«Өзенмұнайгаз» ӨФ мысалында ақша қаражаттарын анализдеу


ЖОСПАР
Кiрiспе . . . 5
1. Ақша қаражаттары есеп айырысу құралы ретінде . . . 7
1. 1 Ақша айналымы және оны ұйымдастыру принциптері . . . 7
1. 2 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру . . . 12
2. «Өзенмұнайгаз» ӨФ мысалында ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру . . . 16
2. 1 «Өзенмұнайгаз» ӨФ қызметінің сипаттамасы және оның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 16
2. 2 «Өзенмұнайгаз» ӨФ -нің кассадағы ақша қаражаттарының есебі . . . 20
2. 3 «Өзенмұнайгаз» ӨФ -нің есеп айрысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі . . . 26
3. «Өзенмұнайгаз» ӨФ мысалында ақша қаражаттарының талдау . . . 31
3. 1 Ақша қаражаттар аудитінің ақпарат базасы . . . 31
3. 2 Ақша қаражаттары қозғалысын талдау . . . 48
Қорытынды . . . 57
Қолданған әдебиеттер . . . 59
Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мәліметтері көмегімен қалыптасқан ақпарат шаруашылық субъектіні және оның құрылымдық бөлімшелерін жедел басқару, мемлекеттік қаржылық есеп берулерді, экономикалық жобаларды және ағымдағы жоспарларды құрастыру сонымен қатар ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қажет.
Қазіргі шаруашылықтың жаңа шарттарына қатысты шаруашылық субъектінің күрделі экономикалық механизмін нақты және дұрыс ұйымдастырылған есеп жүйесімен қалыптастырылған өзуақтылы, толық және шынайы экономикалық ақпаратсыз басқару мүмкін емес.
Экономикалық қызмет жұмысшылары ең бастысы бухгалтерия персоналы бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін толық, дұрыс білу қажет яғни оны күрделендірмеу және қымбат етпеу сонымен қатар шаруашылық субъектінің бухгалтерлік және салық есебі қызметін ретттейтін тәртіпке байланысты нұсқауларды, тәртіптерді және нормативті актілерді қатаң тәртіпте сақтау тиіс.
Қазақстанда қалыптасқан бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторларға ашық болуға негізделген. Жоғарыда айтылғандар нәтижелі болуда кәсіпорында ақша қаражаттарының есебін жүргізу тәртібі маңызды орынға ие.
Диплом тақырыбын орындауда келесі мақсат қойылды - кәсіпорында ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастырудың негізгі сұрақтарын ашу. Қойылған мақсатқа жетуде келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі мен аудиті үшін қажет ақпараттар көздерін және мәнін анықтау;
- кассалық, есеп айырысу және басқа шоттар бойынша операциялардың есебін ұйымдастыруды зерттеу;
- кассалық және банктік операцияларға аудиторлық тексеру әдістерін қолдану;
- ақша қаражаттарының қозғалысына талдау жүргізу;
Көзделген міндеттердің орындалуы заңды тұлға болып табылатын «Өзенмұнайгаз» ӨФ, яғни өз атынан мүліктерді сату және сатып алу құқығына ие кәсіпорыны мысылында алынды.
Кәсіпорынның қызметі Қазақстан Республикасының әрекет етуші және Жарғы тәртібіне сәйкес келеді. Серіктестік жеке балансқа, есеп айырысу шотына ие және өзінің фирмалық бланкелері, мөрі және штампы бар.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған және ӨФ Жарғысына сәйкес диверсификациялау тәртібімен қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асырады.
Қазақстанда осы уақытқа дейін қолданылған бухгалтерлік есеп және аудит жүйесі халықаралық тәжірибеге және елдің дүние жүзлік экономикалық кеңістігіне кіруіне кедергі болды.
Осыған байланысты бухгалтерлік есеп және аудит жүйесінің халықааралық стандартқа өтуіне байланысты біздің елде № 2732 2002 жылғы 26 маусым айында күшке енген "Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы " заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысы басты қадамдардың бастамасы болды. Бұл заңнамаға байланысты Қазақстан Респуликасында бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін реттеуші өкілетті мемлекеттік орган құрылды, республиканың аймағындағы барлық субъектілер үшін ішкі бақылау және аудиті талап ететін жалпылама есептің тәртібі және негізі принциптері белгіленді.
Айтылған заңды актіге сәйкес бухгалтерлік есептің стандарттары және қаржылық есеп беруді дайындау және ұсынудағы концептуалды негіз, шаруашылық субъектінің типтік шоттар жоспары және оларды қолдану нұсқаулар, бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша әдістемелік нұсқаулар, және жаңа есеп регистрлері, оны толтыру бойынша нұсқаулар дайындалады.
Банк пен клиент арасында қатынас келісім сипатында көрінеді. Клиенттер кассалық және есеп айырысу операциялары бойынша қамтамасыз етуді өздігінен таңдайды және барлық банк операцияларын бір немесе бірнеше банк ұйымдары арқылы жүргізеді.
Несие бойынша банкпен болатын есеп айырысулармен бірге банк ұйымдарында ағымдағы және арнайы шоттар ашылады.
Ақша қаражаттары мен есеп айырысулар есебінің негізгі міндеттері:
- ақша қаражаттары және есеп айырысулардың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс және өзуақтылы құжаттау;
- мақсатты бағыты бойынша қатаң тәртіпте ақша қаражаттарының пайдалануын бақылау;
- мерзімі ұзартылған қарыздар үшін дебиторлар және кредиторлармен өзуақтылы салыстыру жүргізу.
1. Ақша қаражаттары есеп айырысу құралы ретінде
- Ақша айналымы және оны ұйымдастырудың принциптері
Тауар өндірісі және нарық қатынасы жағдайында капиталдың шеңбер айналымы ақшалай нысанда жүргізіледі. Бұл дегеніміз ең бастысы ол (А-Т) және аяғында (Т-А) ақшаның көмегімен жүргізіледі. Ақша нысанындағы капитал шеңбер айналымының қорытындысы тауарлы өнімнің өткізілуі, өндіріске жұмсалған еңбек ақы шығындарының өтелуі және кәсіпкерлік қызметін ұлғайтатын пайданың қалыптасуымен байланысты.
Тауарлы өнімді өткізу ақша қаражаттарының құн өлшемі, айналым және төлем құралы қызметін орындалуы кезінде жүзеге асады. Ақша қозғалысы кезінде құн өлшемі қызметі бағаны белгілеу арқылы көрінеді; айналым құралы ретінде -сатушының қолынан, сатып алушының қолына тауардың өтуі табылады және төлем құралы қызметі - шаруашылық айналымға тартылған тауарларды төлеу жатады. Сондықтанда ақша айналымы ақшаның өзіне тән қызметтерін орындауымен байланысты.
Тауарларды өткізу арнайылылығына және ақшалардың өзіне тән қызметтерін орындауға байланысты ақша айналымы екі салаға жіктеледі: біріншісі - кәсіпорын және жеке тұлғалар тарапынан өндірістік және жеке тұтынушылық тауарларды сатып алу кезінде айналым құралы қызметін жеке саудадағы қолма-қолды ақшалардың қозғалысы; екіншісі - кәсіпорындар шоттары бойынша алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер және атқарылған жұмыстарды несиеге алуда, төлем құралы қызметін банк айналымының ақша қаражаттары қозғалысы табылады.
Екі салада негізінен өзара байланысқан, яғни қолма-қолды ақшалар банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы болып та және керісінше бұл қалдықтар колма-қолды ақшалар болып табылады.
Егер де барлық қолма-қолды ақшаларды, және тұрғындардың талап еткенге дейінгі депозиттерін қосақандағы өлшемді М1 ретінде белгілеп, ал банк айналымын М2 деп белгілеп алсақ, онда айналымда бар ақша қаражаттарының жалпы массасын (Еg) келесі формуланың көмегімен анықтаймыз: Еg = М1+ М3. Американ экономисті Милтон Фридмэн интерпритациясында М2 өлшемі М1 өлшемін өзіне қосады, сондықтанда айналымдағы ашаның барлық массасы М3 пен белгіленеді.
Ақша айналымын ұйымдастырудың негізгі принциптері келесідей боладады:
- Барлық кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдар және мекемелер өзінің барлық ақша қаражаттарын міндетті түрде банктік есеп шоттарында сақтауы тиіс;
- Кәсіпорындардың коммерциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын міндеттеме бойынша ақшалай есеп айырысулар олардың есеп айырысу шоттары бойынша ақша қаражаттарын аударма арқылы жүзеге асыруы тиіс;
- Ақшаларды шоттардан шоттарға аудару клиенттердің есеп айырысу құжаттары негізінде яғни банк ұйымына сәйкес операцияларды жүзеге асыру үшін бұйырық болып табылады;
- Ақшалай төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысудың типтік нысандары негізінде ақшалай құжаттардың стандартты бланкелерін пайдалану арқылы және оларды құжат айналымындағы әр түрлі сатыларында бухгалтерлік қайтаөңдеу жүргізіледі;
- Тауарларды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару және төлем қызметін көрсету бойынша коммерциялық байланысты бар барлық шаруашылық құрылымдардың есеп айырысулар міндетті түрде, банктер арқылы жүргізіледі;
- Төлемдерді жүзеге асырудың толықтығына және өзуақтылығына жауапкершілікті тауарларды сатып алушылар және сәйкес жұмыстарды және кызметтерді пайдаланушылар табылады;
- Тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізіп беру бойынша шаруашылық келісімдерде жеткізіп берушілер және сатып алушылардың кабылдаған міндеттемелерін бұзумен байланысты материалды жауаптылық қарастырылған;
- Есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын жұмсау кәсіпорындар және шаруашылық ұйымдар шешімі бойынша кәсіпкерлік қызмет қызығушылығын есепке алғанда жүргізіледі;
- Кәсіпорындар қолма-қолды ақшалар бойынша операцияларды жергілікті банктермен белгіленетін аналым кассасының лимиті шегінде жүргізеді. Барлық лимитттен тыс қолма-қолды ақша қаражаттары төлем құралы ретінде банкішілік айналымда пайдалану үшін сәйкес банктерге инкассацияланады.
- Ел аумағында шетел валютасының айналымы жүргілімейді. Импорт міндеттемелері бойынша бұл валютадағы барлық төлемдер шетелдік экспортерларға қатысты жүргізіледі.
Жоғарыда айтылған принциптердің сақталуыт ұлттық валюта болып табылатын тенгенің сатып алу қабілеттілігінің тұрақтылығы және ақша айналымының нығаюы үшін маңызды болып табылады. Сонымен қатар бұл ұлттық ақша бірлігінің жалпылама эквивалент ретінде, ақша операциясының кезектілігін және қолма-қолды ақша айналымы бойынша шығындардың қысқаруы қамтамасыз етеді.
Ақша айналымының тұрақтылығы - аймақты және ұлттық нарықты экономиканы дамытудың тиімді негізгі шарты болып табылады. Ақшаның құнсыздануы «Қисық айна» әсерін қалыптастырады яғни экономиканың кері негізгі процесстерін тудыратын және кәсіпкерлік қызметін құлдырататын, қорытындысында пайда өсім қарқынынан ақшаның құнсыздану қарқынының асып түсуі нәтижесінде пайданың төмендеуіне алып келеді.
Ұлттық ақша бірлігінің және ақша айналымының сатып алу қабілеттілігі тұрақтылығының басты факторы болып нарықтықтық талаптарға жауап беретін шаруашылық құрылымдардың дамуы, жеке тұтынатын тауарларға, өндіріс құралдарына, жаңа технологияларды енгізуге нарықтық сұраныстың қамтамасыз етілуі табылады.
Ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғындардың ақшалай табытары мен өткізуге тиісті тауар массасы арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді. Бұл мәселені шешуде ақша-несие жүйесінің төменгі звеносындағы коммерциялық банктердің комплексті арнайы шаралары мен байланысты. Коммерциялық банктер өзінің қызмет шеңберінде кәсіпорындарға несиелеуді ұйымдастыру және оларды аймақты нарықты тапшы тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлік қызметтермен ынталандыру кқмегімен ақша айналымын басқаруда қатысады.
Тұрғындардың ақша табыстары саласындағы ақша айналымын реттеудің каналы болып салымдар бойынша қолма-қолды ақша қаражаттарының кірісі және шығысы. Салымдардың негізгі бөлігі несие жүйесінің банк ұйымдарында орналасқан. Егер де тұрғындардың табыстары, шығындарынан асып түссе осыған қатысты ақшаның артық массасы салымдарда сақталады. Ал егерде тұрғындардың шығындары табыстарынан асып түссе осыған қатысты мерзімді салымдар(банк айналымындағы ақшалар) айналымда бар қолма-қолды ақша қаражаттарына трансформацияланады.
Баланстардың құрастырылуы «банк-шаруашылық», «шаруашылық-банк» ағымы бойынша ақша айналымының жалпылама схемасы негізінде жүргізілді. Банктер тұрғындардың ақшалай табыстарын қалыптастыруда қатыспайды тек қана шаруашылық құрылымдарға еңбек ақы және басқада төлемдері үшін қолма-қолды ақшалай қаражатарын берумен шектелді.
Тұрғындардың ақшалай қаражаттарын қалыптастыру халық шаруашылығының әр түрлі салаларында сәйкес жұмыс орындардың қамтылуы нәтижесінде жүргізіледі. Өз кезегінде тұрғындардың шығындары жеке сауда торларында сатып алынған тауарлар және коммуналдық, басқада қызметтер төлемдерге байланысты. Табыстар мен шығындарды байланысын талдау, ақша айналымының тұрақтылығын және тепе-теңдігін қамтамасыз ету бойынша банкпен жүргізілетін қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Яғни мұнда коммерциялық банк қызметтері щеңберінде, тұрғындардың ақшалай табыстары мен шығындары балансының мәні көрінеді.
Балансты құрастырудың жалпылама схемасы оның табыс және шығыс бөлігінің бөлімдеріне сәйкес негізделеді.
Қазіргі таңда Қазақстандық қоғамда аймақтық баланста көрініс табатын тұрғындардың ақшалай табыстарының негізгі көздері болып келесілер табылады:
- жұмысшылардың еңбек кітабы ашылған негізгі жұмыс орны бойынша жалақы;
- басқа жұмыс орындарында келсімге сәйкес жеке жұмыс қызметі бойынша жалақы;
- тұрғылықты орны бойынша зейнет-ақы;
- оқушының жеке құжаты ашылған оқу орнынан берілетін стипендиялар;
- әлеуметтік қамтамасыз ету органдары тарапынан берілетін жәрдем-ақылар;
- салымдар бойынша пайыз ақшалары және мемлекеттік займ облигациялары бойынша қаржы-несие жүйесімен берілетін ұтыстар;
- коммерциялық құрылымдардың акцияларынан дивиденттер;
- басқада табыстар.
Жұмысшылардың ақшалай табыстардың басты көзі болып негізгі жұмыс орны бойынша жалақы табылады. Қазіргі уақытта нарықтық эконмика талаптарына сай келетін еңбек ақы жүйесі енді енді қалыптасуда. Осыған байланысты салаларының кейбіреулерінде соның ішінде экономиканың мемлекеттік секторы өмір сүру минимумына сай келмейді. Сондықтанда жұмысшылардың негізгі бөлігі басқа жұмыс орындарында келісімге сәйкес қосымша еңбек ақы алады. Жалпы алғанда халық шаруашылығы бойынша негізгі жалақы мен қосымша жалақының қатынасы 60% және 40% құрайды.
Жұмысшылардың ақшалай табыстарының маңызды каналдарының бірі зейнет ақы. Біздің елде зейнетке шығу жасы келесідей ересектер 63 жасында әиелдер 57 жасында шығады.
Кейінгі жылдары тұрғындардың ақшалай табыстары бөлігінде әртүрлі шаруашылық құрылымдардан және қаржы-несие жүйесі есебінен келіп түсетін табыстар өсуде. Осылардың ішінде ауқымды орынды салымдар, облигациялар бойынша пайыз ақшалар және акция бойынша дивиденттер алады. Бірақта бұл табыстар негізгі және қосымша еңбек ақы мен байланысты табыс көзіне салыстырғанда екінші деңгейлі болып келеді.
Тұрғындардың табыстарын қалыптастырудың негізгі көздері бойынша тұрғындардың табыстарын талдау коммерциялық банк ұйымының жұмысы үшін маңызды орныға ие.
Жалпы алғанда баланста көрініс табатын тұрғындардың шығындары келесі схема бойынша болып келеді:
- өндірістік және өнеркәсіптік тауарларды сатып алу;
- транспорттық және коммерциялық қызметтерді өтеу;
- міндетті төлемдер және еркін жарналар;
- акцияларды және облигацияларды сатып алу;
- салымдардың өсімі;
- басқада шығындар;
Шығындардың құрылымы нарықтық экономиканы дамытудың қазіргі сатысындағы қоғамның өмір сүру жағдайының деңгейін көрсетеді.
Тұрғындардың табыстар және шығындар құрылымы әлеуметтік белгілері бойынша коммерциялық банк шегіндегі нарықтық экономика моделін талдау үшін маңызды болып табылады.
Бір аймақтарда негізігі сектор ретінде мемлекеттік шаруашылық, біреулерінде - акционерлік үшіншілерінде - жеке кәсіпкерлік. Шаруашылық субъектілерін дұрыс таңдау аймақтық және ұлттық экономиканың дамуына жақсы ықпалын тигізеді. Яғни олардың негізінде материалдық және еңбек ресурстары тиімді пайдаланумен байланысты.
Коммерциялық банктер шегінде аймақты нарықты экономиканы дамытудың комплексті сұрақтарын құрастыру үшін балансты талдау қажет.
Коммерциялық банктер ақшалай операцияларын жүзеге асыруда делдал болып табылады және сол арқылы ақша қаражаттарының ағысы ұйымдастырылған. Ағыстардың бір бөлігі кәсіпорындарға, ұйымдарға қолма-қолды ақшаларды береді, ал екіншісі -оларды банк кассасына қайтарады.
Айтылған бөліктердің қатынасына және эмиссиялық позицияға байланысты коммерциялық банктер екі топқа жіктеледі: Біріншісі - айналымға ақша шығаратын банктер, екіншісі -айналымнан жинайтын банктер.
Ақша айналысы саласындағы жұмыс банк клиенттерін несиелеумен тығыз байланысты.
Біздің елдің халық шаруашылығында кәсіпорын, ұйым және мекемелер иелігіндегі қолма қолды ақша қаражаттарының минималды деңгейін ұстау және ірі айналым (қолма-қолсыз есеп айырысу) көмегімен ақша айналымын басқарудың жүйесі қалыптасқан.
Ірі айналым - кәсіпорын ақша қаражаттарын міндетті түрде банкте ашылған шоттарда сақтауына негізделген. Қолма-қолсыз төлемдерге банк клиенттерінің айналымдағы (банк айналымыныдағы ақшалар) ақша массасының ауқымды бөлігі келеді.
Кәсіпорындардың қолма-қолды ақша қаражаттары жағдайы кассалық қалдықтары немесе олардың айналым кассасындағы нақты ақша қалдықтармен сипатталады.
Кәсіпорынның қолма-қолды ақшалары айналым (кіріс және шығыс) кассасының лимиті көмегімен реттеледі. Кассаның лимиті болып - қолма-қолды ақша қаражаттары мен байланысты ағымдағы операцияларды жүзеге асыру үшін күнделікті кәсіпорында бар қолма-қолды ақшалардың минималды соммасы табылады. Бұл операцияларға шаруашылық сатып алымдар, іс-сапар үшін ақшалай аванстар және басқада төлемдер.
Жұмысшылардың және қызметкерлерді жалақысы айналым кссасының лимитіне кірмейді.
«Өзенмұнайгаз» ӨФ бойынша айналым кассасының лимитін есептеудің жай және қолайлы болып табылатын орташа өлшем әдісі қолданылады.
Есептеме келесі формуламен орындалады:
Кл = m1+m2+m3+m4+m5+…. mn / n,
мұндағы Кл - айналым кассасының лимиті; m1. . mn - (еңбек ақыдан басқа) барлық ақымдағы төлемдер бойынша кассадағы қолма-қолды ақша қаражаттарының күнделікті қалдықтар деңгейі; n - қатар деңгейінің саны (лимитті есептудегі тәулік саны) .
«Өзенмұнайгаз» ӨФ айналым кассаы бойынша лимитін анықтайық. Ол үшін біз өткен жылдың салыстырмалы кварталы бойынша нақты ақша қалдығы туралы мәліметтерді анықтаймыз.
Кассалық кітапқа сәйкес қолма-қолды ақша қалдығы кварталдың бірінші күні - 18000 тенге, екінші - 2 тенге, үшінші - 22000 тенге, төртінші - 18000 тенге және соңғы күні - 16000 тенгені құрады. Осыған байланысты айналым кассасының лимиті 18800 тенге (18000+2+22000+18000+16000/5) құрады.
Қолма-қолды ақша қаражаттарының болжамды айналым өсімін 20% деп алсақ Серіктестіктің болжамды лимитінінің көлемі 22500 тенге (18800+18800*20/100) құрайды.
АҚШ және Еуропа елдерінде кәсіпорындар және ұйымдар айналым кассаларына лимит қойылмайды. Бұл елдерде клиенттер қолма-қолды ақшаларды банк шотарындағы ақша қаражаттарының қалдығы шегінде кассалық чек бойынша алуға құқы болады. Клиенттердің шоттарынан ақшаларды берудің мұндай тәртібі депозитті-чекті деп аталады.
Ірі айналым (қолма-қолсыз есеп айырысу) кезінде банк клиенттері қолма-қолды ақшаларды барлық төлемдер үшін ала алмайды яғни банк тәртібімен қарастырылғандарына (еңбек-ақы, іс-сапар шығындары және т. б. ) ғана беріледі.
Операционды күн соңында ақша қаражаттарының қалдығы банк ұйымымен қойылған айналым касса лимитінен аспауы тиіс. Егер айналым кассасында қалыптасқан қалдық лимиттен асып түссе, ақшаның лимиттен тыс бөлігі банк ұйымына клиенттің шотына еспке алу үшін инкассацияланады және кезекті операционды күннің кассалық резерві ретінде пайдаланылады.
Біздің елге қарағанда АҚШ банктік ұйымдары еңбек ақыны төлеу бойынша ақша қаражаттарын әр апта сайын жүргізеді. Халық шаруашылықты жалпы алғанда бұл жағдай маңызды әсер етеді, яғни ақша айналымын жеделдетеді және айналымда бар ақша массасын қысқартады.
1. 2 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
Ұйымның немесе кәсіпорынның қаржылық жағдайы және олардың даму болашағы туралы мәліметтерінің маңызды бөлігін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру береді. Қуатты инвесторлар міндетті түрде кәсіпорынның ақша қаражаттарының алу қабілеттілігінің бары яғни ол оның қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету негізін беретіні (жабдықтаушы шоттарының өтелуі, еңбек ақы және салықтардың төленуі, қарыздарды қамтамасыз ету және өз акциясының жоғары курсын сақтау) туралы ақпарат алуы тиіс. Бұл жағдай қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайына өте актуалды яғни айта кетсек төлемдерді өтемеу сұрақтары әліге дейін шешліген жоқ. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді қаржылық есеп беру нысаны қатарына енгізу Қазақстандық есеп жүйесінің Халықаралық стандарттарға сәйкестенуіне қадам ретінде (ақша қаражаттары және ақша эквиваленті туралы есеп беру халықаралық тәжірибеде стандарты есеп беру нысанына жатады) саналады. №18 «Түсім» ХБЕС-на сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) өткізу принципінің негізінде жүзеге асырылады. Бірақ өтемсіз жағдайында бұл принциптің қолданылуы мынадай жағдайға әкеп соғады. Яғни кәсіпорының қаржылық жағдайы туралы есеп беруінде өткен жыл бойынша ауқымды табыстың бар болуы, тұтынушыға кәсіпорын қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетсе, ал есепті кезеңде оның есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының жоқтығын көрсетеді. Ақша қаражаттарының келіп түсуін реттеу қабілеттілігі компанияның нарық экономикасында өмір сүруіне критикалық маңызды болып табылады: барлық кәсіпорындар табыстылық деңгейіне қарамастан өзінің ағымдаға міндеттемелері бойынша шығындарын өз уақтылы өтелуін қамтамасыз етуі тиіс (төлемқабілеттіліг) . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру нысаны ұйымның ақша қаражаттары ағымы туралы ақпарат бере отырып тұтынушыларға бухгалтерлік есептің басқада нысвандарын дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру әдісін қолдану келесілерді шешеді:
- есепті және өткен жылдың қаржылық есеп берулерін байланыстырады;
- ақша қаражаттарын алудың негізгі көздерін және пайдалану бағыттарын ашады;
- «өткізу» әдісі бойынша көрініс табатын түсімнің әсерін әрекетсіздендіру;
- келесі есепті кезеңде ақша қаражаттарының ағысын жәнек шығысын болжау;
- кәсіпорынның өтімділігіне талдау жүргізу;
- кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын ашады, кәсіпорын үшін салыстырмалы маңыздылығын талдайды.
- Бухгалтерлік есептің әртүрлі әдісін қолдануда кәсіпорынның қаржылық есеп беруін салыстыру.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру нысанын қалыптастырудың ақпарат көздері болып ұйымның балансы және табыстар және шығындар туралы есеп беру табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz