«АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

I. ҰЙЫМДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Ұйымдағы қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні және маңызы . . . 5

1. 2 Қаржылық жоспарлаудың объектісі мен құрамы . . . 12

II. «АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 19

2. 1 «АУРА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық - экономикалық сипаттамасы . . . 19

2. 2. Ұйымның қаржылық жоспарлау қызметін талдау . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу кезінде ұйымдардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктері артады, сөйтіп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығы мен бәсекелестік қабілеттілігінің жоғары болуының маңыздылығына зор көңіл бөлінеді. Сондықтан ұйымдардың негізгі мақсаты - пайданы максимизациялау, өндірістің тиімділігін көтеру, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі өтеуді қамтамыз ету болып табылады. Өнімді шығару және өткізу шығындарын аса тиімді басқармайынша жоғарыдағы көрсетілген мақсаттарға жету мүмкін емес.

Соңғы жылдары шикізат, материал, отын және энергияның қымбаттауы, несие проценттерінің жоғары болуы, жарнама және маркетингтік шығындардың өсуіне байланысты өндірістік шығындардың өсуі байқалды.

Ұйымның қаржысын жоспарлау - өндіріс процесі кезінде қолданылатын табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын эненргия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары және басқа да өнімді шығару мен өткізу шығындарының ақшалай көрсеткішіне алдын-ала болжам жасау болып табылады. Олардың орны өнімді өткізуден түскен қаржылардың есебінен өндірістің әр циклінде толтырылып тұрады.

Жоспарлау - бұл дамудың ғылыми көзқарасы және кеңейтілген өндірістің жолдарын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлау мемлекеттің экономикалық жоспарлауының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бөлек элеметтердің өзара келісімін өамтамасыз етеді. Шығу және шоғырландыру болған шаруашылықтың ішкі резервтерінде әрекеттеседі.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ, серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады. Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.

Қаржымен басқару кезінде қаржылық жоспарлау жетекші және бағыттаушы звеноларында қаржылық және несиелік ресурстардың формаларын және тарату әдістерін бейнелейтін жоспардың негізінде пайда болады.

Елдің негізгі қаржылық жоспары болып Қазақстанның мемлекеттік бюджеті табылады, онда қаржылық ресурстардың үлкен бөлігі топталған. Ол мемлекеттің ұйғарымына түскендер қаржылық саясаттың өткізілуіне арналған. Жоспарлау кезеңінде мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығыстардың, ұйымдардың жоспары және ұлттық шаруашылықтың салалары мүліктік және сақтандыру ұйымдарының қаржылық жоспары, несиелік жоспар қажетті байланыс орнатады. Сонымен қатар, қаржылық және несиелік жоспардың көрсеткіштерін жоспарлау салық салуды реттеу құралы мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерінен іс жүзінде тәуелді, сондықтан қаржылық жоспарлау бюджеттік жоспарлау маңызды орын алады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты теориялық және тәжиребелік материалдар негізінде, сонымен қатар құжаттарды талдаудың негізінде, ұйымның қаржысын жоспарлаудың мәні мен маңызы, ЖШС “АУРАтің” қаржысын жоспарлауды талдау механизмі, сонымен қатар кәсіпкердің қаржысын жоғарлату бағыты мен шығындарды азайту жолдары қарастырылған.

Жұмысты орындаудағы алдыға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:

  • Қаржылық жоспарлау мен болжаудын қажеттігі мен арналымының мәнін ашу;
  • Қаржылық жоспарлау мен болжау жүйесінің жалпы қаржы жүйесіндегі рөлін талдау;
  • Қаржылық жоспарлау мен болжаудың міндеті мен мақсаттарын, қағидаттарын және оның жүргізілу кезеңдерін сипаттау;
  • Ұйымдардың қаржылық жоспарлау мен болжамдарын талдау және олардың қаржыларын талдауға тоқталып өту;
  • «АУРА» ЖШС-нің қаржысын жоспарлау мен болжауды талдау;
  • Ұйымдағы бүгінгі таңдағы жоспарлау мен болжаудың мәселелері, шешу жолдары мен дамыту жолдарын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың әдістемелік базасы . Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған қаржылық дағдарысты есептеу модельдері, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы екі тараудан, алты бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.

I. ҰЙЫМДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ұйымдағы қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні және маңызы

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жооспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элеметтері турасында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық үдерістерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгелерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай үдеріс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштерін кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операйияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау үдерісінде қол жетеді. Қаржылық жоспарлау мен болжау өте ұқсас ұғымдар. Олар экономикалық әдебиеттерде жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс. Ұйымда қаржылық болжау сол ұйымды микро- және макродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтайды. Ал қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған үдеріс. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып саналады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау, кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқару.

Негізінде жоспарлау: экстенсивтілігімен, қарқындылығымен, тиімділігімен сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мынадай тәсілдемелер пайдаланылады:

  1. автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі) . Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
  2. статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі) ;
  3. нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс. Бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және олар мүмкіндіктермен үйлестіріледі) .

Рыноктық экокномикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу үдерісіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Рыноктық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде және осының негізінде ортылықтандырылған және ортылықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады.

Ұйымдардың және шаруашылық ұйымдарының қаржымен басқару процесі - басқа маңызды звеноның жалғыз қаржы - несие жүйесі - әр ұйымдардың қаржылық жоспарды құрудан басталады, бизнес- жоспарға кіретін соңғы бөлім, оның ішінде табыстар ақшалай формада көрінеді. Өндірістік және шаруашылық қызметінің басқа түрлерінің шығындары және қаржылық нәтижелері: қаржылық жоспарлар алдағы жоспарлы кезеңге ақшалай қорлардың қалыптасуы мен шығындалуы қарастырылады және осы арқылы олардың қаржыларын басқару процесі алдын ала анықталады.

Сақтандыру, несиелеу және басқа қаржы - несие жүйесінің басқаруы қаржылық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар қаржылық жүйенің әр звеносында басқару функциясы жетекші болып табылады.

Ұйым. Бұл қаржының басқару функциясын таңдауда және басқару органдарының құрылу жүйесінде сипатталады, бағыну тәртіптері бойынша әр ұйымның құқығының және міндетінің қаулысы болып табылады. Кең мағынада берілген функция өндіріс нәтижесінің жақсаруын сонымен қатар жаңа әдістерді өңдеу ықпалын болжайды. Мысалы: бюджетке таза табысты алу әдістерін таңдау, қаржыландырудың әртүрлі формаларының сәйкес келуі, банктік қызметтердің прогрессивті түрлерге енуі, ақшалай есептердің жандануы және тағы басқа. Ұйымның орындау нәтижесінің функциясы басқару амалдарының структурасын құруда нақтыланады және сәйкес жағдайларда тіркеледі, лауазымды нұсқауларда және тағы басқа нормативті құжаттауда анықталады.

Координация. Қаржымен басқару саласында координация ақшалай қаражаттардың шығындалған қорлары және қарастырылған жоспардың құрылу сатысы диспропорцияларды алып тастауды, қаржылық ұйымдардың бірлік әрекетінің қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл диспропорциялар шаруашылық шарттардың өзгеруі нәтижесінде пайда болды. Осылайша, координация ұйымдардың қаржысымен басқаруында қазіргі заманғы себептердің шығуы қаржылық жоспардың орындамаушылығы және қаржылық ұйымдардың сауығуы өндірісті өңдеу, өндірістің дамуында қаржыландырудың және несиелендірудің қосымша қайнар көздерін іздестіру, сонымен қатар уақытша қаржылық қиыншылықтардың жазылуы.

Ынталандыру. Берілген функцияны орындай отырып басқару органдары адамдардың іскерлік белсенділігін, материалдық және рухани қажеттіліктермен байланыстырады.

Қазіргі заманғы экономикалық шарттарда материалдық қызығушылықтың қолданылуы объективті қажеттілік болып табылады. Жұмысшылардың ынталандыру қызметі олардың қоғамдық, коллективтік және жеке көзқарастарының қанағаттандырылуы жолымен өтеді. Қаржы - экономикалық жүйенің көзқарастары экономикалық көзқарастармен және коммерциялық ұйымдармен, акционерлік қоғамның акционерлерімен тығыз байланысты.

Қоғам өндірістің дамуы және мемлекеттің қаржылық саясатының негізінде тиімді қалыптасуында, үй құрылысын қаржыландыру саласында, білім және мәдениет деңгейінің жоғарлауының қызығушылығын танытты. Мемлекеттік бюджетте осы қоғамдық қызығушылықтар ұйымдардың қаржылық ресурстарын есептеу арқылы қанағаттандырылады. Осы мақсатпен халықтан салық салу формасында адамдардың табыстарының бөлігі мемлекеттік бюджетке есептен түседі.

Ұйымда материалдық жауапкершіліктің тура формасына пени, айыппұлдар банктік ссудаларды уақытында жаппау, тәртіп бұзғанда алынады. Эффективті емес қызмет кезінде ұйымға банкроттық процедуралар қолданылады. Шаруашылық заңдылығын бұзған кезде ұйымның жетекшілеріне айыппұл жүйесі қолданылады. Шаруашылық ұйымдарға және басқа ұйымдардың жұмысшыларына айыппұлдар, сыйақыдан айыру, еңбек тәртібін бұзған кезде жұмыстан шығару қолданады.

Бақылау - басқару функциясының сферасында қаржылық қатынастарда ортақ мемлекеттік бақылаудың принциптері жүйесінде құрылды.

Қаржылық бақылаудың формалары мемлекеттік қаржылық саясаттың талаптарымен анықталады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі ақшалай қаражат қорларының барлық түрлерін федеральді және региональді деңгейде, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің жеке деңгейінде қамтиды. Сондықтан да қаржылық бақылау көпдеңгейлі және жан - жақты болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық саясатын өткізу және оларға өзінің функцияларының экономикасымен байланыстыру үшін арналады. Біріншіден, құрастыру - бюджеттік емес қорлар және барлық деңгейлі бюджеттердің орындалуы, бекітілуі, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың және ұйымдардың қаржылық қызметіне бақылау болып табылады.

Қазіргі жағдайда ұйымның қаржысын жоспарлау саясатының негізгі нысаны - бизнес жоспар. Қазіргі кезде бизнес - жоспарлаудың қызметтері мынадай нысанда орындалады:

- бизнес стратегиясы мен оның даму концепциясын құру құралы;

- шаруашылық қызметтің жаңа бағытын бағалау құралы;

- несие тарту құралы;

- сыбайлас тарту құралы.

Бірінші функция мәні кәсіпкерлік қызметтің жаңа бағыттарын сату болып табылады. Екінші функция мәні - ұйым шаруашылық қызметін бақылау мен талдауда бизнес - жоспарды қолдану. Үшінші қызметінде бизнес - жоспар ұйымның несие қабілетін бағалаушы болады. Банкте несие беру үшін негізгі фактор болып бизнес - жоспар табылады. Банк ұйымдардан кепіл түріндегі қамтамасыз етуді емес, дұрыс жасалған бизнес - жоспар сүрайды. Төртінші қызметін орындауда кәсіпкерліктің жаңа түріне сыбайлас тарту стимулы болады.

Бизнес - жоспардың екі негізгі түрі бар. Біріншісі - 7 бөлімнен тұрады:

1. титул - ұйым рәміздері көрсетіледі;

2. ұйым қызметі мәнінің қысқаша мазмұны:

- жалпы мақсаттар, мақсатқа жету жолдары;

- бизнес концепциясы.

3. фирманың нақты жақын мақсаттары мен мақсатқа жету әдістері;

4 . нарық және бәсекелестік:

- нарық икемділігі;

- артықшылық;

- нарыққа шығу құны.

5. өнім - барлық өлшемдері, фирма көрсеткіштерін қызметтер мен олардың саласы;

6. жарнама және өткізу жоспары;

7. қаржылар туралы мәліметтер;

Бизнес - жоспардың екінші түрі 10 бөлімнен тұрады:

1. титул - ұйым рәміздері көрсетіледі;

2. кіріспе - жоба бойынша фирма қызметінің қысқаша мазмұны;

3. салаға салым сату анализі;

4. ұсыныстың жоба мәні;

5. өндірістік жоспар;

6. маркетинг жоспары;

7. ұйымдастырушылық жоспар;

8. тәуекел деңгейін бағалау;

9. қаржылық жоспар: өтелу мерзімі;

10. қосымша.

Бұл модельдер негізінде оны құрудың нұсқаулары бар, олардың мазмұны әртұрлі болады.

Бизнес - жоспардың көрсетілген түрлері онда қаржылық жоспар маңызды орынға ие екенін көрсетеді. Себебі ол алдыңғы жоспарлау кезеңдерінің ақшалай түрде жалпылауы болып табылады.

Бизнес-жоспардың бұл бөлігінің орналасуы:

  • бизнес-жоспардың нұсқасының табыстық болжамы және анықталуы;
  • болжанған бизнестің қаржылық потенциалын анықтау және болжау;
  • бизнес-жоспар үшін қажет инвесторлардың мөлшері мен мерзімін анықтау және болжау;
  • шаруашылық субъектілерінің активтері мен пассивтерінің мөлшеріне болжамдарын сату.

Бизнес-жоспар 5 жылдан кем емес уақытқа құрылады. Бірінші жылға квартал, айлар бойынша жоспар құрылады, ал қалған жылдарға бизнестің негізгі нәтижелерінің болжамдары жасалады.

Бизнесжоспарда қаржылық жоспарлаудың екі түрі ажыратылады: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді.

Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың негізі болып салық сомаларын амортизациялық шығындарының, табыс болжамын, капиталды меншік және қарыздыққа бөлу, бағалы қағаздарды шығару, несие алу мерзімдерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін капиталды қажетсінуді анықтау.

Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді қысқа мерзімге ( жыл, квартал, ай) есептеуді білдіреді. Қаржыларды жоспарлау басқа қызмет түрлері сияқты өз міндеттері мен мақсатына ие.

Қаржыларды жоспарлау мақсаты болып ақшалай қаражаттардың түсу мөлшері мен олардың жоспарлы кезінде шығарылуын анықтау табылады.

Жоспарлаудың міндеттері:

  • шаруашылық процесті қажет ақша қаржыларымен қамтамасыз ету;
  • бюджет, банк, сақтандыру органдары және тағы басқа шаруашылық субъектілері мен қаржылық қатынас орнату. Бұл қаржылық қатынастар түскен ақша мөлшерімен және берілген ақша көлемімен (салық, несие пайызы, сақтандыру салымдары) өлшенеді;
  • капиталды біріккен кәсіпкерлікке, бағалы қағаздарға салудың тиімді жолдарын анықтау;
  • ақша қаражатын құру мен пайдалануға бақылау сату;
  • ақша қаражатын үнемдеп қолдану есебінен табысты үлкейту.

Қаржылық жоспарлаудың маңызды мезеті жоспарлау стратегиясын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың стратегиясы табыс көздерінің, ақша түсу көздерінің, қаржылық жоспарды құрудың негізгі бағыттарын білдіреді.

Жоспарлаудың болмауы оларды төмендегідей жағдайға алып келеді:

болашақтағы мақсаттарын түсінбеушілік;

ағымдағы әрекеттер келешектегі әрекеттермен қандай жағдайда үзілмейтін шаруашылық үрдісі ретінде қарауды білмеушілік;

қысқа мерзімдік мүдделерді басшылыққа алып шаруашылық әлемінде бағыттан адасу және болып жатқан оқиғалардың жалпы мәнін түсінбеу;

нарықтың негізгі талаптарын анықтай алмау;

басқа нарық қызметіне қатысушылармен салыстырғанда әлсіз ұстанымда болу.

Жоспарлау ұйымның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей ұйымның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен ұйым басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген ұйымдар, соның ішінде қазақстандық ұйымдар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық ұйымдар үшін жоспарлауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б. ]

1. Жаңадан пайда болған жеке меншік ұйымдар. Капитал жинақталуының даму үрдісі осы нысандар қызметінің шиеленісуі мен көбеюіне алып келеді, ал сонымен қатар қазіргі замандағы нарық шаруашылығындағы жоспарлау түрлерінде қажеттілікті тудыратын басқа факторлардың пайда болуына алып келеді.

Осы саладағы жоспарлауды қолдануға байланысты басты проблема - бизнес “бай болудың көзі” деген пікірде қалыптасқан жай жасалынған жоспарға сенбеу, осыдан барып болашаққа деген жеткіліксіз назар аудару қалыптасады. Осыған қарамастан көптеген жеке меншік ұйымдар жоспарлау бөлімшелерін, ең болмағанда жоспарлаушы лауазымын ендірді.

2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік, қазіргі кезде жеке меншіктегі ұйымдар. Бұлар үшін жоспарлау қызметі дәстүрлі болып табылады. Дегенмен олардың жоспарлау тәжірибесі негізінде экономиканы орталықтан басқару кезеңіне жатады. Осыдан барып бұл ұйымдарда жоспарлау екінші дәрежелі сипат алды, жоспарлау қызметі орталықтандырылған және салалық сипат алды, осыған байланысты дұрыс талдау мен алдын-ала анықтау, нарықтық және командалық экономикадағы жоспарлауды салыстырып талдау туралы осы бөлімнің 6 параграфынан қараңыздар. Сондықтан бірінші тұрпаттағы ұйымдардағыдай, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарға ішкі ұйымдық жоспарлау тәжірибесін қайта ендіру қажет.

:
5 жылдық жоспарды жасау циклі: 5 жылдық жоспарды жасау циклі
Жылдық жоспарды жасау циклі: Жылдық жоспарды жасау циклі
: Наурыз
5 жылдық жоспарды жасау циклі:
: Сәуір
: Мамыр
: Маусым
: Шілде
: Тамыз
: Қыркүйек
: Қазан
: Қараша
: Желтоқсан
: Қаңтар
: Ақпан

Сурет-1 - Ұйымның жоспарлау сызбасы

1. 2 Қаржылық жоспарлаудың объектісі мен құрамы

Ұйымның шекті мақсаты табыс табу. Табыс табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім, қызмет бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде табыс табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жүмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер, ұйым зиянмен жұмыс істесе ол банкрот болу мүмкін.

Табыс экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық - өндіріс ортасында қалыптасқан табысты көрсетеді. Шаруашылық субъектісінің табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 5 «табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелерінің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарысүт басқа) яғни экономикалық табыс табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

- қызмет көрсетуден алынатын табыстар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс нан комбинаты ЖШС нан өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру бойынша маманданған кәсіпорын
Қаржылық жоспарлау әдістері
Басқарудағы негізгі әдістердің проблемалары және даму жолдары
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
Ауыспалы егістік алқабының кестесі
Кәсіпорынның басқару құрылымдары
Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері
ҚР - ғы шағын және орта кәсіпкерлік
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz