Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі

Кіріспе

1-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі

1. 1. Қазақстан Республикасы Парламенті

1. 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатары және олардың өкілеттігі.

2-тарау. Республика Парламентінің құзреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық нысаны.

2. 1. Парламент Мәжілісі мен Сенатының құзреті. Мәжіліс пен Сенаттың жеке қарауына жаттатын мәселелер. Сенаттың ерекше өкілеттігі.

2. 2. Қазақстан Республика Парламентін тарату.

Кіріспе

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы - мемлекеттік өкілдік мекеме.

Парламент, яғни- бұл заңшығару жұмысы арқылы халықтың еркін жүзеге асыратын және халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жоғарғы органдарының бірі. Өзіміз белгілеген анықтама бойынша 1995 жылғы ҚР Конституциясының 4 бөлімінің 49 бабының 1 тармағында Парламент дефинициясы көрсетілген: «Парламент - ҚР заңшығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы».

Парламенттің аталған екі негізгі функциясына әртүрлі авторлар қосымша басқада қызметкерлерін көрсетуді ұсынады.

ҚР Парламенті конституциялық-құқықтық мәртебесінің келесі бөлімі - ұйымдастырушылық. Оның мазмұны Парламенттің құрылымы анализдерінен тұрады, оның палаталары мәртебесінің ара қатынасы және басқада мәселелері. Парламент палаталарының соңы - конституциялық құқықтағы даулы міселелердің бірі. Бұл мәселенің шешімі бір палаталы немесе екі палаталы жүйе. Бұл мәселенің қандайда бір елдің мемлекетік құрылым нысанымен байланысты екенін айта кеткен жөн. Біртұтас мемлекет (Конституцияның 2 бабының 1 бабы бойынша ондай мемлекет - ҚР) әрқашан екі түрлі таңдау алдында тұрады. Әрине, барлық кезеңде емес бірақ федеративтік мемлекеттер өз құрлысы бойынша екі мәнді болғандықтанда, мұндай мемлекеттердің көбінде екі палаталы парламент әрекет етеді. Жоғары палата федерация субъектілері мүдделерін, ал төменгі палата халықтың мүделерін білдіреді. Федерацияның барлық субектілерінің саны, олардың көлемі мен халық санына қарамастан тең болуы керек, және екі палатада өаілеттіліктері бойынша тең болуы керек. Конституциялық-құқықтық қағидалардың түпкілікті өзгеруі және тәуелсіздік алу нәтижесінде бір палаталы жоғары кеңес, қос палаталыт парламентке өтеді. Бұл мәселе 1993-1995 жылдары республикалық ғылыми қоғаммен кеңінен талқыланды. Бір палаталы да, қос палаталы парламент үшін нақтыланған дәлелдемелер келтірілді. Алайда заңды түрде бұл даму өз шешімін тапты, ал теорияда ол әлі күнге дейін жалғасуда және де бұл мәселе басқа мемлекеттермен қатар Қазақстанда да парламентаризмді дамыту мәнінде өз өзектілігін жоғалтқан жоқ деуге болады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі

Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғарғы өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. ҚСР-ның 1978 жылғы Конституциясыда Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғарғы органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ ҚСР Конституциясында көрсетілген республика құзырындағы барлық мәселелрді шешуге құқылы болды. Жоарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және Парламен таризм құруға қарай маңызды қадам жасалынды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден-бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес өз қызметін толық атқара алмады. Жаңа ұлттық құқықтық саясатты негізіне алған заңдарды 12 шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алайда Жоғарғы Кеңес Парламент бола алған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика орнаған жоқ.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі Палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті. 1993 1995 12 13

Жариялы құқықтық доктринада мемлекеттік органның құқықтық мәртебесін қарастыруда үш деңгейлі жүйе қалыптасқан:

  1. Мақсатты бөлім (түсінік беруші) ;
  2. Ұйымдастырушылық (құрылымдық) бөлім;
  3. Органның қызметін сипаттаитын бөлім.

Бұл жағдайда Парламентте еш артықшылық жоқ, оның мәртебесін атап көрсетілген сызба бойынша қарастырғанымыз жөн.

Сонымен ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесін қалыптастыратын мақсатты (түсінік беруші) бөлімді қарастырайық. Мемлекеттің жоғарғы өкілді және заңшығарушы органның көптеген мәні (атауы) бар: федералды жиналыс (Ресей, Швецария), Конгрес (АҚШ), Кнессет (Израил), Генералды Кортес (Испания) және т. б. Көбінесе бұл мақсат үшін «Парламент» термині қолданылады. Бұл сөздің этимологиясы «parlare» латын және «parle» француз сөздерінен шыққан, екі жағдайда да «айту», «сөйлеу» мағыналарын білдіреді, яғни - «сөйлейтіе орган», дегенді білдіреді «Парламент» терминіне байланысты, оның қызметін жүзеге асыруға бағытталған нақты мақсаттар пайда болады. Бұрынғы кеңес одағының мемлекеттік - құқықтық теориясының аполагеттері «парламент» сөзіне бекерге қарсы болмаған, күндікпен қарай отырып, оны «буржуазиялық демократияның» элементі деп таныған. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң жобасында «парламент» термині қолданылғанда, - деп жазады Г. С. Сапаргалиев, -депутаттар өз күдіктерін білдіре отырып бұл сөзге қарсылықтарын білдірді. Белгілі бір шекте депутаттар дұрыс айтады. Күдік бар, бірақ депутаттарға қарсы емес, керсінше Жоғары Кеңесте әрекет ететін ескі жүйенің элементеріне қарсы. Мұндай теріс қатынастың пайда болуының негізін ойлау қиынға әкеп соқпайды, сбебі «буржуазиялық демократия», «Парламент» өзімен бірге биліктің бөліну қағидасын алып жүрді, ал оған кеңес мемлекетінің құрылымы туралы В. И. Лениннің тезистерінде кеңестік мемлекеттік, құқықтық негіздеріне тыиым салынған.

Парламент, яғни- бұл заңшығару жұмысы арқылы халықтың еркін жүзеге асыратын және халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жоғарғы органдарының бірі. Өзіміз белгілеген анықтама бойынша 1995 жылғы ҚР Конституциясының 4 бөлімінің 49 бабының 1 тармағында Парламент дефинициясы көрсетілген: «Парламент - ҚР заңшығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы».

Парламенттің аталған екі негізгі функциясына әртүрлі авторлар қосымша басқада қызметкерлерін көрсетуді ұсынады.

ҚР Парламенті конституциялық-құқықтық мәртебесінің келесі бөлімі - ұйымдастырушылық. Оның мазмұны Парламенттің құрылымы анализдерінен тұрады, оның палаталары мәртебесінің ара қатынасы және басқада мәселелері. Парламент палаталарының соңы - конституциялық құқықтағы даулы міселелердің бірі. Бұл мәселенің шешімі бір палаталы немесе екі палаталы жүйе. Бұл мәселенің қандайда бір елдің мемлекетік құрылым нысанымен байланысты екенін айта кеткен жөн. Біртұтас мемлекет (Конституцияның 2 бабының 1 бабы бойынша ондай мемлекет - ҚР) әрқашан екі түрлі таңдау алдында тұрады. Әрине, барлық кезеңде емес бірақ федеративтік мемлекеттер өз құрлысы бойынша екі мәнді болғандықтанда, мұндай мемлекеттердің көбінде екі палаталы парламент әрекет етеді. Жоғары палата федерация субъектілері мүдделерін, ал төменгі палата халықтың мүделерін білдіреді. Федерацияның барлық субектілерінің саны, олардың көлемі мен халық санына қарамастан тең болуы керек, және екі палатада өаілеттіліктері бойынша тең болуы керек. Конституциялық-құқықтық қағидалардың түпкілікті өзгеруі және тәуелсіздік алу нәтижесінде бір палаталы жоғары кеңес, қос палаталыт парламентке өтеді. Бұл мәселе 1993-1995 жылдары республикалық ғылыми қоғаммен кеңінен талқыланды. Бір палаталы да, қос палаталы парламент үшін нақтыланған дәлелдемелер келтірілді. Алайда заңды түрде бұл даму өз шешімін тапты, ал теорияда ол әлі күнге дейін жалғасуда және де бұл мәселе басқа мемлекеттермен қатар Қазақстанда да парламентаризмді дамыту мәнінде өз өзектілігін жоғалтқан жоқ деуге болады. Бір палаталы парламент үшін төмендегі аргументтер Көрсетілген:

  • Бір палаталы парламент тұрақты, мұнда палаталар арасында шиеленс жоқ;
  • Жоғары палата құру негіздерін анықтау қиынға түседі, облыстар негіз бола алмайды, себебі олар федерация субъектісі емес;
  • Қос палаталы парламентте палата мен комитеттердің қызметі қайталанады, заңшғару мерзімі созылады, мұнда заң сапасы қос палаталыққа емес депутаттардың біліктілігіне байланысты;
  • Бұл аппараттың ұлғайуына және оны ұстау шығындарының өсуіне әкеп соғады;
  • Қос палатанын өкілеттіктерін жасанды түрде бөлу, бір қкілді органның бір тұтастығын жоғалтуға әкеп соғады;

Бұл позицияның қарсыластары қос палаталы парламент құрылысын былайдеп көрсетеді;

  • Мәселелердің әртүрлі аймақтағы депутат өкілдерімен тең дәрежеде шешілуі;
  • Манолитті парламенттегі оппозицияның көптігінен сақтандыру;
  • Жұмыс тұрақтылығы мен беріктілігінің кепілі болуы;
  • Заңдардың сапасын жақсарту мақсатында, оған «вето» салу жағдайларын азайту;
  • Палаталар арасындағы өкілеттіліктер мен жұмыстарын бөлу негізінде депутаттардың біліктілігі мен кәсіпқойлығын көтеру;

Келтірілген пікірлердің мазмұны бірдей бағалану саласына қарамастан, қарама-қайшы мінездемеден тұрады. Қорта келе қазіргі авторлар қос палаталы жүйе пайдасына екі түрлі аргументтер келтіреді:

Біріншіден бір палатаның шексіз билігі, басқа нысанда құрылатын екінші палатаның құрылуы мен шектелетін заңшығару билігі мен атқару биліктері арасындағы тұрақты тепе-теңдікке ұмтылу, және екіншіден асығыс қабылданған шешімдерді тексеретін екінші бақылаушы палатаның арқасында парламентті тиімді жұмыс жасату мақсаты Қазақстанның қос палаталы жүйені таңдауының шынайы табиғатын нақты саяси факторлардың (әсіресе билік тармақтарының өзара байланысы) даму тарихын анализдеу нәтижесінде түсінуге болады. Қақақстанда қос палаталы парламентті құру, конституцияны дайындаушылардың тәуелсіз бір палаталы парламенттің қызметін консервативті сенаттың көмегімен шектеуді жүзеге асратындығын сипаттайтынын көруге болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары мәртебесінің арақатынасы

А. К. Котов Парламенттің қос палаталы болуын асиметриялы түрде бағалайды. Депутаттарды қызметке тағайындау (сайлау) палаталарды бірдей жүзеге асырылмайды. Сенатқа қатысты нақтыландырылған демократия құралдары қолданылады: жергілікті өкілді органдармен сайлануы және де Президентпен тағайындалуы. Парламент Сенаты мен Мәжілісімен өкілеттіліктер әр түрлі, бірақ маңызды мәселелер бойынша: заң қабылдау және президентті қызметінен кетру кезінде сенат мәжіліс бастамасын тоқтату мүмкіндіктеріне ие. Өкілеттіктерінің ара қатынасы кретерилер бойынша қос палаталы жүйе бөлінеді:

  1. Консервативті, мұнда екінші палата дедократиялық емес жолмен құрылады, бірақ біріншіге қарағанда тең, әрі көпшілік құқықтарға ие;
  2. Формалды түрдегі қос палаталы, бірақ бір палаталы жійеге жақын, мұнда барлық депутаттар тікелей сайлау құқығымен халықпен сайлануда, тек содан кейін жоғарғы палатада кімнің жұмыс жасайтынын өздері жасайды.

Қазақстан Парламентінің моделі жоғарыда келтірілген түрлердің ешқайсысына келмейді. Ол палата өкілеттіліктерінің арақатынасы жіне сенаттың құрылу тәсіліне байланысты жоғарыда жасалынған пікірлерді ескере отырып, орташа консенсусты нұсқаны көрсетеді.

Билік тармақтарының күрделі қатынасы жағынан және бұрынғы тотаритарлық тәжірбесі бар, специорикалық сипаттамасы жағынан саяси жағдайларда дамып келе жатқан ҚР қажеттіліктеріне сай Парламентті құруда қос палаталы жүйе тиімдірек болды.

Парламент палаталарының құрылу тәртібі. Парламенті құруға байланысты туындайтын мәселелердің ішінде сайлау маңызды орын алады. Республика Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесінең жекеленген бөліктерін анықтауға және анализдеуге көмек беретін түпкілікті мәселелерді ғана қарастырамыз.

Парламент екі палатадан тұрады: тұраұты негізде жұмыс жасайтын (үзілістері бар парламенттік каникул) сенат және мәжіліс. Ол бұрынғы жылына бір рет қана жиналатын қысқа сессиялар арасында тек президум жұмыс жасады. Жоғары Кеңеспен салыстырғанда, бүгінгі парламенттің біліктілігін айқындайды. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің 1 жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі (парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның 6 бабы 4 тармағы) .

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар каланың және республика астанасының барлық өкілді органдарын депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенатың жеті депутатын Сенат өкілеттілігі мерзіміне президент тағайындайды.

Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және бір тұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкәлеттік мерзімі алты жыл, мәжілістікі бес жыл. Сенаттың Республика Президентімен тағайындалған Жеті депутаты әр үш жыл сайын қайта сайланбайды. Парламент қызмет етуінің тәжірбесін анализдеуге келесі тұжырымдарды анықтауға болады:

  1. Заң әдебиеттерінде мына мәселелер көтеріледі: парламент сенаты депутаттарының жанама сайлау құқығы негізінде сайлауды бекітетін конституциялық нормалардың мақсаты не?

Сенаттың көпшілік депутаттары бүгінде олар әкімшілік аумақтық бөліністің өкілдері, міндетті жалпы мемлекеттік және жергілікті мүдделерді ескере отырып мәжіліс қабылдаған заң жобаларын бағалау болып табылады.

Бұл норманың басты мақсаты:

  1. Сенаттың басты қалыптасу жағдайы оған мәжіліске қарағанда өзге саяси келбетін қалыптастыру керек. Сайлау корпусын біріктіру бұл жерде аз болады. Бұл өте консервативті және бірден өзінің саяси жүйесін өзгертпейді;
  2. Сенат депутаттары жергілікті мүдделерді жақсы қамтыған, өйткені олардың көбі жергілікті өкілді органдардың депутаттары. Сонымен қатар шетел тәжірбесі былай деп көрсетеді: парламент мекемелері құрылымын демократияландыру күшеюде және де көптеген демократиялы елдер екі палатаның да сайлануы керек екендігі қағидасын енгізуде.

Қазақстанның өзінің ішкі саяси қатынастағы ерекшелігі бар, шетел тәжірбелеріне сүйене отырып сондай нормаларды Қазақстанғада енгізу керек деген тұжырымдамалар жасаудың қажеттілігі жоқ.

  1. ҚР Президентімен тағайындалатын сенаторлар өқрамының санын және сапссын өзгерту қажеттілігі айқындалды. «Заңшығару саласындағы мемлекет басшысының жанама өкілеттіліктеріне оның парламент сенатының жеті депутатын тағайындау құқығын жатқызуға болады. Аталған конституциялық норманың басты идеясы осы механизм арқылыдепутаттық корпусқа аса білікті және беделді тұлға өкілдерінің қатысуына ықпал ету, себебі олар заңшығармашылық жұмыстың сапасын көтереді, парламент жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді». Шынайы түрде Президентпен тағайындалатын сенаторлардың дайындық деңгейі жоғары, ол қандайда бір шекте заң шығару жұмысына жақсы жағынан ықпал етеді. Сонымен қатар бұл механизмнің саяси жақтарында атап өтуге болады. Сенат қабылдайтын шешімге, Яғни парламент шешіміне деген ықпалы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР-сы Парламенті
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Парламент пен оның Палаталарының өкілеттіктері
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР Парламенті және оның ҚР мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орны
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Парламент құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz