әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің мұражайлары



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мұражайы - университеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани - идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл орталық - ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады. Мұражай - еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.Университеттің тарихы мұражайы 1989 жылдың 27 наурызында салтанатты түрде ашылды. Ол екі залдан және сақтау қорынан тұрады жалпы аумағы - 225 және 240 ш.м. Мұражай қорында - 12000 артық құнды деректер жиналған, олардың ішінде 9800 - фотоқұжат, 30 - қолжазба, 155 - сыйлық, сувенир, портрет және картиналар, 1250 - кітап, ақпараттық басылымдар мен тағы да басқа құнды мұражай заттары бар.Университет тарихы мұражайы өз жұмысын жүргізуде университеттің даму және құқықтық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады. Мұражай жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында проректорлар, декандар, университеттің ғалымдары мен қызметкерлерінен құралған мұражай Кеңесі құрылды. Мұражай қызметкерлер құрамы - 5 адамнан тұрады.
Мұражайдың жүздеген экспонаттары Қазақстанның ең ежелгі оқу орнының құрылуы мен дамуын, оның жан-жақты өмірінен толыққанды мәліметтер береді. Мысалы: 1933 жылдың 20 қазанындағы СССР ХКК №2293 «Қазақстанға мамандар дайындау және ҚазМУ ашылуы туралы» Қаулысы, 1934 жылы 15 қаңтардағы №8 «ҚазМУ-не 1 курс студенттерін қабылдау туралы» Бұйрығы, 1934 жылғы ең алғашқы оқытушы-профессорлар құрамы туралы мәліметтер мен алғашқы университет ректоры Ф.Т.Оликовтың, факультет декандары - П.И.Мищенко, В.Ф. Литвинов, В.П.Мазуренконың фотосуреттері сақталған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің мұражайлары

Орындаған: Қанат Айнұр
Тексерген: Тойымбаева Ж.Х.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы  мұражайы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы  мұражайы - университеттің мәдени дәстүрі
мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және  рухани - идеологиялық тәрбие беру
орталығы. Бұл орталық - ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап,
насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән  үздік ұлттық құндылықтар мен
дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен
байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас
мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады.  Мұражай - еліміздің ең ірі
білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті
мәдениетінің басты көрсеткіші.Университеттің тарихы мұражайы 1989 жылдың 27
наурызында салтанатты түрде ашылды. Ол екі залдан және сақтау қорынан
тұрады жалпы аумағы - 225 және 240 ш.м. Мұражай қорында - 12000 артық құнды
деректер жиналған, олардың ішінде 9800 - фотоқұжат, 30 - қолжазба, 155 -
сыйлық, сувенир, портрет  және картиналар, 1250 - кітап, ақпараттық
басылымдар мен тағы да басқа құнды мұражай заттары бар.

Университет тарихы мұражайы өз жұмысын жүргізуде университеттің даму және
құқықтық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады. Мұражай жұмысының
тиімділігін арттыру мақсатында проректорлар, декандар, университеттің
ғалымдары мен қызметкерлерінен құралған мұражай Кеңесі құрылды. Мұражай
қызметкерлер құрамы - 5 адамнан тұрады. 
Мұражайдың жүздеген экспонаттары Қазақстанның ең ежелгі оқу орнының құрылуы
мен дамуын, оның жан-жақты өмірінен толыққанды мәліметтер береді. Мысалы:
1933 жылдың 20 қазанындағы СССР ХКК №2293 Қазақстанға мамандар дайындау
және ҚазМУ ашылуы туралы Қаулысы, 1934 жылы 15 қаңтардағы №8 ҚазМУ-не  1
курс студенттерін қабылдау туралы Бұйрығы, 1934 жылғы ең алғашқы оқытушы-
профессорлар құрамы туралы мәліметтер мен алғашқы университет ректоры
Ф.Т.Оликовтың, факультет декандары - П.И.Мищенко, В.Ф. Литвинов,
В.П.Мазуренконың фотосуреттері сақталған.
Экпозицияның ең мазмұнды орны - Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған. Отан
қорғауға аттанған ҚазМУ-дың оқытушысы Н.М.Петрованың, Совет одағының батыры
Ш.Құсанованың, А.Лукьянов, В.Кашкаров, В.Сапа, Брест қорғанының
қорғаушылары: Т.Сатыбалдин, В.Фурсов, Ғ.Жұматов және т.б. азаматтардың
фотосуреттері, естеліктері бар.
Сонымен қатар, университетте алғашқы құрылған студенттік құрылыс жасақтары,
ғылыми-конструкторлық бюролары, студенттердің ғылыми қоғамдары туралы
фотодеректер мен экспонаттары университеттің 70-90 жылдар аралығындағы
қоғамдық және мәдени өмірінің жарқын жақтарын айқындайды. Дәл осы кездері,
университет ректоры академик Ө.А. Жолдасбековтың батыл қадамдарының, күш-
жігерінің арқасында университет қабырғасы қатайып, материалдық техникалық
базалары нығайды. Еңселі оқу ғимараттары, жатақханалары, басқа да үлкен
кешенді қамтитын - ҚазҰУ қалашығы құрыла бастады, ғылыми мектептер мен
білім беру дәстүрлері қалыптасты.

Университет ректоры Ө.А.Жолдасбеков студенттік құрылыс жасақтарымен ҚазМУ
қалашығындағы құрылыс объектілерінде, 80-ші жылдар
Мұражайға келушілерді ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, тарихи тұлға әл-Фарабидің
мұралары, зерттеулері ерекше  қызықтырады. Шығыс жұлдызының өмір жолын,
жүріп өткен қалалары мен тұрақтаған орындарын көрсететін картасы,
қазақстандық ғалымдардың естеліктері мен ғылыми еңбектері, әсіресе, Мұстафа
Таибтың араб тіліндегі әл-Фараби атты монографиялық еңбегі мұражайдың
құнды, баға жетпес экспонаты болып саналады.
Экспонаттар мен жиналған қор университеттің кешегі тарихы ғана емес,
бүгінгісі мен болашағын көрсетеді.
Бүгінгі ҚазҰУ - халықаралық деңгейде мойындалған классикалық ғылым мен
білім орталығы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен университет қалашығының
екінші сатылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Материалды және экономикалық
базасы орнықталып үлкен қарқынмен дамуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясына
сәйкес университеттің барлық салаларында үлкен ауқымды өзгерістер
жүргізілуде. Осыған орай,  университет тарихы мұражайының жаңа
тұжырымдамасы жасалып, университеттің 75-жылдығына үлкен дайындықтар
жасалуда. Жоспар бойынша университеттің ғылым мен білім, мәдениет пен спорт
саласындағы жетістіктерін көрсететін даңқ галереясы ашылмақ. Галереяға
университет ректорлары, ғалымдары, Мемлекеттік сыйлық лауреаттары,
профессорлары мен докторларымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет
етіп жүрген түлектері-белгілі қоғам қайраткерлерінің портреттері ілінеді.
М.О.Әуезов пен  Е.Б.Бекмахановтың дәстүрлерін, К.П. Персидский, Д.В.
Сокольский, Т.Б. Дарқанбаев және басқа да атақты ғалымдардың ғылыми ойларын
көрсету - мұражайдың болашақ інжу-маржаны.
Мұражай - жастарды ұрпақ сабақтастығы мен университеттік дәстүр, елжандылық
пен азаматтық рухында тәрбиелеу ісін көрсететін, Отанымыздың тарихи-мәдени
мұрасының ажырамас бөлігі.

Биология мұражайы
1936 жыл ҚазМУ-дың биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан
зоология мұражайы ашылды. Мұражайды ұйымдастырудың мақсаты: оқу үдірісінде,
студенттер мен оқытушы-профессор қауымының ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін
пайдалану және Қазақстан фаунасы мен флорасын сипаттайтын қор
жинау. Мұражай ұйымдастыруға зоология кафедрасының оқытушылары және
таксидермист Э.Ф.Родионов пен оның шәкірттерінің қолынан шыққан экспонаттар
негіз болды.1984 жылы биология мұражайының залын ашуда Университеттің
ректоры, белгілі ғалым, Өмірбек Арсыланұлы Жолдасбековтың үнемі қолдап
отыруымен іске асты.Биологиялық мұражайды ұйымдастыруда және құруда 
декандар И.О.Байтулин, М.Х.Шығаева және директоры Л.С.Байтулинаның сіңірген
еңбектері зор.Мұражайда  -  диорамаларда жердің табиғат зоналары,
витриналарда жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жүйесі көрнекті
кескінделген.Мұражайда көптеген карталар, панно, биотоптар, кестелер және
басқа көрнекті оқу құралдары көрсетілген. Үлкен ауқымды құралдар тақырыбына
орай төмендегінше бөлінген:
 
1.     Табиғат зоналары
 
Диорамалар:       Іле Алатауы
Селеулі дала
Аралас орман
Сулы дала, суат
Құмды шөлейт
Сортаң, сор шөлейт
Тоғай
 
Панно:                 Шөлейт түрлері
Ақбөкендердің мерзімдік миграциясы
 
Карталар:           Экологиялық системаның схемасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұражайдың шығу тарихы
Жоғары мектептегі тәрбие теориясы
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы
ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Пәндер