Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе………. . . . . 5

1. Кәсіпорындардың ақша ағындарын басқару теориясы мен тәжірибесі

1. 1. Ақша ағындарын жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары. . 9

1. 2. Ақша ағындарын басқарушылық есеп ұйымның ақпараттық жүйесі. . 19

1. 3. Кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлаудың тәсілдері. 25

1. 4. Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорнында ақша ағынын жетілдіру жолдары мен ақша ағындарын болжау мәселелері…… . . . 28

2. Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау . 31

2. 1. Кәсіпорындарда жалпы кірістер мен шығындардың негізгі баптары… . . . 32

2. 2. Кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын талдау . . . 40

2. 3. «Шығындар-өндіріс-пайда» арақатынасын талдаудың негізгі элементтері. ……48

3. Қазақстандағы кәсіпорындардың ақша ағындарын болжауды жетілдіру жолдары . . . 55

Қорытынды. . 65

Қолданылған әдебиеттер тізімі. …68

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар өз қызметінің нәтижесіне толық жауап беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік - қаржылық қызметінің тиімділігіне деген басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім көмектеспейтін болды. Өндірістік шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, сонымен бірге өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты экономикалық талдау да жалғастырылды.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

  • кәсіпорынныңақша ағындарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
  • шаруашылық субъектілерінің ақша ағындарын тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
  • ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М»кәсіпорныныңақша ағындарын жоспарлау мен басқаруда тиімді саясатты қалыптастыруды жетілдіру;
  • ақша ағындарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • ет өнімдерін өндіретін ұйымдардағы жауапкершілік орталықтары мен шығындардың пайда болу орындарын белгілеу;
  • ет өнімдері өндірісінің табыстары мен шығындарын бюджеттеу және оның орындалуын бақылау үшін басқарушылық бақылау жүйесін ұсыну;
  • ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорнының өндірістік қызметіндегі «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдаудың нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар жасау.

Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, ақша ағындарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорлар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қ андай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу дипломдық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

Ақша ағындарын басқару жүйесіннің тәжірибесі ЖШС «Казмясопроду кт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастыру процесін талдауға мүм кіндік береді. Ақша ағындарын басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында ақша ағындарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені ақша ағындарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұры п кәсіпорынның тиімді жұмысы тура лы сөз қозғауға болмайды.

Диплодық жұмыстың зерттеу пәні болып ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорындарының ақша ағындарын жоспарлау және басқару есептелінеді.

Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т. б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды. Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер пайданылды.

Зерттеу объектісі ретінде ет өнімдерін өндіретін «Казмясопродукт-М» ЖШС-нің ет өнімдері және консерві өндірісі таңдап алынды. Кәсіпорынның ақша ағындарын басқаруды дамыту мен ұйымдастыру мәселелері бойынша зерттелген отандық және шетелдік ғалым экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және өндірістік қызмет мәселелері бойынша заңдар мен заң күші бар нормативтік актілер, ғылыми-теориялық материалдары, зерттеу жүргізілген ұйымдардың бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.

Әдістері ретінде зерттеліп отырған объектіге жүйелі талдаудың жалпы ғылыми тәсілдері, бақылау және салыстырмалы талдау, тарихи және логикалық ойлау, зерттеу объектісі мен алынған нәтижелерді кешенді сипаттау және тағы басқа әдістер пайдаланылды.

Диплодық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы ондағы ұсыныстар мен нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша қолданылатындығымен анықталады:

  • ет өнімдерін өндіретін «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорнының ақша ағындары ғылыми зерттеулерді одан әрі тереңдете отырып жалғастыру;
  • ақша ағындарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы қайнар көздері;
  • кәсіпорынның ақша ағындарын пайдалану тиімділігі;
  • ет өнімдерін өндіретін «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорындарындаақша ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • кәсіпорындарда ақша ағындарының айналымын көтеру жолдарын жетілдіру.
  • ет және консерві өнімдерін өндіретін ұйымдардың өндірістік қызметіндегі табыстар мен шығындардың жауапкершілік орталықтары анықталып, ішкі есептеме нысандары ұсынылады;
  • тушенка және ет өнімдерін өндіретін ұйымдардағы шығындар мен табыстарды бюджеттендіру әдістемесі мен бюджеттің орындалуын жүзеге асыратын басқарушылық бақылау жүйесі ұсынылды;
  • ет өнімдерін өндіретін ұйымдарының өндірістік қызметінде «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдау әдістемесін қолдану бойынша ұсыныстар жасалынды.

Дипломдық жұмыста зерттеу пәнінің өзектілігі - қазіргі таңдағы Қазақстандағы ет өнімдерін өндіретін «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылық тардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның ақша ағындарға қажеттілігі есептелетіндігінен жә не оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі ақша ағындарын жоспарлау және басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның ақша ағындары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорнының өндіретін ет өнімдерінің ақша ағындарын.

Диплодық жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше:

  • кәсіпорынныңақша ағындарын жоспарлау және басқарудың теориялық негіздері дамытылды;
  • нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын ақша ағындарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді;
  • ет өңдеу кәсіпорындарының ақша ағындарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды.
  • ақша ағындарын тиімді пайдалануға қатысты маңызды мәселелерді экономико - математикалық тәсілмен шешуде «Оптималды түсу» тәсілі мақта өңдеу кәсіпорындарында алғашқы рет қолданылды.

Бірінші бөлімде ш етелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, принциптері ашылды. «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорынның ақша ағындарын қалыпт астыруды ұйымдастыруды жетілдіруде экономико-математикалық тәсілдерді қолдану, ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады.

Екінші бөлімде е т өнімдерін өндіретін кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның ақша ағындарын басқару саясатын ұйы мдастыру, ақша ағындарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары қарастырылған және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.

Үшінші бөлімд е, Қазақстандағы «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорындардың ақша ағындарын болжаудың жетілдіру жолдары қарастырылған.

Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, ет өнімдерін өндіретін «Казмясопродукт-М» ЖШС кәсіпорындарында ақша ағындарын басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс 10 кестені және 2 формуланы қамтиды.

1 . Кәсіпорындардың ақша ағындарын басқару теориясы мен тәжірибесі

1. 1. Ақша ағындарын жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары

Кәсіпорындардың ақша ағындарын жоспарлау мен болжау бұл ақша механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Кәсіпорындардың ақша ағындарын жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың ақша ағындарының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе ақша ағындарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.

Кәсіпорындардың ақша ағындары көрсеткіштерді, белгіленетін ақша операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, ақша ағындарын жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде ақша ағындарын болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде ақша ағындарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) .

Қаржы жоспарының түрі мен мазмұны:

Кәсіпорын (корпорация) ағымдағы және ұзақ мерзімді кезеңдердегі қаржы әлеуетін анықтау үшін қаржы жоспарының (бюджеттің) бірнеші түрін әзірлеуге құқылы.

Кәсіпорын (корпорация) әзірлеуі мүмкін жедел қаржы жоспарының мынадай түрі болады:

  • Залалсыздық кестесі (бизнес- жоспардың құрамдас элементі) .
  • Кіріс және шығыс жоспары (балансы) - тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Инвестициялық жоспар (бюджет) - тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Бухгалтерлік және таза пайданы бөлу жоспары- тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Төлем балансы (күнтізбе) - көрсеткіш он күнге бөлінген айға.
  • Алдағы тоқсанның немесе айдың кассалық жоспары (өтініші) (банк басшысының қалауы бойынша)
  • Кредит жоспары- тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Валюталық жоспар- тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Салық бюджеті- тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Кіріс пен шығыс бюджеті- тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Ақшалай қаражаттың қозғалыс бюджеті - ай, тоқсан, жарты жыл, жыл.
  • Баланс парағы бойынша бюджет (алдағы тоқсанның соңына актив және пассив балансының болжамы) .

Айналым активін қалыптастыру және қаржыландыру бюджеті - тоқсан, жыл.

Ақша жоспары (жедел немесе жылдық) әзірлеудің бірінші сатысында кәсіпорынның (корпорацияның) жоспарланатынның алдындағы кезеңінің (тоқсан, жарты жыл, жыл) бухгалтерлік және статистикалық есебінен алынған қаржы көрсеткіші талданады. Аталмыш көрсеткішке: тауар (өнім, жұмыс, қызмет) сатудан алынған түсім, пайда, күрделі салым мөлшері, активтің және меншікті капиталдың пайдалығы, қаржылық тұрақтылықтың, төлем қабілеттілігінің және баланстың өтімділігінің көрсеткіші жатады.

Ақша ағындарын талдау әдіснамасы арнайы экономикалық әдебиетте жеткілікті түрде егжей-тегжей баяндалған. Осы көрсеткішті қаржыны жоспарлауда пайдалану үшін қаржыгерлерге оның бірнеше кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) серпінді қатарын жасауды ұсынуға болады.

Екінші сатыда қаржы жоспарына арнайы есеп кесте жасалады (жалпы және таза кіріс есептеледі және ол бағыттар бойынша бөлінеді, сондай-ақ амортизациялық аударым, күрделі салым көзі, айналым қаражатына қажеттілік және т. б. есептеледі) .

Бизнес- жоспарлау жөніндегі әдебиетте оңтайлы шешім таңдау үшін қаржы жоспарының бірнеше түрін жасау ұсынылады.

Үшінші сатыда қаржы жоспарының (бюджетінің) орындалуы жөнінде есеп әзірленеді. Есеп қаржыны талдау және алдағы кезеңге жоспар әзірлеу үшін пайдаланылады.

Шет елдің қаржы әдебиетінде әдетте келешекті (2-5 жылға) және қысқа мерзімді (айға, тоқсанға, жылға) бюджет жасау ұсынылады. Қазақстанның бүгінгі күнгі экономикалық жағдайына қатысты келешекті жоспар (бір жылдан асатын)

Қазақстанда біріккен кәсіпорындар барлық біріккен кәсіпкерлік формала рының элементтерін иеленетін симбиоз болып табылады. Отандық біріккен кәсіпорындардың ішінде көбінесе акционерлік емес формалардың басым екендігін және осыған байланысты республикаға акционерлік компаниялар туралы заңдылықты нақты түрде талдау керек екендігін ескеру қажет. Бірақ бұл жағдай біріккен кәсіпорындардың басқа да формаларын құру және іск е асыру мүмкіндігін жоймау керек.

Салалық құрылымында есепке ала отырып, біріккен кәсіпорындар статусын дифференциациялау, республика біріккен кәсіпорындар дамуының ынталандырушы факторы болып табылады. Біріншіден, кіші және орта шетел фирмаларымен қарым-қатынас кезінде біріккен кәсіпорындарды серіктестік формасында құру арнайы басқару құрылымдарының құрылуына кедергі жасап, жақтардың өзара жауапкершілігін жоғарылатады. Батыс елдеріндегі сияқты әрбір серіктестіктің басқаруға және тексеруге бақылау жасау мүмкіндігі біздің республикамызда да нәтижелі қолданылуы мүмкін.

Екіншіден, капитал сыйымды салалардағы ірі батыс фирмаларының қатысуымен құрылатын біріккен кәсіпорындарды жабық түрдегі акционерлік қоғам формасында құру керек. Нәтижесінде, серіктестердің қатысу үлесін жоғарыда тұратын инстанциялар шешімімен емес, әр жақтың экономикалық қызмет есепке ала отырып, салымдардың арақатынасы негізінде өзгертуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі үлкен рөл атқаратын салаларында келісім-шарттық біріккен кәсіпорындарды құру пайдалы. Жаңа технологиялық процестер ендіру немесе қолдану негізінде шетел серіктесінің құқығы бар. Келісім-шарттың кәсіпорындардың қызмет етуінен бастап жарғылы қ қор толығымен республика меншігінде болады, бірақ жарғылық қордың бір бөлігін алдын-ала келісілген уақытында шетел серіктесіне береді.

Бүгінгі күнде Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру процесінің жағымды және жағымсыз жақтары көрінеді. Біз білетіндей, кәсіпорындар ұлттық экономиканы өзгертудің катализаторы ретінде қолданылуы жоспарланды. Біріккен кәсіпорындар қызметін реттеудің тиімсіз экономикалық саясаты бұл процестің стихиялық көрініс табуына әкелді.

Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.

Кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:

  • тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы;
  • қосымша қаржы және материалдық ресурстардың тартылуы;
  • алғы шетел техникасы мен технологиясын қолдану;
  • бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;
  • өндірістік процесс пен кадрларды басқару өрісінде тәжірибелерін қолдану;
  • қаржылық тоқырау кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.

Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.

Ақша ағындарын жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Кәсіпорындардың ақша ағындарын жоспарлау ең қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңіне салынған ақша ағындарының жылдық үнеммен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджері барлық алынған ағыны жылдық үнемделген ақша ағынын бөледі. Мысалы, егер жыдық үнем 5 млн. тг. болса, ал салым 10 млн. тг. онда өімділік кезең екі жылға тең.

Өтімділік кезеңін тексеру салым капталының нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.

Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.

Бұл әдісті қолдану үшін ақша менеджерінің төмендегі мәліметтері болуы тиіс:

Жалпы инвестиция көлемі және олардың мерзім бойынша таратылуы;

Жылдық шығындағы үнемділік;

Жабдықтарды іске жарату мерзімі;

Мүмкінді амортазациялық төлем.

Пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражаты ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.

Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдісін таңдау сияқты, маңызды. Дисконттау коэффициенті -бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі, және ол инвестордың тіліне қарай өзгерісте болу керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығының жабуда қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Өте жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициенті мен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады.

Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.

Капитал салымының тиімділігінің талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:

1. Инвестициялық орташа пайда мөлшері.

Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапавйымдылығында, ақпаратты еркін алуға қолайлы.

Бұл әдістің кемшілігі, ол табысты анықтауда бухгалтерлік есепке негізделеді, ақша ағымына негізделмейді, қаражаттық кәрәс және шығыс уақыты инфляциялық өзгерістер есепке алынбайды.

2. Өтемділік әдісі

Бұл әдіс жоғарыда қаралған. Бұл жерде біз оның кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен, инвестициялық жобаның өтемділік кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың саны.

Егерде есептелген өтемділік кезеңін барынша қолайлы өтемділіктен кем болса онда проект қабылданады, егер болмаса қабылданбайды;

Бірақ бұл әдіспен жобаның рентабельдігін анықтауға болмайды, өйткені ақша ағымдарының көлемі белгісіз.

Бұл әдіспен тек жобаның өтемділігін дөрекі бағалауға болады. Өйткені өтемділік әдісінің көмегімен пайдалы ақпарат алуға болады, ол ішкі пайда мөлшерімен және таза ағымды құнменен байланыста нәтижелі жұмыс істейді.

  1. Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі.

Ішкі пайда мөлшері дисконттау коэффициенті ол инвестициялқ жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады.

Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін есепке алғандықтан, ол инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір объективті дұрыс баға береді.

  1. Таза ағым құнын есептеу әдісі

Таза ағым құны ағымдағы ақша ағымының құнынан ағымдағы ақша құнының шығындарын алып тастағандағы айырмасына тең.

Ішкі пайда мөлшерінің әдісі сияқты таза ағымдағы құн әдісі ұзақ мерзімге салымдардың тиімділігін анықтау мақсатындағы ақша ағымдарын дисконттауға негізделген.

Егер таза ағымдағы құн көлемі нолге тең болса немесе онан үлкен болса, ұсыным қабылданады, ал егерде ауытқыса онда ұсыным қабылданбайды.

Басқа сөзбен айтқанда, пайдалану белгісі мынандай: егер ақша қаражатының ағымдарының ағымдағы құны олардың ағымдағы оларды шығын құынан артық болса, онда жоба қабылданбайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Стратегиялық басқару есебінің жүйелерін зерттеу, оны қолдану жолдарын анықтау
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Саланың қазіргі жағдайы
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі
Кәсіпорында дайын өнімді өндіру, жөнелту және сату
Кәсіпорындарда көтерме сауда коммерциялық қызметті ұйымдастырудың ерекшелігі ретінде
Seven Smoke Казақстандағы пластиктер саласындағы озық компания
Маркетинг қызметінің саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz