Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні



…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” – деп, тебіренді ақын жаны. Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын сағынғаны бұл.

– Шіркін бір дүние кең едің,
Біраз күн алдап бөгедің.
Өкпеледім, дүние-ай,
Жолдас едің демедің.
Арғын, Найман ұлынан,
Талайдан сарқыт жеп едім.
Жетпістен асқан шағымда,
Сақал, мұртым қуарып,
Тамыр біткен суалып,
Неліктен мұнша жүдедім.

– Қария, баракқа қайтқаныңыз жөн болар. Түсіңіз қашып кетіпті, – деді ағаш дайындап жатқан алаңда балтасын құлаштай сілтеп, құлатылған қайыңдарды бұтақ­тарынан арылтып жүрген башқұрт жігіті. – Бүгінгі нормаңызды біз-ақ орындармыз.

Айналайындар! Бұның әндерін кешкілік бараққа жиналып, темір пешті паналаған сәттерінде елти, құмарта тыңдайтын тұтқындағылар жетпістен асып кеткен қарт ақынды әрі аяйтын, әрі сыйлайтын. Ыбырайдың осында келгелі қарағайдан қиып жасап алған домбырасы ақынның екпіні, тегеуіріні қайта бастаған дауысын демеп отырар еді. Сұрапыл аяздан қатып қалған орман қоянын тауып алып, темір пешке жібітіп, етін елге беріп, тоқ шегін бабына келтіре илеп, домбырасына таққан ақын оның үнінің қоңырлап шығар қаз дауысын ұнатқан. Салалы саусақтарын аспабының шанағына тигізуі мұң екен, өзгеше бір сазды қаузай жөнелетін тұтқындағы домбыра да. Үкілі Ыбырайдың есіне сері інілері Сәкенмен, Сәбитпен жүздескен айбоз күндері оралды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні

Смағұл РАХЫМБЕК, журналист.

...Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы
киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя
бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап
үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті.
Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап
қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-
басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы
аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің
қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры
біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” – деп, тебіренді ақын жаны.
Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы
боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның
Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын
сағынғаны бұл.

– Шіркін бір дүние кең едің,
Біраз күн алдап бөгедің.
Өкпеледім, дүние-ай,
Жолдас едің демедің.
Арғын, Найман ұлынан,
Талайдан сарқыт жеп едім.
Жетпістен асқан шағымда,
Сақал, мұртым қуарып,
Тамыр біткен суалып,
Неліктен мұнша жүдедім.

– Қария, баракқа қайтқаныңыз жөн болар. Түсіңіз қашып кетіпті, – деді
ағаш дайындап жатқан алаңда балтасын құлаштай сілтеп, құлатылған қайыңдарды
бұтақ­тарынан арылтып жүрген башқұрт жігіті. – Бүгінгі нормаңызды біз-ақ
орындармыз.

Айналайындар! Бұның әндерін кешкілік бараққа жиналып, темір пешті
паналаған сәттерінде елти, құмарта тыңдайтын тұтқындағылар жетпістен асып
кеткен қарт ақынды әрі аяйтын, әрі сыйлайтын. Ыбырайдың осында келгелі
қарағайдан қиып жасап алған домбырасы ақынның екпіні, тегеуіріні қайта
бастаған дауысын демеп отырар еді. Сұрапыл аяздан қатып қалған орман қоянын
тауып алып, темір пешке жібітіп, етін елге беріп, тоқ шегін бабына келтіре
илеп, домбырасына таққан ақын оның үнінің қоңырлап шығар қаз дауысын
ұнатқан. Салалы саусақтарын аспабының шанағына тигізуі мұң екен, өзгеше бір
сазды қаузай жөнелетін тұтқындағы домбыра да. Үкілі Ыбырайдың есіне сері
інілері Сәкенмен, Сәбитпен жүздескен айбоз күндері оралды.

Бұл – 1927 жылдың шыбынсыз жазы болатын. Жер бөлісі деген айқай-
ұйқайы көп шаруа шыққан ел ішінде. Жайлаудың шұрайлысын, шабындықтың
құнарлысын, егістіктің майлы топырақтысын нешеме жылдар малына азық еткен
байлардан кедейлер еншісіне жаңа үкімет жер алып бере бастаған. Болыстыққа
өз адамдарын отырғызып, биліктен әлі де тастай қатып ажырағысы жоқ
ауқаттылар жер бөлісіне келгенде қандай қулық-сұмдықтарға бармады
десеңізші. Сіңірі шыққан, сауатсыз кедейлерді бойтаса етіп, “жер де, мал да
соныкі, мендегі мынау ғана” деген көзбояушылыққа дейін баратын олар.
Бірақ, Сәкендей сауатты, Сәбиттей талапты жастарды ақиқаттан адастыру оңай
емес. Сол науқанның қарбалас бір күндерінде Сәкен Сейфуллин 71-ге иек
артқан Үкілі Ыбырайды алдырды. Ақынның алысқа кеткен даңқына тәнті
екендіктерін айтысты. Сәбит Мұқан баласы екеуі еңсегей бойлы ер мінезді
ақын Ыбырай мақпал бешпентінің жез түймелерін жарқыратып, Оқжетпестей
тұлғасын тік ұстады. Дауысы да кең тыныс, ерек екпінінен жаңылмағандай
көрінді Сәкенге.

– Ыбекеңді Оқжетпестің түбінде отырып тыңдайық, — деді, Сәкен
Сейфуллин қасына ерген бозбала жігіт Мұқанның Сәбитіне, мұнартқан көгілдір
Көкшенің жасыл жоталары қоршап жатқан шыңды иегімен меңзеп. Үкілі сусар
бөркін желкесіне жылжытып, құндыз жағасы күнмен шағылысып құлпырған шапанын
желең жамылып, тізерлеп отыра қалған ақын күмбірлеген тынысты домбырасын
толғап-толғап, шырқай жөнелді.

Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сыйынбаған.

Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.

Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уа, шіркін!.

Ақын дауысы қиянға шырқап, Оқжетпестің ұшар басына қанат қақты. Айдын
көлдің беті жел тұрмай, әннің екпінімен толқып, толып алды. Ақ қайыңның
көлеңкесіне жайылған текеметте қисайып жатқан Сәкен ән орындалып біткенде
орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына барып, тізерлеп отыра кетті.

– Айналайын, ағатай-ай! Не деген құдіретті едіңіз. Япыр-ай, мұндай да
көркем, биік дауыс болады екен ғой – деп, тамсанды Сәкен ақ жүзі алабұртып,
аса бір ризашылық пейілмен. Ғажайып әннің әсері Арқаның самал желіндей
көңілді желпіп, жанды жадыратқаннан соңғы тыныстан кейін ақын Сәкен де
қанаттанып жырдан шашу шашты.

Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сал серілердің өлеңдеріндегі қыз сипаты
Үкілі Ыбырай туралы
Үкілі ыбырай
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Пәндер