Жаһанданудың қазіргі теориясы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегiздiк" елдерi мен Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда жиi айтыла бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу тудыратын болды.

Дегенмен жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi, көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз.




























Жаһанданудың қазіргі теориясы

Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын «жаһандану» термині мен жаһандану процесі арсында айқындылықтың жоқ екендігіне айта кетейік. Бұрын «жаһандану» ұғымы ғылымында дүниежүзілік тарихың орнығуы К. Маркс, әлемдік жалпы азаматтық өркениет (М. С. Горбачев, Ю. А. Замошкин), әлем - жүйе ( И Валлерстаин) терминдерімен көрсетіледі. Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біржақтылық жоқ. . Кейбір зерттеушілер жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары деп түсінеді. Үшіншілері жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікірталас тудыратын мәселе - жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтылықты шиеленістіріп, жаһандық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа бір саясаттанушы Иммануил Валлерстаин жаһандық және жергілікті мәдениеттер арасында әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударды. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер кездеседі. Мысалы, У. Ганнерстің ойынша, гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі - батыс мәдениетінің қаптауы, «перифериялық сыбайластық» сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің «пісіп - жетілу сценарийі» ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.

Кедергі болатын басқа бір жәйт - бұл жаһандық әлеуметтанудың зерттеу пәні не болуы мүмкін - жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма деген мәселе.

Әлеуметтануда жаһандануды әрі феномен және әрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ үлгісі болып табылмайды.

Ақырында, жаһандану әлеуметтану әдістерін өзгерте ме? Э. Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер әлеуметтанудағы классикалық әлеуметтану парадигмаларын кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымдайды.

Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының президент А. Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы жаһандық тәуелсіздік пен қоғамдарын, саясат пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама - қайшылық шиелінісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа нысандарын талап етеді. Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі перспективасын айтады: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі олардың ынтымақтастық этносымен бірге: ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлі республикалық рухы: мульти - азаматтың космополиттік жобасы.

Жаһандық әлемді қазіргі әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу ерекшеліктерінің бірі - жаңғыру теориясынан (соңғы он жылдықтарда үстемдік еткен) бас тарту, салыстырмалы интернационалдық саяси экономиканың жаңа мектебінің пайда болуы, өйткені ол салыстырмалы жаһандық әлеуметтік дүние құрылымы мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Салыстырмалы - тарихи әдіс елдерді, ұлттарды және басқа субъектілерді сараптауды ұқсас келеді. Жаһандық әлеуметтанудың алдында тұрған басты мәселелер - жаһандық әлеуметтік қатынастар сахнасында кімдер негізгі субьект болып табылады және осыған байланысты мемлекет пен оның құрылымдарының рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеу.

Жаһандық әлеуметтану сараптамасының тағы бір пәні әлемдік нарық пен геосаяси құрылымдарды сараптау. Бұл жәйт қазіргі әлеуметтану енбектерінде көбінесе жаһандық процестерді тауар алмасуы мен айналуына әкеліп тірегендігі үшін жиі сыналады. Жалпы жаһандану туралы пікірталастарды төрт пайымдауға шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық; идеологиялық және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын пайымдау.

Аймақтық немесе өркениеттік пайымдауға, жаһандануға басты көңіл бөлінбейтін пайымдаулар жатады. Бұл жерде мынадай бір мәселе көтеріліп отыр: Үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке бірегей тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теорияшыларының өздері осы елдер ғалымдарының Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы тектес ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен тұжырымдамалар деп белгілейді. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының әлеуметтану тұжырымдамаларында жаһандануға қарсы тұжырымдамалар жиі кездеседі. Мысалы, француз интеллектуалдары мен германияның кейбір әлеуметтану мектептері жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Еуропа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық пайымдауларда әдетте жаһандану белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылды, жаһандану сараптамасының ең жарқын мысалы оның экономика пәні шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес әдісті, экономикалық дамудың ерекше нұсқасын Иммануил Валлерстайн ұсынды. Жаһанданудың идеологиялық пайымдаулары әдетте оған қарсы шығудан немесе оны қолдаудан тұрады. Жаһандануды жақтаушылар оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы деп суреттейді. Жаһанданудың қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Халықаралық валюта қоры. Дүниежүзілік банк немесе Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді. [1]

XXІ ғасыр жаһандану талаптарымен ерекшеленеді. Президентіміз атап өткеніндей, жаһандану кезеңі - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуімен, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуымен ерекшеленеді. Жаһандық қоғам қаржылардың, ақпараттың еркін қозғалысы, тіпті, “шекарасыз әлем” деген ұғыммен де ерекшеленеді. Елбасымыз осы айтылған ерекшеліктерді біздің халқымыз қалай бастан өткереді, бүкіл адамзаттық бәсекелестікте еліміз өзінің орнын табу үшін не істеу керек, осы істе жастарымыз қандай рөл атқаруы тиіс екенін халқымызға, жастарымызға дәл уақытында жеткізді. Әрине, жаһандану бір жылда бола қалған дүние емес. Факторларға келсек, олар мыналар: капиталдың еркін қозғалысы; адамдардың кедергісіз жүріп-тұруы; тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы; халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың жоғарғы қарқынмен дамуы; ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы. Міне, біз жаһандану көшінен қалмау үшін осы факторларды еске ала отырып, елімізді өркендетуіміз керек. [3]

Осы жерде жаһанданудың объективтi үрдiсiнен шет қалмай, өз мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiн, ұлттық "Мен"-ің, Қазақстан халықтарының төлтума, бiрегей мәдениетiн, халық даналығының көп ғасырлық тәжiрибесi жинақталған дәстүрлi мәдениеттiң баға жетпес байлығын қалайша сақтап қаламыз деген өткiр мәселе қойылады. Қазiргi батыстық үлгiдегi жаһандану тек материалдық құндылықтарға ие болуды көздеген, рухани-адамгершiлiк бағыттан айрылған "мәдениеттiң" бекуiне әкеледi. Мұндай жалған, бүркеме мәдениет қоғамға күшке табыну, қатыгездiк, өзге адам құқығын аяққа басу, қандай жолмен болсын басымдыққа ұмтылу сияқты келеңсiз заңдылықтарға жол бередi. Бұл ұрпақ тәрбиесiн жаңаша жүргiзу мен iзгiлендiру мәселесiн күн талабына қойып отыр. Тек адамгершiлiгi жоғары, рухани жаңарған тұлға ғана жаһанданудың жағымсыз жақтарына қарсы тұра алады. Аталмыш адамгершiлiк принципiнiң мазмұны сенiм, адамға деген махаббат пен сыйластық, жеке тұлғаны кемсiтудiң барлық түрiмен күресуден көрiнедi. Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. [3]

Қазақстанның әлеуметтану ғылымы үшін жаһандану теориясының маңыздылығы неде? Ең алдымен оның тәжірибелік маңызы бар. Жаңа заман әлеміндегі кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің мүмкіндіктері мен болашағын бағалау үшін әлем - жүйе сараптамасына бет бұру көп жағынан жемісті болып табылады. Бұл әдіс әлеуметтік өзгерістерді мемлекеттік деңгейде талдауға құрылған дәстүрлі теориядан артықшылығын осыдан ширек ғасыр бұрын көрсетті, бұл халықаралық ғана емес, кейбір ішкі «эндогенді» процестерді ұғынуды шектейді. Жаһандану теорияларының кейбіреулерінен егжей - тегжейлі қарастырып көрейік. [1, 4б]

1. 1 Жаһандану теориясына ғалымдардың ой - пікірлері

Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы

Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон әлеуметтанушылар арасында алғашқылардың бірі болып «жаһандану» терминін қолдана бастады. Робертсонның басты жорамалы, мемлекетердің халықаралық жүйесі. Толкотт Парсонстың атақы AGIL схемасы шеңберінде бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер ықпалдасуының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен көрінеді.

Робертсон қазіргі замандағы әлем жаһандануының мынадай сатыларын көрсетеді: А кезеңі немесе жаңадан пайда болу кезеңі, ол XV - XVIII ғасырлар деп көрсетілген. Жаһандық әлемнің пайда болуына Еуропада діни тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер әсер етті. Б кезеңінде жаһандық жүйе пайда болды ( 1750 1850) . Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени салыстырмалық жүреді: халықаралық көрмелер пайда болды, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келді. В кезеңі жаһандық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875 - 1925) . Бұл кезеңде әлемді төрт жүйелену: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы халықаралық сайыстар мен мәдени фестивальдар заңды түрде бекітіледі.

Г кезеңі гегемония үшін күрес кезеңі (1925 - 1965) . Бұл екінші дүниежүзілік және «қырғи - қабақ» соғыстар кезеңі, әлемдік саяси - құқықтық жүйенің қалыптасу кезені. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге «үшінші әлем» тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы. Д кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін) . Сыртқы кеңісікті зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікірталастардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сөз болып отыр. Жаһандық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу сатысы, шын мәніндегі жаһандық бұқаралық - медиа, ғарышық коммуникациялар дүниеге келді. Халықаралық қаынасар күрделілене түседі.

Энтони Гидденстің жаһандану теориясы

Энтони Гидденс - теориялық әлеуметтану мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі әлеуметтанушылардың бірі. Гидденс С. Робертсон секілді жаһандануды жаһандық модернистік жобаның бір бөлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бөліп көрсетеді:

1. кеңітсік пен уақыттың өзгеруін ол іс - әрекеттін белгілі бір кеңістікке үйреншікті болуының азаюы және әлемдік ауқымдағы оқиғалардың үндесуі деп түсінеді. Бұл жерде әңгіме жаһандық коммуникацияның пайда болуы жайында болып отыр;

2. әлеуметтік институттар жергілікті жерлерден қол үзсе «жеміссіз» болып қалды. Тек үлкен жүйелер ғана өзгеріп қоймайды. Сондай - ақ әлеуметтік тәжірибенің жергілікті және тіпті жеке астарлары өзгереді, бұл қақтығыс пен әлеуметтік жіктеудің жаңа жүйелерін тудыратын көптеген қарама - қайшылықты процестерді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда Гидденс Валлерстайнға қарағанда таза экономикалық процесс және феномен ретінде түсіндірмейді;

3. әлеуметтік білімнің әсері , тәжірибелік білімге деген бағдар өсе түседі. Қазіргі әсерлі қоғамның өзін Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриалану, қадағалау, күштеу құралдарын монополиялау, халықаралық енбек бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, Гидденс стандарттау үрдісінің, әсіресе түрленім нысанында болатынын көрсетеді, себебі капиталистік өндіріс пен бөлу қазіргі заман институттарының басты құрамдас бөліктерін қалыптастырады.

Энтони Гидденс жаһандану теориясындағы басты нәрсеге - модерннің жергілікті әдет - ғұрып пен дәстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті және жаһандық диалектикаға назар аудару қажет. Гидденстің ойынша, жеке адамның таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс - әрекетке ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы әрекеттің оған берілетін жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе жанама түрде құрылымның бір бөлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс - әрекеттің әлем - жүйені ұстап тұруда өмірлік маңызы бар. Гидденс жеке адамдарды өзінің салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік ықпалды жүргізушілер ретінде көрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті өзгерістер мәселесі кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде ұғынылатын жаһанданудың бір бөлігі болып отыр. Сонымен, біз Энтони Гиденстің жаһандану теориясы, мәселен Валлерстайнның әлемдік жүйелік сараптау теориясына қарағанда жоғарғы деңгейдегі жеке - дара агенттілікті баса көрсететінін байқаймыз.

М. Кастельс өзінің қазіргі әлем туралы көп жылдық зерттеулерінің қорытындысы болып табылатын іргелі үш томдық монографиясын жариялады. 2000жылы Мәскеуде Кастельстің «Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам және мәдениет» атты енбегінің алғашқы томы орыс тілінде жарық көрді.

Кастельстің ақпараттық экономика мен жаһандану процесі туралы көзқарастарын талдауды оның қолданатын ұғымдарын анықтаудан бастаған жөн. Соңғы жиырма жылда бір мезгілде қалыптасқан экономикасы Кастельс ақпараттық және жаһандық деп түсінді. «Ақпараттық» - өйткені бұл экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен факторлардың өнімділігі мен бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте олардың білімге негізделген ақпаратты жасау, өндеу және тиімді пайдалану қабілетіне байланысты. «Жаһандық - себебі, өндіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет көрсетулердің айналымы сияқты экономикалық қызметтің негізгі түрлері, сонымен бірге оны құраушылар (капитал, енбек, шикізат, басқару, ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы жаһандық көлемде ұйымдастырылады және соңғысы, ақпараттық және жаһандық өйткені жаңа тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір деңгейіне жету мен бәсекелестің болуы тек жаһандану және өзара байланысты желінің ішінде ғана болуы мүмкін». Жаһандық желі, Кастельстің ойынша, осындай жаңа экономиканың пайда болуына қажетті материалдық базаны қамтамасыз еткен ақпараттық технологиялар саласындағы эволюция нәтижесінде тек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана пайда болды. Бұл бастапқы пікір. Кастельстің жаһандық экономика туралы көзқарастары ерекше қызуғыушылық тудырады. Кастельстің пайымдауынша, жаһандық экономика - бкіл планета ауқымында, нақты уақыт режимінде біртұтас жүйе іспетті қызмет ете алатын экономика. Өндірістің капиталистік әдісі уақыт пен кеңістіктің шегінен өтуге тырысып, үздіксіз дамыды, алайда тек ХХ ғасырдың соңына қарай негіздемесі ақпараттық және коммуникация технологиялар болып табылатын жаңа инфрақұрылым негізінде ғана әлемдік экономика шын мәнінде жаһандыққа айналды. Шындығында да тарихта алғаш рет капиталды басқару, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін жаһандық қаржы нарықтарында үздіксіз жүзеге асады: әрбір секунд сайын электронды режимде бүкіл әлем бойынша миллиардтаған долларға келісімдер жасалады. Басқаша айтқанда, капитал ағымдары жаһандық сипатқа ие болып, сонымен бірге жеке экономиканың қызметіне тәуелсіз бола бастайды. Еңбек нарығы, Кастельстің пайымдауынша, кішкентай, бірақ та дамып келе жатқан кәсібилер мен ғалымдар бірлігін қоспағанда, жаһандық болып табылмайды. Алайда енбек, Кастельстің пікірінше, үш арна арқылы жасалатын жаһандық ресурс болып табылады: 1. фирмалар машық, шағын немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты еңбек ресурстарын табу үшін әлемнің кез келген жерінен өз орнын таңдай алады; 2. фирмалар кез келген жерде жан - жақтан жоғарғы білікті жұмыскерді өзіне тарта алады, егер де жоғарғы жалақы ұсынса, ол оған қол жеткізеді; 3. адамдар өз қалауымен жоқтықтан, соғыстан және балаларының қамын ойлап әлемнің кез келген нүктесінен кез келген нарыққа бара алады. Ғылым, технология мен ақпарат та жаһандық ағымдарға жинақталған. Мысалы, жаһандық өзара байланысты жүйеде білім алмасу ғылымының жылдам даму шартына сәйкес келуімен қатар интеллектуалды жеке меншікті бақылауға кедергі болады.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, еркін сауда мен тамыр - таныстыққа шектеу қоятындығына қарамастан, барған сайын жаһанданып жатыр. Әрине, бұл барлық фирмалар өз өнімдерін бүкіл әлемдер бойынша сатып жатыр деген сөз емес, алайда ол шағын немесе ірі фирманың стратегиялық мақсаты өз өнімдерін бүкіл әлем бойынша сату екендігін көрсетеді. Сонымен бірге, Кастельстің ескертуі бойынша, мысалы, мемлекеттік қызмет немесе бөлшек сауда сияқты жеке салаларды ұлттық мемлекеттер мәдени не институционалды құралдар арқылы әлемдік бәсекелестіктен қорғайды.

Сонымен бірге, Кастельстің пікірінше, қазіргі ақпараттық экономика жаһандық режимде жұмыс істейді. Бірақ ешқандай халықаралық экономика бұлай жұмыс істемейді. Кастельстің ойынша, халықаралық экономика жаһандық болып табылмайды. Ол жаһандынудың қандай шектерін көреді? Біріншіден, Кастельстің пікірі бойынша, тіпті өндірістің стратегиялық маңызды салалары мен ірі фирмалар үшін нарық толық ықпалдасудан әлі алыс. Екіншіден, қаржылық ағындар валюталық және банк операцияларының іске асыру ережелерімен шектелген: иммиграциялық бақылау мен адамдар ксенофобиясы нәтижесінде еңбектің жинақылық денгейі төмендеуде: аса ірі ұлттық карпорациялар өз активтерін бұрынғыша тарихи отанда орналасқан стратегиялық командалық орталықтарда ұстайды. Кастельстің жаһандану процесін сынаудағы тағы бір оңтайлы жері - мемлекеттің белсенді позициясын және жаңа экономиканың құрылымы мен серпінді дамуына әсер ететін ұлттық үкіметтердің маңызды рөлін елеп - ескермеу деуге болар еді. Қазіргі таңда, Кастельстің пікірінше, дербес мемлекеттер немесе мысалы, Еуропалық Одақ секілді осы тектес мемлекеттердің одағы өмір сүргенге дейін толығымен ықпалдасқан ашық әлемдік еңбек, технологиялар, тауарлармен қызмет көрсету нарығынан пайда болуын болжауға болмайды. Оның үстіне, БҰҰ - ның Ұлттық шеңберден тысқары корпорациялар жөніндегі орталығы өткізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей корпорациялардың мемлекетке тиісті болуы корпоротивті мінез - құлыққа толығымен сәйкес келді. Мысалы, жапондық аса ірі ұлттық корпорациялар, негізгі қаржылық және технологиялық активтерін өздерінде ұстай отырып, жапон үкіметі тарапынан жан - жақты қолдау көрді. Бұл еуропалық аса ірі ұлттық фирмаларға да қатысты. Мәселен, немістің аса ірі ұлттық алпауыты Фольксваген Германияны біріктіру міндетін іске асыру үшін Батыс Еуропа елдеріндегі инвестиция көлемін қысқартып, тәуекелге бел буып, Шығыс Германиядағы қаржы істеріне ақша салды.

Саяси стратегия құралы ретінде экономикалық бәсекелестікті белсенді түрде пайдаланатын ұлттық мемлекеттер мен ұлттық үкіметтер болғанға дейін, жаһандық экономика ішінде аймақтық жіктелу тудыратын маңызды экономикалық аймақтар арасында шекаралар да болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Жаһандану процесі және оның салдары
Жаһандану: мәні мен бастаулары
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Жаһандық өркениет және жаһандану процесі
Жаһандану
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы
Жаңашыл буржуазиялық саяси теориялар мен идеологиялар.
Жаңа әлемдік тәртіп және жаһандану дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz