Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері


Қазақстанның салық қызметі: қалыптасу кезеңдері және қазіргі жай-күйін бағалау
Кіріспе
Салық қызметі органдарының құрылымы және атқаратын қызметтері
Салық қызметінің шет елдік тәжірибесінің Қазақстанда қолдану ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
Жалпы мемлекеттегі қаржылық ресурстардың, оның ішінде бюджеттік ресурстардың қалыптасуында салық жүйесінің атқаратын рөлі жоғары. Ал, мемлекетте алынатын салықтардың жиынтығы және оны жүзеге асыратын салық қызметі органдары басқа да элементтермен қоса салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектілерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Әлемдік қаржы дағдарысының тереңдеуі жағдайында еліміздің экономикасының еңсесін көтеруіне ықпал ететін, бюджеттің кіріс көзінің негізі болып табылатын салықтар, оның ішінде халық пен шаруашалық субъектілеріне салынатын салықтардың экономикалық мәні мен маңызы өте зор.
Мемлекеттің қалыптасып дамуымен қатар қоғамда кез -келген салықтың өз орны, өзіне тән атқаратын қызметі, әсер ету ортасы бар. Бүгінгі күні әлемдегі барлық мемлекеттердің экономикалық саласындағы қандай уақыт немесе қандай да бір жүйеде болмасын өзекті мәселенің бірі, ол- салық. Себебі, ол елді қаражат көзімен қамтамасыз ететін күре тамыр, бюджетке түсетін түсімнің маңызды бөлігін құрайды.
Кез-келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Отандық және шет ел тәжірибелерінен көріп отырғанымыздай салықтар және салық жүйесі экономиканы реттеудің және салықтарды бюджетке жұмылдыра отырып, оның өз қызметтерін атқаруға мүмкіндік беретін негізгі қаржылық құралы болып табылады.
Өйткені, бюджет пен шаруашылық субъектілерінің арасында қарым қатынасты қалыптастыруда фискалды және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Салық салудың нәтижелілігі оларды алуды ұйымдастыратын салық қызметінің, олар жүргізіп отыратын салық әкімшілігінің тиімді жүзеге асырылуына тікелей байланысты. Өйткені, егер салық салуды ұйымдастыру тәжірибе жүзінде сапалы қызмет атқарса, олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Шаруашылықта тепе-теңдіктің қалыптасуын өзі реттейтін таза нарықтық экономиканы қалыптастырып, дамытуда өзіндік тәжірибенің аздығынан шет елдік тәжірибеге көбірек сүйеніп келген Қазақстан Республикасы қазіргі кезде аз да болса экономиканың әр саласы мен бөліктерін дамыту барысында тәжірибе жинақтады.
Салық саясатын тиімді ұйымдастырумен инвестициялық процесске экономикалық әсер етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс салаларындағы техника мен технологияларды жаңартуға, бюджетті баланстауға, салықтық аударымдарды реттеуге мүмкіндік туындайды. Сондықтан, салық қызметінің алдында жаңа фискалды саясатты құру сияқты негізгі міндетімен қоса, Қазақстанның экономикасындағы қазіргі кездегі ерекшеліктерімен және халықаралық стандарттармен үйлесімді түрде қызмет етуі тиіс. Сонымен қатар, салық әкімшілігінің әдістері мен нысандарын сапалы да, уақтылы қайта құруға және аталған процесстерді ақпараттармен мұқият қамтамасыз етуге жағдай жасауы қажет. Осы мақсатта жазылған диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.
«Қазақстанның салық қызметі: қалыптасу кезеңдері және қазіргі жай-күйін бағалау» деп аталатын диплом жұмысының мақсаты қазіргі кездегі қызметін жүзеге асырып отырған салық қызметінің атқаратын қызметіне баға беру және оны ары қарай дамыту үшін жетілдіру жолдарын ұсыну. Осы орайда келесі мәселелерді талдау қажет:
- Жалпы салық жүйесінің және сонымен қатар салық қызметінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама беру;
- Салық қызметі органдарының атқаратын қызметтеріне және олардың құрылымын қарастыру;
- Салық қызметі органдарының қызмет етуінің қолданыстағы механизмін қарастыру;
- Салық қызметі органдарының мемлекеттің фискалды саясатындағы алатын орнын қарастыру;
- Салық қызметі органдарының жұмыстарын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері табылады.
Дипломдық жұмысын жазуда келесі материалдар: ҚР нормативті-құқықтық заң актілері, қаржы және экономикалық теория жөніндегі оқулықтар, монографиялар, мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылған және Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық комитетінің сандық мәліметтері.
1. Салық жүйесіндегі салық қызметінің алатын орны және оның дамуы
1. 1 Салық жүйесі мен салық қызметі дамуының алғышарттары
Қазақстан Республикасының салық саясатын ұйымдастыру, оған әсер етуші негізгі механизм, фактор ретінде Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру деңгейіне әуел бастан тәуелді. Мемлекеттегі салық жүйесі құрылымы мен мәртебесін ұйымдастыру, тәуелсіздік алған сәттен бастап, әртүрлі деңгейде республиканың қоғамдық шаруашылығында салық саясатын жүргізудің формасы мен түрін анықтайды.
Салық жүйесі (грек тілінен аударғанда ”бөліктерден құралған бүтін” деген ұғымды білдіреді) - бұл салық белгілі бір біртұтастық немесе кешен, ол салық төлеуші мен мемлекеттің мүддесін емдеу мақсатында бір-бірімен өзара байланыстағы салықтардың жиынтығынан тұрады. Бұл жүйенің құрамына мыналар кіреді:
- салық қатынасын реттейтін құқықтық және нормативті база (салық кодексі, жарлық, инструкциялар т. с. с) ;
- салықты және басқа да міндетті төлемдерді жинау және құрау тәсілі. Олардың әртүрлілігі, салық салу принципі, салық элементтері;
- салық бақылауын жүргізудің түрлері мен формалары (салық есебінің камералды бақылау, салық төлеушінің мониторингі, құжаттық және рейдтік салықты тексеру және т. б) ;
- Салықты және басқа міндетті төлемдерді жинау қызметі кіретін, ұйымдар атап айтқанда, ҚР МКМ, салық органдары, қаржы полициясы.
Салық салу - әлеуметтік-саяси проблема, ол мемлекет таңдап алған ұзақ мерзімдік даму стратегиясына тікелей байланысты. Қазақстандағы салық жүйесінің ерекшелігі сонда, ол негізінен шаруашылықтың нарықтық үлгісіне орайластырылған, тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдік жүйесі бойынша әлеуметтік-орайластырылған үлгіге тән. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, ТМД -ның басқа мемлекеттері сияқты аз уақыт ішінде мемлекеттің салық жүйесінің заңдық негізін құру керек болды. Салық реформасының тұжырымы 1992 жылы жасалды. Онда екі кезең көрсетілген: бірінші (1993 - 1995ж. ж) жаңа салық жүйесін дайындап, әрекет етуге енгізу, және екіншісі (1996-2002 ж. ж) нарықтық экономика талаптарына жауап беретін салық жүйесін құруды аяқтауды мақсат еткен[1] .
Бірінші кезең 1995 жылдың сәуірінде ҚР «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның қабылдануымен аяқталды. Бірақ бұл заңның қатаң талаптары болмады, керісінше бұл заңға нарықтық реформаларды тездетіп жүргізуге бағытталған толықтырулар мен өзгертулер ҚР-ның Президентінің Жарлығымен және ҚР-ның 1999 жылға дейін енгізілді.
2001жылы 16 сәуірде ҚР-ның Сенаты «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына “өзгерістер мен толықтырулар енгізу” туралы үкіметтің ұсынысымен Заң қабылдады. Ол салық ставкасын төмендетуді қарастырды. Өндірістің дамуына және кәсіпорынның инвестиция қызметін кеңейтуге бағытталған, бұл заң 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастаған жаңа Салық кодексін дайындап, кейіннен қабылдауда барынша маңызды қадам болды.
ҚР-да 1995-2001ж. 6 жыл көлемінде жүргізілген салық жүйесі кәсіпкерлердің, экономистердің, депутаттардың, мемлекеттік шенеуніктердің, журналистердің және қарапайым салық төлеушілердің тарапынан көптеген наразылықтар тудырды. Әрбір кезекті сайлау өткен сайын, сайланбалы билік органына барған жаңа адамдардың алғашқы қадамы салық саласында түбірімен өзгерту енгізуге бағытталатынына үміттенді. Біршама уақыт өткеннен кейін, бұл үміт ақталмады, өйткені бұл салады жаңа заң актілері оны жетілдіргеннен гөрі, құлдырата берді, ал қарама- қайшылықтар сол қалпында қалды. Әртүрлі көзқарастарды сараптай келе, сыншылардың қандай да бір ортақ негізі жоқ екенін көруге болады. Көпшілігіне салық ставкасының тым жоғарлылығы ұнамайды. Кейбіреулері нарық жағдайында мемлекет төмен салық бекітеді деп есептеген. Өзгелерінің пікірінше, еркін кәсіпкерлік салыққа да әсерін тигізеді: “Қаласам-төлеймін, қаламасам төлемеймін” деген қағидаға сүйенуі мүмкін. Бірақ, сөйте тұра, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлемі, зейнетақыны кешіктіргенде, мемлекеттік тапсырыс дер кезінде төленбегенде, барлығы үкіметті кінәлайды. Осы жерде бәрі анықталады: төменгі салық мемлекеттік шығындардың барлығын үздіксіз қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келуі керек екен.
Тағы сынауға түрткі болатын жағдай: салық жүйесінің артық фискалды сипаты; отандық өндірушілерге қажетті ынталандырудың басым болмауы; табысқа салынатын салықтың көптігі; мүлік салығының төмендігі; батыс елдерімен салыстырғанда, еңбекке аз ақша төлей отырып, жеке тұлғаларға салынатын салықтың көптігі; жеке тұлға салығының төмендігі, ал басқа мемлекеттерде ол жоғары; бұрын естіп те білмеген қосылған құнға салынатын салық; салықтан жалтарғандарға қолданылатын тым қатаң қаржылық санкция; бюджет жетіспеушілігін жоюда қолданылатын шаралардың жетіспеушілігі; жеке салықтардың жиі өзгеруі; табиғи ресурстарға салынатын салықтың төмендігі; Бұл тізімді бұдан әрі де ұзақ жалғастыра беруге болады.
Осы көзқарастарды жалпылап, біріктіру мүмкін емес. Бірақ, кейбір айтылған сыни көзқарастар мен ұсыныстарда шындық бар. Салық жүйесі әрине жетілдіруді қажет етеді. Бірақ, батыс елдерінің тәжірибесінен алынған кездейсоқ идеялардың негізінде емес. Қазақстанға салық салу саласында қазіргі салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге әкелінген қандай да бір кешенді шаралардың барлық экономикалық және әлеуметтік салдарларын болжап, алдын-ала байқайтын, өзінің ғылыми немесе бірнеше мектетер мүлде жетіспейді.
Өткен жылдарға баға бере отырып, есте ұстайтын жайт, ҚР салық жүйесі бірінші күннен бастап экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда болып, дамып келеді. Қиын көздерде бюджет тапшылығының өсуін тоқтатады, елдің барлық шаруашылық аппаратын қамтамасыз етеді, үздіксіз болмаса да, кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жол береді, негізінен ол нарықтық экономика жағдайына көшудің сол уақыттағы міндеттеріне жауап береді. ҚР-ның салық жүйесін қалыптастыруда дамыған шет елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылды.
Мұндай баға жалпы шындықты әділ түрде таразылауға мүмкіндік береді, бірақ, экономикалық саясаттың сол уақыттық проблемаларымен сәйкес үнемі келтіріліп отырған, салық жүйесін жақсарту міндетін сызып тастамайды.
Көптеген сыншылардың келісетін пікірі, салық ауыртпалығының болу мүмкіндігі. Бірақ белгілі бір мөлшерде ғана. Салық қандай болу керек- жоғары немесе төмен - бұл әлемдік салық салу ілімі мен тәжірибесіндегі мәңгілік проблема.
Тұрғындардың салық мөлшерін төмендетуге деген тілегі дұрыс және түсінікті де, ол шаруашылықты қаржыландырудың кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерімен, әлеуметтік мәселелерді шешумен, фундаменталды ғылымды дамытумен, мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз етумен қарама-қайшылықта. Екінші жағынан, шығынды қажет ететін, көптеген қажеттіліктермен қатар салықтың көлемі, тауар өндірушілердің мүддесі ескерілгенде ғана өсетін салық базасының кеңею ережелерімен анықталады. 70-80 жылдары барлық елдер салықтық ставкалармен табыстардың арақатынасы туралы А. Лаффердің ілімін мойындады.
Бірақ, салықтарды мөлшерден тыс төмендетуге болмайды. Салықтар тек ынталандырушы ғана емес шектеуші де рөл атқарады. Тым төмен деңгейдегі салық кәсіпкерлік белсенділіктің бірден дамуына алып келеді, ал оның бірқатар жағымсыз салдары бар.
Бірақ, бүгінгі таңда салық жүйесі артта қалмайды. Салық реформасы барлық экономикалық реформаларға сәкес, оның бір бөлігі болып табылады. Соның өзінде мемлекеттің қаржы жағдайы шиеленіскен түрде қала береді. Экономиканың тұрақтылығы инфляцияның және өндірістің төмендеуінің жалғасы болып қала береді. Салық жүйесі экономикалық және қаржы тоқырауына қарсы тұрады. Осының барлығы салық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
ҚР-ның салық жүйесі 24 сәуірде 1995 жылы «салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы» заңы салық жүйесінің негізі болып есептелінеді. Тиімді салық жүйесіне негізгі кедергі болатын экономикалық тоқырау болып табылады.
1995 жылы қабылданған салық заңы өміршең болды. Бірақ, салық саясатының алдына қойған мақсаттарын орындауын толық іске асырмады[2] . 1995-1999 жж. бұл заңға көптеген өзгертулер енгізіліп отырды. Егер бірінші екі жылдықта ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” жарлығынан кейін ғана кейбір заңдық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік болса және тек салық жылдарының басынан ғана өзгерістер енгізу басталса, ал 1997-1999жж. өте көп өзгертулер енгізілді, ал салық жүйесі бұрынғыдай тұрақсыз болып қала берді. Салық заңды бекіткен салық санын азайту туралы өзгерту қағаз күйінде ғана болды. Ал шын мәнінде, 1997 жылдан бастап бюджетке төленетін алымдар, салықтар және міндетті төлемдер саны өсіп отырды.
Ең басты назар “ҚР бюджет жүйесі туралы” заңына енген ҚР Президентінің 1998 жылы 1 сәуірдегі “Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығына аударылды. Бұл басты жаңа енгізілімдердің негізі салықтың жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлінуі және бюджеттік заңдылық бойынша бекітілген төлемдер тізімі болып табылады. Бұл өзгерістер әлемдік тәжірибеде кең тараған түрлі билік сатысындағы құрылу принциптеріне сүйенді. Бұл мәселені тереңірек ашатын болсақ, салық салудың теориясы мен тәжірибесіне байланысты салықтар мен алымдар егер оларды жергілікті билік органдары белгілеп және реттеп отырса, “жергілікті” деп аталатын болды. Бұл тек биліктің бір орталықтан жүргізілмеуі кезінде және жергілікті бюджеттің дербестігі жағдайында ғана мүмкін болады. Қазақстанда мүлдем басқа жағдай болады: жергілікті билік органдары алым мен салықты есептеу тәртібі мен түрлерін белгілеу өкілеттігімен анықталмаған, олай болса, Қазақстанда мұндай салықтар салық жүйесінде ешқашан болмаған. Олай болса, осыдан барып өзінен алатын органға байланысты бұрын қолданылып жүрген салық жүйесінің құрылуы дұрыс деп санаймыз.
Қазіргі кездегі Қазақстанның салық жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңі - 1999 жыл. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік Кіріс Министрлігі салық заңының және қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған салық механизмін қайта құруды одан әрі жетілдіруге ілгері қадамдар жасады. Оларға мыналар жатады:
- 1999 жылы тамызда ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы Парламентте қабылданып, заңға айналды;
- 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді. Дәлірек айтатын болсақ, нөлдік ставканы қолдану сферасы кеңейтілді және ол тоқыма өнеркәсібі, тігін және былғары аяқ киім тігу өнеркәсібі, халықаралық тасымалдау тауарларын өткізу бойынша жұмыс істей бастады; ең бірінші қажетті азық-түлік, мал және құс, т. б. азық-түлікке - 10%-тік ҚҚС салынды; электроэнергия, газ, су, жылу өндіру және тасымалдау кезіндегі салық салу айналымын анықтау механизмі жақсарды, сонымен қатар машина жасау, пластмасса бұйымдарын өткізуде де кассалық әдіске уақытша өту және салық салу айналымының мерзімін 50 және 90 күнге ұзарту арқылы салық салынатын айналымын анықтау механизмі жақсарды; ҚҚС айналымынан қосылған құн жасамайтын акциз, кедендік төлемдер сияқты элементтер алынып тасталды;
- фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілген.
2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2001 жылдың 3 мамырындағы “ҚР заңына өзгертулер енгізу туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ” заңына сәкес ҚҚС барлық салық төлеушілер үшін 16% болды. Бұл 2001 жылдың 1 бастап, счет-фактура шотынан босатылған тауарлардан басқа барлық тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізілімі үшін ҚҚС - 16% болды деген сөз. 2004 жылдан бастап аталған ставка 15% бекітілді.
Бұл өзгерістер экономикалық әдебиеттердегі, баспасөздегі, ғылымдағы көпжылдық пікір сайыстан кейін ғана мүмкін болды.
Қазақстанның салық жүйесінің дамуы мен құрылуының саяси-құқықтық тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
І кезең - салық жүйесінің құрылуының басы (1991-1992жж. )
ІІ кезең - салық жүйесінің дамуының тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін орындау - болашақтағы даму бағдарын таңдау (1993-1994жж. )
ІІІ кезең - нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай жаңа сапалық жүйесін құру әрекеті - белсенді салықтық реформалар кезеңі (1995-2000жж) [ 3 ] .
Қазіргі кезде де салық жүйесінде саяси-құқықтық қалыптастыру процесі жалғасуда.
Салықтың реттеушілік маңызын ұлғайтумен және мемлекетпен шешілетін мәселелерге байланысты салық салудың реформалары тәжірибе жүзінде өткізілуде. Қазақстан Республикасы алдында үлкен мақсат тұр - ол экономиканы жақсарту ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді жандандыру факторы болып табылатын салық жүйесін құру.
Салық салу бойынша жүргізілетін реформалардың басты мәселесі - жалпымемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы қаражаттарын алу мен экономикалық субъектілер үшін салық ауыртпалығының үйлесімділігін табу. Нарықтық қатынастарға өтуде оның әлеуметтік-экономикалық реттеуші қызметін трансформациялауға мемлекеттік ықпал ету орталықтандырылған тетік ретінде салықтың маңызын өсіруді қажет етеді. Бұл көбінесе жеке және заңды тұлғаларға салық салуды ретейтін құқықтық нормалардың өзгеруінде, салықтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің ортасында, салық төлеушілердің мәртебесінде, олардың салықтық құқықты бұзу бойынша жауапкершілігінде, сонымен қатар салықтың құқықтық құрылымында көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz