Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»


Кіріспе.
«Құтадғу білік».
Ой толғамы да, тілі де ерекше қызықты, тағдыры да өзгеше кітап. Біз үшін туған даласына қайта оралған даналық. Иә, әуелі ерекше тағдыры, тарихы жөнінде бірер мағлұмат:
Қазір бүкіл шығыс зерттеуші ғалымдарың назарын күн санап өзіне аудара түскен «Құтадғу білік» 1069-1070 жылдары 18 айдың ішінде жазылған. Авторы: Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойында тарихқа ықылым заманнан бұл қоғамдық-әлеуметтік мәні терең, моральдық -этикалық программасы іспеттес еңбегін 54 жасында жазған. Ежелгі Баласағұн қаласында бастап Қашқарда аяқтап, Қараханидтер мемлекетінің сол кездегі әмірі Бұғра ханға тарту еткен. Хан оның еңбегін жоғары бағалап « Хас Хажыб » деген атақ берген. Сөйтіп, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн деген аты дүниеге тараған. Шығарманың тілі қай әріппен жазылғаны жөнінде пікір, зерттеулер көп.
« Құтты білік » халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Қария дала төсінде не өтпеді, не болмады. Талай шаҺарлар, талай сарайлар із түзсіз жоғалды. Талай ғалымдар, жиҺанкез баҺадүрлер атаусыз өтті. « Құтты білік» - құтты білік қана он ғасырға жуық ұлан асуды асып қолымызға қайыра тиіп отыр.
Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматов көне мәдениет жұлдыздырына көңіл бөлудегі орашолақтықтарға күйіне келіп: « Совет өкіметі жылдарында орта азия елдерінің интелектуалдық және интернационалдық тұрмысы жаңа асуға көтеріліп, гүлдеп тұрған дәуірінде шалқар Баласағұн атын мұрасын оның ұрпақтары біз құрметтеп ескермегенде, басқа кім ескермекші?!» [1] деп тебіреніп жазуы кімнің болсын жанына қозғау саларлық, осы ұлағатты еңбектің қадір өсиетін аша түсетін сөз. В. И. Асланов: « Құтадғу білікке » сүйену көп жағдайда зерттеуші лексикологқа азербайжан тілінің бірқатар сөздерінің мағынасын нақтылауға көмектеседі » [2] дейді. М. Н. Хыдыров: « Құтадғу білікте » кездесетін небір сөз тіркестері қазір де түркімен тілінде өзгеріссіз қолданылады . . . Қандайда болмасын бір нақты тілдің « Құтадғу білік » тіліне қатынасы жөніндегі мәселе халықтың тілімен тарихының байланысы тұрғысынан тюркологияның қызықты, мәнді саласы » [3] - деп жазыпты. Ө. Қараев дастанда кездесетін « арпа ас, қымыз, сүт, жүн, құрт, киіз, тон, қой» тәрізді сөздерге, терминдерге назар аудара келіп: « Тұтастай алғанда Жүсіп Баласағұн поэмасының күллі т ерминологиясы Советтік Шығыс халыктарының әр түрлі тарихи мәселелерін зерттеу үшін аса бағалы материал » [4] - деп түйеді.
Жүсіп Баласағұн.
ХІ - ХІІ ғасырлардағы кезең Орталық Азияның қалалары қанат жайып, тауар өндірісі, ақша айналымы өсіп өркендеген тұсы еді. Самарқан, Бұқара, Термез гүлденген, сәулетті шаһарлар боп, шырқап кетті. Түркменстанның оңтүстігіндегі Мерв, Данденак, Амул және басқа қалалардың да атағы алысқа кете бастады. Дала мен қала бір-бірін толықтыра түсті. Осы шаруашылық пен мәдени ізгіліктердің арқасында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда ХІ - ХІІ ғ. ғ. Тараз, Отырар, Испиджаб, Баласағұн секілді сауда мен мәдениеттің орталығы ірі қалалар өркен жайды. Әсіресе ерте ғасырда іргесі қаланған Жетісудың Баласағұн, Тараз, Меркі, Аспара, Құлан сияқты қалалары ХІ - ХІІ ғ. ғ. сауда орталығы болып саналды. Бұл кезеңдерде қолөнер күрт үрдіс алып, сауда-саттық көбейді. Әсіресе қыштан жасалған өндірісті ошақтар кең жайылды. Әртүрлі, әсем де сәнді бұйым - тұрмыс заттары көз жауын алатын еді.
Ол алыс түпкірдегі ауыл елге де тарала бастады. Бұл заттардың түр-түсі де айшықталып, өрнектеліп, түрлі гүлдермен безендірілді. Қыш құмыра өнерінің жетілгенін осы аса бағалы бұйымдардан көруге болатын. Өндірістегі сондай үлкен жетістіктің бірі - шыныдан жасалған заттар.
Сондай-ақ, әйнек жасау өндірісі қауырт дамыды. Шыны бұйымдары үй тұрмысына өте қажетті, зәру затқа айналды.
ХІ - ХІІ ғ. ғ. Орталық Азияда шыны өндірісінің мықтап дамығанына біздің археологтар қазба жұмыстарын жүргізген кезде көздерін жеткізді. Көне қалалардың ескі жұрттардың орнына көптеген шыны бұйымдар табылды. Оны сол ХІ - ХІІ ғасырларда асхана бұйымдары дәрі-дәрмек құтылары және басқа тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін пайдаланғанын көреміз.
Ауыл шаруашылығынан қолөнерге ұласып, тауар өндірісі қуат алып, сауда-саттық та тез дамыған шақта көшпенді даланың жұрты тек орта Азиямен ғана емес, көрші елдермен де қарым-қатынас жасай бастады. Әсіресе алыстағы Қытай, Иран елдерімен сауда-саттық, алыс-беріс арқасында ақша айналымы өсті. Теңгелер шығарыла бастады.
ХІ -ХІІ ғасырларда сәулет өнерінің сәнді үлгілері бой көтерді. Бұл кезеңде Орта Азияда құрылыс мәдениеті қарыштап, қалалар сәулеттене түсті. Күйген кірпіш жасау қолға алынды. Жергілікті жердің саз балшықтары мен күйген кірпішінен айшықталып қаланған сәнді ғимараттар шаһарлы сәулетіне көрік беріп тұрды.
Әрине бұл кезеңде ежелден келе жатқан дәстүрлі өнер, білім, ғылым, әдебиет жан-жақты дамып, ел игілігіне өлшеусіз қызмет етті.
Саманидтер мемлекетінің түбіне жетіп, жаңа түркі мемлекетін құрғандар, В. В. Григорьевтің (1816 - 1881 ж. ж. ) анықтауынша, Қараханидтер атауы әуелі орыс, кейін әлемдік ғылымда кездеседі. Бұл империя Шығыс және Батыс Түркістанның аумағында ІХ ғасырдың бірінші жартысында құрылып, ХІІІ ғасырдың басына дейін дәуірлеген (840 - 1212 ж. ж. ) . Ислам дінін 960 жылы қабылдаған қараханидтер ғылым мен мәдениеттің дамуына кең жол ашты. Тарих сахнасына әдебиеттің көрнекті өкілдері шықты. Сонда көрнекті тұлғаның бірі - Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн - ІХ -ХІІ ғасырдағы ағартушылық саланың алдыңғы сапында болған тұрандық. Ол Шу өзенінің жағасындағы Баласағұн қаласында 1015 жылы дүниеге келген. Белгілі түркі зиялысының баласы болғандықтан, жақсы білім алмауы мүмкін емес еді. Ол кезде Жетісу өлкесі тарих, философия, әдебиет орталығына айналған-тын. Баласағұн өзінің туған тілімен қатар тәжік, парсы тілдерін жетік меңгереді және соғды тілін де жақсы білгенге ұқсайды. Ол ғалымдармен, саясаткерлермен, саудагерлермен де араласып тұрды. Баласағұн қаласы саяси-мәдени орталық еді. Ю. Якубовскийдің дәлелдеуі бойынша, Жетісу өлкесінде қала мен даланың қарым-қатынасы ерекше болған. Отырықшылар мен көшпенділердің ете араласуы мәдениет пен ғылымның, экономиканың гүлденуіне жақсы жағдай туғызды. Талас пен Шу өзендерінің алқабында биік мәдениетке қол жеткізген қалалар көп болды. Солардың ішінде Баласағұн қаласының орны ерекше. Бұған Жүсіп Баласағұнның еңбектері куә. Оның «Құдатғу білік» атты кітабы Қарахан әулеті империясының дәуірлеп тұрған шағында жазылды. Түркі тілінде өлеңмен жазылған бұл тамаша туындының аудармасымен көрнекті зеттеушілер В. В. Радлов, К. Каримов, В. Томс, С. Н. Иванов және басқалар айналысты.
Тек Тұран ғана емес, Қытай қорғанынан оңтүстік тауларға дейін, Каспий мен Қара теңіз аралығындағы ұлы дала Жүсіп Баласағұнды асқан ойшыл, философ, әдебиетші, лингвист деп танып, мойындайды. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасы түркі тілінен һзге тілдерге «Құт әкелуші ілім», «Бақыт сыйлаушы ілім», «Бақытты болу ілімі» деп аударылды. Зерттеушілердің бұл еңбектің атын әр қалай аударғаны білім мен даналық, ұлылық жайында сыр шертетін «Құтадғу білік» поэмасының мазмұнына нұқсан келтірмесі анық. Шығарма Табғаш ханына бағышталды дегенімен, негізінен, жалпы адамзатқа арналған, мән-маңызы зор дүние. Жүсіп Баласағұнның бұл поэмасын жасы ұлғайған кезінде жазғандығын:
«Елу жасым мені де құрсауға шалды,
Қарға түстес басымды қырау шалды» деген жолдарынан анық байқаймыз. Түркия ғалымы Р. Р. Араттың пікіріне сүйенсек, Жүсіп Баласағұн поэмасын 54 жасында аяқтаған. Ол шығармасын хандардың ханы Табғаш Қара Бөгіре (Бура) ханға тарту еткен. Хан оның еңбегін жоғары бағалап, «ұлуғ Хас Хажиб» деген атақ береді. Мұндай лауазым иесінің байқампаз, құлағы түрік, жүрегі мейірімді жүзі инабатты, киімі жақсы, бойы сұңғақ, сөзі жағымды, ақылы кеніш, ойы дара, білікті болуы шарт еді. Яғни, Жүсіп Баласағұнның бойындағы осындай қасиеттердің молдығына сай, «Хас Хажиб» лауазымы берілген. «Құтадғу білік» поэмасы мұсылман идеологиясына негізделіп, түркі тілінде жазылған бірегей философиялық - этикалық шығарма. Поэманың жалпы адамзаттық мазмұны алғы сөзінде жарқын көрініс тапқан: «Бұл кітап өзінің даңқымен ұлы. Шын (Чин) ғұламаларының мысалдарымен безендірілген, Машын (Мачин) ғұлама - ақындарының өлең-жырларымен өрнектелген бұл кітапты оқыған, бұл бәйіттерді таратқан адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгі болар».
Шын - Машын ғалымдары мен хакімдерінің бәрі бірауыздан мынадай бір келісімге келді. Шығыс уәлаятында, күллі Түркістан елдерінде Бөгірехан тілінде түркі сөзімен жазылған бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқашан жазған емес. Әр мемлекетке поэманы әр түрлі атаған. Шын елі «Әдәбул - Мүлік» («Шахтардың әдеп - қағидалары») деп атады. Машын хакімдері «Айинұл мемлекет» («Мемлекеттің дәстүрі») десе, шығыс мемлекеттерінің билеушілері «Зйинәтүл - үмәрә» («Өмір зейнеті»), ирандықтар «Шахнәмаи түрки», тұрандықтар «Құтадғу білік» деген.
Поэманың әр шумағынан бірде көне түркінің құлпытасқа жазған жыр ұлағат әуезі, бірде парсы - өсиетінің сазы, кейде дала өлеңінің әуені немесе сопылар уағызының сарыны естіліп тұрғандай болады.
Шығарма авторларының тек шалқыған, жақсы өмірді жырлап қоймай, өз замандастарының шынайы өмірін де суреттеуі де поэманы шындыққа жақындата түседі. Тұран топырағының түлегі Жүсіп Баласағұн өзінің шын мұсылман екендігін поэмасының алғашқы шумақтарында-ақ жырға қосқан:
Алла атымен айттым сөздің әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір,
Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір . . .
Жаратты ол: жасыл, көк, ай, күн, түнді
Қара жер, ел, заман, уақыт бұл күнді.
Тіледі де, жаратты бұл болмысты.
«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.
Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,
Ием ғана, жалғыз шері, мұңы жоқ.
Ей, ерікті мәңгі мұңсыз, құдайым,
Бұл ат жалғыз саған ғана лайық!
Ұлылық - сен, толы құдірет - күш енсең.
Сенен бөлек жоқ өзіңмен түсер тең!
Саған өзге кіріге алмас, дарасың,
Әуелгі де, соңғы да өзің, сарасың.
Жалғыздығың қосылмай еш санаққа -
Еркің сенің жетті күллі тарапқа.
Күмәнсіз, сен - мәңгіліксің, ғажапсың,
Қатынассыз, сыртыңдасың санақтың.
Бұл шумақтар жүсіп Баласағұнның исламға кәміл сенімі мен ғаламды жаратушы ұлы күштің жалғыздығын мойындай отырып, исламды өрнекті өлеңмен насихаттағандығының айқын куәсі. Шығармада Жүсіп Баласағұнның жан-жақты білімділігін көреміз. Ол - адам жанын нәзік сезінген ақын, ойшыл философ, энциклопедист-ғалым, араб пен парсы поэзиясын, түркі ауыз әдебиетінің асқан білгірі.
Жүсіп Баласағұн еңбегі ислам дінінің нығайып, қала тұрғындары мен көшпелілер арасындағы байланыстардың беки түсуіне зор ықпал етті. Оның шығармасы Қарахан империясының әскери күш-қуаты молайып, экономикасы мен мәдениетінің гүлденген дәуірінде дүниеге келген. Қарахан мемлекеті одан әрі даму үстінде болды. Бұл кезеңде Жетісу мен Сыр бойында көптеген қалалар бой көтеріп, өзге мемлекеттермен сауда-саттық дами түсті.
Жүсіп Баласағұн шығармасында жүзеге аспайтын қиял жоқ, бәрі өмірден алынған. Ол мемлекет басқарушы адамның мінез-құлқының қандай болуы керектігіне, билеуші мен бағыныштылардың ара-қатынасына баса назар аударған. Саудагер мен қол-өнер шеберінің, көріпкел мен шаруаның мінез-құлқы, күнделікті өмірдегі адамға тән қасиеттер мен іс-әрекеттер сипатталады. Адамдарға деген әдемілік пен адалдық өмірлік қажеттілік тұрғысында баяндалады. Жүсіп Баласағұн Табғаш ханға арнауында:
Туғардан (Шығыстан) есті келіп көктем желі,
Жәннаттың жолын ашты көркем жері.
Қара жер, ағы кетіп, жұпар шашты,
Безенбек болып, дүние көркін ашты.
Қаһарлы қысты қуды көктем лебі,
Жарқын жаз дәулет құрды, өктемдеді, - дейді.
Бұл шумақтарда Табғаш Бөгіре Қарахан билеген Қарахан империясының гүлденген дәуірін жырға қосқан.
Поэмада адамның қадір-қасиеті мен біліктілігі жайында:
Адамды хақ жаратты да ескерді,
Оған оқу, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді, әрі тілін тербетті,
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
Білік берді - адам бүгін жетілді,
Ақыл берді - талай түйін шешілді, -
деп жырласа, тіл өнерінің пайдасы мен зияны туралы:
Ақыл, білім тілмашы - тіл, бұл кепіл,
Жарық көріп, елжіретер тіл деп біл!
Тіл - арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды! - деп толғанады.
Бұл шумақтар - автор даналығының, адам жанын, олардың қадір - қасиеті мен тұрмыс - тіршілігін терең пайымдай білетіндігінің куәсі. Ол кез келген адамға тән мінез - құлықты дәл аша білген. Билеуші боласың ба, әлде шаруа, жауынгер, саясаткерсің бе, кім болсаң да ең алдымен адам бол деп шарт қояды. Жүсіп Баласағұн дәуірінен бері көптеген ғасырлар өтсе де, «Құтадғу білік» поэмасы әлі күнге шейін өз маңызын жоғалтпаған. Бұл ұлы шығарма өзінің ауқымы мен терең мазмұны жағынан жалпы адамзатқа тән құбылыс. Поэма түркі әдебиеті жетістігінің үлгісі. Сондықтан да ол барлық түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептелері хақ. [5]
Зерттеушілер Баласағұн поэмасындағы «Шығыс Ренессансы» идеяларымен байытылған әрі өткір, актуальды, әрі эмоцоналды айқын өмір философиясына назар аударды. Жеке халықтың тілі мен мәдениетін жалпы адамзат мәдениетінің күрделі тұтастығынан, шетсіз-шексіз диалог жүріп жатқан үлкен тарихи уақыттан тыс түсінуге болмайды. Мәдениеттің ұлы туындыларының өзі де осындай үлкен уақытқа ғана сияды емес пе?
Үлкен уақыт дегеніміз - шексіз - шетсіз аяқталмайтын диалог, бұл диалогтарда бірде-бір мән-мағына өлмейді:[6] сонымен бірге мұнда өз уақытында интенсивті толығырақ ғұмыр кешу мүмкіндігі бар. Үлкен уақыт деңгейінде жекелеген мәдениет құбылыстарына халықтар мен ұлыстардың, жекелеген мәдениеттердің ғасырлар мен мыңжылдықтардағы өзара түсінуіне адамзат мәдениетінің күрделі бірлігіне көшу перспективасы ашылды. Орта Азия Халықтары әдебиетіне іштей және сырттай әсер еткен сансыз байланыстарды ескере отырып, Н. Конрад: «Орта Азия халықтарының мәдениеті, оның ішінде әдебиеті де орта ғасырлардағы иран және түркі халықтары мәдениетімен олардың өз заманында жалпы әлемдік әдебиет атаулының шыңы болып санаған бай әдебиетіментарихи тұрғыдан байланысты болса, өз кезегінде бұл халықтардың мәдениеті және араб, үнді мәдениетімен тығыз байланыста болған», [7] - деп жазды.
Жүсіп Баласағұнның әдеби және философиялық мұрасы біздің рухани байлығымыз және оның ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарары даусыз. Жүсіп Баласағұн - түркі мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Тұранның кемеңгер ұлдарының бірегейі.
Адамзат дамуына үлкен үлес қосқан көптеген таланттар Тұран топырағында дүниеге келген. Шығыста: «Түркі тіліндегі әдебиет парсы-тәжік әдебиетіне еліктеуден туған, түркі тілінде классикалық туынды жасау мүмкін емес» деген пікір көп уақытқа шейін бел алып келгені жасырын емес.
Мұндай негізсіз, жалаң пікірді Жүсіп Баласағұнның таза түркі тілінде
жазылған «Құтадғу білік» поэмасы жоққа шығарды. Біздің дәуірімізде Жүсіп Баласағұнның ұрпақтары - қазіргі түркі халықтары өз тілдерінде өзге тілдегі шығармалардан артық болмаса кем түспейтін көркем туындылар тудыруда.
Кітапта жер, ел ру аттары ауызға алынады. Солардың көпшілігі күні бүінге дейін міләм. Бұл мәселелерге қатысты ғаламдардың әртүрлі тұжырым болжамдары да көпшілікке таныс. [8] Оның бәрін салыстырып, талдуа біздің міндетімізге жатпайды. Сондықтан, тек кейбірінің ғана аттарына сілтеме жасап отырмыз. Сонымен дастанда «тәжік», «араб» деген сөздер кездеседі, көне мәдениеттің бірқатар ғалымдарының, жиханкез, батырларының, билеушілердің не аттары аталады, не мифтер мен аңыздардағы кеңтараған белгі қасиеттері арқылы меңзелді. (Бұл орайда 4710-4718, 6547, 6548, 6549, 6550 бәйіттерді атасақ та жетіп жатры) . Яғни поэзия туындысы дегенмен, қалай дегенде де нақты деректілік, ғылыми ой толғамның негізділігі айқын аңғарылады. Тек осы белгілерінің өзі бұл ілгері, өркендеген мәдениетінің, цивилизацияның мәуесі екендігін ауыз әдебиетінен гөрі қалыптасқан, гүлденген жазба мәдениетінің мәуесі екендігін білдіреді. «Қарақшы» «Сарай» сөзінің, қазіргі Қарақшы (Арта Азия) қаласымен әйтеуір бір тамырластығы бар ма деген ой келеді. Түркі әдебиетін зеріттеудің ірі тұлғалары В. В. Радлов, Г. Вабери, С. Е. Маловтан бастап барша е ғалымдардың, ідебиетшілердің «Құтты білікте» кездесетін түйінді, мәнді атауларға ықласпен, мән бере қарап, әр сөзді өздерінше талдап тұжырым айтуы, айта отырып, көне ескерткішке керемет ықтиярлықпен, қамқорлыөпен қарауы үлкен мідениеттіліктің, ғылыми адалдықтың белгісі, үлгі өнегесі.
Өлеңмен жазылған бұл философиялық трактаттың ерекшелігі, композициясы, поэтикасы автордың үздік дарыны мен білімін, сонымен қоса сол кездегі жазу өнерінің, жазба мәдениеттің жақсы дамығанын көрсетеді.
«Құтты білік» сол кездегі осындай жанрдағы шығармаларға тән кіріспелермен басталады. Мұнда да сол дәстүр бойынша құдайға шүкіршілік етіп, кітаптың маұсатымен, мазмұнымен таныстырып өтеді. Содан кейін кітаптың негізгі тараулары. Кітаптың соңғы тарауларында Жүсәп Баласағұнның өмірдің, уақыттың өтпелілігін, опасыздығын, достардың жапасын айтып, өз кемшілік күналарына күйінеді. Кейінгілерге өсиет сөзін айтады. Соншама көлемді, оқиғасы жоққа тән дастан композициялық жағынан шымыр, ұтымды да ұшқыр. Тақырып аясы өте кең, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бастап ел, мемлекет басқару, еларалық саясат мәселелеріне дейін нақты сөз болады. Өзінің ақыл-өсиетін ақын сол кездегі астрономия, геометрия, математика, медицина, философия, т. б. ілімдер саласындағы білген білім мағлұматтарымен безендіріп отырады.
Ғылыми зеріттеулерде «Құтадығу біліктің» өлең өлшемі сегіз бунақты келте мұтақариппен жазылғаны айтылады. (И. В. Стеблева, С. Н. Иванов, Қ. Каримов, т. б) «Құтты біліктің» өлең өлшемі негізінен қазіргі қазақ өлеңінде ықылым заманнан келе жатқан он бір буындық қара өлең өлшемі. Поэма негізінен тұтастай осы өлшеммен, бір тыныспен жазылған. Әрине, бунақ пен ырғақ тарауларды мазмұнына, тынысына қарай өзгеріп ауысып келеді. Ара тұра 12, 13 буынға ауысып кететін тұстары да кездеседі. Әсіресе соңғы тарауларда. Кейде, 11 буынға жетпей қалатын жолдарда бар. Бірақ, оның ешқайсысы шығарманың тынысына бітіміне нұқсан келтірмейд. Өлең өлшеміне байланысты айтпақ басы ашық пікір: 11 буынды қара өлең өлшемі өте қазақ поэзиясына тән төл қасиет екендігі. Жүсіп Баласағұн мұрасын туған поэзиямызға туыстастыратын, ғұлама ақынның туып өскен жері Құзордадан кейінгі, басы ашық бір дәлел осы ма деп те ойлаймыз. Ұйқас жүйесіде бұл ойымызды растай түседі. Жүсіп Баласағұн ұйқасты қатаң ұстап отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz