Бағаның инфляциядағы рөлі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . . . . 3

I АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ ЗАҢЫ . . . 5

  1. Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi мен қызметтерi
  2. Ақша айналысы және оның заңы . . . 9

II ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ . . . 13

2. 1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері мен түрлері . . . 13

2. 2 Инфляцияның әлеуметттік-экономикалық салдарлары . . . 15

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ . . . 22

3. 1 ҚР-ның қазіргі инфляциялық жағдайы және әлемдік дағдарыстың инфляциялық толқуға себеп болуы . . . 22

3. 2 Қазақстан Республикасының әлемдік қаржы дағдарысы тұсындағы инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . …. . 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . …. 38

КIРIСПЕ

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.

Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция сондай-ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады, сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда болу көздерін, оның пайда болуындағы сан алуан себептерді, оның шаруашылыққа тигізер салдарларын және инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолдануын анықтауды қажет етеді.

Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келедi. Сондықтан инфляцияға қарсы саясатты тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының негізі болып табылады. Инфляцияға қарсы саясат өз кезегінде ақша-несие саясатының аясында іске асады. Ал ақша-несие саясатын жүргізетін елімізде Ұлттық банк болып табылады.

Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын “Бағаның инфляциядағы рөлі” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Курстық жұмыстың мақсаты ақша айналысы және ақша айналымын экономикалық тұрғыдан талдай келе, Қазақстандағы қазіргі таңдағы қаржы секторындағы ақша айналысы мен айналымының жай-күйін, оларды реттеу шаралары мен құралдарын, заңдылықтары мен бүгінгі таңдағы статистикалық көрсеткіштерге зер салу болып табылады.

Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық Банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.

Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:

  • Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
  • Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
  • Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және оларды реттеудiң маңыздылығын атап өту;
  • Еліміздегі ақша айналысының бүгінгі таңдағы даму бағыты мен болшағына тоқталып өту болып табылады;
  • Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып көрсету;
  • Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын қарастыру;
  • 2007-2010 жылғы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер салдарларын қарастыру мен талдау;

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы ақша айналысының теориялық жағын, екінші бөлімде Қазақстандағы ақша айналысының дамуы мен бүгінгі таңдағы ақша айналысының көрсеткіштеріне тоқталдым, ал үшінші бөлімде ақша айналысының қазіргі бағыттары мен даму болашағының маңыздылығын атап өттім.

Курстық жұмысымды орындау барысында келесі авторлардың ғылыми еңбектерін қолдандым: О. И Лаврушина, С. Б. Мақыш, Баян Көшенова, Ғ. С. Сейiтқасымов және т. б. авторлар еңбектері. Сондай-ақ еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық журналдары: «Банки Казахстана» мен «РЦБК» журналдарын пайдаландым.

I АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ ЗАҢЫ

1. 1 Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi мен қызметтерi

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ бұл тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .

Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген”.

Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “ патша арғында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) еридi. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңьек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға шығындар өсуде. Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады - электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi. /1, 29 б/

Алтын тек қана алтын валюта резервтердi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды - есептеуiш және компьютерлiк техникалды, түнгi мезаникалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда.

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым - қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның экономикалық мәнi оның келесi үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

  • жалпыға тiкелей айырбастау;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоңамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру. Ұлттық Банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б

Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi. /2, 30 б/

Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес негiзгi қызметтi атқарады:

  1. Құн өлшемi және баға масштабы;
  2. Айналыс (айырбас) құралы;
  3. Төлем құралы;
  4. Қор және қазына жинау құралы;
  5. Дүниежүзiлiк ақша.

1) Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуi оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндiруге және сатуға қажеттi қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбiр елде ақшаның өлшемi ретiнде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететiн металдың баға белгiлеу процесiндегi ақша бiрлiгiне бекiтiлген салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негiзiнде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемi қызметi мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемi бұл мемлекетке тәуелсiз ақшаның экономикалық қызметiн сипаттайды. Құн өлшемi қызметi құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлектке тәуелдi, бiрақ тауардың құнын көрсету үшiн емес, тек оның бағасын бейнелеу үшiн қызмет етедi. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгiленедi.

Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi.

2) Ақшаның айналыс құралы қызметi. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады. Тауар айналысы мынандай процестердi қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. /1, 28 б/

Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарды бiртiндеп айналыстан шығара отырып, өзi айналыста үнемi қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнiң басты ерекшелiгi, бiрiншiден, бұл қызметтi толық бағалы емес құнның белгiлерi: қағаз және несиелiк ақшалар атқарады, екiншiден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.

Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр - несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

3) Ақша төлем құралы қызметi. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.

Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:

  • Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Еңбекақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
  • Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
  • Сақтандыру мiндеттемелерi;
  • Әкiмшiлiк, сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары. /3, 67 б/

Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады.

4) Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.

Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде, оның иесiне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып та табылады. Сондықтан адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшiн ақша айналыстан алынады, сөйтiп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзiледi.

5) Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына себеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмет етедi.

1. 2 Ақша айналысы және оның заңы

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. /2, 28 б/

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т. б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т. б. мақсаттар үшiн қолданылады.

Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма - қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу, есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi. /4, 42 б/

Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 - 1993 ж. ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Қаржы және инфляия туралы түсінік
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы
Айырбас бағамының режимі және жиынтық сұраныс
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz