«Жылуэнергоремонт» ЖШС-де іс-тәжірибеден өту есебі


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
1- Тарау ЖШС «Жылуэнерго ремонт»қалыптасу тарихы, жұмыс істеу бағыты
1. 1. ЖШС «Жылуэнерго ремонт» қызметінің заңнамалық негізі
1. 2. Кәсіпорынның даму перспективалары
1. 3. Ұйымдық құрылымы
2- Тарау ЖШС «Жылуэнерго ремонт» қаржылық тұрақтылығын талдау
2. 1. Кәсіпорынның 2008 - 2009 ж. ж. негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштерін талдау
2. 2. Активтердің қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау
2. 3. ЖШС «Жылуэнерго ремонт»қаржы - шаруашылық қызметін талдау
2. 4. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарының құрылымын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар
Кіріспе
Өндірістік практикадан өтуіміздің мақсаты, осы төрт жыл бойы жинаған білімімізді - жұмыс істеп дәлелдеуіміз керек болды. Және өз білімімізді әрі қарай жетілдіруіміз үшін жасалған шаралардың бірі деп ойлаймын.
Мен, Отарбаева Венера өндірістік іс-тәжірибемді ОҚО облысы, Шымкент қаласында ЖШС «Жылуэнерго ремонт» өткіздім. Мен іс-тәжірибеге күн сайын қалдырмай бардым. Жалпы мен іс-тәжірибемді өткізген мекеме, яғни ЖШС«Жылуэнергоремонт»
қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен табыс алу болады.
Мен онда жүріп көптеген қызықты мәлімметтерге қанық болдым, өзіме қажетті бағдарламаларды және осы мекеменің арнайы бағдарламаларымен таныстым. Мекеменің бухгалтерлік бөлімінде жұмыс жасап, Төлемдік ақы не екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігінен, мекемесінің қандай банктермен жұмыс жасайтындығынан толыққанды мәлімет алдым. Жалпы Төлем ақыға келер болсақ, бұл - көрсетілген соманы бенефициар пайдасына ақшалар жіберушінің оған қызмет көрсететін қабылдаушы-банкке ақшаны аудару туралы тапсырысы болып табылады.
1- Тарау ЖШС «Жылуэнерго ремонт» қалыптасу тарихы, жұмыс істеу бағыты
1. 1. ЖШС «Жылуэнерго ремонт» қызметінің заңнамалық негізі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:
1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
2. сот шешімі бойынша.
3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:
• серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
• жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
• серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
• бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
• серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.
Серіктестік атауы: мемлекеттік тілде толық: «Жылуэнерго ремонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; қысқаша: «Жылуэнерго ремонт» ЖШС.
Серіктестіктін орналасқан жері ОҚО облысы, Шымкент қаласында Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген. Серіктестіктің мақсаты табыс түсіру болып табылады.
Негізгі қызметінің түрлері:
• Құрылыс материалдарды мен қондыргыларын өндіру;
• Металл конструкцияларын өндіру мен сату;
• Былгары өндірісін ұйымдастыру;
• Жолаушы-жүк тасымалдауын ұйымдастыру;
• Коммерциялық қызмет;
• Құрылыс-монтаждык жүмыс;
• Делдалдық қызмет;
• Көтерме және бөлшек сауда;
• Жарнамалық хабар қызметі;
• Сыртқыэкономикалык кызмет;
• Қоғамдык тамақтану жүйесін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдарында тыйым салынбаған баска да қызметтің түрлері.
Қазақстан Республикасының зандарына Серіктестік бөлек қызмет түрлерін атқаруға кұқық беретін мемлекеттік лицензиялар мен құзырлы мемлекеттік органдарының рұқсатын алады.
Серіктестіктің заңды мәртебесі
Серіктестік заңды тұлға құқықтарына өзінің мемлекеттік тіркеуден өткен мезетінен бастап ие болады. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланктері бар. Серіктестік өзқызметірінің мақсатарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға хақылы. Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге қатысуға, сол сияқты басқа да заңда тұлғалардың Жарғылық капиталына 100 пайыз кем қатысу үлесімен, қатысушысы болуға хақылы. Серіктестік өзіне тиесілі барлық мүліктерінің міндеттемелері бойынша жауапты. Мемлекет Серіктестіктің қарыздары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекет қарыздары бойынша жауап бермейді. Серіктестік өзінің Қатысушыларының міндеттемелері бойынша, күші бар заңнамаларымен қаралған жағдайларды қоспағанда, жауапты емес.
1. 2. Кәсіпорынның даму перспективалары
ЖШС «Жылуэнерго ремонт» миссиясы
Электр энергиясын тұтынушыларға электрмен жабдықтаумен байланысты толық қызметтер кешенін көрсету
Әрбір клиентке жеке қызмет көрсетуге қолымыздан келгенін жасаудамыз. Өзіміздің клиенттеріміз үшін «жарықты беруші немесе сөндіруші» кескінсіз ұйым болып қана емес, сонымен қатар электр энергиясына жұмсалатын шығындарды жоспарлауға көмек көрсететін, өз қаражаттарын үнемдеуге, есептерді төлеуге шығындалатын уақытша шығындарды оңтайландыруға көмек қолын созатын серіктес болғымыз келеді.
Өзіміздің тұтынушымызға оның электр энергиясына жұмсайтын шығындарына ерікті түрде аудит жүргізушіге дейін және аталған мәселені оңтайлы түрде шешу жөніндегі ұсыныстарды жасауға дейін қол ұшын созғымыз келеді.
Күнделікті энергия кешеннің барлық қатысушыларымен бірге қаланың энергиямен жабдықталуының мейлінше сенімді болуы үшін барлық мүмкіндіктерді қолға аламыз. Тарифтің оңтайлы болуы үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз және электр энергиясын мейлінше төменгі бағалар бойынша сатып алуға кез келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысамыз.
Клиенттердің сапалы электр энергиясына қатысты және сапалы сервиске қатысты қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыруға тырысамыз.
Әрқашан біздің негізгі құндылықтарымыз ретінде Жауапкершілік, Қол жетімділік, Сенімділік, Сапа, Жаңашылдық, Айқындық және Өзара түсінушілік болып табылады.
Қазақстанның ірі мегаполисі Алматының тұрақты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мен өңірдің әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын табысты түрде дамытуға барлық күшіміз мен мүмкіндіктерімізді саламыз!
Бағдарламасы мен бағыттары
- Тұтынушыларға Электр Энергиясымен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын ендіру мен Сервис деңгейін арттыруТұтынушылардың туындаған мәселелерін шұғыл түрде шешуге үндейтін тұрғындарға Қызмет Көрсету Орталықтарын құру. Орын алған жағдай жөніндегі шұғыл түрде мәлімет беретін Call-орталғын құру…Электронды төлем жүргізу жүйесін ендіруОқу орталығын құру
- Клиенттік База мен Жеткізушілер Базасын Сақтау мен Кеңейту
- Шығындарды басқарудың тиімді жүйесін құру және жарамды кірістер деңгейін қамтамасыз ету
Әрбір іскерлік үрдіс барысында әрбір қызметкер ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әрекет ете отырып, шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Компания, жалпы алғанда, жаңа технологияларды ендіре отырып, мекеме қызметін қамтамасыз ете отырып, аталған қызметті тарифтік құрылымына ендірмейді.
- Энергия көзін сатудың жаңа технологияларын жасау мен ендіру, Іскерлік үрділерді автоматтандыру
Есептерді жүргізу мен қызметтердің тарификациясын мейлінше жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екі тілдік жүйені ендіру жоспарланып отыр. Аталған қызмет ең соңында тұтынушы үшін өте қолайлы болады - бұл жағдай қойылатын есептердің нақтылығына, электр энергиясының шығындарының оңтайлылығына әсер етеді. Сәйкесінше, екі тілдік жүйе электрмен жабдықтаудың сенімділігіне де әсер етеді. Клиенттердің (заңды және жеке тұлғалар) біртұтас базасын қолдаудың өзі қара ниетті төлем жасаушылардың тарапынан жасалатын қиянаттарды төмендетуге мүмкіндік береді. Дербес шоттар жүйесін құру, ең алдымен, тұтынушыларға еншілес құрылымдарға (заңды тұлғалар үшін), туған-туысқандарына (жеке тұлғалар үшін) ұсынылатын қызметтер бойынша өзара есептесуді бақылау мүмкіндігін алуға жағдай жасайды. Екі тілдік жүйе клиенттер үшін күрделі тарифтік жоспарлардың және бонустық бағдарламалардың болуын білдіретіні маңызды.
2014 жылға дейін аталған жоспарлардың бәрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұтынушылар үшін шындыққа айналады.
- Тұтынушыға мейлінше сан алуан қызметтер түрін көрсету
Келісім шарттар жасасу, тұтынған электр энергиясы үшін есеп-шотты рәсімдеу мен жіберуден басқа, тұтынушы өзінің тарапынан жасалған төлемдердің тарихын жасап, келешектегі шығындарын жоспарларлауға мүмкіндігі болатын дербес шоттарды ашу мүмкіндігі жоспарланып отыр.
Компания тұтынушыға энергия үнемдеуші технологиялар саласы бойынша ұсыныстар бере алады.
- Компанияға өндірілген халықаралық ИСО 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мен тұрақты түрде жақсарту
- Компанияның әрбір жұмысшысын жұмыс үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету және оның біліктілігін арттыру
1. 3. Ұйымдық құрылымы
Серіктестіктің қатысушылары болып, яғни құрылтайшылары: олар
Прудникова Лариса Вальрьевна , Қазақстан Республикасының азаматшысы, 30. 10. 1968 ж т., Ресей, Смоленск туылған, паспорт сериясы 6601 № 417387 Смоленск қаласының Промышленный А11Б-мен 24. 01. 2002ж берілген, тұрғылықты жері: ресй, смоленск қаласы, 3-ші Ясенная көшесі, 3үй
Альменбаев Марат Кумекович , Қазақстан Республикасының азаматы, 15. 04. 1968ж. т, . Алматы қаласында туылған, жеке тұрғылықты жері: Қазақстан республикасы, Шымкент қаласы, Армаов көшесі, 117 үй
Қаржы директоры - Исабаева Айгуль Абдуалиевна
Бас бухгалтер - Седикова Наталья Дмитреевна
2- Тарау ЖШС «Жылуэнерго ремонт» қаржылық тұрақтылығын талдау
2. 1. Кәсіпорынның 2008 - 2009 ж. ж. негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазіргі таңда кәсіпорын тиімділігін жоғарылату мақсатындағы басқару шешімдерін жасап, қабылдауға жауапкершілігі жоғарылап барады. Субъектінің өндірістік, коммерциялық, қаржылық және басқа да қызметтерінің нәтижелері өзара және басқа да қызметтерінің нәтижелері өзара және жалпы көрсеткішпен әртүрлі деңгейде байланысқан факторларға тәуелді. Олардың ықпалдары күшіне, өзгешелігіне және уақытша байланысты әртүрлі болады. Оларды тудыратын себептер де әртүрлі. Олардың бағытын, белсенділігін және ықпал ету уақытын ашпай және бағаламай өндіріс тиімділігін жоғарылату мүмкін емес. Аталмыш күрделі жұмысты кәсіпорын қызметінің негізгі қаржы - экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы орындауға болады.
Оның негізгі міндеті - өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін ашу және іс жүзіне асыру.
Талдау барысында бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары қолданылады. Аталмыш құжаттың мәліметтері келесі кестеден көрініс табады.
Кесте 1
ЖШС «Жылуэнерго ремонт»2008-2009 жж. негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері /33/
Қызметкерлердің орта тізімдік саны, соның ішінде:
- жұмысшылардың
Адам
адам
491
410
495
411
4
1
Еңбек ақы қоры, соның ішінде
- жұмысшылардың
43626, 5
31682, 0
55858, 3
40642, 7
12231, 8
8960, 7
Кесте 1 - ден көріп отырғанымыздай, жалпы өткізілген (өндірілген) өнім көлемі (қызметі) 2008 жылы 243898 мың теңге болса, 2009 жылы 256115 мың теңге болды, яғни есепті жылы 12217 мың теңге өсіп отыр. Ал негізгі қызметтен түскен түсім 2008 жылы - 187317 м. тг. құраса, 2009 жылы - 198106 м. тг құрап отыр, яғни 10729 мың теңге өсіп отыр.
Ал өзіндік құны - өткен жылда - 178093 мың теңге болса, есепті жылы - 201803 мың теңге болды, яғни асыра орындалып отыр.
Ал жалпы кәсіпорында жұмысшылар саны 2008 жылы - 410 адам болса, 2009 жылы - 411 адам болды, яғни 1 адамға көбейіп отыр, ал жалпы қызметкерлердің тізімі 4 адамға есепті жылы көбейді.
Еңбек ақы 2008 жылы - 43626, 5 мың теңге болса, 2009 жылы - 55858, 3 мың теңге, яғни есепті жылға 12231, 8 мың теңгеге өсті. Ал оның ішінде жұмысшылардың жылдық еңбек ақысы есепті жылы 8960, 7 мың теңгеге өсті. (40642, 7 - 31682, 0) .
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың 2008 жылығы құны - 217717 мың теңгені құрасы, 2009 жылы 245925 мың теңгені құрады, яғни 28208 мың теңгеге артық қосымша құрал - жабдықтар сатып алынған. Сол сияқты жұмысшылар санының көбеюіне байланысты еңбек ақы қоры да өсіп отыр. Және де негізгі қордың қор қайтарымы өткен жылғыдай 0, 08 теңге орындалып отыр.
Келесі кезекте осы еңбекақы қорының өсуі еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуына қаншалықты әсер еткенін бағалау мақсатында еңбек өнімділігі көрсекіштері талданады.
Кесте 2
ЖШС «Жылуэнерго ремонт»еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіштері /33/
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2009 жылы ЖШС «Жылуэнерго ремонт»жұмысшыларының еңбек өнімділіг 28276, 9 теңгеге өсіп отыр. Бұл көрсеткіш кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар еңбек ақы қорының үнемді пайдаланылғанын да көрсетеді.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын қор қайтарымы, қор сиымдылығы көрсеткіштерімен сипатталады. Бұл көрсеткіштерге баңа беру үшін келесі кесте құрылады.
Кесте 3.
Кәсіпорынның негізгі құралдарының тиімді пайдалану көрсеткіштері /33/
Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың орта жылдық құны 28208, 0 мың теңгеге өскен. Қор қайтарымы 0, 08 теңгеге кеміген, ал қор сиымдылығы 0, 07 теңгеге өскен.
Соңғы екі көрсеткіш негізгі құралдардың келесі жылдардағы тиімді пайдаланғанын көрсетеді. Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуы нәтижесінде қызмет көрсетуден табыс 19674, 0 мың теңге артық алынды ((1, 04 - 1, 12) *245925) .
Материал ресурстарының тиімді пайдаланылу көрсеткіштеріне материал қайтарымы және материал сиымдылығы жатады. Бұл көрсеткіштерді бағалау үшін келесі кесте құрылады.
Кесте 4.
Кәсіпорынның материал ресурстарын тиімді
пайдалану көрсеткіштері /33/
Кестеден көріп отрғанымыздай материал шығындары 18239 мың теңгеге өскен, ал матерал қайтарымы 0, 13 теңгеге төмендеген, материал сиымдылығы 0, 04 теңгеге өскен. Бұл мәліметтер материал ресурстарының тиімсіз пайдаланылғанын көрсетеді. Материал ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы нәтижесінде кәсіпорын қызмет көрсетуден 20406, 62 мың теңгеге кем табыс алған ((1, 63 - 1, 76) х 156974) .
Сонымен кәсіпорын өз шаруашылық қызметін ойдағыдай атқарып жатқан жоқ. Кәсіпорынның қызмет көрсетуден түскен табысы өскенімен өндірістік шығындар өсімі жоғары болған. Нәтижесінде кәсіпорын негізгі қызметінен жалпы зиян шеккен. Сонымен қатар өндірістік ресурстарын да тиімді пайдалана алмаған.
Осы жағдайларды ескере отырып, кәсіпорынның қаржы жағдайына қаншалықты әсер етіп жатқанын бағалау мақсатында келесі кезекте кәсіпорынның қаржы жағдайы бағаланады.
Баланс активі кәсіпорын меншігіндегі капиталдың орналасуы туралы мәліметтер, яғни нақтылы мүліктерге және материалдық құндылықтарға салынған салымдар туралы, кәсіпорнынның өндірістік шығындары туралы және ақшалай қаражаттардың қалдықтары туралы мәліметтерді береді. Әрбір орналасқан капитал түріне жекеленген баланс бабы сәйкес келеді.
Баланс активін топтастырудың негізгі белгісі олардың өтімділік деңгейі болып табылады. Осы белгіге сәйкес баланс активтері ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер болып бөлінеді.
Баланс активтері құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорын мүлкінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және қатынасты өсімінің немесе азаюының шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі (кемуі) кәсіпорын қызметінің кеңейгенін (тарығанын) бейнелейді.
2. 2. Активтердің қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау
ЖШС «Жылуэнерго ремонт» активтерінің құрамы мен құрылымын талдау үшін келесі кесте құрылады.
Кесте мәліметтері көрсетпі отырғандай кәсіпорын активтерінің жалпы шамасы 15941, 0 мың теңгеге өскен. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызмет аясының кеңейгенін көрсетеді.
Кесте 5. ЖШС «Жылуэнерго ремонт» активтерінің
құрамы мен құрылымын талдау /33/
№
р/р
сомасы,
мың тг.
сомасы,
мың тг.
1.
2.
Ұзақ мерзімді активтер соның ішінде:
- негізгі құралдар
Ағымдағы активтер оның ішінде:
- материалдар
121223, 0
116811, 0
168273, 0
54939, 0
41, 9
40, 3
58, 1
18, 98
144394, 0
135965, 0
161043, 0
67322, 0
47, 3
44, 5
52, 7
22, 04
23171, 0
19154, 0
-7230, 0
12383, 0
5, 4
4, 2
-5, 4
3, 06
Кәсіпорын өндірістік потенциалының құны 31537, 0 мың теңгеге өсіп, (7, 3%), 203287, 0 мың теңге құрағанымен, оның үлес садмағы 7, 3 пайызға кеміген.
Активтердің құрамындағы ұзақ мерзімді активтердің қаражат бөлінуі жыл басында тиісінше 41, 9 және 58, 1 пайызды құраса, жыл соңында 47, 3 жыне 52, 7 пайызды құрады.
Сонымен кәсіпорын активтерінің құрылымы қалыпты деңгейле. Дегенмен, ағымдағы активтердің үлес салмағы жыл соңында төмендеген. Осы жағдайды толық бағалау мақсатында келесі кезекте ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымы талданады.
Кәсіпорын иелігіндегі қаражаттардың жалпы сомасындағы қомақты үлесті айналым қаражаттары құрайды. Олардың ұтымды орналасуына және тиімді пайдаланылуына кәсіпорын қызметінің табысты нәтижесі көп жағдайда байланысты болып табылады. Сондықтан талдау процкесінде ағымдағы активтердің құрылымы, олардың өндіріс саласында орналасуы, тиімді пайдаланылуы, сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне, қаржы тұрақтылығына елеулі әсер ететін ағымдағы активтердің жекелеген топтары зерттеледі.
Ағымдағы активтердің құрамындағы ақшалай қаражаттардың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын дәлелдейді. Олардың көлемі бірінші кезектегі төлемдерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ ұзақ мерзім бойына үлкен ақшалай қаражат капиталының дұрыс пайдаланылмауының нәтижесін көрсетеді. Олар табыс алу мақсатында өз өндірісін кеңейту немесе басқа кәсіпорындардың акцияларына және бағалы қағаздарына салу жолымен жедел түрде айналымға түсулері тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz