Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестиция экономикалық категория ретінде және оның экономиканы дамытудағы рөлі . . . 5
1. 2 Инвестицияның түрлері және құрылымы . . . 10
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестициялық климаттың даму тенденциялары . . . 17
2. 2 Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту ерекшеліктері . . . 23
3. Бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
3. 1 Қазақстанның шетел инвестициясы үшін тартымдылығын арттыру . . . 32
3. 2 Инвестициялық дағдарыстан шығу стратегиясы және оны ынталандыру механизмін жетілдіру жолдары . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
КІРІСПЕ
Экономиканың созылмалы дағдарысы жағдайында отандық кәсіпорындардың инвестициялық қуатын күшейту мәселесі өткір күн тәртібінде тұрған міндет. Инвестиция экономикалық өсудің қажетті және міндетті алғышарты болып табылады. Олар жиынтық ішкі өнім көлемін арттырып қана қоймай, сонымен қатар мультипликативтік әсер береді. Дұрыс инвестициялық саясат экономикалық өркендеудің маңызды құраушысы болып табылады.
Қазақстан экономиксы үшін инвестиция, ең алдымен оны тұрақтандыру, жандандыру және көтеру үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға жұмсалған инвестиция қатаң бәсекелік күресте бәсекелестерді жеңуге көмектеседі, мейлінше икемді баға белгілеуге мүмкіндік береді.
Макроэкономикалық деңгейде қол жеткен табыстарға кешегі инвестициялардың елеулі үлесі тиді. Бүгін өндірілгеннің неғұрлым көп бөлігін жинақтап, инвестициялайтын болсақ ертеңгі тұтыну мүмкіндіктеріміз соғүрлым жоғары болады.
Инвестиция маңызды экономикалық категория болып табылады, және микро-, макродеңгейде айтарлықтай роль атқарады, ең алдымен, жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, құрылымдық түрлендірулер, пайданы арттыру және соның негізінде көптеген әлеуметтік проблемеларды шешудегі инвестицияның маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасында 1990-2005 жылдар аралығында күрделі құрылысқа салынған инвестиция көлемінің көлемін және қалыптасқан тенденцияларын талдау бұрынғы Одақ республикасының экономикалық және саяси тәуелсіздігімен байланысты қол жеткен өзгерістерді көрсетеді. Қарастырылып отырған мерзім ішінде республиканың негізгі капиталға салынған ең көп инвестиция көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары орын алды, оның көлемі 18, 6 млрд. сом болған еді. Осы кезден бастап бүкіл инвестиция көлемінің 82%-іне тең болған мемелекеттік инвестиция үлесі тұрақты қарқынмен төмендей бастады. Ол кезде халық шаруашылығындағы инвестициялық процестің нәтижелілігі ЖІӨ-нің өсуімен ғана емес, өндірістік қолдануға 11 млрд. сом негізгі қордың берілгендігімен сипатталды.
2003-2004 жылдар арлығында республиканың әлеуметтік-экономикалық және қаржылық-инвестициялық дамуында ұлттық экономиканың нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты өзгерістер орын алды. Яғни бұл кезде шаруашылық субъектілері мен мемлекеттің инвестициялық белсенділігі күрт төмендеу тенденциясына ие болды.
Алайда Қазақстанның халық шаруашылық салаларында инвестициялық белсенділікті дамытудағы ортақ экономикалық мүдделердің қалыптасуы, ақша құралдарын жаңа құрылысқа, ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік сфераларындағы реконструкциялауға және техникалық қаржыландыруға бағыттау қажеттілігін түсіну 2000 жылы ғана байқалды. Осы жылы күрделі құрылысқа салынған жалпы инвестиция көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылғы деңгейдің бар-жоғы 9, 5%-ін ғана құрады.
2000-2006 жылдар аралығы Қазақстан Республикасында инвестициялық белсенділіктің жандану және сенімді өсу кезеңі болды. Осы уақыт аралығында өндірістің баяу экономикалық өсуі және шаруашылық субъектілерінің - жеке және корпоративтік-ақша құралдарын негізгі құралдарды жаңарту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру үшін жинақтауы байқалды. Дегенмен де инвестициялық процестердің біршама салыстырмалы түрде жандануына қарамастан экономикада әлі инвестициялық ресурстар тапшылығы жойылған жоқ. Сондықтан республиканың
инвестициялық ахуалын жақсарту, оның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату үшін мемелекет тарапынан тиімді инвестициялық саясат жүргізу қажет.
Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының өзектілігі дау тудырмайды, өйткені Қазақстан экономиксын құрылымдық қайта құру, оны толыққанды нарықтық қатынастарға көшіру проблемасы инвестиция мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан бүгінде Қазақстан экономиксында бұдан асқан өзекті проблема жоқ.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты - ҚР инвестициялық саясатын талдау негізінде оның оң және теріс жақтарын анықтап, республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жолдарын іздестіруте әрекет жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасында жүріп жатқан инвестициялық процесстер.
Жұмыстың құрылымы 3 тараудан тұрады. Бірінші тарау зерттеліп отырған проблеманың теориялық аспектілеріне арналған. Екінші тарауда ҚР-сы экономикасында егеменді ел болып қайта құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күніне дейінгі уақыт аралығында болып жатқан инвестициялық процестерге толық және жүйелі талдау жасалған. Ал үшінші тарауда ҚР инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қарастырылады.
Жұмысты орындау барысында көптеген мерзімдік баспа материалдары, қазақстандық және ресейлік экономистердің еңбектері, бай статистикалық ақпарат базасы және ҚР-дағы инвестициялық процесті реттейтін нормативтік-қүқықытық база материалдары қолданылды.
1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестиция экономикалық категория ретінде және оның экономиканы дамытудағы ролі.
Инвестиция - біздің экономикамыздағы салыстырмалы жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйе кезінде оның орнына "күрделі қаржы" түсінігі қолданылған, ол - негізгі қорды ұдайы өндіруге қажетті шығындар, соның ішінде оны жөндеу шығындары. [1]
Инвестиция түсінігі өте кең ұғым, оның мазмұнын бір ғана анықтама берумен ашу мүмкін емес. Экономикалық ғылымның әр тарауында және тәжірибелік қызметтің әр саласында инвестиция түсінігінің мазмұны бірқатар ерекшеліктерге ие.
Макроэкономикада инвестиция дегеніміз - жаңа өндіріс құралдарына, жаңа тұрғын үй мен ғимараттарға, және тауар запастарының өсіміне салынатын қаржы. Яғни, инвестиция - бұл ағымдық мерзімде тұтынылмайтын және экономикадағы капитал өсімін қамтамасыз ететін жиынтық ішкі өнімнің бір бөлігі.
Өндіріс теориясында және микроэкономикада, инвестиция - бұл жаңа капиталды жасау процесі (өндіріс құралдарын және адам капиталын қоса есептегенде) . Ал, қаржы теориясында инвестиция деп нақты және қаржы активтерін сатып алу түсініледі, яғни бұл-болашақ табыс әкелуге бағытталған шығындар. Дәлірек айтқанда, инвестиция - белгілі бір көлемдегі бүгінгі құнды болашақ құнға айырбастау.
Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" Заңында инвестицияға мынадай анықтама берілген: "Инвестиция - табыс алу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар, соның ішінде:
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік және мүліктік құқық;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа да
формалары;
- облигациялар және басқа да қарыз міндеттемелері;
- инвестициялаумен байланысты ақша, тауар және қызмет
бойынша міндеттемелер;
- инттеллектуалды қызмет нәтижелеріне деген құқық, соның
ішінде авторлық құқық, патент, тауар белгілері, өнеркәсіптік
үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативтік-
техникалық, архитектуралық және технологиялық жобалық
құжаттамалар;
- лицензияға негізделген немесе мемлекеттік органдардың
рұқсатына негізделген басқа формада қызметті жүзеге асыруға
берілетін кез-келген құқық түрлері. [2]
Инвестициялау - пайда алу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объектілеріне шетелдік инвестиция салумен байланысты қызмет. Кең мағынасында, инвестиция дегеніміз - табыс табу мақсатымен жаңа кәсіпорындарды құруға, істеп түрған кәсіпорындарды кеңейтуге, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, жылжымайтын мүлікті, акцияларды және тағы басқа құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттік, заңды және жеке түлғалардың ақшалай, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары.
Инвестиция - "күрделі қаржы" үғымына қарағанда кең түсінік. Әлемдік тәжірибеде инвестициялаудың 3 нысаны бар: [3]
1. Тікелей, немесе нақты, инвестиция (өнеркәсіп, сауда, қызмет
сфераларына капитал салу) ;
2. Портфельдік, немесе қаржылық, инвестиция (капиталды
құнды қағаздарға салу) ;
3. Орта және ұзақ мерзімдік халықаралық несиелер мен қарыз капиталын тарту. Тікелей инвестиция инвесторға инвестицияланған компанияны толық иеленуге немесе оның қызметіне бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Жетекші инвесторлар болып экономикасы жақсы дамыған елдер алады, соның ішінде ең алдыңғы қатарда соңғы 20 жыл ішінде жалпы шетелдік тікелей инвестициялар көлеміндегі үлесі 55 пайыздан 44 пайызға дейін төмендеді, ал Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның үлестері керісінше, 37 пайыздан 44 пайызға дейін, және 1 пайыздан 10 пайызға дейін өсті.
Тікелей инвестиция бағытындағы өзгерістер де айтарлықтай: 2-ші дүниежүзілік соғысқа дейін қаржының негізгі бөлігі артта қалған елдерге құйылды, ал соңғы кездері инвесторларды негізінен дамыған экономикалық жүйелері бар елдер тартады. Бұл құбылыс инвестициялаудың салалық құрылымындағы өзгерістермен түсіндіріледі, қазіргі кезде инвестиция негізінен өңдеу өнеркәсібіне, соның ішінде ғылыми сыйымдылығы мол және жоғары технологиялық салаларға шоғырланған.
Портфельдік инвестциялар - кәсіпорындардың, ірі корпорациялардың және коммерциялық банктердің шығаратын акцияларын қаржыландырудың негізгі көзі. Соғыстан кейінгі жылдары портфельдік инвестиция көлемі әсіресе үлкен қарқынмен дамыды. Портфельдік инвестициялар қозғалысында делдалдар негізінен инвестициялық банктер болып табылады. Портфельдік инвестициялардың қозғалысына әр елдегі проценттік ставка шама-сының, құнды қағаздар табыстылығының айырмашылығы әсер етеді. Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары халықаралық несиелердің өсуінің "жарылысы" орын алды, бұл әлемдік қаржы-несие сферасының қалыптасуына ықпа тигізід. Халықаралық қарыз капиталының нарығы ерекше жоғары қарқынмен дамып келеді: онын жиынтық көлемі 1960 жылғы 10 млрд. доллардан 90-шы жылдардың соңында 2395 млрд. долларға дейін жетті. Бұның негізгі бөлігін банктік несие алады. Қазіргі кезде қарыз капиталының халықаралық нарығы ақша және капитал нарығына бөлінеді.
1. Ақша нарығы - қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейін) нарығы. Олардың көмегімен корпорациялар мен банктер айналым құралдарын толықтырады.
2. Капитал нарығы - орта мерзімдік (2-5 жылға дейін) банктік несиелер мен ұзақ мерзімдік (10 жылдан жоғары) қарыздар нарығы.
Соңғы жылдары халықаралық нарықта ұзақ мерзімдік қаржыландырудың дәстүрлі емес формалары қолданылады, мысалы, жобалық қаржыландыру, оның мәні - нақты өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға бағытталуында. Инвестция экономикалық категория ретінде бірнеше маңызды қызметтер атқарады. Оларсыз кез-келген мемлекет экономикасының қалыпты дамуы мүмкін емес. Инвестиция макродеңгейде мына шаралардың негізін қалайды:
- ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
- ҒТП-ны жеделдету, отандық өнімнің сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Қоғамдақ өндірісті құрылымдық қайта құру және халық шаруашылығының барлық салаларын дамыту:
- өнеркәсіптік шикізат базасын қалыптастыру;
- азаматтық құрылыс, денсаулық сақтау, мәдениет, орта және жоғары білім беру сфераларын дамыту және т. б. әлеуметтік проблемаларды шешу;
- қоршаған ортаны қорғау;
- әскери-өнеркәсіптік кешенді конверсиялау;
- мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т. б. көптеген проблемаларды шешу.
Қазақстан экономиксы үшін инвестиция, ең алдымен оны тұрақтандыру, жандандыру және дамыту үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға жұмсалған инвестиция қатаң бәсекелік күресте бәсекелестерді жеңуге көмектеседі, мейлінше икемді баға белгілеуге мүмкіндік береді.
Макроэкономикалық деңгейде қол жеткен табыстарға кешенді инвестициялардың елеулі үлесі тиді. Бүгін өндірілгеннің неғұрлым көп бөлігін жинақтап, инвестициялайтын болсақ ертеңгі тұтыну мүмкіндіктеріміз соғұрлым жоғары болады. Керісінше, бүгінгі ресурстардың неғұрлым көп бөлігін бүгін тұтынар болсақ, ертең жоғары тұтыну деңгейіне қол жеткізе алмаймыз.
Инвестициялар микродеңгейде де маңызды роль атқарады. Бұл деңгейде инвестициялар ең алдымен төмендегі мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет:
- өндірісті кеңейту және дамыту;
- негізгі қорлардың шектен тыс тозуын болдырмау;
- нақты кәсіпорынның өнімінің сапасын арттыру және бәсекеге
қабілеттілігін арттыру;
- табиғатты қорғау шаралыран іске асыру:
- құнды қағаздарды сатып алу.
Сайып келгенде, инвестиця, кәсіпорынның болашақта қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, қаржылық жағдайын тұрақтындырып, пайда мөлшерін арттыру үшін қажет.
Сонымен, инвестиця маңызды экономикалық категория болып табылады, және микро-, макродеңгейде айтарлықтай роль атқарады, ең алдымен, жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, құрылымдық түрлендірулер, пайданы арттыру және соның негізінде көптеген әлеуметтік проблемеларды шешудегі инвестицияның маңызы өте зор.
Республикадағы инвестициялық қызмет жағдайын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
- инвестицияның жалпы көлемі;
- инвестицияның жиынтық ішкі өнімдегі үлесі;
- нақты инвестицияның жалпы инвестиция ішіндегі үлесі;
- нақты инвестицияның жалпы шамасы;
- негізгі капиталға салынған нақты инвестиция үлесі және т. б.
1. 2 Инвестицияның түрлері мен құрылымы
Инвестицияны есепке алу, талдау және тиімділігін арттыру үшін оны ғылыми-негізделген түрде, макро - және микродеңгейде жіктеу керек. Ойластырылған және ғылыми түрде негізделген жіктеме инвестицияны сауатты ескеруге, оның деңгейін талдауға және соның негізінде тиімді инвестициялық саясатты құрып, оны жүзеге асыру үшін объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоспарлы экономика кезінде күрделі қаржы келесі белгілері бойынша жіктелген. [4]
Болашақ объектілердің мақсатты қолданылу белгісі бойынша- бұл оның халық шаруашылығының салалары бойынша бөлінуі-салалық құрылым, ол өз кезегінде екі бөлімшеден тұрады - өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілерге қаржы салу. Негізгі қорды ұдайы өндіру формалары бойынша - жаңа құрылысқа, жүмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға салынатын инвестиция. Қаржыландыру көздері бойынша - орталықтандырылған және орталықсыздандырылған. Қолданылу бағытына қарай - өндірістік және өндірістік емес. Салыну объектілеріне қарай - мүлікке, салынатын инвестиция (материалдық инвестиция) - ғимараттарға, құрылыс үйлеріне, кұралдарға, материал қорларына салынады; қаржылық инвестиция (акция, облигация және т. б. құнды қағаздарды сатып алу),
материалдық емес инвестиция (кадрларды дайындуға, зерттеулерге, жарнамаға салынады) .
Шетелдік экономикалық әдебиетте портфельдік инвести-цияның келесі жіктемесі кездеседі. Фирма қызметін бақылауға тигізетін әсері бойынша - портфельдік инвестициялар төмендегідей жіктеледі: [5]
- айтарлықтай әсер ететін (20%-тен жоғары, дауыс беру құқығы
бар, бірақ 50%-тен төмен акция үлесін сатып алу) ;
- бақылау жүргізуге құқық беретін (50%-тен жоғары акция үлесін
иелену) ;
- бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін және айтарлықтай әсер
етпейтін (20%-тен жоғары, бірақ 50%-тен төмен дауыс беру құқығы бар акция үлесін сатып алу) ;
- бақылау құқығын беретін (бас компанияның 50%-тен төмен
акция үлесін және төл компанияның 100% акциясын иелену) . Бұл жіктеме кәсіпорындағы портфельдік инвестицияның неғұрлым оптимальды құрылымын қалыптастыру үшін маңызды. [6]
Инвестицияны мейлінше кешенді жіктеу Н. А. Бланктың жұмысында келтірілген. Онда инвестиция келесі белгілерге қарап жіктелген: салу объектісіне, инвестициялауға қатысу сипатына, инвестициялау кезеңіне, инвестициялық ресурстардың меншік формасына, аймақтық белгісіне қарай. Ғылыми әдебиетте инвестицияны жіктеудің басқа да түрлері кездеседі. Олардың барлығы инвестицияны түбегейлі түсінуге және оны пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында терең талдау жургізуге мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі жағдайларда, бұл жіктемелер жеткіліксіз.
Инвестицияны пайдалану тиімділігі оның құрылымына айтарлықтай байланысты. Инвестицияның құрылымы деп оның түрлері, пайдалану бағыттары және олардың жалпы инвестициядағы
үлестері бойынша құрамын түсінуге болады.
Инвестиция құрылымы жалпы және жеке дара деп екіге бөлінеді. Инвестицияның жалпы құрылымына оның нақты және портфельдік болып бөлінуін жатқызуға болады (капитал құрушы және қаржылық) . Жалпы инвестиция көлеміндегі басым үлесті капитал құрушы инвестициялар алады. Мысалы, 2004 жылы, жалпы инвестиция көлеміндегі капитал құрушы инвестицияның үлесі 81%-ті, қаржылық - 19%-ті құрады. Кейбір жеке дара құрылымдарға инвестицияның келесі құрылымдары кіреді: технологиялық, ұдайы өндірістік, салалық және территориялық.
Технологиялық құрылым - кез-келген объектіні салуға кеткен шығындардың түрлері бойынша құрамы және олардың әрқайсысының ортақ сметалық құндағы үлестері, яғни күрделі қаржының бөлігі құрылыс-жөндеу жүмыстарына, қандай бөлігі машиналар мен құралдарды сатып алуға және жөндеуте, жобалау-зерттеу және т. б. шығындарға жұмсалатындығын көрсетеді. Инвестицияның технологиялық құрылымы оның пайдалану тиімділігіне ерекше зор әсер етеді. Бұл құрылымды жетілдіру дегеніміз - жобаның сметалық құнындағы машиналар мен құралдардың үлесін оптимальды деңгейге жеткізу. Инвестицияның технологиялық құрылымы болашақ кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының белсенді және пассивті бөліктері арасындағы арақатынасты қалыптастырады.
Болашақ кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының белсенді бөлігінің үлесін арттыру кәсіпорынның өндірістік қуатын ұлғайтады, ал бұл өнімнің әр бірлігіне жұмсалатын күрделі қаржы мөлшерін төмендетеді. Еңбекті көтеру арқылы да экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады. Күрделі қаржының технология-лық құрылымын талдаудың ғылыми және тәжірибелік маңызы зор. Ұдайы өндірістік құрылым - инвестияны пайдалану тиімділігіне әсер етеді. Инвестицияның ұдайы өндірістік құрылымы дегеніміз - жалпы сметалық құндағы инвестицияның негізгі өндірістік қорларды ұдайы өндіру формалары бойынша бөлінуі. Оның көмегімен инвестицияның жалпы көлемінің қандай бөлігі жаңа құрылысқа істеп тұрған кәсіпорынды реконструкциялауға және техникалық қайта анықтауға болады. [7] Теория мен тәжірибе дәлелдегендей, өндірісті реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру жаңа құрылыс салуға қарағанда тиімдірек, оған көп себеп бар; біріншіден, қосымша өндірістік қуатты іске қосу мерзімі қысқарады; екіншіден, күрделі қаржы үлесі қысқарады.
Негізгі құнға салынған нақты инвестицияның ұдайы өндірістік құрылымның динамикасы бірқатар онды және солды құбылыстар мен өзгерістер туралы мағлұмат береді. Жаңа құрылысқа автоматты түрде оны реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталатын үлесін азайтады, ол бұл өндірістің техникалық деңгейіне кері әсер етіп, инвестицияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Ал бұл процестің жағымды жағы сол, шағын кәсіпорындарды құру процесінің есебінен жаңа құрылысқа бағытталатын инвестиция үлесі жоғарылайды. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындарды құру және олардың экономикадағы ролін арттыру қажетті және прогрессивті процесс болып табылады.
Республика экономикасы үшін, сондай-ақ, нақты инвестицияның экономика салалары арасында бөлінуі ерекше маңызды, өйткені, ұлттық экономиканың болашағы осындай бөлуге байланысты болмақ. Салалық құрылым дегеніміз - инвестицияның экономика салалары арасында бөлінуі. Оны жетілдіру деп ҒТП-тің жеделдеуін камтамасыз ететін салаларды тез дамыту және экономика салаларының пропорцианалды түрде дамуына қол жеткізу түсініледі. Күрделі қаржының салалық құрылымын жоспарлаудан көп нәрсе тәуелді, ең алдымен барлық салалардың біркелкі дамуы, салалық құрылымның ұтымдылығы, ҒТП-тің жеделдеуі және бүкіл Республика экономикасының тиімділігі. Мемлекет, мысалы, бюджет құралдары көмегімен және басқа тұтқалары арқылы инвестицияның салалық құрылымының прогрессивті бағытта өзгеру тенденциясына үлкен ықпал ете алады. [8] Экономикадағы инвестицияның тиімділігі үшін оның қаржыландыру көздері және меншік формалары бойынша құрылымы маңызды роль атқарады.
Инвестияцияның меншік формасы бойынша құрылымы дегеніміз - оның жалпы көлеміндегі меншік формалары бойынша арақатынасы, яғни инвестицияның органдарға, жеке тұлғалармен жеке меншік заңды түлғаларға, аралас меншік иелеріне тиесілі екендігін анықтау. Жалпы инвестиция көлеміндегі жеке меншік инвестиция үлесінің неғүрлым жоғары болуы экономика үшін қолайлы. Инвестицияның қаржылану көздері бойынша құрылымы дегеніміз - оның қаржы көздері арасындағы арақатынасы. Бұл құрылымды жетілдіру жалпы инвестиция көлеміндегі бюджеттік емес құралдар үлесі оптималды деңгейге дейін көтерумен байланысты .
Кәсіпорындағы инвестицияны пайдалану тиімділігі, оның қаржылық жағдайы кәсіпорындағы инвестицияның құрылымына айтарлықтай байланысты. Кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымы дегеніміз - инвестицияның жалпы көлеміндегі нақты және портфельдік инвестициялардың арақатынасы. Оны жетілдіру деп портфельдік және нақты инвестициялардан түсетін қайтарымның барынша жоғары болуын түсінуге болады, яғни мейлінше тиімді, жобаларға салынған инвестициялар үлесі жоғары болуы керек. Қазіргі жағдайда кәсіпорындар үшін портфельдік инвестицияның да, нақты инвестицияның да құрылымдары үлкен маңызға ие. Портфельдік инвестицияның құрылымы дегеніміз - кәсіпорынның сатып алған құнды қағаздары мен басқа кәсіпорындардағы активтері арасындағы арақатынасы. [9]
Қазіргі кезде, мемлекеттік инвестициялардың үлесі күрт төмендеп, ал кәсіпорындардың инвестициясының үлесі жоғарылаған жағдайда, инвестициясының тиімділігі барған сайын оның тікелей косіпорында пайдаланылу тиімділігіне, сайып келгенде, кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымына байланысты болмақ.
Жоғарыда айтылғандарды түжырымдай келе, мынадай қортынды шығаруға болады инвестицияның әр түрлі бағыты бойынша кұрылымын талдаудың ғылыми және тәжірибелік маңызы зор. Мұндай талдаудың тәжірибелік маңыздылығы сонда, ол инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясын анықтауға және оның негізінде неғұрлым тиімді инвестициялық саясатты құруға мүмкіндік береді. Инвестиция құрылымын талдаудың теориялық маңыздылығы -осындай талдау негізінде инвестициялық қызметке әсер ететін жаңа факторлар айқындалады, сондай-ақ инвестицияның пайдаланылу тиімділігі анықталады, ал бұл инвестициялық саясатты құруға аса қажет.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫН ТАЛДАУ
- Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестициялық климаттың даму тенденциялары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz