Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру


іспе . . . 3
1-тарау. Материалдық емес активтердің сипаттамасы
1. 1 Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері .
1. 2 Материалдық емес активтердің бухалтериядағы есебі.
1. 3 Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу
2-тарау. Материалдық емес активтердің есебінің аудитін ұйымдастыру
2. 1 Материалдық емес активтерді түгендеу есебі . . .
2. 2 Кәсіпорында материалдық емес активтердің аудитін ұйымдастыру тәртібі
2. 3 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу . . .
3-тарау. Өндірістегі материалдық емес активтердің есебін талдау және жетілдіру жолдары.
3. 1Материалдық емес активтердің пайдалану тиімділігін анықтау
Материалдық емес активтердің құрлымын талдау.
Кәсіпорынының материалдық емес активтерінің есебін жетілдіру жолдары
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Мазмұны
Кіріспе . . .
1-тарау. Материалдық емес активтердің мәні және олардың өндірістегі есебін ұйымдастыру
1. 1 Материалдық емес активтердің экономикалық мәні мен маңызы
1. 2 Материалдық емес активтерді бағалау және жіктеу
2-тарау Өндірістегі материалдық емес активтердің есебін талдау
("Жаңатас Су-Жылу" мемлекеттік коммуналды кәсіпорны негізінде)
2. 1 Қазақстан Республикасында өндірістегі материалдық емес активтердің бухалтерлік есебін ұйымдастыру әдісі
2. 2 "ЖАҢАТАС СУ-ЖЫЛУ" МКК-ң техника-экономикалық жағдайын бағалау
2. 3 "ЖАҢАТАС СУ-ЖЫЛУ" МКК қаржылық көрсеткіштерінің талдауы
3-тарау. Материалдық емес активтердің тиімділігін анықтау тәсілі және оның аудитін ұйымдастыру
3. 1 Материалдық емес активтердің пайдалану тиімділігін анықтау
3. 2 Материалдық емес активтер есебінің аудитін ұйымдастыру
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейде басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашлық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухалтірлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашлық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайды ашып көрсетеді. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқаруға шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Бухалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болған. Бухалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано “Бухалтерлік есеп барлық ғалымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухалтерлік есеп үшін олардың ешқайсы қажет емес және де бухалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді”- деген болса, оның әріптесі П. Самуельсон “Біздің ғасырымыз-машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухалтерлік есеп ғасыры болып табылады”, -дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р. А. Фаулки “Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы”, -деп айтса, Л. Фон Мизес “Есеп-бұл бизнестің арожданы, ұяты”, -деп жазған. Бухалтерлік есеп ұйымының қаржылық ақпаратарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылды. Бухалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухалтнрлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қаттар бухалтерлік есеп кәсіпорының активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдрі мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттрды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухалтерлік есеп қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынны қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухатерлік еептің маңызымен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухалтерлік есептің мазмұны мен құрлымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сайорындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорының алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білу қажет. Сондықтанда кез келген оның елде бухалтер мамандарын барынша білімдіетіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағыннан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтерудуге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресустарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы «Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру» бүгінгі таңдағы өзекті мәселені қозғайды.
Материалдық емес активтер дегеніміз - нақты табиғи қалпы жоқ, бірақ “сезілмейтін құндылық” қабілетіне ие, шаруашлыққа ұзақ уақыт немесе қосымша табыс әкелетін, әрі субъектінің иелігінен шығару мүмкіндігіне ие активтер. Материалдық емес активтерді шаруашлық қызметінде алатын орны мен қызметіне қарай, олардың материалдық -заттық қалпының, яғни табиғи мағынасының болмағандығына қарамастан, оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтау белгілеріне сүйене отырып 3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік, мүлікті пайдалану құқығы, кейінге қалдырған шығындар. Бірінші тарауда - материалдық емес активтердің сипаттамасы, материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері, материалдық емес активтердің бухалтериядағы есебі, материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу.
Екінші тарауда - материалдық емес активтердің амортизациясы, материалдық емес активтердің түгендеу есебі, кәсіпорында материалдық емес активтердің аудитін ұйымдастыру тәртібі, материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері мен жолдары қарастырылған.
Үшінші тарауда - материалдық емес активтердің пайдалану тиімділігін анықтау, материалдық емес активтердің құрлымын талдау, кәсіпорынның материалдық емес активтерінің жетілдіру жолдары.
Шаруашылық мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік есептің жаңа нысандарының қатарына жататын материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратын заңды құбылыс. Материалдық емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау және амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға, тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті.
1-тарау. Материалдық емес активтердің сипаттамасы
1. 1 Материалдық емес активтердің мәні мен маңызы
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және «Материалдық емес активтердің есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі- өлшемдерге сай келеді және мынандай жағдайда есепке тіркеледі:
- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
- актив құны күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бүған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұр топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалар жатады. «Ноу-хау»- өндірістік озық тәжербиесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т. б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірісттік тәжербиесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім -шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, «кілті қолма-қол» тапсырылатын құрлыста және т. б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен паттентік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
«Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштермен құнды. Өзінің табиғатыжәне төлем нысаны жағынан ол лицензияға ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол оның иесі төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу-хаудың» субъект баланысына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығында ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңдегі шығындар мен кәсіпірорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуі тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т. б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау- кәсіпорын иеленген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдармаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т. б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының қалай пайдалынамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалынуға тиым сала алады. Тауар таңбасының немесе тауардың рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашлық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.
Таңбалары сөз түрінде, көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез- келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ тек бір ғана белгіден тұратын, сондай- ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын көрсететін белгілер, мөрлер, марапаттау белгілері және басқа да айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейдегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді.
Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгі ленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы- тауардың таңбалау үшін пайдалынатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде және басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалған өнімдер арасында шетелдк және ішкі нарықта сатылатын «Белорусь» (тракторлары), «Зенит» (фототауарлары), «Новое заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобдильдері), «Рахат» (конфеттері) «Слава» және «Чайка» (сағаттары) және т. уб. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іске екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен тауарлардың шығу оргондарының атын қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шеттелдік тауар таңбаларының пайдалану, арам пиғылды бәсекелістің де нәтижесі болып табылатын, кездейсоқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал енді гоеграфииялық белгілерге келсек, олардың арасынан тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активті болып табылады, себебі компания оны сатып алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасының құқын білу керкек. Есеп тәжербиесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капилалға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнмен анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.
Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастарын 1993 жылғы қаңтардың 18- і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.
1. 2 Материалдық емес активтерді бағалау және жіктеу
Субъектінің өзі жасаған тауар белгілері материалдық емес актив ретінде танылмайды, өйткені олардың нақты құнын анықтау мүмкін еме, бірақ ол субъектінің атағын шығаруға қолайлы жағдай туғызады және нарық жағдайында тауардың қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен шығындар есептік кезеңнің шығыстарына жатқызыладыжәне материалдық емес активтердің алатын құнына енгізілмейді.
Демек мына шығындар жұмсалғанымен материалдық емес активтерге жатпайды, олар тек кезеңдік шығыстар болып танылады:
- зерттеуге кеткен шығындар;
- өндірістік немесе жаңа цехтардың ашылуына дейінгі кеткен шығындар(егер бұл шығындар негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмаса) ;
- кәсіпорынды ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келісім шарттарын, мөрін, штапын т. б. ) әзірлеуге кеткен шығындар;
- мамандарды оқытуға кеткен шығындар;
- жарнамаға кеткен шығындар;
- жетілдіруге, көшуге, қайта құруға кеткен шығындар;
- субъектінің жасаған: тауар белгілеріне, фирма атауларына т. б. шығындар;
- белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін мемлекет берген лицензияға кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса) ;
- патентерге кеткен шығындар (оның әрект ету мерзімі бір жылдан аспаса) .
Алғашқыда, материалдық емес активтерді алу ретінде танылған
шығыстары, біршама уақытөткеннен кейін оның құнының бір бөлігі болып саналмайды. Бірақбұндай шығындардынақты бір материалдық емес активтерге жатқызуға қиын, әдетте, олардың экономикалық олжа әкелетінін анықтау оңай емес.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұиымдарда орындалған операцияяларды дәлелдеитін және алдағы уақытта орындалатын жұмысткар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнапиы үлгідегі қағааздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қоиылуы (қажет болған жаағдаида кәсіпорын мен ұиым мөр таңбасының басылуы) құжаттаау деп аталады. Сондықтан да құжааттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында аалғашқы есеп сатысы деп атаиды. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атаиды. Оларды міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер (реквизитер) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді:
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
- құжкаттың аты, нысанының коды
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, аиы және жылы)
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні
- шаруашылық операциясының мазмұны
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалаи)
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәикес құжаттарды жауапты адамдардың аты-жөні
- жауапты атқарушының қолы.
Кәсіпорындар мен ұиымдардағы алғашқы есеп құжаттарыына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағаиындаиды
Ақша операциялары боиынша толтырылатын құжатар және есеп аиырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орынрдау жүзеге асырылмаиды
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғаилы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері боиынша жіктеледі: мақсаты боиынша (назначению), құрастырылған орнына баиланысты (месту составления), көрсету тәсілі (способу отражения), және операция мазмұнының көлемі (объему содержания) боиынша.
Мақсаты боиыынша құжаттары үкімді (распорядительные), атқарушылық (оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған (комбинирлваные) болып бөлінеді.
‡кім құжаттарына - шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұирықтар мен өкімдер жатады.
Атқарушылық (растаитын) құжаттар - шаруашылық операциялардың орындалғаның көрсетеді (растаиды) . толтырылатын (құрастырылатын) орнына баиланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып (құрастырылып) оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табыылады.
Сыртқы құжаттарға - кәсіпорынға басқа ұиымдардан келіп түскен немесе ұиымның басқаларға түрлі операциялар боиынша жіберген құжаттарын жатқызамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz