Шағын және орта бизнес үшін арнаулы салық режимдерінің түрлері мен қолдану тәртібі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлермен арнаулы салық режимдерінің қолданылуы

Қазір кезде шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері қарастырылған. Арнаулы салық режимдерінің келесідей түрлері бар:

  • патент негізіндегі шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі.
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
  • шаруа және фермер қожатықтары үшін арнаулы салық режимі.
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимдері.

Көріп отырғандай, салық кодексінде біржолғы талон негізіндегі салық режимі жоқ. Бірақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңының 9 бабына сәйкес кәсіпкерлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолдануға құқығы бар. Кәсіпкердің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық төлеуіне мүмкүндігі бар.

Салық төлеуші салықты есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің жоғарыда көрсетілген тәртіртердің біреуін ғана дербес таңдауына құқылы.

Салық режимдерін ауыстыруға болады, мысалы, патенттен жалпыға бірдей белгіленген тіртіпке ауысуға немесе оңайлатылған декларация негізіндегі тәртіпке ауысуына болады. Алайда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Патент нысаны уәкілетті органмен белгіленеді. Патент бойынша қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жылына табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгілегген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлер жұмыс жасай алады. 2009 жылы бұл сома 2 694 000 (13 470 х 200) теңгені құрады. Патент- кәсіпкер табысына салынатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат. Яғни, патент кәсіпкердің патентте көрсетілген мерзім ішінде салықты төлегендігін және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына құқықты екендігін растайды. Патент кәсіпкердің табыс еткен патент алуға арналған есеп-қисабы мен салықтық өтініші негізінде кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Бюджетке төленетін патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне (алынған табысқа) 2% мөлшерінде ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Бюджетке төлеу келесі жолмен жүргізіледі:

  1. патент құнының 0, 5 бөлігі мөлшеріндегі жеке табыс салығы.
  2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейін патент құнының 0, 5 бөлігі мөлшеріндегі әлеуметтік салық.

Аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады. Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі салықты есептеудің келесідей принципін қарастырады. Салық салу объектісі болып алынған табыс саналады және оған 3% мөлшеріндегі ставка қолданылады. 436 баптың 2 тармақшасына сәйкес кәсіпкер егер қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінен аз болса салық сомасын азайтуға құқығы бар. (2009 жылы бұл көрсеткіш 26 940 теңгені құрады) . Есептелген сома екі бөліктен құралады, бірі кәсіпкерелер табысына салынатын жеке табыс салығы, екінші бөлігі- әлеуметтік салық.

Оңайлатылған декларация салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi. Яғни, бірінші тоқсан бойынша декларация 15 мамырға дейін тапсырылуы және салық бюджетке 25 мамырға дейін төленуі қажет. Қызметкерлердің жалақысынан ұсталынатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару 25 мамырдан кешiктiрiлмей жүргiзiлу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауда салық салудың рөлі мен арнаулы салық режимдерінің талдауы
Арнаулы салық режимдері: түрлері, қолдану шарттары және есептеу тәртібі
Арнаулы салық режимдерінің ерекшеліктері, қолдану талаптары және қолдануға тыйым салынған қызметтер
Арнаулы салық режимдері: қолдану тәртібі, түрлері және салықты есептеу мен төлеу
Қазақстандағы шағын бизнеске салық салудың арнаулы және жеңілдетілген режимдерінің құқықтық талдауы
Жекелеген кәсіпкерлік қызметтерге арналған арнаулы салық режимдері: патент және шағын бизнес үшін оңайлатылған тәртіп
Шағын және орта бизнеске арналған арнаулы салық режимдері: біржолғы талон, патент және оңтайландырылған декларация негіздері мен қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасындағы арнаулы салық режимдері: түрлері, қолдану ерекшеліктері және есептеу тәртібі
ҚР арнаулы салық режимдері: шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің дамуына әсері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимдері және қолдану тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz