Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе . . . ……. 4

Ι Өнеркәсiп құрылымын жетiлдiрудiң теориялық негiзi

  1. Өнеркәсiп мәнi, құрылымы. . . . …. …7
  2. Қазақстан Республикасының өнеркәсiп құрылымы. … . . . ………9
  3. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк дамуы……… . . . … . . . 16

ΙΙ Оңтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiбiнiң құрылымы және оның дамуын талдау

2. 1 Оңтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiп құрылымының әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерге әсерi. . . . ……23

2. 2 Оңтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiбiнiң құрылымын жетiлдiру көрсеткiштерiн талдау . . . 28

2. 3 Оңтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiп құрылымының өндiрiстiк көрсеткiштерiнiң дамуын талдау . . . 33

III Оңтүстiк Қазақстан облысы өнеркәсiбiнiң құрылымын жетiлдiру проблемалары мен шешу жолдары

3. 1 Оңтүстiк Қазақстан облысы өнеркәсiбiнiң құрылымын жетiлдiру проблемалары . . . …… . . . … . . . 41

3. 2 Оңтүстiк Қазақстан облысы өнеркәсiбiнiң құрылымын жетiлдiру проблемаларын шешу жолдары… . . . … . . . ………43

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . . …. . 51

Кiрiспе

Өндiрiс ғылыми шешiмдердi, жаңалықтарды, өнер табыстарын материалдық және рухани игiлiкке айландыру үшiн ұдайы өндiрiспен шұғылданады. Өндiрiстiң басты мiндетi- адамдардың қажетiн толық қанағаттандыру мақсатында өнiмдер, тауарлар өндiру, қызмет көрсету және жалпы қоғам үшiн жоғары сапалы өндiрiс құралдарын, тұтыну өнiмдерiн және басқа да экономикалық өнiмдердi өндiру.

Өндiрiстiк саланың, бүкiл халық шаруашылғының басты саласы -өнеркәсiп. Халық шаруашылығында еңбек құралдарын өндiрiп, түрлi материалдар мен ауылшаруашылық шикiзатын халық тұтынатын тауарларға айналыдырып, өңдейтiн өнеркәсiп жетекшi рөл атқарады. Өнеркәсiп өндiрiс құралдары-машина, құрал жабдық, шикiзат, отын және электр- энергиясын өндiретiн ауыр өнеркәсiп және халық тұтынатын тауарлар өндiретiн жеңiл өнеркәсiп болып бөлiнедi. Елдiң экономикалық қуатының негiзi, халықтың әл-ауқаты өсуiнiң көзi болып табылатын ауыр өнеркәсiптiң маңызы аса зор. Өнеркәсiп халық шаруашылығының барлық салаларындағы техникалық прогрестi белгiлейдi, жаңа қалалар, көлiк жолдарын салуға жол ашады, айналадағы ортаның жай күйiне елеулi әсер етедi. Яғни, бұл менiң жұмысымның тақырыбының маңыздылығын сипаттайды.

Кәсіпкерлік қызметті басқаруға жан-жақты негізделген детальды жоспар жасауға өте жақсы дайындалу қажет. Өнеркәсіптің құрылымын белсенді дамытуға, инвестициялар, іскерлер мен несие ресурстарын тартуға, сондай-ақ төмендегілерге мүмкіндік береді:

✷ кәсіпорынның бәсекелік басымдықтарын максималды пайдалану, қате іс-шараларды болдырмау;

✷ өз қызметінде инновацияларды пайдалану;

✷ түрлі тәуекелдікке қатысты қорғау шараларын мерзімінде жүргізуге;

✷ кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің нәтижелерін объективті пайдалануға.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу болып табылады.

Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың күрделі экономикалық жағдайына қарамастан бүгінгі күні олардың экономикалық белсенділігінің күшею тенденциясы байқалады, әсіресе азық-түлік инновациясы саласында. Бұл сәйкесінше қаржылық, кадр және материалды техникалық ресурстарды талап етеді. Сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорын қызметін жоспарлау саласында менеджерлерді арнайы дайындықтан өткізуді, квалификациясын көтеруді талап етеді.

Осы өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі ерекшелігінің бірі - бірінші орынға кең номенклатуралы кішісериялы өнім шығару болып табылады. Бұл нарықтың бәсекелесіздігіне және белгілі номенклатуралық өнім санының шектелуіне негізделген сұраныстың әртүрлілігіне байланысты тұтынушыны қарастыратын болсақ, ол нарықта жоғары сапалы әртүрлі топ адамдарының сұранысын қанағаттандыратын, түрлі функциялы өнімді алуға тырысады.

Оңтүстiк Қазақстан өндiргiш күштер құрылымының бұрынғы кездегi қалыптасуы шикiзаттық шаралар мен аралық өнiм өндiрiсiнiң дамуына бағытталған.

Егемендiк алу мен нарықтық қатынастарға өту рационалдық құрылымдық саясат iздестiру мен жасап шығару қажеттiгiне алып келедi. Аймақтық денгейде өндiргiш күштердiң қалыптасуы өндiрiстi дамытудың негiзгi факторларын: инвестицияық ресурстарды, табиғи ресурстық әлеуеттi, ғылыми-техникалық ресурстарды, өндiрiс саласындағы кәсiпкерiк факторларын, сыртқы экономикалық факторларды пайдаланумен байланысты.

Өндiргiш күштер бiртұтас диверсификацияланған бәсекеге қабiлеттi кешен ретiнде экономикалық тәуелсiздiк пен ұлттық қауiпсiздiктiң, экономикалық жағдайды сауықтырудың, халыққа лайықты өмiр сүру денгейiн қалыптастыру мен аймақтың әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне кiрудiң негiзi болып табылады. Адамдар өмiрi, әлеуметтiк сала мемлекеттiң өз қуаты- мұның барлығы экономикадағы жағдайға, оның реформалану дәрежесiне тәуелдi. Бұдан шығатыны, экономикалық қайта құрулар мен реформалаудың соңғы мақсаты- адамдардың өмiр сүру денгейiн көтеру.

Өндiрiстiң нашарлауы, ұлттық табыстың төмендеуi, жұмыссыздықтың артуы мен басқа да көптеген факторар тұрғындардың негiзгi бөлiгiнiң өмiр сүру денгейiнiң айтарықтай төмендеуiне алып келедi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы республикамызда өнеркәсiп өндiрiсiнiң шоғырланған аймағы. Сондықтан, Оңтүстiк Қазақстан облысын өнеркәсiп орталығына айналдыру мүмкiндiктерiне ие.

Нарық сатып алушылардан тұратындықтан тұрғындардың тауарлар мен қызметтерге деген жеке қажеттiлiгiн қанағаттандырудың негiзгi көзi кiрiстер болып табылады. Тұрғындардың ақшалай кiрiстерiнiң негiзгi көзi еңбек ақы болғандықтан, өндiрiс орындарының ашылуы мен қажеттiлiгi маңызды iс-шара болып отыр.

Осы аталған мәселелер төңiрегiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының статистикалық мәлiметтерiне сүйене отырып Оңтүстiк Қазақстан обысының өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру проблемаларын айқындап, дипомдық жұмыс барысында қарастырдым.

Дипомдық жұмысым үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде өндiрiстiң теориялық негiздерi Қазақстан Республикасындағы өндiрiс салалары мен даму жағдайлары қарастырылған. Ал, екiншi бөлiмде Оңтүстiк Қазақстан облысының негiзгi өндiрiстiк құрылымының салалар бойынша көрсеткiштерiн ала отырып талдау жасалынды. Үшiншi бөлiмiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiп құрылымын жетiлдiрудiң проблемаларын айқындап, шешудiң мәселелерiн қарастырдым.

Дипомдық жұмыс Республикалық және облыстық статистикалық мәлiметтердi, экономикалық оқу құралдары мен рухани шығарылымдардағы мақалаларды мысалға ала отырып жасалынды. Жұмыс 7- кестеден, 5-диаграммадан тұрады.

Ι Өнеркәсiп құрылымын жетiлдiрудiң теориялық негiзi

  1. Өнеркәсiп мәнi, құрылымы

Өндiрiс- кәсiпорынның орталық звеносы, онда белгiлi бiр тұтынушылық қасиетi бар ақырғы өнiм өндiрiледi. Өндiрiстiк құрылым- бұл қоғамдық қажеттi қанағаттандыру мақсатында өнiм өндiру, қызмет көрсету және пайда табу үшiн заңды түрде құрылған дербес шарушалық субъектiсi, басқа кәсiпорындармен заңдылық ретiндегi қатынастағы қызмет орындайтын объектiлердiң жиынтығы.

Өндiрiс- бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi. Ал, өндiрiс процесi- бұл белгiленген мақсатта өнiм алуға бағытталған жеке өндiрiстiк процесстiң жиынтығы.

Өндiрiс ғылыми шешiмдердi, жаңалықтарды, өнер табыстарын материалдық және рухани игiлiкке айландыру үшiн ұдайы өндiрiспен шұғылданады. Өндiрiстiң басты мiндетi- адамдардың қажетiн толық қанағаттандыру мақсатында өнiмдер, тауарлар өндiру, қызмет көрсету және жалпы қоғам үшiн жоғары сапалы өндiрiс құралдарын, тұтыну өнiмдерiн және басқа да экономикалық өнiмдердi өндiру. Өндiрiс үш элементтiң: адам еңбегi, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекетi арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесiнiң қарапайым моменттерi деп атайды. Игiлiктер өндiрiсi адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, өз шаруашылық қызметтерi барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өндiргiш күштер- қоғамдық өндiрiстiң жеке және заттық факторларының өзара әрекетi адам мен табиғат қатынасының шешушi, белсендi элементтерi. ±ылыми -техникалық революция өндiрiс факторларын өзгертедi. Осылайша өндiрiс құрал жабдықтары информатика, электронды есептеуiш және компьютерлiк техникамен байытады. Жұмыс күшi құрылымында да сапалы өндiрiстер жүредi.

Өндiрiс пайдалы өнiм шығару процесi. Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық өнiмнiң қозғалысындағы орнына қарай экономистер әр түрлi бағыттар ұсынады. Бiреулерi, бұл саты шешушi мағынаға ие, себебi, егер материалды және рухани игiлiктер өндiрiлмесе, ненi бөлiп, айырбастап және тұтынылар едi. Кейбiр зерттеулер пiкiрiнше, экономика тек айырбас болғанда қалыптасады, сол себептi тек айырбас пен бөлу шешушi сфераларға жататындығын айтады. Көпшiлiк санасында қалыптасқан өндiрiстi екiншi кезекке қою экономикаға орасан зиян тигiзетiнi түсiнiктi. Еңбек өнiмдiлiгiнiң ролi, мазмұны мен беделi жойқын жылдамдықпен төмендейдi, ал бұл тұтастай қоғамның жасампаз еңбегiнiң де құралын бiлдiредi.

Бөлу өндiрiлген өнiмдегi әр адамның үлесiн анықтауды бiлдiредi. Айырбас -бұл бiр өнiмнiң басқа өнiмге айырбасталу процесi. Бөлу мен айырбас өндiрiс пен тұтыну арасын жалғайды. Тұтыну- адамның қажеттiлiктерiн өтеуi үшiн өндiрiлген игiлiктердi қолдануы. Тұтыну өнiмдi пайдаланудың тамамдаушы кезеңi болып табылады, яғни оларды ұдайы өндiрiп тұру қажет. Ұдайы өндiрiс -бүл өндiрiс процессiнiң қайталануы.

Өндiрiс әр түрлi факторлардың өзара әрекеттесуiн бiлдiредi, оларды үш негiзгi топқа бөлуге болады: еңбек, жер, капитал. Еңбек- адамның өзiндiк дене, интеллектуалдық және рухани күш-қуатын жүмсау процесi, жүмыс күшiн түтыну процесi. Өндiрiстiң екiншi факторы- ″Жер″ терминi кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтиды, яғни, жер, су, орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы. Капитал-бҮл тауарлар мен қызметтер өндiруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндiрiс қүрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Қызметтер мен тауарлар өндiрiсiне қажет қоғам ресурстары шектеулi немесе сирек. Бүл қарама-қайшылық өндiруге қажет тауарлар мен қызметтердi таңдау мен белгiлi бiр жағдайларда түтынудан тежелу арқылы шешiледi. Сирек ресурстарды тиiмдi қолдану мәселесi туады. Қоғам шектеулi ресурстар арқылы өндiрiлген тауарлар мен қызметтердiң максималды санын алуға үмтылады. Бүған жету үшiн, ол толық жүмысбастылық пен толық өндiрiс көлемiн қамтамасыз етуi қажет.

Толық жүмысбастылық оған жарамды барлық ресурстардың: жүмыс күшi, жыртылатын жерлер, капиталды жабдықтарды қолдануды бiлдiредi.

Толық өндiрiс көлемi ресурстарды тиiмдi бөлудi көрсетедi:

  • оларды ең көп үлес қосатын жерде пайдалану қажет;
  • қолда бар технологиялардың ең жақсысын қолдану.

Нарық белгiленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткенi ол өндiрiлген өнiмнiң оған жүмсалған еңбектiң қоғамдық қажеттiлiгiн дәлелдейдi. Нарық өндiрiс шығындарын азайтады. Бұл қызметiн ол бағаның қоғамдық қажеттi еңбек шығындарын нақты анықтаумен байланысты атқарады.

Шығындар- өндiрiстiң сатып алынған факторларының төлемi. Экономистер шығындарды түсiндiру барысында мынадай түсiнiктер бередi. Ол ресурстардың сирек шектеулi жағдайында екендiгiн негiздейдi. Оларды анықтауда бiрiншiден, өнiм өндiруге пайдаланса, екiншiден, өнiмдi өндiруден бас тарту екендiгiн көрсетедi. Экономикалық шығындар iшкi және сыртқы болып екiге бөлiнедi. Еңбек ресурстарымен, шикiзаттармен, жанармаймен, транспорттық қызметтермен, энергиямен жабдықтаушыларға фирманың өз қалтасынан төлейтiн ақшалай төлемдердi сыртқы шығындар деп атайды. Бiрақ фирма өз иелiгiндегi кейбiр ресурстарды пайдалануы мүмкiн. Мұны iшкi шығындар деп атайды. Өндiрiс шығындары тек тауарды өндiруге қажеттi ресурстарға байланысты емес, технологияға да байланысты болады. Өндiрiс көлемiнiң тәуелдiлiгiне байланысты тұрақты және өзгермелi шығындарды айырады. Тұрақты шығындар- өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне байланысты мөлшерi өзгермейтiн шығындар және олар тәуелсiз болады. Өзгермелi шығындар-өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне байланысты мөлшерi өзгеретiн шығындар. Тұрақты және өзгермелi шығындардың қосындысы жалпы шығындарды бередi.

1. 2 Қазақстан Республикасының өнеркәсiп құрылымы

Өндiрiстiк саланың, бүкiл халық шаруашылғының басты саласы -өнеркәсiп. Халық шаруашылығында еңбек құралдарын өндiрiп, түрлi материалдар мен ауылшаруашылық шикiзатын халық тұтынатын тауарларға айналыдырып, өңдейтiн өнеркәсiп жетекшi рөл атқарады. Өнеркәсiп өндiрiс құралдары-машина, құрал жабдық, шикiзат, отын және электр- энергиясын өндiретiн ауыр өнеркәсiп және халық тұтынатын тауарлар өндiретiн жеңiл өнеркәсiп болып бөлiнедi. Елдiң экономикалық қуатының негiзi, халықтың әл-ауқаты өсуiнiң көзi болып табылатын ауыр өнеркәсiптiң маңызы аса зор. Өнеркәсiп халық шаруашылығының барлық салаларындағы техникалық прогрестi белгiлейдi, жаңа қалалар, көлiк жолдарын салуға жол ашады, айналадағы ортаның жай күйiне елеулi әсер етедi.

Ауыр өнеркәсiптiң басым болуы, жеңiл өнеркәсiп дамуын тездетiп, тұтыну заттарын өндiрудi ұлғайтады. Өндiрiстiк шығынды барынша азайтып, барынша көп өнiм алу экономикалық дамудың негiзгi белгiсi болып отырған қазiргi нарықтық экономика жағдайында ауыр өнеркәсiп және жеңiл өнеркәсiптердiң арасында еңбек құралдар мен шикiзатты дұрыс таратып бөлудiң маңызы зор.

Металлургия екi саладан: қара және түстi металлургиядан тұрады. Бұл жүйеге бiрiккен салалар кен өндiру, өңдеу және одан металл алуды iске асырады.

Түстi металлургия елiмiздiң өнеркәсiбiнiң жетекшi салаларының бiрi. ХVΙΙΙ ғасырда кендi Алтайда пайда болып, ХХ ғасырдың 30 жылдарынан қарқынды дами бастады.

Казiргi кезде түстi металлургия республикамыздағы өнеркәсiп өнiмiнiң 11-12 пайыздайын құрайды.

Менделеев таблицасының 50 элементi металл, қорытпа немесе химиялық өнiм түрiне өндiрiледi. Қазақстанның түстi металлдары жоғары сапалығымен көзге түседi. Мысалы, Өскеменнiң мырышы мен Балхаш, Жезқазғандардың мысы Лондондағы түстi металлдар биржаснында өте жоғары бағаланады. Қазiргi кезде Қазақстан әлемiнiң 30-дай елiнде түстi металды шығарады.

Қазақстанда түстi металдар кен орындары үш металлогенендi ауданында орналасқан, олардың ең iрiлерi- Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстанда. Оңтүстiк Қазақстанда түстi металл кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратау жотасында жайғасқан. Алтын кен орындары Солтүстiк және Шығыс Қазақстан аудандарында орналасқан. Сирек металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Қазiргi кезеңде Қазақстанның түстi металлургиясы жетi саладан тұрады және олардың құрамында 28 iрi кәсiпорын жұмыс iстейдi.

1. Қорғасын-мырыш саласы. Онда 3 металлургия және 9 кен байыту комбинаттарынан тұратын жалпы саны 12 кәсiпорын жұмыс iстейдi. Металлургия комбинаттары - Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл комбинаттары және Шымкент қорғасын зауыты. Кен байыту -Ащысай, Ертiс және Лениногор полиметалл, Шығыс Қазақстан мыс-химия, Зырянь қорғасын, Текелi, қорғасын-мырыш комбинаттары, Жәйрем, Жезкент және Қарғалы кенбайыту комбинаттары.

2. Мыс өнеркәсiбi - 3 кәсiпорыннан тұрады. Олар: Балхаш, Жезқазған кен-байыту комбинаттары және Ертiс мыс құю зауыты. Жезқазған кен -байыту және ″Жезқазған″ кен орны ″Жезказганцветмет″ бiрлестiгiнiң құрамына кiредi.

3. Алюминий өнеркәсiбiн үш кәсiпорын: Павлодар алюминий зауыты, Торғай және Краснооктябрь руда басқармалары құрайды. Торғай бокситтерi алюминий өнеркәсiбiнiң шикiзаты қызметiн атқарады. Бокситтен глинозем алынып, глиноземнен алюминий алынады.

4. Алтын өндiру саласы: Қазақстан алтын қорының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Қазақстанда 6 алтын өндiрушi кәсiпорын жұмыс iстейдi. Олар ″Каззолото″ комбинаты (Республикадағы алтынның 50%-i), ″Алтайзолото″ -16%-i және ″Васильковск″-3%-i. Қазақстан алтын қоры жағынан әлемде алтыншы орын және ТМД-да Ресей және Өзбекстаннан кейiн үшiншi орын алады.

5. Вольфрам -молибден саласы. Вольфрамның барланған қоры жағынан Қазақстан әлемде бiрiншi орын алады. Бұл саладағы кәсiпорын -″Казвольфрам″ бiрлестiгi. Мұнда вольфрам, қалайы-молибден және висмут консентраттары өндiрiледi. Вольфрам консентарттары Ресейге экспортталады.

6. Ал, магний шикiзаттарының қоры Ертiс, Көкшетау, Торғай, Солтүстiк -Арал және Каспий маңы аймақтарында орналасқан.

7. Сирек металлдар саласы. Республикамызда тантал рудасы Белогор тау-кен комбинатында өндiрiледi. Бұл комбинаттан басқа, елiмiзде түстi металлдар Каспий және Ақмола тау-химия комбинаттарында өндiрiледi. Олардың құймасын өндiру Етiс комбинатында жүргiзiледi.

Қазақстанда темiрдiң 500-ден астам кен орындары белгiлi, олардың 30-дан астамы барланған, жетеуi аса iрi кен орындарына жатады. Олар- Қостанай облысындағы Торғай қаласындағы темiр кен орындары, Орталық Қазақстанда Қазақтың ұсақ шоғысы аумағында Қаратау, Атасу сияқты iрi темiр кен орындары орналасқан.

Қара металлургия республикамыздың тауар өнiмiнiң 6%-iн бередi. Бұл салада 9 өнеркәсiп кәсiпорындары мен шахта тұрғызатын трестер және 10 шақты металлургия өнеркәсiбiнiң бiр орталықтанған жөндеу-құрылыс басқармасы жұмыс iстейдi.

Қара металлургияның негiзгi темiр рудасының базасы Қостанай бассейiнi. Қазақстандағы барланған темiр рудасының 85%-i шоғырланған. Қоры-13, 3 млрд. тоннадай.

Қазақстанның қара металлургиясы 5 саладан: тау-кен, металлургия, ферроқорытпа, отқа төзiмдi және лом өңдеуден тұрады. Олардың құрамында темiр рудасын өндiрушi (Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар кен - байыту комбинаттары мен Атасу руда басқармасы), хромит өндiрушi (Жездi руда басқармасы), Қарағанды метуаллургия комбинаты және екi ферроқорытпа зауыттары (Ақсу және Ақтөбе), Рудный қаласындағы ″Казогнеупоры″ зауыты және Алматы қаласындағы ″Казвточермет″ өндiрiстiк бiрлестiктерi жұмыс iстейдi.

Қара металлургия өндiрiсi шоғырлану деңгейiнiң жоғарлығымен ерекшеленедi. Мысалы, Республикадағы прокат өндiру толығымен Карметкомбинатта, темiр өндiрудiң 65%-i Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатында, ал ферроқорытпа өнiмiнiң 81% -i Ақсу ферроқорытпа зауытында зауытында шоғырланған.

Қазақстанда қара металлургияның металлургия өндiрiсi үш кәсiпорында: Карметкомбинат, Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарында орналасқан.

Қарағанды металлургия комбинаты Республикамыздағы қара металлургияның жетекшi кәсiпорны. Мұнда да экономикалық қиыншылықтарға байланысты Карметкомбинат ″Юс Стил″ шет ел компаниясының басқаруына 10 жыл мерзiмге берiлдi. Комбинат өнiмдерiн әлемнiң 30-дан аса елi сатып алады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Хромтау хромиттерiн пайдаланып, феррохром шығарады, ал Ақсу ферроқорытпа зауыты Орал кварциттерiне негiзделген, ферросицилий өндiредi. Республикамыздағы ферроқорытпа өнiмдерiнiң 60 пайызынан астамы экспортталады.

Газ өнеркәсiбi - Қазақстан энергетикасының кенже саласы. Газ негiзнен Маңғыстау түбегiнде өндiрiледi. Газ маңызды отын -энергетика ресурсы болып табылады. Алайда, Республикада газ өнеркәсiбiнiң дамуы өте баяу.

Республика жылына 15-16 миллиард текше метр газ пайдаланады. Бiрақ жартысынан азын өндiредi. Жетпегенiн Өзбекстан, Түркменстан, Ресейден келетiн импорттық газдармен толықтырылады.

Көмiр өнеркәсiбi - Қазақстан ауыр өнеркәсiбiнiң ескi салаларының бiрi. Соғыс жылдарында көмiрдi өндiретiн аудандар кеңейе түстi. 1950 жылы көмiрдi өндiру республикамыздың 6 аймағында жүрдi. Олар: Ақтөбе-Батыс Қазақстан, Атырау-Маңғыстау, Қарағанды-Жезқазған, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстары. Кейiннен көмiр өнеркәсiбi Қарағанды -Екiбастұз аймағына шоғырланды. Бұл жердiң көмiрiн өндiру тиiмдiлiгi жоғары едi.

Қарағанды көмiр бассейнiнiң маңыздылығының артуына себеп: бiрiншiден, жақын жерлерден темiр, марганец және мыс рудаларының кен орындарының ашылуы металлургия мен тау-химия өнеркәсiбi салаларының дамуына қолайлы жағдай туғызды. Екiншiден, Қарағанды, Орал, Паволье және Орта Азия сияқты тұтынуышларға жақын орналасқан.

Көмiрдiң геологиялық қоры 51 млрд. тенгеге бағаланып отыр. Екiбастұз бассейнiнiң ерекшелiгi - көмiр қабаттары 160-180 метрге жетедi және ашық әдiспен өндiрiледi.

Республика тұрмыстық - комунальдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн арзан сортты көмiрлердiң жетiспейтiндiгiн отын-энергетикалық балансты сараптау көрсетiп отыр. Сол себептi Павлодар облысындағы Майкөбе бассейiнегi көмiр өндiрудi арттыру керек. Бұл бассейнiнiң көмiрi жоғары сортты, тез байытылатын және арзан болып келедi.

Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуелсiз Қазақстан экономикасындағы жаңа кезең негiзiнен елiмiздiң мұнай, газ ахуалымен анықталады. Мұнай өндiру- елдi экономикалық тұрақтылыққа жеткiзетiн стратегиялық сала.

Химия өнеркәсiбi - Қазақстанда химия өнеркәсiбiнiң дамуы мен қалыптасуы Шымкент қаласындағы сантанин зауытының iске қосылуымен басталады.

Фосфорит рудаларының көптiгi мен фосфор тыңайтқыштарына аймақтық қажеттiктер Оңтүстiк және Батыс Қазақстандарда iрi фосфор өнеркәсiбiнiң қалыптасуы мен дамуына себеп болды. Оңтүстiк Қазақстанда Қаратау фосфориттерiне негiзделiп дамыса, Батыс Қазақстанда - Ақтөбе фосфориттерiне негiзделiп дамуда. Қазақстанда минералды тыңайтқыштар өндiретiн негiзгi химия саласы дами бастады.

Жеңiл және тамақ өнеркәсiптерi - Қазақстанда аса iрi кәсiпорындардың қатарына Алматы мақта-мата, Семей ет консервiлеу, Қарағанды кондитер фабрикасы және тағы басқалары жатады. Бұл салалардың өнiмдерi республикадағы жеке тауар айналымының ¾ үлкен үлесiн құрайды. Яғни, елiмiздегi агроөнеркәсiп кешенiндегi осы салалардың маңызды роль атқаратынын көрсетедi.

Жеңiл өнеркәсiп - халықты мата, киiм, аяқкиiммен қамтамасыз ететiн тоқыма, тiгiн, трикотаж, аяқкиiм, былғары және басқа бiрқатар салаларды қамтиды.

Мақта- мата өнеркәсiбi республикамыздың оңтүстiгiнде мақта өндiретiн ауылдарда орналасқан. Мақта тазалау зауыттары Шымкент, Түркiстан, Мақтаарал, Славянскiде жұмыс iстейдi. Бұл саланың ең iрi кәсiпорыны -Алматы мақта-мата комбинаты.

Трикотаж бұйымдарын шығаратын iрi фабрикалар Алматы, Қарағаны, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда орналасқан. Шұлық-ұйық шығаратын фабрикалар Шымкент, Қарағанды, Семейде бар. Ақмолада жiп иретiн комбинат, Өскеменде жiбек мата комбинаты жұмыс iстейдi.

Тiгiн өнеркәсiбi орындары Қазақстанда кең тараған. Тiгiн фабрикалары еңбек қоры бар облыс орталықтарының барлығында дерлiк жұмыс iстейдi.

Жүн жуу өнеркәсiбiн- Семей және Жамбылдағы жүндi алғаш өңдеу фабрикалары құрайды.

Былғары өнеркәсiбiн құрайтын терi илеу зауыттары Орал, Қызылорда, Талдықорғанда орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алушылардың кәсіби ойлауын қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz