Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан лизинг нарығының бүгінгі жағдайына талдау жасау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 -ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 6-26
- Қаржылық лизингтің мэні жэне оның жеке экономика өрісі ретінде қалыптасу эволюциясы 6
- Қаржылық лизингтің , түрлері, субъектілері, объектілері, шарттары 13
1. 3. Қаржылык лизингтің экономикалық тиімділігін бағалау 20
2-ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ЖӘНЕ ОНЪЩ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 27-55
- Дамыған елдердегі қаржылық лизинг саласының дамуын талдау 27
- Қазақстандағы лизинг нарығының казіргі жағдайына жалпысипаттама 38
- Қазақстанда лизингтің қалыптасу ерекшеліктері және оның экономиканыдамытудағы ролі 45
3-ТАРАУ. ҚАЗҚСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ БАҒЫТТАРЫ
- Лизингтік қызметті нормативтік-хұкьтқтық реттеу базасын жетілдіру 56
- Қазақстанда лизингтік опреацияларға салық салу режимін жеңілдету 62
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
КІРІСПЕ
Соңғы үш жылда Қазақстанда жоғары экономикалык өсу қаркыны байқалды: 2003-2004 жылдары жиынтътқ ішкі өнімнің орташа жылдык өсу қарқыны 11, 5%-ті, 2004 жылы- 9%-тІ құрады. ЖІӨ-нің көлемі 2004 жылы 27 млрд. долларды, немесе жан басына шакканда 1970 долларды құрады (ТМД-да Ресейден кейінгі 2-ші орында) . Өнеркэсіптік өндіріс көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 8, 4 %-ке өсті. Орташа жылдық инфляция деңгейі 6, 5% шамасында болды. Сыртқы сауда айналымынң көлемі 33 %-ке артып, 21, 6млрд. долларды кұрады, соның ішінде экспорт көлемі-13, 5млрд. долл., импорт көлемі-8млрд. долларды құрадьт, бұл өткен жылғымен салыстырғанда сәйкесінше 40% жэне 23%-ке артық.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 10%-ке өсті, абсолюттік құндық шамасы бойынша 9 млрд. долларға жетті.
2002 жылы Европальтқ экономикалык одак пен АҚШ Конгресс! Қазақстанды нарықтык экономикасы бар ел деп таныды.
2002 жылы "Moodys Investors Services" рейтингтік агенттігі Қазақстанға ВааЗ несие рейтингін берді, бүл инвестициялық категорияға катысты.
2003 жылдың мамыр айында Standard & Poors рейтингтік агенттігі Қазакстан Республикасының шетелдік валютадағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "ВВ"-ден "ВВ+"-ке жэне ұлттык валютадағы міндеттемелер бойынша несие рейтингін "ВВ+/позитивтік"-тен "ВВВ-/тұрақты/А-3"-ке дейін көтерді. Бұл қазақстандык экономиканың потенциалдык мүмкіндіктерінің нығайғандығын дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыттылығы оны сыртқы факторлардан тэуелді етеді. Бұл проблеманы шешу үшін 2003 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индусхриалды-инновациялық даму Стратегиясы бекітілді. Бұл Стратегия шеңберінде мемлекеттің басты міндеті ретінде елді шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық бағытқа көшіруге бағытталған.
Шағын жэне орта бизнес сферасында осы міндетті шешудің тиімді механизм! қаржылық лизинг болып табылады.
Қазақстанның лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Лизингтік қызметтердің басым бөлігі 100%-тік мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін "Казагрофинанс" компаниясының үлесіне келді. Бұл компания ауылдағы элеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттік агроөнеркэсіптік бағдарлама шеңберінде Үкіметтің инициативасымен кұрылған болатын.
Бугінде Қазақстанда 20 лизингтік компания жұмыс істейді, оның ішінде 8-1 жергілікті банктердің төл компаниялары болып табылады. Бүкіл лизингтік қызмет көлемінің 51%-і коммерциялық банктердің төл компанияларының үлесіне, ал 28%-і "Казагрофинанс" үлесіне келеді.
2004 жылы лизингтің үлесі Қазақстандағы негізгі капиталға сальшған инвестицияның бүкіл көлемінің 1%-ін кұрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық. 2004 жылы бекітілген лизинг келісімдерінің саны жэне лизингтік қызметтің құндық шамасы 4 есеге өсті.
Алғашқы лизингтік компанияларды негізінен мемлекет ауыл шаруашылығын қолдау үшін кұрғандықтан, лизингке берілген құралдардың басым бөлігін ауыл шаруашылық техникасы құрады. Лизингке берілген ауыл шаруашылық техникасъшың 60%-і "Казагрофинанс" лизингтік компаниясының, 27%-і "Астана Финанс" компаниясының үлесіне келеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық техникасын лизингке беруге Қазакстанда ресейлік өндірушілердің муддесін көздейтін "Агромашлизинг" компаниясы да маманданған. Негізінен бұл астық жинайтын комбайндар мен тракторлар.
Егер мемлекеттік емес лизингтік компанияларды қарастыратын болсақ, лизингке берілетін мүліктің құрылымында негізгі үлесті транспорт (50%-тан астам) пен жол-кұрылыс техникасы алады. Мұның себебі- лизингтік компаниялар ең алдымен жоғары өтімді өндіріс құралдарын қаржыландырады, бұл эрине лизинг берушілердің тәуекелдерін азайтуға Лизингке берілген мүліктің жалпы құрылымында екінші орынды жол-кұрылыс техникасы алады -17%. Ол Қазақстанда соңғы 5 жылда кұрылыстың өте үлкен қарқынмен дами бастауьтмен түсіндіріледі: "Астана-жаңа кала" еркін экономикалық аумақтағы Астана қаласының құрылысы, жаңа объектілердің құрылысы, КСРО-ның ыдырауы кезеңінде кираған тұрғын-үй-коммуналдық секторын жэне республиканың барлық облыс орталықтарында инфрақұрылымды кайта қалпына келтіру.
Сонымен, каржылық лизинг отандық экономика сфераларының жаңа бағыттарының бірі болып табылады. Оның жетістіктерін, экономикаға әкелетін тиімділіктерін бағалау, шетелдік жинақталған тэжірибені ұтымды қолдана отырып, экономиканың нақты секторын дамтыуға үлес қосу- бүгінгі күннің өзекті талаптарының бірі. Осы орайда бұл тақырыптың маңыздылығы дау тудырмайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан лизинг нарығының бүгінгі жағдайына талдау жасау жэне оның экономикаға экелетін тиімділігін бағалау, сондай-ак осы саланың болашакта дамуы үшін қажетті бағыттарды айқындау.
Жұмыстың зерттеу пәнІ болып отандық қаржылык лизинг қызметінін нарығы табылады.
Жұмыстың құрылымы 3 тараудан тұрады: бірінші тарауда лизинг түсінігіне анықтама берілген, оның мэні мен мағынасы ашылып, түрлері мен формалары карастътрылған; екінші тарауда шетелдік жэне казақстандық лизинг нарықтарының калыптасу жэне даму ерекшеліктерІне салыстырмалы талдау жасалған; үшІнші тарауда отандық экономикада қаржылык лизингті дамытуға кедергі болатын проблемалар айқындалып, соларды шешу жолдары көрсетілген.
Жұмысты жазу барысында халътқаралық қаржылық ұйымдардың материалдары, отандық жэне шетелдік экономистерідң ғылыми еңбектері мен мақалалары, ресми статистикалық деректер, Интернет сайттарының материалдары қолданылды.
1-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1. 1. Қаржылық лизингтің мәні және оның жеке экономика өрісі ретінде қалыптасу эволюциясы
Лизингтің экономикалық мэні туралы мамандар арасында біртұтас пікір жоқ. Оньщ теория мен тәжірибедегі ролі мен мазмұны эржакты түсіндіріледі. Біреулер лизингті кэсіпкерлік қызметті несиелеудің өзінше бір тэсілІ ретінде қараса, енді біреулер оны ұзақ мерзімді арендамен теңестіреді немесе оның бір формасы ретінде қарастырады. Үшіншілер лизингті өндіріс кұралдары мен бөтен меншіктегі мүлікті пайдалану хұқығын сату-сатып алу тэсілі деп санайды. Әр елдің заңдылығында лизингке эртүрлі анықтама берілген. Анықтамалардың эртүрлі болуына қарамастан олардың барлығы сайып келгенде лизингтің мәнін дұрыс ашады.
Жалпы алғанда, лизинг схемасын келесідей көрсетуге болады: товар өндіруші өзіне қажеттІ техниканы таңдайды да, өзінің экономикалық жоспарымен (бизнес-жоспар) лизинг компаниясына барады. Лизинг компаниясы өндіруші үшін бұл техниканы сатып алады да, уакытша қолдануға оған жалға береді, келісім мерзімі аяқталғаннан соң өндіруші бұл мүлікті сатьтп алу хұкығына ие болады. Бұл жерде лизингтің ақшалай несиеден айырмашылығы сол, қарызды қайтару кепілдемесі ретінде сатып алынған мүлік саналады.
Лизинг алушы мен лизинг беруші арасьшдағы қарым-қатынасты кұру ерекшеліктеріне байланысты тікелей жэне жанама болып бөледі. ТІкелей лизинг кезінде мүлІкті жасаушы лизинг беруші болып табылады, ал жаыама лизинг кезінде лизингке мүлік беру үшінші тұлға арқылы жүргізіледі. Несиелеу эдісі бойынша мерзімдік жэне ролловерлік (қайта кайталанбалы) болып бөлінеді. Мерзімдік лизинг бойынша мүлік бір мезгілдік жалға беріледі, ал ролловерлік лизинг кезінде лизинг келісімі бірінші келісім мерзімі аяқталғаннан соң кайта созылады. Кэсіпорын егер мүлікті меншікке сатып алуға тырыспаса, онда ол операциялық лизинг келісімін бекітеді, ал қаржылык лизинг келісімі кезінде лизинг алушы жалға алынған мүлікті келісім мерзімі аяқталғаннан соң қалдык кұны бойынша сатып алуға мумкіндік алады.
Қаржылық лизинг-бүл екі тараптың арасында бекітілетін жалгерлік туралы келісім, бұл келісімге сай бір тарап екінші тарапқа өзінің меншігіндегі активті белгілі бір төлем ақыға уақытша қолдануға береді. Жалға алушы активті пайдаланады және бүкіл пайдалану мерзімі ішінде жалға берушіге жалгерлік ақы төлеп тұрады. Активтін, заңды меншік иесі активті пайдаланушының жалгерлік ақыны төлей алу үшін жеткілікті табыс алуына мүдделі, сондықтан ол активті пайдаланушының несиеге кабілеттілігіне, активтерінің шамасына немесе капиталдық базасына басты назар аудармайды. Мәміленің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік болып жалға берілетін актив табылады. Лизинг ұзак несие тарихы немесе дәйекті баланстық есептері жоқ карыз алушыларға (әсіресе жаңадан ашылған немесе шағын кэсіпорындарға) негізгі кұралдар қажет болғанда өте көмектеседі, өйткені мұндай кәсіпорындардың банктік несие алатын мүмкіндіктері жоқ. Қаржылътқ лизинг құрал-жабдык алу үшін банктік несиенің баламасы болып табылады. Лизингке беруші лизинг алушының таңдаған құрал-жабдықтарын сатып алады да, олардың пайдалы жұмыс істеу мерзімінін басым бөлігіне лизинг алушыға пайдалануға береді. Қажылық лизингті эдетте толық өтелетін лизинг деп атайды, өйткені лизингке алу мерзімі ішіндегі төленетін жалгерлік ақы құрал-жабдықтың толық құнын амортизациялайды (активтің қалдық құны эдетте оның алғашқы сатып алынған кұнының 0-5%-ін құрайды), проценттерді жабады жэне біршама пайда экеледі. Активтің тозуы, оны пайдалану құны және активті сақтандыру тәуекелі лизинг алушыға түседі. Көп жағдайда лизинг алушы лизинг келісімінің мерзімі аяқталғаннан соң активті номиналдық кұны бойынша сатып алу құқығына ие болады.
Лизинг-бұл инвестициялық қызметтің бір түрі, бұл кезде лизинг беруші (лизингтік компания, банк) лизинг алушының қажетті мүлкін сатушыдан өз меншігіне сатып алады да, бұл мүлікті белгілі бір ақыға кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға лизинг алушыға береді.
ЛизингтІң артықшылықтары:
Лизинг-бұл ерекше инвестициялық құрал, ол өндіріс құралдарын сыртқьт ұзақ мерзімді каржыландыру есебінен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде лизинг компаниясы үшін лизингке берілген мулік кепілдікке алынады. Лизинг мерзімі аяқталғаннан соң барлык лизингтік төлемдер жасалған жағдайда лизинг алушы мүлікке деген меншік хұқығын алу мүмкіндігіне ие болады. Лизинг сондай-ақ салықтық артықшылықтарға ие.
Лизинг тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Дегенмен ол тек соңғы 40 жылдар ішінде ғана даму алды. 19 ғасырда лизинг операцияларын тек американдык "Белл Телефон Компани" компаниясы ғана атқарған. Бұл компания қысқа мерзімді уақытқа тігін станоктарын, электр және газ өлшеуіштерін жэне т. б. құрал-жабдықтарды лизингке берумен айналысқан. Құрал-жабдықтарды өндірушілер лизингтің нарықтык құрал ретіндегі маңыздылығын түсінді, ал самолет кұрылысы мен автомобиль өнеркәсібінің дамуы лизингтің дамуына қуатты қозғаушы күш болды. Лизинг индустриясы өндірушінің сауда әдісінен туындап, 1952 жылы арнайы каржылық қызмет түріне айналды. Тап осы жылы АҚШ-та алғашқы тәуелсіз лизингтік компания кұрылды. Ол 60-шы жылдары Европа мен Жапонияны, ал 70-ші жылдардың ортасынан бастап дамушы елдерді де қамтыды. Қазіргі күні лизинг элемнің 80-нен астам елдерінде, соның ішінде 50 дамушы елде қол даны лады.
Бүгінде лизинг-табыс деңгейі жоғары елдердің көбінде өте дамыған индустрия болып табылады. Қүрама Штаттары лизингтік компаниялар саны бойынша да, мәмэлелер көлемі бойынша да жетекші орында. Дамушы елдерде де лизингтІң даму қаркыны өте жедел.
Кесте 1. 1. Әлемдегі алғашқы 50 лизинг нарықтары, 1994-2004 жылдар
Соңғы онжылдықта дамушы елдерде бекітілген лизингтік келісімдер көлемі 15 млрд-тан 44 млрд-қа дейін артты. 2004 жылы табыс деңгейі орта жэне төмен елдердің үлесіне әлемдегі ең ірі 20 лизинг нарығының 5-і келді. Әсіресе ұлкен өсу Оңтүстік Кореяда орын алған. Мұндағы лизинг нарығы 1975 жылы құрыла бастады, осы жылы Халықаралық Қаржы Корпорациясы Оңтүстік Кореядағы алғашқы лизингтік компанияға инвестиция салды. Қазіргі күні көлемі жағынан Оңтүстік Кореяның лизингтік нарығы әлемде 5-ші орынды алады.
Сонымен қатар нарыққа ену орташа табысы бар елдерде 2 есеге, табыс деңгейі темен елдерде 1, 5 есеге артты. 1999 жылы орташа табысы бар елдердегі күрделі қаржыландыру операцияларының 11%-і лизнгке тиесілі болды, ал бар-жоғы 10 жыл бұрын бұл көрсеткіштІң шамасы 4%-ті құраған болатын. Алайда бұл көрсеткіштер барлық дамушы елдерде бірдей емес, бұл тек дамушы елдерге тэн жалпы беталысты көрсетеді. Мысалы, Оңтүстік Кореядағы жеке күрделі қаржыландырудағы лизингтің үлесі 20%-тен астам болса, Таиландта бұл көрсеткіш 20%-ке де жетпейді.
Дамушы елдердегі лизинг
жылдар
Америкаға бұрынғысынша бүкіл элемдегі лизингтің 40%-і келеді, алайда соңғы 5 жыл ішінде лизингтің аймақтық таралуы елеулі өзгерістерге ұшырады. 1993 жылы Азия алғаш рет Европаны қуып жетті, оның үлесіне бүкіләлемдік лизинг нарығының 28%-і келеді, ал Европаның үлесі- 25%. Латын Америкасының үлесі 1997 жылғы 0, 8%-тен 2003 жылы 4, 2%-ке дейін, яғни 5 есеге өсті. Африканың бүкілэлемдік нарьтқтағы үлесі 1%-тен 1. 3%-ке дейін өсті, яғни өсу қарқыны төмен болды. Тағы бір айта кететін жай, бұл тенденция Африканың барлық еліне бірдей тэн емес, 1989 жылдан бастап элемдік 50 лизинг нарығының құрамына кіретін бірден-бір елдер- Оңтүстік Африка мен Марокко ғана. Елдер арасындағы алшақтық кестелерде келтірілген цифралардың дәл емес, индикативті деп карау керектігін білдіреді, яғни бұл цифралар жоғарыда келтірілген аймақтардың барлығына бірдей тэн емес, жалпы лизинг нарығына ену тенденциясын көрсетеді. АҚШ пен Европада қаржылық лизинг тұрақты калыптасып, дамыған нарыққа айналса, дамушы елдерде ол тұрақты даму жолына енді түсті деп айта аламыз, бірақ бұл беталыс барлық аймақтарда біркелкі емес.
Кесте 1. 2.
Жеке инвестициялық қаржыландыру көлеміндегі лизингтің үлесі,
1990-2004жж.
Әртүрлі елдердегі лизингтің дамуында елеулі ерекшеліктер бар. Сондықтан халықаралық лизингтік ұйымдардың міндеттеріне мыналар жатады:
• жекелеген елдердің заңдылық ережелерін зерттеу жэне салыстыру;
• барлык хұқықтық, салықтық, экономикалық жэне қаржылык сұрақтарды шешу;
• статистикалык ақпараттарды және экономикалық зерттеулерді, сондай-ақ лизингтік мэмілелердің талаптары мен шарттарын іріктеу;
• лизингтік фирмаларды ұйымдастыру және лизингтік мәмілелерді рэсімдеу техникасына байланысты сұрақтарды зерттеу.
Лизингтің ресми туған күні деп 1954 жыл саналады, осы кезден бастап жай аренда ерекше қосымша сипатқа ие болды. Соның салдарынан батыс елдерінде бұл сала үлкен қарқынмен дами бастады. Бұл жерде сөз салык салу мақсатында жалға алушының жедел амортизацияны пайдалану мүмкіндігіне ие болуы туралы болып отыр.
Соңғы 2-3 онжылдықта европалык елдерде жэне америка континентінде лизинг кең қолданыла бастады. АКДІ-та лизинг өткен ғасырдың 50-ші жылдарында пайда болды. Бұл елдің үлесіне лизинг бойынша койылатын товарлардың элемдік айналымының тең жартысы келеді. АҚШ-та лизингтің тез дамуына түрткі болған себептердің бірі-салық жеңілдіктері: жедел амортизация жэне инвестициялық салыктық жеңілдік (жаңадан салынған инвестицияның 10%-і салық сомасынан алынып тасталды) . 1986 жьтлдан бастап лизингтің салықтық режимі өзгеріске ұшырады, өйткені үкімет бұл жеңілдіктер шет мемлекеттер игілігіне қолданылады деп шешті. Салық реформасы лизингтің экономикалық ұтысын азайтса да оның дамуы тоқталмады. Оған себеп-лизингтік мэмілелер бойынша төлемдерді жабу кэдімгі несиені жабуға қарағанда икемдірек. Соңғы 50 жыл ішінде лизинг АҚШ-тың мемлекеттік экономикалық саясатыньщ стратегиялық маңызды бағыты болып танылды. Жекелеген жылдары лизингті экономикалық мэні жағынан қарапайым арендаға теңестірілу эрекеттері жасалды, яғни бұл кездерде жеделдетілген амортизация алынып тасталды. Алайда мұндай кезеңдер орнына экономикалық өсу үшін лизингтің маңызды екенін түсінушілік келді. ЛизингтІң калыптасу және даму тарихының басым бөлігінде бұл сала АҚШ Конгресс! тарапынан қолдау алып отырды, яғни негізгі құралдарға инвестиция салуға, американдык товар өндірушілердің өндірістік базасын жаңартуға үкімет қолдау көрсетті.
Үлыбританияда лизинг тек 1970 жылдан кейін, салық жеңілдіктері енгізілгеннен кейін ғана тез даму ала бастады. Компанияларға жаңа инвестицияларды 100%-тік мөлшерде салық салынатын пайдадан шегеруге кұкық берілді. Салықтық инвестициялық жеңілдік қайтарымсыз болған жоқ, ол лизингтік төлемдер арқылы кайтарылып отырды, бұл лизинг алушы үшін лизинг құнына эсер етіп отырды.
Кейіннен лизинг кызметі дамушы елдерге де таралып, дау ала бастады. Әсіресе жаңа индустриалды елдердегі лизинг кызметінің даму карқыны жоғары. Мұндай елеулі өсу қарқыны қаржылық лизингтің банктік несиеге қарағанда үдкен артықшылықтарының бар екендігімен түсіндіріледі, атап айтқанда лизинг алушы үшін оньвд шарттары кэдімгі қарызға Караганда анағұрлым икемдірек.
1. 2. Қаржылық лизингтің сипаттамалары: формалары, түрлері, субъектілер, объектілері, шарттары
"Қаржылық лизинг туралы" Қазақстан Республикасының Заңында лизингтің келесі түрлері мен формалары көрсетілген. Лизинг формалары:
• Ішкі лизинг. Ішкі лизинг кезінде лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушьт Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
• Халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асыру кезінде лизинг берушІ мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылады.
Лизинг түрлері:
• Қайтармалы лизинг. Бұл кезде мүлікті сатушы лизинг объектісін лизинг берушіге сатады, содан кейін лизинг берушімен келісімге отырып оны қайтадан лизингке алады.
• Банктік лизинг-лизинг беруші ретінде банк эрекет етеді.
• Толық лизинг-лизинг объектісінің техникалық кызмет көрсетуі жэне оны ағымдық жөндеу шығындары лизинг берушінің мойнында болады.
•Таза лизинг- лизинг объектісінің техникалық қызмет көрсетуі және оны ағымдық жөндеу шығындары лизинг алушының мойнында болады.
Лизинг объектісі болып ғимараттар, құрылыстар, кұрал-жабдықтар, инвентарь, транспорттық құралдар, жер учаскелері жэне басқа да кез-келген тұтынылмайтын заттар табылады. Тұтынылмайтын заттар дегеніміз-пайдалану кезінде бірден өзінің сырт формасын жоғалтпайтын, ұзақ мерзім ішінде пайдаланылатын тұрақты заттар.
Лизинг объектісі ретінде құнды қағаздар мен пайдалы казбалар бола алмайды. Лизинг алушыға уақытша пайдалануға жэне иеленуге берілген мүліктің меншік хұкығы бүкіл келісім мерзімі ішінде лизинг берушінің өзінде қалады. Лизинг алушы банкротқа ұшыраса, лизингке алынған мүлік конкурстык массаға кірмейді.
Лизинг объектісін пайдалану нэтижесінде алынған өнімдер мен баска да табыстар, сондай-ақ лизинг алушының жасаған, лизинг объектісінен бөліп алуға болатын жетІлдірулер лизинг алушының меншігі болып табылады. Егер мүліктІ пайдаланушы мұндай жетілдіру жұмыстарын лизинг берушінің келісімімен жасаған болса және бұл жетілдірулерді мүліктен ажыратып алу мүмкін болмаса, келісім мерзімі аяқталғаннан соң ол лизинг берушіден жетілдіруге кеткен шығындардың орнын өтеуін талап ету хұқығы бар. Лизинг берушінің келісімінсіз жасалған жақсартулар құны кайтарылмайды.
Лизингке берілген мүлікті шаруашылық пайдалану жэне оперативтік басқару хұқығы, оған деген меншік хұқығының басқа тұлғаға өтуі лизинг келісімін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz