distribution, ЖШС Туркуаз, ЖШС Орейфлим, ЖШС Винком, ЖШС Шалир
Indesit Company SPA, OY Electrolux AB, Ferero Trading Zux фирма HP
Internation Trade BV және тағы басқалар.
Мақсаты жұмыс көлемінің үлкен бөлігі өндірілетін өнімге көп көңіл
бөлу. Ұйым №5 кестеге сәйкестендіріп өнімді тексергеннен кейін (3 жыл
мерзім көлемінде) ұзақ мерзімдік сертификат бере алады. СТРК ИСО 9001-
2001 сапа менеджмент жүйесін сертификаттау жолы арқылы өнімге сертификат
құру арқылы 2 түрлі сертификат бере алады, біреуі сапа менеджмент
жүйесінің сертификаты ал екіншісі өнімге бағытталып жасалынады.
ЖШС Каз Экспо Аудит Ресейдің Қазақстандық серіктестігі сапа
менеджмент жүйесін сертификаттау ұйымдарымен сертификаттау саласындағы
ұйымдармен тығыз серіктестік байланыс орнатқан. Соның ішінде “Руский
Регистр” өнімді сертификаттау ұйымы “Тест Бэт” (Ресей), ЖАҚ НиҚ САМТЭС
(Ресей) НАСТХОЛ сертификаттау орталығы (Ресей) бар. Компанияда білікті
мамандармен қамту жүйесімен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін өнімді
сертификаттау және сапа менеджмент жүйесінде 20 білікті сарапша-
аудиторлар қызмет етеді. Сонымен қатар тұтынушылардың тұтыну қажеттігін
арттыру, экологиялық қауіпсіздік, өнім қауіпсіздігіне баса назар аударуды
мақсат ретінде белгілеп СКО 9000-2000 сапа талаптарын енгізуді
қадағалаумен үнемі қызмет сатыларын жақсартуды көздеп отыр. 2005 жылдан
бастап ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұйымы сапа менеджмент жүйесімен
аккредиттелген болатын. Қазіргі кезде “Каз Экспо Аудит-Ақтау” қаласында
бөлімшесі орналасқан. Ендігі кездегі негізгі тапсырмаларының бірі “Каз
Экспо Аудит Электро” МЭК ИСО 17 025 стандартына сәйкес аккредиттелген
сынау зертханаларын қолға алды. Оған кабельдік және электротехникалық
бұйымдар, машина жасау өнімдері, радиотехникалық, электрлік өндіріс,
медициналық техникалар, жарық шамдар құралдарымен байланыс құрылғылары
және т.б.
Каз Экспо Аудит құжаттық құрылым жұмыстарының көп бөлігі ҚРСТ 3.4-
2003 ж. стандартына бағытталып жасалынады. Ол жұмыс барысында
көрсетіледі.

Каз Экспо Аудит бөлімшелері.
АУП.
• Сынау орталығы.
• Каз Экспо сарапшылар.
• Каз Экспо Электро.
• Ішкі экономикалық байланыс бөлімшелері.
• ОПС бөлімі.
• СМЖ бөлімі.
• Техникалық қамту бөлімшесі.
• Сараптау бөлімшелері.

Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі.

Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу реті былай:
ҚР-ның МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен
көздейді:
- сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтініш) және оны қарау;
- өтінішті (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау
нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
- өтінуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын
жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына
(орталықтарына) жіберу;
- өтінілген өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынақтарын жүргізу және де
басқа сертификаттау үлгілері бойынша көзделген жұмыстарды жүргізу;
- сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген
құжаттарды қарау;
- сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігі туралы шешім қабылдау;
- Сертификатты ҚР-ның МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге
беру, сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау
үлгісі бойынша көзделген болса) құқығын беру;
- өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтылығына және сапаның
менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егер ол сертификаттау үлгісі
бойынша көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
- өнімді сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру.

Өтініш беру және оны қарау.
Өнімді сертификаттауды өтінушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін
сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.
Өтінуші сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін
сертификаттау үлгісін таңдайды.
Өтініштің жалпы түрі Б қосымшасында берілген.
Өтінуші өз қалауы бойынша өнімді 9 немесе 10 үлгілеріне сай
сертификаттау үшін, сертификаттау ұйымына В қосымшасында берілген сәйкестік
өтінішін береді.
Сертификаттау үлгісін таңдау ұсыныстары Г қосымшасында берілген.
Осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайда өтінуші өз
өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және тіркелген күннен бастап 2 апта
ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және
өтінілген өнімді сертификаттауц жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана
келісімді жібереді. Келісімнің ұсынылмалы түрі Д қосымшасында берілген.
Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі
тиіс.
Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары
көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі, сынақ зертханасы,
сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.
Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға
қатысушыларға жібереді. Өтініш бойынша қабылданған шешімнің түрі Е
қосымшасында берілген.
Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш
бойынша шешіммен бірге нақты негіздегі бас тартумен бірге оның меншікті
құжаттарын қайырады.
Өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол
сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы
келісімде көрсетілген шамадағы алдын-алдыңғы төлем ақысын сертификаттау
ұйымының есепшотына жіберілгені туралы құжат көшірмесімен бірге жібереді.
Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген
өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі.

Үлгіні іріктеу және өнімді құрастыру.
Өтінілген өнімнен үлгіні сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді
аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін
Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзіне де жүктеуі мүмкін.
Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған 3 адамнан кем емес тұратын
тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінен құралған білікті комиссия үлгіні іріктейді.
Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемін өтінуші төлейді.
Іріктелетін үлгі саны (іріктеу көлемі), оны іріктеу әдістері, ұқсастыру
және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген
талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Бұндай нормативті құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз
болған жағдайларда, үлгіні сертификаттау ұйымы қабылдаған әдістерге немесе
басқа құжаттарға сәйкес іріктейді.
Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы
тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуы тиіс.
Үлгі іріктеу ұсынылымды түрі Ж қосымшасында көрсетілген акт жасау
арқылы жүзеге асады. Үлгі іріктеу актісіне іріктеген адамдар және
өтінушінің өкілі қол қояды.
ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түрде ұқсастырылған, іріктелген
үлгі, үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және
пломбаланады (егер оның қажеттігі және мүмкіншілігі болса). Содан соң
іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы бекіткен
техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау ұйымы анықтаған
аккредиттелген зертханаға (орталыққа) жібереді.
Өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын үлгілермен іс істеуге ҚР ЕР
50.3.19. жағдайларын басшылыққа алу қажет.

Сертификаттау мақсатында сынақ жүргізу.
Сынақ зертханасы (орталық) өтінілген өнімге сынақты сертификаттау
ұйымымен келісілген сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен
мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштердің бірінен сынаулардың
жағымсыз нәтижелерінде, өнімді сертификаттау мақсатымен сынаулар
тоқтатылады.
Хаттама ретінде дайындалған сынақ нәтижесін сынақ зертханасы (орталығы)
сертификаттау ұйымына жібереді.
Сынақтың теріс нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік
сертификатын бермеу туралы шешімді (И қосымшасында берілген түрі) сынақ
хаттамасымен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді.
Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік
бақылау бөлімшесінің өкілі іріктеп, ҚР-ның МСЖ аккредиттелген немесе
танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған
жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша өнімнің сыналған
көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.
Егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қымбат,
мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі,
үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау
сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін
сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау.
Сертификаттау үлгісіне байланысты өнімді сертификаттау сынағынан
өткізгенде басқа да өндіріс жағдайын талдау (2, 3, 4, 10 үлгілері),
өндірісті немесе сапа менеджменті жүйесін сертификаттау (5 және 6 үлгілері)
жүргізіледі.
9 және 10 үлгі бойынша өнімді сертификаттау үшін сәйкестік өтінішін
берілген құжаттармен бірге қарайды.
Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның
өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізеді.
Бұл кезде:
- нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның
жағдайлары;
- технологиялық процесстерді сақтау және оның метрологиялық қызмет
көрсету және жөндеу жүйесінің болуы;
- шикізаттар мен материалдардың болуы;
- сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы;
- сақталу жағдайларының болуы;
- шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі.
Тексеру нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі
бойынша сертификаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау
ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрде хаттар береді.
Анықталған жетімсіздіктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа
үлгісін таңдаған өтінуші сертификацияға жаңа өініш береді.
Өтінушіде ҚР МСЖ ұйымы немесе ҚР МСЖ танылатын ұйым берген өндіріске
немесе сертификатталатын өнімнің өндірісіне немесе сапа жүйесі
менеджментінің сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау
қажеттігі жоқ.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау
процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша
болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік
сертификатын бермес бұрын жүргізеді.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері
ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3.
Сертификаттаудың 9 және 10 үлгісі сәйкестік өтініші және өнімнің
бекітілген талаптарға сәйкестігін тік немесе жанаспа дәлелдейтін құжаттар
арқылы жүргізіледі.
Сәйкестік өтінішіне:
- өнімге бірінші, екінші немесе үшінші жақ өткізген сынақ хаттамалары;
- бұрын алынған әрекеттегі өнімге немесе шикізаттарға, материалдарға,
қосалқы бөлшектерге, сапа жүйесіне немесе өндіріске берілген
сертификаттар;
- бақылау ұйымдары өз аясында берген өнімнің бекітілген қауіпсіздік
талаптарына сай екендігі туралы бірге беріледі.
Сертификатталатын өнімнің түріне байланысты сертификаттау ұйымы өнімнің
қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпараттары бар басқа да құжаттарды сұратуы
мүмкін.
Сәйкестік өтінішіне мемлекеттік және орыс тіліне аударылған құжаттар
беріледі. Егер олар басқа тілдерде баяндалса, онда олар түпнұсқалық
мәтінмен қоса жіберілуі тиіс.
Аударманың дұрыстығына өтінуші жауапкер.
Өтінушінің сәйкестік өтінішінде өнімнің сәйкестігін дәлелдейтін ақпарат
жетімсіз болған жағдайда, сертификаттау ұйымы өтінушіге өнімді басқа үлгі
бойынша сертификаттауды ұсынады.
Сәйкестік сертификатын беру және сертификатталған өнімнің сәйкестік
белгісімен таңбалау құқығын беру.
Өтінілген өнімді сертификаттау үлгісінде көзделген жұмыстардың оң
нәтижесінде, сертификаттау ұйымы сәйкестік сертификатын дайындайды және
оның қажетті көшірмесін жасайды.
Сәйкестік сертификатының түрі К қосымшасында берілген.
Сәйкестік сертификатының көшірмесінің түрі Л қосымшасында берілген.
Сәйкестік сертификатының әрекеті таралатын өнімнің нақты құрамын бөлу
қажеттігіне сай тізбесі берілген қосымшасы болуы мүмкін, онда:
- бір өндіруші өндірген және бірдей талаптарға сәйкес сертификатталған
өнімнің біртекті топтары;
- сертификатта көрсетілген техникалық қызмет көрсетуге және заттарды
(кешендерді, жиынтықтарды) жөндеуге қолданылатын бекітілген жинақтағы
бұйымдар (кешендер, жиынтықтар), қажетті бөлшектері және (немесе)
қосалқы бөлшектер.
Сәйкестік сертификаты қосымшасының түрі М қосымшасында берілген.
Сәйкестік сертификаты, сәйкестік сертификатының көшірмесі және оларға
қосымшалар оларды типографияда дайындаған кезде жасандылардан қорғалған
белгіленгін үлгі бланкісінде орындалады.
Жасандылардан қосымша қорғау мақсаты мен уәкілетті органдармен
белгіленген тәртіпте голограмма түсіріледі.
Сәйкестік сертификатының көшірмесін басшының, немесе оның
орынбасарының, немесе бұйрық бойынша тағайындалған жауапты адамның
қолдарымен және сертификаттау жұмыстарына арналған мөрімен растау
көзделген.
Өнімді сериялы өндіретін кәсіпорындарға - өндірушілерге сертификат
бергенде оларға сертификатталған өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалау (егер
ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген болса) және (немесе) сәйкестік
сертификатының көшірмесімен өнімге ілестіру құқығы берілуі мүмкін. Бұл
жағдайда көшірме өндіруші – кәсіпорын басшының, немесе оның орынбасарының,
немесе бұйрық бойынша тағайындалған жауапты адамның қолдарымен және
кәсіпорынның сертификаттау жұмыстарына арналған мөрімен растау көзделген.
Ескерту – Міндетті сертификаттауға жататын қаруға сәйкестік
сертификатын сертификаттау ұйымы тек оны Азаматтық және қызметтік қарудың
және оның патрондарының Мемлекеттік кадастрында тіркелгеннен соң ғана
беріледі. Тіркеуді сәйкестік сертификатын беру туралы сертификаттау
ұйымының сертификаттау сынағының оң нәтижесінен соң берген шешімнің
негізінде жүзеге асырады.
Сәйкестік сертификатында мыналар көрсетілуі тиіс:
- өнімнің стандарт немесе басқа да нормативті құжаттардың бекітілген
талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
- өндірушіге өнімін сәйкестік белгісімен таңбалау немесе әрбір өнім
тобын немесе өнімнің дара бірліктерін сертификаттар көшірмесімен
ілестіруі құқығы туралы мәліметтер;
- өндіруші кәсіпорындағы сертификатпен расталған әрекеттік сапа
менеджменті жүйесінің (егер ол сертификаттау үлгісінде көзделген
болса) болуы;
- сертификаттау үлгісіне сәйкес сертификат беруге негіз болған құжаттар
туралы мәліметтер.
Сертификаттау кезінде өткізілген өнімге өткізілген барлық сынақтардың
хаттамалары бірге беріледі.
Сертификаттау ұйымы сертификатты сертификаттау жұмыстарына келісімге
сай толық төлем төленгеннен соң береді.
Сертификаттың әрекеттік мерзімін сертификаттау ұйымы сертификаттаудың
таңдаоған үлгісі бойынша, және өнімнің айрықшылықтарын, оның өндірісін,
өнімнің нормативті құжатының әрекет мерзімін, өндірісті немесе сапа жүйесін
сертификаттау мерзіміне, тек үш жылдан аспайтын мерзімге сертификаттау
ұйымының бекітуі бойынша беріледі.
Өнімнің жарамдылық мерзімі аясында сертификат берген ұйым оны ұзартады.
Бұл жағдайда сертификаттың мерзімі берілген күннен бастап есептегенде үш
жылдан аспауы тиіс. Сертификатты ұзарту өтінушінің қалауы бойынша мың
әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
- сертификаттың ____дейін деген бабының сол жағында әрекетті
мерзімі____дейін ұзартылған деген жазу жазылады және ол жауапты
адамның қолымен және сертификаттау ұйымының мөрінің түпнұсқасымен
расталады;
- ұзартылатын сертификаттың нөмірін сақтай отырып және өнмнің сертификат
ұзартылатын саны мен номенклатурасы көрсете отырып жаңа сертификат
дайындалады.
Егер сериялы өндірілетін өнімге берілген сәйкестік сертификатының
күшінің мерзімі аяқталған болса, ал оның әрекет мерзімі өнімнің жарамдылық
немесе оның сақталу жағдайы дұрыс болса сақталу мерзіміне, бірақ үш жылдан
көп емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Сертификаттау кезінде дәлелденетін көрсеткіштеріне ықпал ететін өнімнің
конструкциясына (құрамына) немесе өндіріс технологиясына өзгерістер
енгізілген жағдайларды, сертификат ұстаушы дереу сертификаттау ұйымына
хабар береді, ал ол сертификатты жою немесе оның әрекетін толық немесе
бөлікті сынақ өткізу немесе бұл өнімнің өндірісінің жағдайын бағалауға
дейін тоқтата тұруға шешім қабылдайды. Бұл жағдайда сертификат ұстаушы
сертификаттау ұйымы өз шешімі туралы хабарлағанынша жаңартылған өнімді
сертификатталған өнім ретінде өндіре алмайды.
Өнімді сертификаттау кезіндегі нормативті құжаттарда бекітілген
нормалар бұрынғысына қатаң болып өзгерген жағдайда, сәйкестік
сертификатының әрекеті осы өзгеріс енгізілген күннен бастап жойылады.
Егер өнім халықаралық жүйе немесе келісім бойынша сертификатталатын
болса, онда сертификаттың түрі, біреу тәртібі және сәйкестік белгісі, және
де оның жарамдылық мерзімі осы жүйе немесе келісім ережелері бойынша
анықталады.
Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын сертификаттың әрекеттік
мерземінен аспайтын уақытқа өнімді сертификаттаған сертификаттау ұйымы ҚР-
ның МСЖ нормативті құжаттар бекіткен тәртіп бойынша береді.
Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды өтінуші белгі бейнесінің нақты
кейіпін, сыртқы ықпалдарға төзімділігін, өнімнің жарамдылық мерзіміне дейін
ұзақ сақталуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Жарнама коммуникация ретінде
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау
Кәсіпорындa aудитті жүргізуді тaлдaу
Паблик рилейшнз (PR)
Қазақстанда аудиттің алғашқы қадамы
Маркетингтік коммуникациялар туралы
Өндірістік шығындар есебі және операциялық аудитті ұйымдастыру
Ақша қаражаты қозғалысының есебі және аудиті
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Пәндер