Нарық жағдайындағы кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына тиімді ұсыныс беріп теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кiрiспе . . .: Кiрiспе . . .
4: 4
: l
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiктiң теориялық негiздері
4:
: 1. 1
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiк-экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы . . .
4: 7
: 1. 2
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiк және оның факторлары . . .
4: 12
: 1. 3
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдық-құқықтық нысандары . . .
4: 16
: 2
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен дамуын талдау
4:
: 2. 1
Кiрiспе . . .: Қазақтан Республикасында кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ұйымдастырылуы мен дамуы . . .
4: 20
: 2. 2
Кiрiспе . . .: Оңтүстiк Қазақстан облысында кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыру және талдау . . .
4: 25
: 2. 3
Кiрiспе . . .: Оңтүстiк Қазақстан облысында өндiрiстiк кәсiпорындардың даму жағдайын талдау . . .
4: 30
: 3
Кiрiспе . . .: Оңтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпкерлiктi дамытудың өзектi мәселелерi мен шешу жолдары
4:
: 3. 1
Кiрiспе . . .: Оңтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпкерлiктi дамытудың өзектi мәселелерi . . .
4: 33
: 3. 2
Кiрiспе . . .: Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудағы мемлекеттiк саясат . . .
4: 46
:
Кiрiспе . . .:
4:
:
Кiрiспе . . .: Қорытынды мен ұсыныстар . . .
4: 47
:
Кiрiспе . . .:
4:
:
Кiрiспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . .
4: 51

Кiрiспе

Нарықтық экономиканың қозғаушы күшi кәсiпкерлiк - бұл өнiм өндiру, белгiлi бiр жұмыстарды, қызметтердi орындауға байланысты ерекше әрекет.

Нағыз кәсiпкерлiк- бұл ерекше қасиет және ерекше iскерлiк этикасы мен өмiр сүру және моральдық эстетикалық құндылықтың ерекше жүйесi (И. Шумпетер) .

Кәсiпкердiң ең ерекше қасиетi- ұйымдастырушылық қасиетi. Жалпы алғанда кәсiпкер кәсiпорынның әрекетiн бағыттайтын және көптеген жағдайда осы әрекеттi басқарушы кәсiпорынның негiзгi қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының иесi де болуы мүмкiн, сондай-ақ өз иелiгiне жатпайтын мүлiктi жалға алу арқылы пайдалануы да мүмкiн. Кәсiпкердiң қызметiн бағалай отырып, А. Смит өзiнiң жеке мүдделерiн көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткiсi келгенiнен де артық еңбек сiңiредiң -деп атап көрсеттi.

Кәсiпкерлiктi дамытуды бiрден-бiр маңызды мақсаттарының бiрi болып өтпелi кезең экономикасында елiмiздiң өндiрiстерiнiң құлдырап, тоқтап қалуына жол бермеудiң ынталандырушы әрекеттерiнiң бiрi. Кәсiпкерлiктi дамыту және қолдауда мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру қажет.

Қазiргi кезеңнiң негiзгi мiндетi -жинақталған тәжiрибенi зерделей және тұжырымдай отырып ең тиiмдi кәсiпорындарды дамыта отырып, қолдау көрсетудiң кешендi жүйесiн жасау, барлық тәжiрибенi аймақтарға тарату және қалалар мен аудандарға, түпкi тұтынушыларға жеткiзу.

Кәсiпкерлiк белсендiлiк субъектiлерiнiң негiзi -кәсiпкерлiк функцияны атқарушы, яғни кәсiпкерлердiң өзi. Кәсiпкерлiк процестi қозғаушы субъект. Кәсiпкер кәсiпкерлiк процестi мүмкiн болатындай етушi байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады. Бiрақта кәсiпкер бұл процестiң жалғыз субъектiсi емес, кәсiпкерлiк функцияны атқара отырып идеяны iске асыруға тартылатын капитал иесiмен және идеяны тиiмдi iске асыру процесiн басқаруға қажет маман менеджерлермен байланыс орнатады. Кез -келген жағдайда кәсiпкер өндiрiстiк процестiң мүмкiн не мүмкiн еместiгi және оның жалғасуы, соған байланысты тұтынушымен әрекеттесуi керек.

Кәсiпкерлiктi қазiргi кезеңде, мемелкеттiк және қоғамдық қолдауды, оны дамытудың жолдарын тереңдете, әдiстемелiк негiздеудi өте қажет етедi. Сонымен бiрге экономиканы реформалау соңғы бiрнеше жыл бойы бiрқатар проблемаларға тап болып, олар нарықтық қатынастарға көшудiң ол үшiн пайдаланатын модельдердiң, әдiстерiнiң және құралдарының бiрдей емес екенiн көрсеттi.

Кәсiпкерлiк қызметтiң орны ең алдымен- кәсiпорын. Экономикалық категория ретiнде ол өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастарды ұйымдастырудың негiзгi буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектiсi өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктердi пайдалана отырып, өнiм өндiредi, түрлi жұмыстар атқарады, әр түрлi қызмет көрсетедi.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты -нарық жағдайындағы кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына тиімді ұсыныс беріп теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу болып табылады. Техника-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, кәсіпкерлердің кәсіпорында қандай деңгейде және қаншалықты дұрыс басқарып, дамитындығын есептеп көреміз.

Кәсiпкерлiк процесс әрқашан да қандай да бiр нақты өндiрiстiк процеске негiзделе бермейдi. Егерде мұндай процестi iске асыруға өз күшi жетпесе, онда жалдамалы жұмысшылар тартылады, олар негiзiнде кәсiпкердiң пiкiрлестерi болуға тиiс. Ал егер бұлай болса, онда оларда кәсiпкерлiк процестiң субъектiлерi болады. Сонымен бiрге кәсiпкер өзiнiң, басқа да өзi ұйымдастырып отырған процестiң субъектiлерi секiлдi ұлттық құрылым iшiнде жұмыс iстеп отырған және мемлекет барлық субъектiлерге өз әсерiн тигiзетiнiн түсiнедi. Кәсiпкер алдында пайда болатын әртүрлi жағдайларды мемлекет қолданып отырған шараларға көмекшi не қарсылас ролiнде болуы мүмкiн. Кәсiпкер бұл жағдайда ескермеуi болмайды, сондықтан да мемлекетте ұйымастырылып отырған процестiң толыққанды және құқылы субъектiсi ретiнде қабылайды.

Дипломдық жұмыс барысында кәсiпкерлiк-экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы ретiнде айқындалып кеттi. Яғни мұнда негiзгi қарастырылып отырған кәсiпкерлiктi дамыту, және дамытуда кездесетiн мәселелер шешiмiн қарастыру тақырыбымның маңыздылығын айқындайды.

Дипломық жұмысымның бiрiншi бөлiмiнде: кәсiпкерлiктiң экономикалық мазмұнына сипаттама берiп өттiм.

Казақастан Республикасында кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ұйымдастырылуы мен даму ерекшелiгi дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмiнде маңыздалған, сонымен қатар тақырыбыма байланысты Оңтүстiк Қазақстан облысында кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдастырылу ерекшелiктерi мен даму жағдайы қарастырылған. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша iрi, орта, шағын кәсiпкерлiк қызметпен айналыстаны кәсiпорындардың мәлiметтерi келтiрiлiп есептiк жыл мен нақты жылды салыстыру арқылы салыстырмалы көрсеткiштер келтiрiлген.

Үшiншi бөлiмiнде, кәсiпкерлiк қызметтi iске асыруда кездесетiн мәселелер мен шешу жолдары қарастырылды.

Дипомдық жұмыс республикалық және облыстық статистикалық мәлiметтердi, экономикалық оқу құралдары мен баспа шығарылымдардағы мақалаларды мысалға ала отырып жасалынды. Жұмыс құрылымы 11 кестеден, 5 суреттен, 1 диаграммадан тұрады.

l Кәсiпкерлiктiң теориялық негiздері

  1. Кәсiпкерлiк-экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы

Экономикалық белсендiлiк - индивидтiң қоғамдық өндiрiсте қатысуының нақты формасы және оның өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн қаржы-қаражаттарды табу әдiсi. Индивидтiң қоғамдық өндiрiске қатысуының осындай формасының мүмкiн болған қоғамдық функционалдық мiндеттерiне олардың комбинацияларының бiрi. Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен, меншікке деген көзқарастың өзгеруімен байланыстырылады. Кәсіпкер қызметінде басты назар пайда алу жағына қарай ойыса бастады. Кәсіпкерлік-меншік иесінің тәуекел ете отырып және мүліктік жауапкершілікке бара отырып, пайда алуға бағытталған инициативалы дербес қызметі деп түсінуге болады.

Қоғамдық өндiрiске қатысудың осы формаларынан ерекше кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң айырықша түрi, яғни оның бастапқы этапы тек идеямен - ойлау әрекетiмен кейiннен материалдық форманы қабылдайтынына байланысты. Еңбекке деген қабiлетiн адам екi түрлi жолмен пайдалана алады:

  • не кәсiпкер ретiнде;
  • не басқа кәсiпкерге жалдамалы жұмыскер ретiнде.

Нарықтық экономиканың қозғаушы күшi кәсiпкерлiк - бұл өнiм өндiру, белгiлi бiр жұмыстарды, қызметтердi орындауға байланысты ерекше әрекет.

Оның негiзгi белгiлерi:

  • шаруашылық әрекетiнiң бостандығы (өндiрiс құралдарын пайдалануды, өндiрiс түрлерi мен тәсiлдерiн таңдауды) ;
  • осы экономикалық әрекетке, оның нәтижесiне, сондай-ақ оған байланысты пайда болатын қателерге жеке басымен толық жауап беру;
  • коммерциялық табыс пайда түсiруге бағытталады.

Нағыз кәсiпкерлiк- бұл ерекше қасиет және ерекше iскерлiк этикасы мен өмiр сүру және моральдық эстетикалық құндылықтың ерекше жүйесi (И. Шумпетер) . Кәсiпкер мынадай ерекше белгiлерiмен ерекшеленiп тұрады:

  • еңбек сүйгiште, аса үлкен руқани күш, ынталылық, жаңашылдық, шығармашылық ;
  • iскерлiк қабiлет, тәуекелшiлдiк және өз бизнесiн ұлғайтуға ұмтылушылық;
  • адамдармен араласа алу қасиетi;
  • жауапкершiлiк адалдық, заңмен салт дәстүрдi сыйлау, басқада адамдардың топтарымен қарым -қатынастары (кiмде -кiм жымия алмаса, дүкен ашпауы қажет - қытай мақаласы) .

Сонымен қатар кәсiпкердiң ең ерекше қасиетi- ұйымдастырушылық қасиетi. Жалпы алғанда кәсiпкер кәсiпорынның әрекетiн бағыттайтын және көптеген жағдайда осы әрекеттi басқарушы кәсiпорынның негiзгi қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының иесi де болуы мүмкiн, сондай-ақ өз иелiгiне жатпайтын мүлiктi жалға алу арқылы пайдалануы да мүмкiн. Кәсiпкердiң қызметiн бағалай отырып, А. Смит өзiнiң жеке мүдделерiн көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткiсi келгенiнен де артық еңбек сiңiредiң -деп атап көрсеттi.

Кәсiпкерлiк белсендiлiк субъектiлерiнiң негiзi -кәсiпкерлiк функцияны атқарушы, яғни кәсiпкерлердiң өзi. Кәсiпкерлiк процестi қозғаушы субъект. Кәсiпкер кәсiпкерлiк процестi мүмкiн болатындай етушi байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады.

Кәсiпкерлiк процес әрқашан да қандай да бiр нақты өндiрiстiк процеске негiзделе бермейдi. Егерде мұндай процестi iске асыруға өз күшi жетпесе, онда жалдамалы жұмысшылар тартылады, олар негiзiнде кәсiпкердiң пiкiрлестерi болуға тиiс. Ал егер бұлай болса, онда оларда кәсiпкерлiк процестiң субъектiлерi болады. Сонымен бiрге кәсiпкер өзiнiң, басқа да өзi ұйымдастырып отырған процестiң субъектiлерi секiлдi ұлттық құрылым iшiнде жұмыс iстеп отырған және мемлекет барлық субъектiлерге өз әсерiн тигiзетiнiн түсiнедi. Кәсiпкер алдында пайда болатын әртүрлi жағдайларды мемлекет қолданып отырған шараларға көмекшi не қарсылас ролiнде болуы мүмкiн. Тұтынушылармен байланыс орнату бұл жерде тек бiр нәрсенi көздейдi: өндiрiлiп отырған тауарға оларың көңiлiн аудару осындай тауарды сатып алу шешiмiн ерiктi түрде қабылдайтындай әсер ету.

Кәсiпкерлiк процестiң субъектiлерiнiң құрылымы түгелiмен суретте көрсетiлгендей болады.

Сурет 1 - Кәсiпкерлiк процестiң субъектiлерiнiң құрылымы

Кәсiпкерлiк процес өзiнiң айналасына әр субъектiнiң эгоистiк және экономикалық мүдделерiмен санасатын, араларында мақсатты байланыстары бар салыстырмалы жабық түрдегi субъектiлер тобын құру ретiнде мiнезделедi. Қоғам құрылысында осындай салыстырмалы жабық топтар орын алады, сонымен бiрге әр субъект бiр немесе екi типтi, одан да көп топқа кiруi мүмкiн. Кәсiпкерлiктiң теориясы мен практикасын үйрену барысында кәсiпкерлiк белсендiлiк объектiсi категориясы үлкен маңызға ие. Себебi дәл осы объектiмен кәсiпкерлiк идея байланыста жиi болады (бiрақта ол өндiрiстiк процестi ұйымдастырумен немесе басқарумен, жаңа рыноктарын дәстүрлi емес әдiстермен өткiзу iздеумен және т. б. байланыста болуы мүмкiн) .

Кәсiпкерлiк объектiсi -сатып алу, қолдану және тұтыну нарығында ұсынылатын бiреудiң бiр нәрсеге қажеттiлiгiн қанағаттандыратын тауар, өнiм, қызмет, баға көлемi, сыртқы және т. б. көрiнiс секiлдi көрсеткiштермен мiнезделетiн ерекшеленген бiрiнғайлық тауарлы бiрлiк, кәсiпкердiң өз әркетiне маманданған қатынасы ең алдымен тауарлық сапасына тұтынушылық қасиетiне, баға, сыртқы көрiнiсi, орамы, буып түюi және т. б. одан соң барып тауарлы бiрлiктер санына көңiл қоюды талап етедi.

Кёсiпкерлiк процестiң барлыє субъектiлерiнiң арасындағы қатынастар тауарлы мiнезде, бiрақта эгоистiк экономикалық мүдде ақшалай формада кјрiнiс табатындықтан (арзанырақ алып, қымбатырақ сату), субъектiлер арасындаға қатынастар да тауарлы ақшалай қатынас мiнездемесiнде болады.

Кәсiпкерлiк процестiң субъектiлерi арасында пайда болып, өндiрiстiк процестiң жұмыс iстеуi барысында жалғасатын тауарлы ақшалай қатынастар тѕрiнда жазылуы мѕмкiн. А-Т

Тауарлы ақшалай қатынастар осылайша айырбас қатынастар түрiнде. Қатынастардың әр звеносында Т (тауар) компонентi нақты формаға ие, ал А (ақша) копонентi барлық звеноларда бiркелкi формада.

Тауардың нақты формалары :

  • шикiзат, жартылай фабрикат, босалқылар, жабдықтар, ресурстар, (мысалы, электр энергиясы), инструменттер, ғимараттар, құрылыстар (мысалы, қойма), жер немесе қозғалмайтын мүлiктiң басқа тѕрлерi (қатынас: серiктес кәсiпкер, соңғысы серiктесiне ақшаға осындай тауарды қолдану және иелену құқын бередi) ;
  • жұмыс кѕшi (қатынас: жалдамалы жұмысшы кәсiпкер) ;
  • капитал (қатынас: капиталист- инвестор- кәсiпкер) ;
  • тұтынушыға дайын тауар (тұтынуышы -кәсiпкер қатынасы, бұл жағдайда кәсiпкер ролi ауыстырылады, ал тауар иесi және ақша алушы) ;
  • кәсiпкер қызметпен айналысуға рұқсат қағаз (мемлекет-кәсiпкер қатынасы салық саясаты арқылы iске асады) .

Осындай қатынастарға түсе отырып барлық серiктестер бiр мақсатты көздейдi-пайда табу. Пайда шығыстарда экономдау, яғни бiр нәрсенi сатып алудағы күтiлiп отырған және фактiлi бағалары арасындағы айырмашылық.

Кәсiпкердiң коммерциялық iс-әрекетiнде анықтаушы мѕдде-пайда табуға ұмтылу, бұл жерде оның көлемi (сделка) келiсiмiнiң табыстылық денгейiн анықтайды.

Коммерциялық келiсiмге отыру кезiнде екi жақ коммерцияның алтын ережесi атына ие болған рационалдылық принципiне негiзделедi. Бұл ереженiң мәнi -арзанырақ сатып алып, қымбатырақ сатуда. Сонымен бiрге кәсiпкер сату мен сатып алу бағалары арасындағы айырмашылық табыс екендiгiн тѕсiнедi, бiрақ пайда- сатып алудағы шығыстарды ѕнемдеу. Пайда категориясын осылайша түсiнуден шығатыны, кәсiпкер сатып алудың ең көп пайда әкелетiн вариантына, яғни өзiне қажет болған тауарды сатып алуда ең көп үлкен үнемдеу беретiн вариантына ұмтылады. Егерде сiз белгiлi- бiр сатып алушыны өзiңiзге байлап алғыңыз келсе, онда оған сiзбен отырған келiсiмiнен қосымша пайда табуға мѕмкiндiк берiңiз. Оған осы тауарға бағаны арзандатып берiңiз. Сiз өзiңiзде басқалардың тауарының сапасы нашар емес, бiрақ бағасы арзанырақ сатушыны iздейсiз.

Кәсiпкерлiк белсендiлiк мақсаты ол сұранысы және кәсiпкерге табыс әкелетiн тауарды өндiрiп, нарыққа ұсыну. Кәсiпкердiң тауарды өндiрiп, нарыққа ұсыну шешiмiн iске асыру барысындағы шығындарының артуы.

Шығындар- кәсiпкердiң осындай тауарды өндiруiне жұмсаған шығыстары (негiзiнде ақша формалары) .

Табыс- кәсiпкердiң кассасына белгiлi- бiр тауарлар, қызметтер, мѕлiктер басқа тұлғаға беру ѕшiн келiп тѕсетiн төлемдер. Табысты белгiлi мерзiмге келiп түсетiн және болашақта қайтарылуы тиiс қарызға алынған қаражаттардан ажыратып алу қажет.

Мысалы, сiздiң банктағы шотыңызға А тұлғасына жеткiзiлген тауарларға төлем ретiнде 300 мың тенге тѕстi, оларды өндiру сiзге 200 мың тенгеге тѕсiп едi. Бұл жерде сiздiң табысыңыз 300 мың тенге, ал пайдаңыз 200 мың тенге (300 мың тенге- 200 мың тенге) .

Пайда табу тек кәсiпкерлiк емес, кез-келген iскер белсендiлiк формасына тән. Кәсiпкер пайдасы немесе кәсiпкер табысы секiлдi экономикалық категорияның ерекшелiгiне көңiл бөлу маңызды. Кәсiпкер табыс мағынасында басқарудан, өндiрiстi ұйымдастырудың жаңа әдiс тәсiлдерiн енгiзуiнен түсетiн қосымша табысты кәсiпкер өзiнiң табиғи дарынына не сараптау және өндiрiс факторларын сыртқы орта шарттарына тәуелсiз комбинациялау жасай алатындығына байлансты алатын артықшылықты айтамыз. Басқаша айтсақ кәсiпкер пайдасы екi элементтен құралады: iскер адамның үйреншiктi пайдасы; iскер адамның үйреншiктi табысынан артушылық. Екiншi элемент -кәсiпкер табысы өндiрiске жаңалық енгiзу, иновация үшiн қоғамдық сый -ақы формасы.

Кәсiпкердiң пайдасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым: тұтынушылар саны жоғары, кәсiпкерлiк өндiрiс, салық төлеу, өндiрiстi ұлғайтады, жұмыскерге жұмыс орны кеңейедi, тауарлар саны өседi, еңбекке қабiлетсiздерге әлеуметтiк көмек көрсетедi, қоғамда келiсiмдер үрдiсi кеңейедi. Кез-келген кәсiпкер iскер адам бола алады, ал кез-келген әскери адам кәсiпкер категориясына жатқызыла алмайды, егер кәсiпкер нақты феномен туралы айтар болсақ.

Неге кәсiпкер экономикалық ерекше формасы ретiнде инисиативтi негiзде болады? Ең алдымен себебi кәсiпкер өз iс-әрекетiн нарыққа бағыттайды. Нарық -бұл реалды және потенциялды сатып алушылар мен сатушылардың мүдделерi мен әрекеттерiнiң, сонымен бiрге олардың мүдделерi мен әрекеттерiнiң жағдайы мен өзгерiстерiн мiнездейтiн шарттар жиынтығы. Кәсiпкерлiк- бұл тауарды жеткiзу және алыс, жақын перспективадағы нарықтың зерттелуi денгейiнiң көрсеткiшi.

Тауарды жеткiзу басталғанға дейiн нарықтың жеткiзуге реакциясын анықтау қиын. Кәсiпкер бұл мағынада өз қауiп-қатерi мен қарқынына әрекет етедi, себебi ол мәңгiлiк экономикалық теориядағы келiп тiрелетiн сұрақтарға жауап беруi керек. Олар: не өндiру керек ; қалай өндiру керек; кiм үшiн өндiру керек. Бұл сұрақтарға жауапты кәсiпкер австрактiлi денгейде бередi, яғни кәсiпкер болашақ тұтынушыны жалпы анықтайды. Тұтынушының нақты мiнездемесiн тiкелей жеткiзiп беру кезiнде және тауарды өндiруге алғашқы тапсырыстарды орындау кезiнен анықталады.

Болашақ өндiрiстiк iс-әрекетiн анықтау барысында кәсiпкер осындай орналасудың артықшылығына және кәсiпкердiң орналасу орнын таңдауынан шығатын нәтижелерге әсер ететiн бiр қатар факторларды ескерту керек.

Болашақ кәсiпорынның орналасқан орнын анықтайтын факторлар- оны құру мен ұстап отыру шығындары. Кәсiпорынның орналасу орнына байланысты өндiрiлетiн тауарды, қызметтi, өнiмдi сатудан түсетiн жобаланып отырған эффект. Мысалы үшiн, қаланың орталығында оның негiзгi магистралында дүкен оны ұстап отыруға көп шығын талап етедi. Қала iшiнде орналасқан осындай дүкенге қарағанда, бiрақ сату айналымы бiрiншi дүкенге қала сыртында орналасқаннан ана ғұрлым көп бұл жағдайда екi вариант болуы мүмкiн. Кесте 1- ол кәсiпкердiң сауда кәсiпорнының болашақ орнын таңдау шешiмiн қабылдауға негiз болады.

Кесте 1 - Кәсiпкердiң сауда кәсiпорнының болашақ орындары мен

салыстырмалы таңдау көрсеткiштерi

(мың т. г. )

Дүкеннiң орна-ластыру орны: Дүкеннiң орна-ластыру орны
Жылдық төлемi: Жылдық төлемi
Тауар ай-налымы: Тауар ай-налымы
Жалпы түсiм: Жалпы түсiм
Жалпы пайда: жалпы түсiмнен-жылдық төлем: Жалпы пайда: жалпы түсiмнен-жылдық төлем
Дүкеннiң орна-ластыру орны: Қала орталығында
Жылдық төлемi: 500
Тауар ай-налымы: 10. 000
Жалпы түсiм: 2000
Жалпы пайда: жалпы түсiмнен-жылдық төлем: 1. 500
Дүкеннiң орна-ластыру орны: Қала шетiнде
Жылдық төлемi: 300
Тауар ай-налымы: 4000
Жалпы түсiм: 800
Жалпы пайда: жалпы түсiмнен-жылдық төлем: 500

Бұл кестеден көрiнiп отырғандай, болашақ дүкеннiң орналасу орнының бiрiншi варианты екiншiсiне қарағанда (нақты жағдайда ол басқаша да болуы мүмкiн) . Әрбiр нақты жағдайда болашақ орналасу орнына байланысты кәсiпорындық табыстылық денгейiне әсер етушi көптеген факторларды ескеру керек. Бiреу үшiн анықтаушы мәнге жұмыс күшiнiң арзандығы ие болса, мысалы үшiн: Ресейде өндiрiс ұйымдастыруды жоспарлап отырған американдық кәсiпорын бiреу үшiн- тұтынушыға жақындық (мысалы: көшеде ыстық нан сатушы үшiн) .

Төменде көрсетiлiп отырған осындай критерийлер, толық емес, бiрақта ол орналасу орнын таңдау кезiнде кәсiпкер иелердi ескеру керектiгiн көрсетедi: сатып алушыға жақындық; дайындаушыға (жеткiзушiге) жақындық; тұрғындардың табыс денгейi; тұрғындардың әлеуметтiк топтарға бөлiнуi; бәсекелестiк; тауарға сұраныс денгейi және нарық мүмкiндiгi; инфрақұрылым.

Осы себептен кәсiпорынның орналасу орынын таңдау кезiнде көптеген факторларды ескеру керек. Кәсiпорынның орналасу орынына байланысты табыстарды салыстырмалы сараптау үлкен маңызға ие, себебi кейiн қабылданған шешiмдi жөндеу қиынға соғады: орын алған инвестициялар мен ұзақ мерзiмге келiсiлген аренда келiсiмдерi кәсiпорынның басқа жерге орын ауыстыруына шек қояды.

1. 2 Кәсiпкерлiк және оның факторлары

Кез - келген қоғамда орын алатын экономикалық ара қатынастардың жүйесi мен құрылымы күрделi және өзiне көптеген элементтердi қамтиды. Осындай қарым-қатынастың ең маңыздысы екi негізгi субъектiлердiң ара қатынасы-өндiрушi мен тұтынуышының нақты өмiрде осы субъектiлердiң тәртiптерiн олардың белсендiлiгне тiкелей әсер етiп, осы белсендiлiктiң бағытталуы және алғашқы экономикалық мүддесiн түзетушi көптеген факторлаға байланысты. Мысал үшiн, Филипстің және Сонидың фирмалары- қызық кәсiпкерлiк идеяны алып жүрушiлерi - тегiс экранды стереоскопиялық бейнелi теледидардың проектiсi. Алағашқы бағалаулар бойынша олардың өндiрiсi едәуiр тұтынушылық қызығуышылық тудыруы мүмкiн. Бiрақ та мұндай иедея тек австрактi денгейде өмiр сүредi. Оны iске асыру төмендегiлерге байланысты мүмкiн емес:

  • бiрқатар компоненттердi өндiрумен байланысты тиiмдi технологиялық шешiмдердiң жоқтығы, осы себептен өндiрiс шығындарының жоғарлығы тұтынушыға тиiмсiз бағаға, себебi шығындар өте жоғары;
  • жаңа тауардың қымбат болуына байланысты оның тұрақталған тұтынушылық мүдделерi жүйесiне сай келмеуi.

Осылайша, өндiрушi де (кәсiпкер), тұтынушы да (саты алушы) бағыттағы әрекеттерi олар өзiнде рационалды заряд алып жүргенде ғана қолға алынады. Екi жақтың да тәртiптерiн детализациялау маңызды себебi кәсiпкердiң негiзгi (мiндетi- тұтынушылық қызығушылығын тудыратын -шешiм қабылдау) . Сонымен, кәсiпкер шешiм қабылау үшiн төмендегiдей сұрақтарды қарастыру керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Даму стратегиясы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz