Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы



1. ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. Шағын жинақталған мектептердегі оқу.тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жайлы зерттеулерге ғылыми.педагогикалық талдау
3. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ
4. 1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ
5. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
6. САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
7. 1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ
8. ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
9. Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көп
10. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙРЕНЕТІН ШЕБЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІ
11. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ
12. ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
13. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
14. САУАТ АШУ ӘД1С1 ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
15. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
16. САУАТ АШУ БАРЫСЫНДА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
17. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАНЫҢ ТІЛІ МЕН ОЙЫН ДАМЫТУ
18. ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ӘР ТҮРЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН
19. ЖҮРГІЗІЛЕТІН САУАТ АШУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
20. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
21. ҚА3ІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
22. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОҚУ.ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
23. ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
24. ОҚУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
25. ОҚУЛЫҚҚА ЕНГЕН МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
26. ОҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
27. МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
28. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
29. СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУ
30. оқу.
31. ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
32. БАСТАУЫШ КЛАСТАРДА ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ЖҮРГІ3ІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

33. ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ
34. ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
35. ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ
36. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА
37. ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
38. ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
39. ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
40. ГРАММАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕК1 ҚҰРАЛДАР
41. ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛДІ ДАМЫТУ
42. ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
43. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
44. ЖАЗУҒА ҮЙРЕНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР
45. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
46. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
47. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ
48. ҚАТЕНІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
49. БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ МЕТОДИКАСЫ
50. БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІҢ КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
51. БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАР
52. МАЗМҰНДАМА МЕН ШЫҒАРМА ЖҰМЫСТАРЫ
53. Рефераттар мен баяндамалар, бақылау, курс жұмыстарына арналған тақырыптар
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Бүгінгі таңда әлемдегі бірінші міндет – ол дүниежүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетіне кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, сондай-ақ оларды әділдікке, зорлық зомбылық жасамауға, бақытты бағалауға тәрбиелеу.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің басым бағдарын оқытудың тәрбиелік сипатына аудара отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне ықпал ету.
Өйткені, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилылығын дамыту - заман талабы. Егер адам руханилылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен айырылады, жалаң рацинализм мен прагматизмнің құлына айналады.
Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф.Суворовтың, М.И.Зайкиннің және т.б) Шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің төмен нәтижелілігінің себебі: қалыптасқан (30-35 оқушы оқитын) сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені бермейді. Біздің ойымызша мұның себептерінің бірі-педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерінің мұндай оқу орнында жұмыс істеуге дайын емес екендігі.

Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жайлы зерттеулерге ғылыми-педагогикалық талдау

Ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдық әлеуметтік ортаның мүмкіндігін зерттеудің нәтижесінде ( Л.С.Выготский, Л.Н.Гумилев, Л.П.Гурва,С.А.Рачниский, В.И.Семенов және т.б.) ауылдық әлеуметтік ортаның
бірқатар оңтайлы жағдайларымен қатар жағымсыз жақтары да анықталады: қала оқушылары ата-аналарының білім деңгейіне қарағанда, ауылдық ата-аналардың білім деңгейі төменірек; мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер және мәдениет мекемелерінің жоқтығынан мектепке дейінгі дайындықтың нашарлығы мен интеллектуалды дамуының деңгейінің төмендігі педагогикалық үрдіс нәтижелерінің төмендігіне әкеліп.
Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру, әсіресе ауыл мектептерінің проблемасын шешу, оның жұмыс принциптері мен қойлған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуымен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Солардың ішінен төмендегілерді бөліп қараймыз:
Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі ретінде алатын, педагогикалық үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың жаңа басты элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тарихи зерттеу. Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
1. Ізгілендірілген білім мазмұнын іріктеуде қаралатындар:
- білімдік- бағдарлық әдіспен бас тартып дамытушылық жеке тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
- қатар пәндік және жекелік білімнен ( А.А.Хамитов) білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;
2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің жеке-тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);
3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның диалогын қалыптастыруға оқушылармен ынтымастастық қалыптастыруға оқушылардың ынтымақтасты
жасауға дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық өзін-өзі көрсетудің қажеттігі;
4. Ауыл мектептерінде, әсіресе, республиканың шалғай шағын комплектілі мектептерінде жетік білім алуға қажетті жағдайлар жасау.
Осы үшін мұғалім мен оқушы арасындағы тұрақты классикалық схемадан бас тартып, қажетті дәлдемені құруға міндетті мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды қажет етеді, мысалы, С.Френе сыяқты, оқушылар бірлесіп шешу үшін қызықты проблемалар мен міндеттерді ұсыну.
Жеке тұлға құрылымының маңызды құрама ретіндегі интеллекің дамуы білім мен әлеуметтік тәжірибенің игеруінсіз мүмкін емес.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік–қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан, қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның, Дж. Брунердің және т.б. зерттеулері дәлелдейді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШАҒЫН КЕШЕНДІ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(БОПмӘ-050102 Сырттай оқитын бөлім 5 курс, 9 семестр, 10 сағат)

Автор: Нағымжанова Қ.М.

Өскемен, 2007

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық
өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі
өзгертуде.
Бүгінгі таңда әлемдегі бірінші міндет – ол дүниежүзі елдерінде
жастарды бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік
мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетіне кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды
дамыту, сондай-ақ оларды әділдікке, зорлық зомбылық жасамауға, бақытты
бағалауға тәрбиелеу.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің басым бағдарын оқытудың тәрбиелік
сипатына аудара отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан
кемелденуіне ықпал ету.
Өйткені, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни
руханилылығын дамыту - заман талабы. Егер адам руханилылығынан айырылса,
онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен айырылады, жалаң рацинализм мен
прагматизмнің құлына айналады.
Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф.Суворовтың,
М.И.Зайкиннің және т.б) Шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық
үрдістің төмен нәтижелілігінің себебі: қалыптасқан (30-35 оқушы оқитын)
сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен
тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені
бермейді. Біздің ойымызша мұның себептерінің бірі-педагогикалық жоғары оқу
орындарының түлектерінің мұндай оқу орнында жұмыс істеуге дайын емес
екендігі.

Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жайлы
зерттеулерге ғылыми-педагогикалық талдау

Ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдық әлеуметтік ортаның
мүмкіндігін зерттеудің нәтижесінде ( Л.С.Выготский, Л.Н.Гумилев,
Л.П.Гурва,С.А.Рачниский, В.И.Семенов және т.б.) ауылдық әлеуметтік ортаның
бірқатар оңтайлы жағдайларымен қатар жағымсыз жақтары да анықталады: қала
оқушылары ата-аналарының білім деңгейіне қарағанда, ауылдық ата-аналардың
білім деңгейі төменірек; мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер
және мәдениет мекемелерінің жоқтығынан мектепке дейінгі дайындықтың
нашарлығы мен интеллектуалды дамуының деңгейінің төмендігі педагогикалық
үрдіс нәтижелерінің төмендігіне әкеліп.
Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру,
әсіресе ауыл мектептерінің проблемасын шешу, оның жұмыс принциптері мен
қойлған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуымен қызметіндегі қоғамдық
тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде
білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған
әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Солардың ішінен төмендегілерді бөліп қараймыз:
Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын
дамыту субъектісі ретінде алатын, педагогикалық үрдістің мәні мен сипатына
деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың жаңа басты
элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, жеке
тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен
мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында
маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тарихи зерттеу. Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді
жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
Ізгілендірілген білім мазмұнын іріктеуде қаралатындар:
- білімдік- бағдарлық әдіспен бас тартып дамытушылық жеке тұлғалық
бағдарлық әдіске көшу;
- қатар пәндік және жекелік білімнен ( А.А.Хамитов) білім берудің үздіксіз
жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге,
шоғырлануға көшу;
Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен
тәрбиелеудің жеке-тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау ( Ойлаудың, есте
сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);
Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның диалогын қалыптастыруға оқушылармен
ынтымастастық қалыптастыруға оқушылардың ынтымақтасты
жасауға дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық өзін-өзі
көрсетудің қажеттігі;
Ауыл мектептерінде, әсіресе, республиканың шалғай шағын комплектілі
мектептерінде жетік білім алуға қажетті жағдайлар жасау.
Осы үшін мұғалім мен оқушы арасындағы тұрақты классикалық схемадан
бас тартып, қажетті дәлдемені құруға міндетті мұғалім мен оқушылар
арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды қажет етеді, мысалы, С.Френе
сыяқты, оқушылар бірлесіп шешу үшін қызықты проблемалар мен міндеттерді
ұсыну.
Жеке тұлға құрылымының маңызды құрама ретіндегі интеллекің дамуы білім мен
әлеуметтік тәжірибенің игеруінсіз мүмкін емес.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік–қызметі –
білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан,
қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды
дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық және
тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті.
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің,
А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның, Дж. Брунердің және т.б.
зерттеулері дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ
айтсақ жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың
консепциясын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің
нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, пәнаралық байланыс
мәселесі, жалпы білім беру мектептерінде шешілуі дұрыс. И.Т.Зверьев,
В.М.Максимова, А.А.Бейсенбаева және т.б. ғалымдардың мектептерінде
пәнаралық байланыстың, олардың қызметтерінің педагогикалық үрдістегі
мазмұнды сипаттамасы берілген. Осыған сүйене отыра ДАШ (дисциплина аралық
шолу) анықтамасына сай төмендегідей анықтама беруге болады:
Пәнарлық шоғырландыру – шынайы педагогикалық үрдістегі
пәнаралық байланысты іске асырудағы мектептің оқу жоспарындағы, колледж,
жоғары оқу орындарындағы пәндерді біріктіру үрдісі (мазмұнды-ақпараттық,
үрдісті-іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық-әдістемелік) осы негізде.
Дәстүрлі оқу дисциплиналарында шоғырландырылған мақсат пен міндеттер
қойылмайды, дисциплиналарды меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми
міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта
жаңғырту деңгейінде ( кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана
қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы
(Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні
мен меңгерілген материалды Білімділігіне және Түсініктілігіне
шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына,
мұғалім үрдістеріне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетті.
Педагогикалық технологияда бар жеке бастың мүмкіншілігіне, мектептің
практикалық мүмкіншілігін зерттеу, сонымен қатар шағын комплектіліге
теориялық талдау жасау мектептің осы типінде бейімделуге болатын
технологиялар қатарын шығаруға мүмкіндік берді. (В.В.Гузеев, В.М.Монахов,
П.А.Юцявичене және т.б) . Біз төмендегідей ерекшеліктері бар технологияның
мынандай түрін ұсынамыз:
- соңғы нәтижеге жүйелі бағытталған жұмыс. Яғни нәтиженің әр
элементі таңдалуы міндетті, оқытушылық сипаты бар оқушылардың өздік
жұмыстарын әртүрлі формада ұйымдастыру;
- мұғалімнің әр жеке оқушылармен қарым-қатынас ұзақтығын
қысқарту үшін, оқушылардың оқу танымдық әрекеттерінің әртүрлі формаларын
қолдану: жекеше, жұппен, топ жұмыс қолдану: жекеше, жұппен, топ
жұмыстарының әр түрлерімен; осы арқылы оқушылардың эмоционалды,
психикалық және физиологиялық шамадан тыс жүктемелерін төмендету;
- бастапқы материалды ( мағлұматты) бекіту сатысында оқушылардың оқу
іс-әрекеттерін бағалауда мұғалімнің бағалау байыдауларын, пікірлерін кең
тұрғыда пайдалануы артық бақылау кедергісін азайтады;
- сабақ ұзақтылығы 45 минуттан 30 минутқа дейін қысқарту балалардың
жұмыс істеу қабілеттеріне жағымды әсер етеді, олардың оқу жүктемелері мен
мектептегі әрекеттерін және үйдегі дайындық уақытын азайтады ( оқу
кестесіндегі әр оқу күні 2-3 түрлі пәннен тұрады.) ;
- оқушылар аз сандық сыныптың эмоционалды, интеллектуалды фонын
жоғарылататын әртүрлі ойын әдістерін және оқушылардың оқу танымдық әрекет
түрлерін пайдалану;
В.М.Монаховтың жаңа педагогикалық–технологиясы және Ж.А.Қараевтың
саралаудың деңгейлік технологиясы жоғарыда қарастырылған мәселемен
көптеген ұқсастықтары бар. Осыларды біз шағын коплектілі мектеп оқу
үрдісіне енгізуге ұсынып отырмыз, себебі олардың да біз жоғарыда алдыңғы
технологияны мәлімдегенде атап кеткендей, шағын ком плектіліктің көптеген
мәселелерін шешетін негізі жағымды жақтары бар. Батыс философтары мен
әлеументтанушыларының (К.Кларк, Ф.Махлуп, И.Масуда және т.б.) советтік
және ресейлік (Б.М. Боголюбов, И.И. Маркел және т.б.) қазақстандық (
Ж.М.Жусубалиева және т.б.) ғалымдар жұмыстарын зерттей келе тиімді оқыту
технологиясының бірі деп, үлкен (ауқымды) гуманистік мүмкіншілігі бар жаңа
ақпарттық, оның ішінде оқытудың компъютерлік технологиясын есептеуге
болады.
Біздің басшылығымызбен жүргізілген тәжірибелік педагогикалық
жұмыстарда белгілі бір тәжірибе және ерекше авторлық құрылымдардың
түпнұсқасы жинақталған компьютерлік технологияның элементтерін енгізу және
құрастыру орталығы компьютерлік лицей болып, сол жерден тәжірибе барлық
мектептерге, оның ішінде шағын - комплектілерге таратылып, бейімделді.
Біздің ең сәтті табысымыз: компьютерлік сабақтары әдістемелерінің
құрылымы; Квалификациясын жоғарылату және мұғалімнің өзін-өзі білімдендіру
курсының құрылымы: Физикалық үрдістің модельденуі,
Математикалық үрдістің модельденуі дисциплиналар бағдарламасының құрылымы
және оларға оқу әдістемелік комплекстерді қарау (практикалық тапсырмалар,
дидактикалық материал, бағдарламалармен қамтамасыз ету) сонымен қатар
барлық негізгі пәндер бойынша, қатар барлық негізгі пәндер бойынша,
көптеген қазақстанның және ТМД-ның (Алматы, Томск, Санк-Петербург)
қалаларымен электронды байланыс ( почта) және интернет арқылы
ынтымақтастықтың және контакт негізінде ақпараттық қызметті енгізіп,
қамтамасыз ету. Биология, география, химия, қазақ ,орыс,ағылшын тілдерінде,
әдебиетте,тарихта және экономика пәндерінде компьютерлік технологияны
пайдалану бағдарламаларын құрастыру.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьтерлік
қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылған. Оның келесі кезеңдері
бар.
1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьтерлік тапсырмалары
бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті
нәтиже).
2. Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;
3. Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық
тапсырмалардың және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет
бағдарламалық құралдарды анықтау;
Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын
іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар нақтырақ айтсақ:
- пәндік білім бағыттылықтан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін
игеруге ауысуы;
- шешімі шоғырландырып ойлауды қажет ететін, вербальды және бейнелі
құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, комплексті мәселелерді
шешуге бағыттау;
- оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс
оперативті бағалау мониторингін жетілдіру;
- оқушылардың іс-әрекетінің сабақтан тыс нәтижелілігін бақылау үшін
дәстүрлі жүйені толықтыратын оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
және шығармашылық белсенділігін жоғарылататын рейтингтік жүйені
қолдану.
Шағын комплектілі ауыл мектептерінің оқу және оқудан тыс үрдістерінің
ерекше жағдайындағы төмен нәтижелілігі мұғалімнің осы мектеп түрінің
педагогикалық үрдісінің ерекшеліктерін осыған дейін ( Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан,
С.Т.Каргин, Т.Н. Рябуха) зерттеулері жалпылай келе, біз шағын комплектілі
мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық
даярлық моделін құрастырып отырмыз.
Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей
өлшемдермен көрсетілген:
- шағын комплектілі мектептердегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби
бағыттылығы;
- мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің
маңыздылығын ( мәнін) білуі;
- білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін
біліп-сезінуі;
- шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің
ерекшеліктерін білуі;
- пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру;
- шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды
жетілдіру тәсілдерін игеру.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында шағын
комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктілген сынып-комплектісі
бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін
мектеп деп көрсетілді.
Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
бірінші – бастауыш шағын комплектілі мектеп;
екінші – негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
үшінші – жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер:
- тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын
комплектілі мектепте басым);
- тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз жеке
сыныптардың болуы;
- тек бала аны аз жеке сыныптардың болуы.
Шағын комплектілі мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда
оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің
мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге
асыратын
Дамыта оқытудың педагогикалық, әдістемелік негіздері

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлімнің түпкір-түпкірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұны сыни тұғыдан
қарап. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты
Сорос Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология мектеп тәжірибелеріне
ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдгі
ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деген ұғым
деп ойлау аса дұрыс түсінік емес . Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір
жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз
жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл
құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің
болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты
талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынасын
тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жұмыс жасауды
бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың таным қызығушылығын арттыруға
үйрететін, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптачстыруға ықпал
ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың қызықты жеңіл екенін, ұжымды
бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімінң тереңдігі әрі тиянақтылығы
артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және
кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын
артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің
шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны
қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Жоғарыда айтылғандардан шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне
қойылатын талаптар: өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;
шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімделу. Әртүрлі жастағы
оқушылар ұжымын құрып, басқара білу. Оқушылар арсындағы бір-біріне
сенімдігін және сыйламдылығын арттыра білу. Оқушылардың ата-аналарын
қоғамдық-педагогикалық жұмысқа тарту. Шағын жинақталған мектептің
оқушыларына қойылатын басты талаптар: оларды өзін-өзі ұйымдастыра білуге
бағыттау, оларда коммуникативтік қасиеттерді қалыптастыру,
жауапкершіліктерін арттыру және өз-өздерін танып-білуге бейімдеу.
Рефлексивтік әрекеттер арқылы оқушы өзінің және өз даму бағдарының
жолын анықтай алады. Бұлардың барлығы оның кез-келген өмір жағдайында өзін-
өзі тануға, өмірде жолын табуға көмектеседі.
Шағын жинақталған мектептердегі дамыта оқытудың
психологиялық ерекшеліктері
Шағын жинақталған мектепте ең негізгі назарды оқушылар мен
мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын қорғауға арнау керек. Балалар мен
педагогтардың денсаулығы, олардың әлеуметтік жағдайы сапалы білімнің
негізігі фактор болып табылады.
Қазіргі уақытта шағын жинақталған мектептердің жаңа моделін
қалыптастыру қажеттілігі туындап тұр.
Ауылдық жерлерде балалармен ата-аналармен жұртышылықтың жеке тұлғалық
қажеттіліктерімен жеке бағдарын қанағаттандыру мақсатында мектептердің әр
түрлі типтері мен модельдерін құрастыру мүмкіндіктері туындайды.
Шағын жинақталған мектептердегі жұмысты жақсарту мүмкіндіктері
олардың жаңа моделін қалыптастыру олардың жаңа формасын іздестірумен
тікелей байланысты, яғни басқа мекмелермен біріктіре ірілендіру дегенді
білдіреді. Мысалы: мектеп-балабақша, Мектеп – мектеп алды даярлық,
мектеп-клуб, Мектеп- мәдени орталық, Мектеп- кітапхана , Мектеп-
зертхана, Мектеп-ауылшаруашылық комплексі, мектеп-спорт орталығы ,
Мектеп–парк және т.б. Бірнеше мекемелердің басын қосып, ауыл
интеллигенциясын тығыз қауымдастыққа, барлық күшті өскелең ұрпақты
тәрибелеуге жұмылдыруға бағыттайды.
Мұндай жағдайда шағын жинақталған мектептің өзінің даму моделін нақты
жергілікті, әлеуметтік экономикалық жағдайларға тарихи-мәдени дәстүрлерге
сәйкес қалаптастыру жөн. Күрделі кешенді шағын жинақталған мектептердің
міндеттерін шешудің жолы – бұл мектептің ауыл шаруашылық өндірісімен,
ауылдық өмірдің әлеуметтік-мәдениетімен, елді мекеннің табиғи ортасымен
кірігуі.
Шағын жинақталған мектептердің функциясын көтерудің бірден-бір тиімді
жағдайы – оның құқықтық мәртебесін көтеруі , орталық және жергілікті
басқару органдары, басқа да әлеуметтік орталықтармен қатынасын көбейтуі.

1. Жалпы білім беретін шағын комплектілі мектептерге:
1. Ғылым мен білімнің өркендеуінің қазіргі деңгейін , даму тенденцияларын
бағдарлап, оқытудың негізіне алынатын дамыта оқыту идеясын, оның
қағидаларын, ұсыныстарын оқу тәрбие үрдісіне қолдану әдістемесін жете
игеру.
2. Педагогикалық ұжымдардың мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктердің күш-
жігерін, шағын комплектілі мектептердің деңгейін көтеруге көмектесе
алатын негізгі дидактикалық және әдістемелік тұжырымдарды, теорияларды,
идеяларды сұрыптап, оқып-үйренуге жұмылдыру, мұғалімдердің шығармашылық
белсенділігін барынша дамыту.
3. Шағын комплектілі мектептерде оқытудың жаңа технологияларын, соның
ішінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім беру сапасын
көтеру.
4. Сынып-комплектілерде сабақты оқу пәнінің мазмұнына байланысты біріктіру.
Материалды беруде блоктық-модульдік принципті қолдану.
5. Шағын комплектілі мектептегі тәрбиенің мазмұны мен түрлері білім
мазмұнымен үйлесімді ұштастырылып, ұлттық тарихи сананы, азаматтық
негіздерін, ұлағаттылықты тектілікті, халық өнері мен мәдениетінің
негіздерін үйретуге жас ұланды еңбекке, нарық қатынасы жағдайындағы
қажетті мамандықтарды игеруге дярлау.
6. Оқушылардың өздігінен дамуына қажетті моральдық-психологиялық аһуал
құру.
7. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай, жаңа ақпараттық
технология негізінде шағын комплектілі мектепті ғылыми тұрғыдан басқару
жүйесін жан-жақты саралау. Оның тиімді әдістерін пайдалану.
8. Білім саласын мемлекеттік қаржыландыру мен өзін-өзі қарнжыландыру туралы
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағын комплектілі мектеп
ұжымдарын қосымша қаржы табудың жолдарын тауып, оны іске асыру.
9. Шағын комплектілі мектепті кадрмен қамтамасыз ету мақсатында мектепте
оқушыларды педагогикалық мамандыққа кәсіби-педагогикалық бағыттаудың
тиімді жолдарын сұрыптау.
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Республикадағы шағын жинақталған мектептерде дамыта оқыту әдістемесін
пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер
Білім туралы Заңда мемлекеттің білім саласындағы саясаттың негізгі
ұстанымдарының бірі – оқушылардың даму деңгейі мен ерекшеліктері мен даму
деңгейіне қарай білім жүйесін реттеу болып табылады. Мұндай жағдайда
базистік оқу жоспарының инвариантты (тұрақты) бөлімінде оқу уақытының 10-15
%-ы аймақтық білім компонентіне іске асыруды толығымен қаматамсыз етеді.
Шағын жинақталған мектепте білім алу барысында оқу модульдік
блоктары, болжамдық карталары, оқу материалын өтудің және оны өлшеудің
кестелері негізінде баланың әрекетін дамыту көзделеді. Олай болса, шағын
жинақталған мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру механизмі: көп деңгейлік
бағдарламалармен оқыту; оқу материалын жеке бала мүмкіндігіне қарай оқыту;
пәндік курстарды блоктар бойынша құру, дидактикалық бірліктердің
ірілендірілуі; материалдың өту жылдамдығын ескеру, тарсырмаларды орындауда
өзіндік жұмыстардың механизмін енгізу, ауыл оқушыларының өмір тәжірибесіне
икемделеген оқу материалдарын беру; олардың жеке оқушының қоғамдық және
ғылыми тәжірибелермен байланысына жағдай туғызу, оқыту әдістері мен
түрлерін классикалық және дәстүрден тыс түрлерін қолдану.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Мектеп және мектепке
дейінгі білім институты шағын жинақталған мектепте оқыту лабораториясының
қызметкерлерінің зерттеулерінің нәтижесі бойынша қазіргі жаңа
технологияларды пайдалану туралы сауалнама жүргізілді. 105 мұғалімнің 67-
сі мүлдем қолданбайтыны, 38 –і кейбір элементтерін ғана қолданатынын айтты.
Демек, шағын жинақталған мектептерде мұғалімдер қазіргі оқытудың жаңа
технологияларымен жан-жақты хабардар болып отыру шарт.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру
шарттары төмендегідей кешенді шараларды бекіту арқылы нақты іске асады:
- шағын жинақталған мектептің нормативті-құқықты базасының
сәйкестігін қалаптастыру;
- шағын жинақталған мектептің қызметінің қаржылық –экономикалық
базасын жетілдіру;
- шағын жинақталған мектепті ақпараттандыру және материалдық
техникалық базасын нығайту;
- оқу-тәрбие процесінің ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз етілу, шағын жинақталған мектептің
ерекшеліктерін ескере отырып, жаңаша әдістемелік кешенін жасау;
- шағын жинақталған мектептер ерекшеліктеріне сай мұғалім мамандар
даярлау;
- мұғалімдер біліктілігін үздіксіз дамыту мен оларды қайта даярлау;
- оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай шағын жинақталған
мектептің қызмет ету мүмкіндіндігіне қауіп туғызып отыр. Әлемдік тәжірибе,
мәдени жағдай шағын жинақталған мектептерде қазіргі қоғамдық талаптарға сай
жаңа парадигманың, білім берудің өзіндік практикасының пайда болуына әкеліп
отыр. Бүгінде ол көп қырлы, жылжымалы және көп сатылы, жүйе ретінде
қарастырылады. Сол себепті республиканың әртүрлі аймақтарында тәжірибелі ең
жақсы шағын жинақталған мектептер базасында лабораториялар, педагогикалық
курстар, шығармашылық шеберханалар құру қажеттілігі туындап отыр.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан,
қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл
туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін
педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну
психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да
жағдай жасайды.
Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп
алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету
әдістері жатады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың
мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі.
Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи
процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз
табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші з а ң д ы л ы қ. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық,
грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық
мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса,
мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын
қалыптастыру т. с. с.).
Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар
мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту,
қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі
түрде жүргізеді.
Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін
танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық
қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай
болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар
шындықтағы заттар мен құбылыстардьщ арасындағы қаты-настарды түсінеді,
ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп
шығады.
Сөйтіп, тілді ұғыну — ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және
лексикалық фактілермен оқушылардың тіл байлығын арттыру.
Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана
ойдағыдай іске асыра алады. Әдістемелік қағида төмендегідей әдістемелік
ережелерді сақтауды талап етеді:
1) оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
2) грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
3) қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байла-
ныстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және
оларды сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады,
дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек.
Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатындығын
айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы тілдік сезімталдыққа сүйеніп, іске
асырылады.
Бұл қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке
келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);
2) оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық кө-
ріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра
алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістер-
ді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық
мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді.
Мұндағы әдістемелік қағида: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл қағиданы іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
1) тілдің фонологиялық, грамматикалық және лекси-
калық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене
сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;
2) ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде
байланыстырып отыру;
3) тілдерін талдағанда көркем мәтіндердің сезімге
әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Т ө р т і н ш і заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау
жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады.
Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі
болып табылады — дейді профессор Н. С. Рождественский. Ауызекі сөйлеудің
өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша
сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін
таңбалардан тұрады1.
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі
оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда
тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып
тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы
мынадай әдістемелік қағидаға негізделеді.
Бұл қағида төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;
2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша
жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық
мағыналардың барлығы тіл материясын, яғни тіл таңбаларын — дыбыс,
морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс
белгісі) — ұғыну барысында меңгеріледі.
Тілді оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамматикалық
ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады.
Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан белгілі бір тілді фактілерді
тану құралы ретінде де пайдаланады.
Мұндай заңдылықтан тілді оқыту қағидасы келіп шығады.
Бұл қағиданы іске асыру ережесі мынадай:
1) көрнекілікті пайдалану (кесте, сызба, түрлі суреттер, теледидар,
кино және т.б.)
2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио,
теледидар, кино т. б.);
3) оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған
мәтіндер, газеттер, журналдар;
4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы
сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін
талдау) пайдаланылады.
Тіл материясына көңіл аудару қағидасы мұғалімге нақты жол көрсетеді.
Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана
аңғарады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің
бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының
тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл
үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз
тіркестерін, сөйлемдер кұрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі
әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру қағидасы
келіп шығады.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика
және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай
болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп
тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып
отыруына жағдай жасалады.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде,
түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, талдау,
жинақтау, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік
ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай
әдістемелік қағида шығады:
1) ұштастыра оқыту;
2) қайталау;
3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл қағидаларды іске асыру үшін:
1) бағдарламаны тиянақты құру;
2) жоспарлы түрде қайталап отыру;
3) жаттығу жұмыстары;
4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктеу
сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі
болып табылады; ал әдістемелік қағидалар осы заңдылықтардан туындайды,
мұндай қағидаларға негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін
үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама
бойынша оқулықтар жасалады.
Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді
үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз.
Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын
білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы
заңдылықтарын көрсетеді.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды1:
1) балалардын оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру
әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, І топқа
сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте
сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға
негізделеді), өздегінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері
(қиялға, ерікке негізделеді). Ал II топқа балалардың қызығу мүддесін
туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері;
III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық
тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының, қай кезде тиімді
екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІ3ДЕРІ

Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің
арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген
жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты
алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық
жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете
білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада
теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс
өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып,
пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені
ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі
дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады.
Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді.
Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде
пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа,
яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда
— лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе
береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы
және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей,
дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т.
б.) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет
атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да,
үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ
оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі
дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау
мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,
дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау
қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25
дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у.
Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т ,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. У дыбысы
дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол
бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға
әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса
үйретілуі қажет.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз
дыбыста қысым – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда
дыбыстау аппаратына жайылады жа, жалпылама өтеді – деп, айқындаған болатын.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп
айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан
жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық
келтіретін дыбыстар – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке
келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің
ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері
астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен , енді біреулері тіл
ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға
жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып
айтқызып балаларды дағдыландырды.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге
олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу,
әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу
арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені
қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену
барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді,
сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа
сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің
нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана
бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және
оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен
белгіленетін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит
деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар.
Олар:
а,ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н ,ң,і,ы,ұ,ү,о,ө,п,р,с,т,у,ф,һ,ц,ч,ш, щ,э,ю,
я,ь (жіңішкелік белгі),ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі
дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е,я,ю,у,ц,ч,щ.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия( гр.
Сөзі orthos – тура, дұрыс, epos – сөйлеу ) деп аталады.
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралықтарындағы дыбыстар бір-
бірімен өзара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеу олардың үндестігін сақтап,
нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың
бір біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу керек.
Қазақ тіліндегі сөздердін, айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық
жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей
айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-
біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді-Аманкелді,
Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т. б.).
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық, естілетін, созып
айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған
сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не
жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай
буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы
дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең, қолайлы келетін
дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң
дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға
үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң; дауыссыздарды оқытқан орынды
болады. Өйткені сауат ашудың ең, алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті
біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады.
Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші
әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып
айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға
ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан дауыстылар
мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды
оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің
құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы
сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-
үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан
кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы)
құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық
буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып
үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б.).
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу
аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыту үшін маңызы
зор.
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуын бірде метафора
арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп
отырады. Метафора (гр. — mеtорога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай,
сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті
(Абай). Метонимия (гр. mеtоnuymіа атын өзгерту) заттың не құбылыстың атауы
екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына
қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай). Синекдоха
(гр.synekdohe) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді қолданылуын
аңғару.

ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш
кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды.
Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде
қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: Білім — бүкіл
оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны,—дейді. Бұл сақталып
қалатын не? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет — міне, нағыз білім
— осылар! Дағды, — деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, — саналы түрде
автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің
автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен карым-қатынас жасау
барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап,
оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім
дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның
орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі,
ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық
әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой
әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның
шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін
қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу
ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.)
ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені
көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал
осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың
негізгілерін атап өтелік:
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын
дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады.
Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін
орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының
таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір
жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін
жұмсауы);
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп
отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы,
сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді
бөліп-бөліп жазып жаттығады);
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке
саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын
біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;
5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі.
Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде
осы көрсетілген сатылы қалыптастыру жүйесін сақтауға тиіс.
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙРЕНЕТІН ШЕБЕРЛІКТЕРІ МЕН
ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІ

Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға
тиіс:

1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру;

2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;

3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь)
айырмашылығын ұғу;

4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан
құралған сөздерді оқи алу;

5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап
оқи алу;

6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып
беру;

7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;

8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық
жаттығуларды орындай алу;
Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:
1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;
2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу;
3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;
4) жазған сөздерін тексеріп отыру;
5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.

САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен
жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял
ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек,
Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал
бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі ете шағын болады.
Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай
тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды
бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы
тәрбиеленеді. Балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Қазақ тілін оқытудың мәселелері
Мәселе қойып оқыту технологиясы
Пәндер