Абай Құнанбаев дара туған ғұлама


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбей, арғы атасы Ыағызбай -бәрі де Тобықты руларының билеушілері, ірі феодалдар болған. Құнанбайдың Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Ысмағұл деген жеті баласы болған. Солардың ішінде жас кезінен -ақ ерекше көзге түсіп, ата -анасының қатты үміт күткен баласы -Абай. Сырт көзге момын және сөзге жанғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі -аңыздарды құмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі -аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері саналады. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул -Жаппардың, кейін Ахиет -Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепке жүргізетін дін сабағын жеңіл үлгеріп, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары: Низами, Сағди, Хафиздардың шығармаларымен, дастан, хиссаларымен Абай осы кезде танысады. Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:

Файзули, Шамси, Сайхали,

Наваи, Сағди, Фирдоуси,

Хамса, Хафиз бу һәммәси

Мәдет бер, я шағири фәрияд! -деп Шығыс ақындарына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түрік тілдерін оқып -үйренуі - Абайдың едәуір табысы. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылменша оқумен тоқталмай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл -Абайдың кейін өз бетімен оқуына негіз болған.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қаласына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баули бастайды. Ел басқару ісінде өз орнымды басар ұлым осы болар деген дәмемен Абайға жол -жоба көрсетіп, өзінше тәрбиелейді.

Ел ісіне араласу -зерек те талапты жас Абайдың ел танып, халықтың өмірі мен кеңірек танысуына жол ашады, әкесіне қошеметші ретінде ере жүріп, ол сол кездегі шешен -билерді көреді. Солардың ыңғайымен өзі де сөз үйреніп, билікке қажет қазақтың ескі сөзі, жол -жобасын, мақалдап тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады, ол көп ел тарихымен таныса келе, ақыл -ойы толысып, көзге түсе бастайды, өстіп жүріп Абай әкесі баласының халықшыл мінездерін ұнатпай, оған «Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құста жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақынболасың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына үйірмелейді» -деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: «Қолында құралы бар бірен -саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы -қолаң, жарлы -жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білем», -дейді. Осы қақтығыстан кейін Абай әке жолынан бөлініп, ел қызметімен шеттей бастайды. Ендігі жолды сол кітаптан орыс мәдениетін іздейді, 60 -жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқығанорысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасына кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алдыртады.

Өлеңдері.

Өлең жазуға бала жасына әуестігімен және алғашқы өлеңдерінен -ақ ақындық ұшыны шашырығанымен, бірыңғай жазу жұмысымен 80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға бір жола бет бұрды. Бұған дейін әрекелдік жазған өлеңін замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.

Өйтуіне өмір тәжірибиесінің молаюы және көркем әдебиетке деген көзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне жас өспірім кезінен араласқан абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және көлеңке жақтарын түгел көріп, оның бәрін жан -жақты таниды. Сондықтан халқына пайдалы істерін көркем сөзбен, әсіресе өлеңмен насихаттамақ болған. Абайға дейін қазақ әдебиетінің жырлары шешендік сөз бен өлең -жырлар болатын. Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мкл үшін тұрмын зарлап» деді ол. Қысқасы, Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп нәр алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі етпеді. Оның көп қолданғаны -мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңдеріне ретін тауып қосып отырған. Мысалы: «Алғанға алтау аз, бермегенге бесеу көп» деген мақалды өлеңінде «Бермегенге бесеусің, Аларманға және алтау» деген түрде алған.

Абайдың жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенер -алдымен орыс әдебиеті, әсіресе оның 19 ғасыры болған. Ахмет Ризаның медресесінен кетер алдында Абай үш айдай орыс тілін оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарда іріктеп, жүйе -жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиеттерін беріле оқиды. Ресейдегі саяси ағым, қоғамдық дамудың мәселелерін қарастырады.

Абайша, ақындақтың құралы -тіл, «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі», яғни көркемөнердің басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды. Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде: «Мақсатым -тіл ұстартып, өнер шашпақ» дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады. «Бөтен сөз» дейтіні: біріншіден, ауызша немесе жазба әдебиетте белгілі бір пікірге қатысы жоқ жолдардың, сөздердің бытысып жүруі:екіншіден, қазақ тіліне ислам діні арқылы кірген, қазаққа ұғымсыз араб, парсы сөздерінің орынсыз араласып кетуі. Белинскийдің қағидасын қолданатын Абайдың да ойынша: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиысьырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп -тегіс жұмыр келсін айналасы». Осылай жазылған өлеңді ғана көркем деп түсінетін Абай Белинскийше мазмұнға бірінші орын, түрге екінші орын беріп, өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болсын дейді. Өзі тек қана осындай өлең жазуға ұмтылды және сол мақсатын орындады да, мазмұн жағынан Абай өлеңдері түгелімен өзі өмір сүрген заманның тақырыбына, туған халқының жақсы және кемшілік жақтарын сипаттауға арналан.

Сөйтіп, Абайдың ақындық тілі өзінің байлығымен алуан түрлі үлгілердің молдығымен қазақтың жазба әдебиет тіліне негіз болды.

Поэмалары.

Абайдың үш поэмасы бар. Олар: «Мағұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі». Соңғы поэмасы аяқталмаған.

Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой -пікірін тереңірек танытатыны да «Ескендір».

«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.

Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынайды. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді.

Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысынан құралады. Жауыздық жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтардыақылға шештіреді.

Бұл -адам көз сүйегі, -деді ханға

Тоя ма адам көзі мың -мың санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.

Аристотельдің даналық сөзін қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді.

Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе -бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез -құлқы, іс -әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады.

Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар, диалок пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл -Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады.

Аудармалары.

Орыс әдебиетін оқып, зерттеуге ден қойғанда Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі -А. С. Пушкин.

Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақынның қоғамдағы орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлауында басқа классик -жазушылармен бірге Пушкиннің де ықпалы зор.

Пушкиннің «Евгений Онегині» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен қыздың тіршілік талқысының себептерінен қосыла алмай, опық жеген күйін таныды. Олардың хаттарын аудару арқылы Абай қазақ жағдайындағы соған ұқсас тағдырлар мұңын жоқтады. Татьяна өзі қазақ даласына ән болып тарады.

Пушкин шығармаларын ұзақ оқып, зерттей келе, оны аударумен Абайдың көбірек шұғылдағаны -1889 жыл. Бұл жылы ол «Евгений Онегиннен» үзінділер күйінде сегіз өлең аударады. Олардың көбі -Онегин мен Татьяна арасындағы хаттар. Пушкин шығармаларын аудару арқылы Абай өз ойына ой қосты. Тың өлеңдер туғызды. Көркемдік түр ізденістерінде Абай Пушкинді аудару арқылы шалыс ұйқасты өлең түрін тапты.

М. Ю. Лермонтовтың өмір сүрген дәуірі декабристер қозғалысынан басталып, Ресейдегі патшалық кертартпа күштердің өктемдік алған кезі болатын. Соған орай ұлы ақынның шығармалары өз қоғамы мен оның әкімдеріне деген ашу -ызаға, кекке толы келеді. ақын өлеңдерінің кейіпкері -күресті аңсаған, заманының сырына қанқ және оған қарсы, батыл адам. Ол ұнамсыз адамдар мен патшашыл көзқарастарды аяусыз әшкереледі.

Лермонтов шығармашылығының осы сарыны Абайға тым жақын еді. Қазақ ортасындағы феодалдық -патриархалдық ескішіл көзқарастармен аяусыз күрескен Абай өз ойын іске асыра алмай, көп достарынан түңіліп, жалғыздық тартты. Кеудесі ыза мен кекке толып, өзі кқрген ұнамсыздықты аяусыз сынап -шенеді. Осы жолдағы ізденіс үстінде ол Лермонтов еңбектерімен танысты да, оны өзіне өлмес серік етті. Абайдың 80-жылдардың орта кезінен бастап, заман мен оның адамдары туралы ойлағанда («Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн», «Сегіз аяқ»), Лермонтовқа көп жағынан жақын келуінің сыры осында болатын.

Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған. Мұның бәрі 90-жылдың ішінде Абайдың Лермонтовтан тіпті мұңдас болып, қазақ ортасының ұнамсыз жақтарын сынауда, өз басының көңіл -күйін танытуда көп тереңдегенін аңғартады. Оның сыншылдықтары өткірленіп, күшейе түседі.

Қара сөздері.

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары -«қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты -жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын -Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала -очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. өзге Қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қол жазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой -толғауы болады. Бұл -Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пеноның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл жиырма бесінші сөз. Көпшілік қара сөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімшеге өзге қара сөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары, көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны болып саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адасгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.

Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе -жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың «Круг чтения» деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп -көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой «Круг чтенияда» оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді.

Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері -оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болғанда тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қара сөздердің бағасы -Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлы дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделікті өмірімен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары -бәрі де ескірген.

Екінші -Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.

Абай Афоризмі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
АБАЙ. 1845-1904
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz