Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Жасаушының негізгі функциялық аппараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Жасаушыа ішілік қорыту аппараттарына жалпы түсініктеме ... ... ... ... ... ... ..6
1.2Лизосомалардың және рибосомалардың қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Пераксиомалар.сфера пішінді көбікшелер және олардың басты қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ. Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысына тәжірибелік жұмыс.
2.1. Эндосомалар макромалекулаларды тасымалдау механизмі ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Эукоритті жасушалардың тірі организмдегі жалпы маңызы ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Жасушаның энергиялык аппараты: митохонлриялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Біртұтас бірлігі ретінде жасушаның өмір сүруін қамтамассыз етеді. Егерде плазмалемма жасушаның ішкі құрамын сыртқы ортасынан бір жағынан - шектелеп, екінші жағынан онымен байланыстырып отырса, онда жасушаның цитотоплазмасы ядродан түскен ақпараттарды орындап, іске асырып отырады. Бұл атқарушы, орындаушы рөлін цитоплазма өз құрамындағы арнайы құрамдастары арқылы атқарады.
Цитоплазманың құрамдас бөліктері. Цитоплазма цитозольден, оның ішінде қалқып жүрген органоидтар мен қосындылардан және ішкі қаңқасы - цитоскелеттен тұрады.
Цитозоль (гиалоплазма, цитоплазмалық матрикс, жасушаның сөлі, негізгі заты) - жасушаның ішкі ортасын құрайтын шар пішінді белоктар, РНҚ, полисахаридтер мен иондардың коллоидты (сілікпе тәрізді) ерітіндісі болып табылатын жүйе.Ол жасуша көлемінің 55%-ын құрайды. Цитозольдің атқаратын қызметтері:
а) құрамындағы молекулалар мен иондарымен жасушаның ішкі ортасын
қалыптастырып, биохимиялық реакциялардын, физиологиялық процестердің
тиімді өтуіне қажет оның оқтайлы көрсеткіштерінің гомеостазын
(тұрақтылығын) қамташсыз ету;
б) энергия алмасу процесінің алғашқы кезеңі - глюкозаның анаэробты
немесе оттексіз ыдырауын, яғни - гликолизін өткізу;
в) май қышқылдарының синтезін цитозольде және жасушаның өз
мүддесіне қажет ақуыздардың, мысалы гемоглобин, протеинкиназаның
синтезін осында орналасқан еркін рибосомаларда өткізу.
Қосындылар - жасуша метаболизмі өнімдерініц гранулдар (түйіршіктер), тамшылар, кристалдар түрінде қалыптасқан тұрақсыз жиынтықтары. Олардың ұшырасуы және мөлшері жасуша метаболизмі жағдайына (күшеюіне немесе төмендеуіне) тәуелді Қосындылардың трофикальщ, секреторлық,экскреторлық және пигменттік түрлері болады.
Трофикалық (қоректену, нәрленіс) қосындылар энергия қоры болып тиылатын глюкозаның өңделуіне қажет. Олардың мысалы – бауыр жасушаларындағы жинақталатын май талшылары және бауыр мен бұлшық жасушаларындағы гликоген гранулдары. Жасушада субстрат (ыдырауға , ұшырайтын қоректік зат) жетіспген жағдайда, бұл қосындылар қанға кері сорылып, тіндерде энергия көзі ретінде пайдаланады. Сондықтан, ұзақ мезгіл бойы аш болған организмнен алынған жасушалардың цитопдазмасында трофикалық қосындылардың мөлшері аз не олар, тіпті, жоқ.
Секреторлық қосындылар - жасушаның сыртына шығарылып, организмнің тіршілік әрекеттеріне қатысатын өнімдер. Олар цитоплазмада гормондар мен белоктардың гранулдары немесе тамшылары түрінде көрінеді.
Экскреторлық қосындылар - гранулдар мен көбікшелер түрде жасушаның сыртына шығарылатын, организмге уытты (токсикалық) әсерін тигізуі мүмкін зат алмасудың ақырғы өнімдері.
Пигменттік қосындылар - цитоплазмаңың табиғи боялған заттары: оларды көру үшін арнайы бояудың қажеті жоқ. Қайсібір тіннің табиғи түсі олардың жасушаларындағы пигменттердің типі мен мөлшеріне байланысты. Организмнің әртүрлі мүшелерінің қалыпты түстерін аномалъді (ауытқу) түстерінен ажырату және сол түстердің пайда болу себебін анықтау сырқаттарды клиникалық диагностикалау үшін өте маңызды. Пигменттердің экзогендік (сыртқы текті) және эндогендік (ішкі текті) топтарын ажыратады. Экзогендік пигменттер организмнен тыс пайда болып, оның ішіне әртүрлі жолдармен (тыныс алу, тері, ас қорыту мүшелері арқылы) еніп, жасушалардың цитоплазмасында орналасады. Экзогендік пигменттің мысалы - сәбізді, жұмыртқаның сары уызын, сары майды, қызанақты бояйтын каротин. Эндогендік пигменттер жасуша ішінде түссіз заттардан синтезделеді, мысалы эритроциттерді боз-қызыл түске бояйтын гемоглобин. Макрофагтар цитоплазмасында ыдырауының әрбір кезеңінде гемоглобин алтын-қоңыр түсті гемосидерин сары-қоңыр түсті билирубин, жасыл түсті биливердин пигменттеріне айналып отырады. Эндогевдік пигменгтерге тері, шаш, көз жасушаларында синтезделетін қоңыр-қара түсті меланин, жүрегбұлшық еті, нерв, бауыр жасушадарьщда ұшырасатын алтын-қоңыр түсті липофусциң жатады
Әдебиеттер тізімі

1. Антипчук Ю. П. Гистология с основами эмбриологии. 1983.
2. Мануилова Н. А. Гистология с основами эмбриологии. М., 1973.
3. Рақышев А. Организмнің нәзік құрылымы. Алматы, 1994.
4. Сапаров К Жалпы цитология негіздері. Алматы, 1994.
5. Токин Б. П. Общая эмбриология. М., 1977.
6. Хэм А, Кормак Д. Гистология. т. I—III, 1983.
7. Ченцов Ю. Общая цитология. М., 1984.
8. Шубникоөа Е. А. Лекция по гистологии. М., 1974.
9. Ажаев С.А. Гистология 1- бөлім Кентау, 2005.
10. Нұрышев.М.Х.Цитология.-Алматы,1999.
11. Ңұрышев.М.Гисталогия және эмбриология негіздері.-Алматы,1998.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Жасаушының негізгі функциялық
аппараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Жасаушыа ішілік қорыту аппараттарына жалпы
түсініктеме ... ... ... ... ... ... ..6
1.2Лизосомалардың және рибосомалардың
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...8
1.3Пераксиомалар-сфера пішінді көбікшелер және олардың басты
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ. Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысына тәжірибелік жұмыс.
2.1. Эндосомалар макромалекулаларды тасымалдау
механизмі ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2. Эукоритті жасушалардың тірі организмдегі жалпы
маңызы ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Жасушаның энергиялык аппараты:
митохонлриялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Біртұтас бірлігі ретінде жасушаның өмір сүруін қамтамассыз етеді.
Егерде плазмалемма жасушаның ішкі құрамын сыртқы ортасынан бір жағынан -
шектелеп, екінші жағынан онымен байланыстырып отырса, онда жасушаның
цитотоплазмасы ядродан түскен ақпараттарды орындап, іске асырып отырады.
Бұл атқарушы, орындаушы рөлін цитоплазма өз құрамындағы арнайы құрамдастары
арқылы атқарады.

Цитоплазманың құрамдас бөліктері. Цитоплазма цитозольден, оның ішінде
қалқып жүрген органоидтар мен қосындылардан және ішкі қаңқасы -
цитоскелеттен тұрады.

Цитозоль (гиалоплазма, цитоплазмалық матрикс, жасушаның сөлі, негізгі
заты) - жасушаның ішкі ортасын құрайтын шар пішінді белоктар, РНҚ,
полисахаридтер мен иондардың коллоидты (сілікпе тәрізді) ерітіндісі болып
табылатын жүйе.Ол жасуша көлемінің 55%-ын құрайды. Цитозольдің атқаратын
қызметтері:
а) құрамындағы молекулалар мен иондарымен жасушаның ішкі ортасын
қалыптастырып, биохимиялық реакциялардын, физиологиялық процестердің
тиімді өтуіне қажет оның оқтайлы көрсеткіштерінің гомеостазын
(тұрақтылығын) қамташсыз ету;
б) энергия алмасу процесінің алғашқы кезеңі - глюкозаның анаэробты
немесе оттексіз ыдырауын, яғни - гликолизін өткізу;
в) май қышқылдарының синтезін цитозольде және жасушаның өз
мүддесіне қажет ақуыздардың, мысалы гемоглобин, протеинкиназаның
синтезін осында орналасқан еркін рибосомаларда өткізу.
Қосындылар - жасуша метаболизмі өнімдерініц гранулдар
(түйіршіктер), тамшылар, кристалдар түрінде қалыптасқан тұрақсыз
жиынтықтары. Олардың ұшырасуы және мөлшері жасуша метаболизмі жағдайына
(күшеюіне немесе төмендеуіне) тәуелді Қосындылардың трофикальщ,
секреторлық,экскреторлық және пигменттік түрлері болады.
Трофикалық (қоректену, нәрленіс) қосындылар энергия қоры болып
тиылатын глюкозаның өңделуіне қажет. Олардың мысалы – бауыр
жасушаларындағы жинақталатын май талшылары және бауыр мен бұлшық
жасушаларындағы гликоген гранулдары. Жасушада субстрат (ыдырауға ,
ұшырайтын қоректік зат) жетіспген жағдайда, бұл қосындылар қанға кері
сорылып, тіндерде энергия көзі ретінде пайдаланады. Сондықтан, ұзақ мезгіл
бойы аш болған организмнен алынған жасушалардың цитопдазмасында трофикалық
қосындылардың мөлшері аз не олар, тіпті, жоқ.
Секреторлық қосындылар - жасушаның сыртына шығарылып, организмнің
тіршілік әрекеттеріне қатысатын өнімдер. Олар цитоплазмада гормондар мен
белоктардың гранулдары немесе тамшылары түрінде көрінеді.
Экскреторлық қосындылар - гранулдар мен көбікшелер түрде жасушаның
сыртына шығарылатын, организмге уытты (токсикалық) әсерін тигізуі мүмкін
зат алмасудың ақырғы өнімдері.

Пигменттік қосындылар - цитоплазмаңың табиғи боялған заттары: оларды
көру үшін арнайы бояудың қажеті жоқ. Қайсібір тіннің табиғи түсі олардың
жасушаларындағы пигменттердің типі мен мөлшеріне байланысты.
Организмнің әртүрлі мүшелерінің қалыпты түстерін аномалъді (ауытқу)
түстерінен ажырату және сол түстердің пайда болу себебін анықтау
сырқаттарды клиникалық диагностикалау үшін өте маңызды. Пигменттердің
экзогендік (сыртқы текті) және эндогендік (ішкі текті) топтарын ажыратады.
Экзогендік пигменттер организмнен тыс пайда болып, оның ішіне әртүрлі
жолдармен (тыныс алу, тері, ас қорыту мүшелері арқылы) еніп, жасушалардың
цитоплазмасында орналасады. Экзогендік пигменттің мысалы - сәбізді,
жұмыртқаның сары уызын, сары майды, қызанақты бояйтын каротин. Эндогендік
пигменттер жасуша ішінде түссіз заттардан синтезделеді, мысалы
эритроциттерді боз-қызыл түске бояйтын гемоглобин. Макрофагтар
цитоплазмасында ыдырауының әрбір кезеңінде гемоглобин алтын-қоңыр түсті
гемосидерин сары-қоңыр түсті билирубин, жасыл түсті биливердин
пигменттеріне айналып отырады. Эндогевдік пигменгтерге тері, шаш, көз
жасушаларында синтезделетін қоңыр-қара түсті меланин, жүрегбұлшық еті,
нерв, бауыр жасушадарьщда ұшырасатын алтын-қоңыр түсті липофусциң жатады

І.Жасаушының негізгі функциялық аппараттары.
Органеллаларды құрылысы және ұшырасуына қарай классификациялайды
(жіктейді). Құрылысы бойынша органеллалар мембраналы жене мембраиасыз бодып
екі топқа бөлінеді. Жасушаның басты мембраналы органеллаларына
митохондриялар, гранулды және агранулды эндоплазмалық торлар, Гольджи
аппараты, лизосомалар, көмкерілген көбікшелер, пероксисомалар жатады (1-
сурет). Мембранасыз органеллалар тобына кіретіндер: а) еркін рибосомалар
мен полирйбосомалар; б) микротүтікшелер және олардан тұратын құрылымдар -
центриольдер, кірпікшелер мен ширақшалар (жгутик); в) фибрилді (талшықты)
құрылымдар - микрофиламенттер, аралық жіпшелер.

Ұшырасуына қарай, органеллалар жасушалардың кез келген түрінде
кездесетін жалпы маңызды және олардың тек қана кейбір мамандандырылған
түрлерінде кездесетін арнайы маңызды топтарға бөлінеді. Жалпы маңызды
органеллаларға митохоңдриялар, рибосомалар, эндоплазмадық торлар, Гольджи
комплексі, лизосомалар, пероксисомалар, жасушалық орталық, цитоскелеттің
компоненттері жатады. Олар жасушалардың жалпы тіршілігін қамтамасыз ететін
міндетті, негізгі қызметгер мен процестерге (энергия түзу, ақуыз синтездеу
және т.б.) жауапты. Арнайы манызды органеллалар мамандандырылған
жасушаларда арнайы қызметтерді (жиырылу, қимыл, сору және т.б.) қамтамасыз
етеді. Оларға кірпікшелер, ширақшалар (жгутики), микробүрлер, бұлшық ет
жасушаларының және талшықтарьшың миофибрилдері, нерв жасушаларының
(нейрондардың) нейрофибрилдері жатады.
Органеллалар комплекстерге (кешендерге) бірігіп, ядро бақылауымен
жасушаның маңызды функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін функциялық
жүйелерді (аппараттарды) қалыптастырады. Жасушаның негізгі функциялық
аппараттары: 1) синтездік; 2) ,энергиялық; 3) заттарды жасуша ішілік
қорыту (эндосомалы-лизосомалық); 4) цитоскелет.

1-сурет. Эукариот жасуша құрылысының көлемді үлгісі.

1.1. Жасуша ішілік қорыту аппараты
Жасуша ішілік қорыту ақпараты ерекше органеллалар - эндосомалар мен
лизосомалардың жүйесінен тұрады(6-сурет). Олар - ішіндегі гидролазалық
ферменттері арқылы цитоплазмада өтетін катаболизмдік(гр.katabole- бұзу)
процестерді қамтамасыз ететін мембраналық көбікшелер. Жасуша ішілік қорыту
аппаратының атқаратын қызметі: жасушаның өзіндік және сыртынан түскен
макромолекулаларды жасуша ішінде реттеулі түрде ыдырату. Эндосомалар мен
лизосомалардың саны пиноцитоз және фагоцитозды белсенді атқарып, әсіресе,
жұтылған заттарды қорытып жатқан жасушаларда (макрофагтар, нейтрофилдер,
остеокласттар және т.б.) көп болады. Бұл органеллаларды бір жүйеге
біріктірих қарастырудың себебі - оларды қоршаған мембраналарының бірнеше
ерекше қасиеттерінің ұқсастығы:
а) ішіндегі гидролазалық ферменттердің белсенділігін күшейтуге қажет
қышқыл орта қалыптастыратын АТФ-тәуелді (энергия тұтынатыя) протонды
насостарының (сорғыштар) болуы;
б)құрамында гидролазалық, транспорттың көбікшелерді және фагосомаларды
танып, олармен бірігуді қамтамасыз ететін рецепторларының болуы;
в) қорытылған макромолекулалардың ұсақ молекулалы өнімдерін цито-
зольге қарай диффузия арқылы өтуін қамтамасыз етуі;
г) бүтін жағдайда мембраналары лизистік (ыдыратқыш) ферменттердің
әсерінс резыстентті (төзімді) және олардың цитозольге өтуіне тосқауыл
болуы.
Эндосомалар - жасуша бетінен макромолекулаларды лизосомаларға
тасымалдайтын және оларға жеткенше ішіндегі заттарды жартылап немесе толық
ыдырататын, не мүлде өзгертпейтін мембраналы көбікшелер. Сондықтан,
эндосомалар тек тасымалдау механизмі ретінде ғана емес 8-сурет),ал, жасуша
ішілік қорыту жүйесінің бөлігі ретінде де қарастырылуы тиіс, Эндосомалардың
екі турі бар: а) ерте кездік және б) кеш кездік.
Ерте кездік (перифериялық) эндосомалар - плазмалеммадан енді бөлініп
шығып, клатрин қабығынан айырылып, плазмалемма жанында (жасушаның
перифериясында) орналасқан эндоцитоздың көбікшелер (6-сурет,А-Б). Бұл
комдартмейт(цитоплазма бөлігі) бірнеше қызметтер атқарады: а)лигандтарды
(гормондар, өеу факторлары) рецепторлардан ажыратады босанған рецецторлар
қайтадан плазмалеммаға бағьптайды ал, лиганд іріктеліп, тиісті нысаналарға
- органойдтарға тасымалданады; б) ішкі ортасының қышқылдығы (рН 6,0) әлсіз
болғандықтан, мұндағы ыдыратқыш ферменттер түскен макромолекулаларды
жартылай, яғни жұмсақ түрде және алдымен жеңіл қорытынатын заттарды
ыдыратады. Ерте кездік эндосомалар қалыптасуы кезінде оларға ыдыратқыш
ферменттер- гидролазаларды Гольджи комплексініқ трансбетінен бөлініп шыкқан
гидролазалық көбікшелер тасымалдайды (6-сурет,Б). Гидролазалық немесе
лизыстік ферменттердің 60-қа жуық түрлері бар;протеазалар, нуклеозалар,
гликозидазалар, фосфорилазалар леоне сульфатазалар.
Кеш кездік (перинуклеаралық) эндосомалар ерте кездік эндосомалардан
кейін қалыптасып, ядроның жанында (перинуклеарлы) орналасады (6-сурет,В).
Ішкі ортасының қышқылдығы(рИ 5,5) жоғары болғандықтан, мұнда ерте кездік
эндосомалардан түскен өнімдердің ыдырауы күшейе түседі. Одан қалған
өнімдердін және ферменттердің бір бөлігі лизосомаларға тасымалданады.
Сонымен, эндосомалар жүйесінде заттардын тасымаллану және ыдырау жолын
мына үлгімен бейнелеуге болады:ерте кездік эндосома( кеш кездік эндосома)
лизосома.

1.2. Лизосомалардың және рибосомалардың қызметтері

Лизосомаларды 1955 жылы швед биохимигі Де Дюв дифференциалдық
центрифугалау әдісінің көмегімен ашқан. Лизосомалар бір клеткалы және көп
клеткалы жануарлар организмдерінің клеткалары мен өсімдіктер клеткаларына
тән. Лизосомалар полиморфты құрылымдар, олардың құрылысын электрондық
микроскоп арқылы көруге болады. Лизосомалардың тығыз денешік, қалдық де-
нешік, миелиндік денешік, мультивезикулалық денешік, цитосомалар,
цитосегресомалар т. б. көптеген атаулары бар. Бір клеткада лизосомалардың
саны бірнеше жүзге жетеді. Лизосомалар үлкендігі 100 нм-дей бір қабатты
мембранамен қоршалған гидролазаларға толы жұмыр қапшықтар ( 2-сурет).

2-сурет.Лизосомалардың электрондық микрофотографиясы (26000 есе
үлкейтілген):

1-лизисомалар, 2- митохондриялар
Бір лизосоманың өзінде гидролазалардың көптеген саны болады. Соңғы
мәліметтер бойынша, 60-тан астам түрі анықталды. Гидролазалар — түрлі
биополимерлерді ыдырататын ерекше катализаторлар (протеиназалар,
нуклеазалар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар). Олардың әрқайсысы
химиялық байланыстың белгілі бір типін ғана ыдыратады. Ферменттер
гранулалық тордың рибосомаларында синтезделеді, ал лизосомалардың өздерінің
қалыптасу процесі Гольджи аппаратында жүреді. Лизосома — клеткаға түскен
заттардың қортылатын орны.
Лизосомалардың төрт түрін ажыратады: алғашқы лизосомалар, екінші
лизосомалар (фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар); аутофагосомалар
және қалдық денешіктер (телолизосомалар). Алғашқы лизосомалар құрамында
қышқыл фосфатаза бар затқа толы, үлкендігі 50 нм шамасындағы ұсақ
мембраналық көпіршіктер. Алғашқы лизосомалар фагоцитоздық немесе
пиноцитоздық вакуольдермен қосылып, екінші лизосомаларды құрайды. Екінші
лизосоманың құрамына түскен заттар гидролазалармен мономерлерге дейін
ыдырайды, кейін лизосоманьгң мембранасы арқылы тасымалданып гиалопазмаға
барып, түрлі синтездік және алмасу процестеріне қатысады. Лизосомалар
ішіндегі биогендік макромолекулалардың қортылуы көптеген клеткаларда
ақырына дейін жүрмеуі мүмкін. Бұл жағдайда лизосоманың қуысында қортылмаған
өнімдер жиылып екінші лизосомалар телолизосомаларға немесе қалдық
денешіктерге айналады. Телолизосомаларда гидролиздеуші ферменттер аз
болады.
Жануарлар клеткаларыңда үнемі аутолизосомалар (аутофагосомалар)
кездеседі. Морфологиясы жағанан оларды екінші лизосомаларға жатқызады,
айырмасы бұл вакуольдердің құрамында цитоплазмалық құрылымдардың бөліктері
кездеседі. Мысалы, митохондриялардың, цитоплазмалық тордың, рибосомалардың,
гликогеннің түйіршіктері және т. б. Клетка өзінің құрамды бөліктерін үнемі
ыдыратып және қалпына келтіріп отырады. Молекулалық жаңару процесі жоғары
дәрежеде реттеліп отыратын процесс.

Рибосомалар - ұсак, өлшемі 12*25 нм, ядрошықта синтезделетін рРНҚ мен
ақуыздардан тұратын электронтығызды туйіршіктер (1-сурет). Рибосомалар
митохондриялық жене олардан ірілеу болатын цитопламалы түрлеріне бөлінеді.
Цитоплазмалық рибосомалардың да екі түрін ажыратады: а) еркін рибосомалар
(1-сурет);б) гранулды эндоплазмалык тордын (грЭПТ) және ядроның сырткы
мембраналарына бекітілген рибосомалар.( А,В;суреттер;).
Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірлікіперден тұрады (2-сурет; А)
Белок синтезделуі кезінде кіші суббірлік;гРНҚ-ны және акгивтелген
(белсенді) тРНК-ны байлайды. Үлкен суббірлік кұрамындағы пептидилтранс
фераза ферменті аминқышшлдар арасында пептидті байланыстар қалыптасуын және
өсуші полипептидтік тізбекке аминқышқылдардың қосылуын катализдейді.
Рибосомалардын кызметі - трансляция, яғни белок синтезделу процесі
кезінде тРНҚ-ның кодын оқып, гіодипептид тізбегін күрастыру. Бір тРНҚ
молекуласы бойында орналасқан бірнеше рибосомалар тізбектеліп, полирибосома
(полисома) деген кешен құрайды (2-сурет; Б). Олар да еркін не
месе мембранамен байланысқан түрде орналасуы мүмкін. Цитозольдің еркін
рибосомалары мен полирибосомалары жасушаның өзіне қажет ақуыздарды,
ал, грЭПТ-мен байланысқан рибосомалар мен полирибосомалар -
экспортқа(сыртка) бөлініп шығарылатын (яғни секрецияға ұшырайтын)
экуыздарды синтездейді.
Қарапайым микроскоп аркылы зерттегенде, кейбір жасушалар типінін ци-
топлазмасы диффузды (шашыранды), ал, баскаларының - локальді (шоғырланған)
базофильді боялады. Электрондық микроскоппен зерттегеңде, жасушаның
диффузды базофильді боялуы.рРНҚ-сы бар еркін рибосомалардың цитозольде көп
болуына байланысты екендігі анықталды. Мұндай жағдай көбінесе тез өсуші
жасушаларға тән, мысалы қалыпты жас аз мамандандырылған жасушаларға,
катерлі ісік жасушаларына, т.б. Себебі, олардың өз мүддесіне, мысалы өсуіне
кажет акуыздары белсенді түрде еркін рибосомаларында синтезделеді. Ал,
цитоплазманың локальді базофыльді боялуы мембраналарының бетінде бекітілген
рибосомалары бар гранулды эндоплазмалық торлардың топтасып ұшырасуына
байланысты бо-лып шықты.

3-сурет. Рибосоманың үш өлшемді моделі (А). Кіші суббірлік бір ірі
рРНҚ және 33 ақуыз молекулаларынан тұрады. рРНҚ-рибосоманың қанқасын
құрайды, трансляцияға қатысады; ақуыздар пептидтік байланыстар қалыптасуын
катализдейді.
Көп рибосомалардың бір т РНҚ-мен байланысуы нәтижесінде полисома
қалыптасады (Б). Ақуыз синтезі 20-60 секундта өтеді.
Мұндай көрініс көбінесе дифференцияланға (кемелденген, пісіп
жетіліен), яғни бүкіл организмнің мүддесіне кызмет ететін жасуишларға тән.
Мысалы, асқорыту ферменттерін синтездеп, бөліп отыратын бездік жасушалар -
гландулоциттерге, жасушааралық зат компоненттерін синтездейтін
-фибробласттар мен остеобласттарға. Сонымен, цитоплазмазнын боялу сипатына
қарай, онын құрамындағы тРНҚ мен рРНҚ-ның мөлшерін және оларға тәуелді
ақуыз сынтезінің интенсивтілігін (қарқындылығын), жасушалардың
дифференциялану (пісіп жетілу) стадиясын да айыруға болады.
Рибосоманын маркер-ферменті (яғни, цитохимиялық реакция арқылы
анықталатын осы органеллаға тән фермент немесе оның таңбасы) -қышқылдық
фосфатаза.
1.3. Периоксиомалар- сфера пішінді көбікшелер және олардың басты
қызметтері

Пероксисомалар- бір кабатты мембранамен қапталған, өлшемі 0.05-3,5
мкм сфера пішінді көбікшелер. Олардың ішіндегі біршама тығыз немесе ұсақ
туйршікті заты - матриксі -әртүрлі анаболизмдік (синтездік) және
катаболизмдік (ыдырау) реакцияларын катализдейтін бірнеше оншақты
фермешптерден тұрады. Ең маңызды ферменттері -пероксидаза, каталаза
(пероксисомалық акуыздардың 40%-ын құрайды), Д-аминқышқылдарының оксыдазасы
және уратоксыдаза. Пероксисомалардың ұсақ турлері (0,05-0,25 мкм) барлық
жасушаларда, ал. турлері (0.3-1,5 мкм) - әсіресе, бауырдың гепатоциттерінде
бүйректің проксимальді өзекшелерінін жасушаларында және макрофагтарда көп
ұшырасады (себебі келесі абзацта түсіндірілген). Олардың пероксисомалары
матриксінін ортасындағы ферменттері жиі конденсациялсып (тығыздалып),
кристалл пішінді өзекке (нуклеоид) айналады (сурет).

Пероксисомалар агрЭТП-ның бөлігінен бұршақталу жолымен қалыптасады,
ал, ішіндегі ферменттері жартылай - гиалоплазмада, жартылай грЭПТ-да
синтезделеді. Бұл органелланың басты қызметтері:
1) молекулалық оттек катысуымен жасуша ішінде өтетін әртүрлі
органикалық заттардың (аминқышқыллар, көмірсулар, май қышқылдары) тотығу
реакцияларын ( R H2О2- R H2О2)атқару;
2) пайда болатын сутек асқын тотығының (H2О2) жасуша кұрылымдарын
зақымдау қабілеті күшті сондықтан, пероксисоманын каталаза ферменті H2О2-ні
су және оттекке ыдыратып (2H2О2~2H2О2+О2) бейтараптылыққа ұшыратады. Осы
реакциялар арқылы бауыр мен бүйректің ірі пероксысомаларында әртүрлі заттар
детоксикацияланып (уытсыздандыру) отырады,Мысалы, ішілген этил спиртінің
жартысы бауырда ацетальдегидке айналады. Алкогольді уытсыздандыру қабілеті
әр адамның организмінде әртүрлі дәрежеде дамыған, сондықтан, маскүнемдікке
ұшырау ықтималдығы да әртүрлі болады. Сәйкес гендер мутацияға ұшыраған
жағдайла, пероксисоманың феріменттері белсенділігінен айырылып, нерв
жүйесін зақымдандыратын пероксисомалық аурулар дамилы.
ІІ. Лизосомалар мен рибосомалардың құрылымына тәжірибелік жұмыс
2.1 Эндосомалар макромалекулаларды тасымалдау механизмі
Лизосомалар (гр. Lysis - еріту, зота - дене) - экзогенді және эндогенді
макромолекулалар ыдырауының ақыры кезеңдерін ішіндегі кышқыл гидролазалары
арқылы атқаратын мембраналық көбікшелер (6-сурет.Г-Е). Олардың ішкі
ортасының қышқылдығы (рН 5,0 және төмен) үстем болғандықтан, лизистік
ферменттердін белсенділігі артып, заттар толық ыдырайды. Қорытылатын
заттардың тегіне қарай, лизосомалардың төрт түрлерін ажыратадьт:
фаголизосома, аутофаголизосома,мультивезакулалалы қ. және қалдық денешелер.
Фаголизосомалар кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың
құрамында сырттап жұтылған тығыз және ірі түйіршіктері (субстрат) бар,
фирогосомен бірігуі арқылы қалыптасады (6-сурет, Д).
Субстратты ыдырату процесі гетерофагия деп аталады.
Лизосомалық ферменттердің дефициті (тапшылығы) кейбір заттардың
(гликоген, гликолипидтер, гликозамингликандар) ыдырамай қалып, жасуша
ішінде жинақталуына ұшыратады. Нәтижесінде, жасушалардың (нейрондар,
макрофагтар. фибробласттар, остеобласттар) қызметтері бұзылып, сәйкес
мүшелер зақымдалады. Мұндай лизосомалық жинақталу ауруларының бірі -Тэй-
Сакс ауруының даму механизмі - гексозалшнидаза А ферментінің дефициті
салдарынан нейрондарда мопосиалганглиозид жинақталады. Хюрлер синдромы
кезінде а-L-идуропидазаның тапшылығы себебінен, остеобласттарда
гликозамингликандардың мөлшері өсіп. сүйек тінінің қалыптасуы бұзылады.
Сондықтан, сүйектер деформаиияға (пішіні өзгерілу) ұшырайды. Қалыпты
жағдайда, бүйрек өзекшелерінің қабырғасын құрайтын жасушалар олардың
қуысынан ақуыз молекулаларын жұтып, лизосомалары қатысуымен соңғыларды
аминқышқылдарға дейін ыдыратып, қанға қайтарады. Қорғаныс кызметін
атқаратын макрофагтар және нейтрофилдер тіндерге түскен бөгде денелерді,
микроорганизмдерді жұтып, гетерофагия арқылы қорытады.
Бұл жасушаларда лизосомалык ферменттср жетіспегенде немесе
белсенділігі төмен болған жағдайда,мұндай адамдарда ауыр созылмалы қабыну
аурулары дамиды.

4-сурет. Жасушанын корыту аппараты - эндосомалар мен лизосомаларлың
жүйесі. А. Плазмалеммадан бөлініп шыққан эндосома клатрин қабығынан
айырылып, гилролазалық көбікшелермен біріккеннен соң, ерте кездік эндосома
(Б) деп аталады. Мұнда лизистік ферменттер әсерінен субстраттың ыдырауы
баяу өтеді, себебі, олардын белсенділігі төмен. В. Кеш кездік
эндосомалардың ішкі ортасынын қышқылдығы экогары, сойдықтан, ферменттері
белсенді. Г-Е. Кеш кездік эндосомалар ерте кездік эндосомалармен,
фагосомамен және аутофагосомамен бірігіп, үш түрлі лизосомалар
қалыптастырады. Ыдырау өнімдері жасуша кажеттілігіне колданылады. Ж.
Қорытылмай калған заттар калдық денеше құрамында экзоцитоз арқылы жасуша
сыртына шығарылады.
Аутофаголиосомалар (гр.аutоs - өзі, рhаgеіn - жеу, soma - дене) кеш
кездік эндосомалар немесе лизосомалардың, құрамында жасушаның ескірген
немесе өзгерген, сондықтан, корытылуы тиіс өз органеллалары
(митохондриялар, ЭПТ бөліктері, рибосомалар) бар мембраналық көбікше
-аутофагосомамен бірігуі арқылы пайда болады (6-сурет,Е). Оның ішіндегі
материалды қорыту процесі аутофагия деп аталады (гр.аutоs - өзі, рhаgеіn -
жеу). Ұзак мезгіл өмір сүретін және зат алмасу деңгейі жоғары жасушаларда
(мысалы, нейрондарда, гепатоциттерде) ескірген, бұзылған жасуша құрылымдары
аутофагия арқылы қорытылып,- жанадан қалыптасатын органеллаларға орын
босатылады. Нәтижесінде, жасушалар жасуша ішілік регенерацияга ұшырап,
жанарып, тіршілігін жалғатырады.
Мультивезикулалық денешелер (лат.multi- көп,vesikula - көбікше)
-ішінде ұсақ (40-80 нм) көбікшелері және ақшыл, коймалжын матриксі бар ірі
(диаметрі 200-800 нм)шар пішінді мембраналық қапшалар(6-сурет.Г). Олар ерте
кездік және кеш кездік эндосомалардың бірігуі арқасында пайда
болады.Мультивезикулалық денеше матриксінің лизистік ферменттері ұсак
көбікшелердегі субстраттың бірте-бірте ыдырауыш камтамасыз етеді.
Қалдық денешелер - ішінде қорытылмаған заттары (қалдықтары) бар
лизосомалар (сурет,Ж) Олар ұзак мезгіл бойы цитоплазмада сақталады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың жеке бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметі
Плазмалық мембрана
Жасушаның зерттеу әдістері
Паренхималық клетка
Жасуша органеллалары қозғалысы
Жасуша құрылысы
МИТОХОНДРИЯ
Ядроның құрылымы
Органелллалар
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Пәндер