Қазақстан экономикасы үшін кәсіпкерліктің мәні мен маңызы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 5
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Кәсіпкерліктің мазмұны мен ерекшеліктері . . . 8
1. 2 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірудің әлемдік тәжірибесі . . . 14
1. 3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау . . . 21
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІ
2. 1 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құру көздері және оның бағыттары . . . 38
2. 2 Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру және несиелендіру тәжірибесін талдау . . . 54
3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3. 1 Кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибе . . . 62
3. 2 Кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің тиімділігін арттыру жолдары . . . 70
Қорытынды . . . 83
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 86
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болсада олардың қосар үлесінің салмақты екені белгілі. Сонымен қатар, нарықтың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Нарықтық экономикаға өтудің салдарынан пайда болған меншікке деген құқық заңдық күшке ие болған соң Қазақстанда, сонымен қатар ТМД елдерінде де кәсіпкерлік қызметінің қайта жандануына жол ашты.
Бүгінгі Қазақстанда кәсіпкерлік қиыншылықтарды басынан кешсе де - қалыптасқан жайт. Ол заңмен қорғалған және дамуын жалғастырады. Таңдалған тақырыптың өзектілігі белгілі, өйткені кәсіпкерліксіз нарықтық экономика мүмкін емес.
Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны белгілі. Өйткені, осы жолдар мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресурстарын, халықтың менталитетіне және тағы сол сияқты көптеген сан алуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына 10 шақты жылдан астам уақыт өтсе де, белгілі бір жүйелі жол табу оңайға соқпай, іздену процестері әлі де жалғасын табуда. Ендігі мақсат - экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіре отырып, оларды кешенді түрде түбегейлі жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал, бұл міндетті жүзеге асыруды, ең алдымен, өндіріс пен инфрақұрылымдық салаларда жеке меншікке негізделген шаруашылық қатынастарды дәріптеумен мемлекет тарапынан қолдау керек болады.
Қазақстанда осындай қолдаудың заңнамалық негізгі қысқа мерзім ішінде жасалып, оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік шаралар белгіленді. Олардың ішінде ең негізгісі ретінде кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бірінші кезекте күнтәртібіне қойылды. Өйткені, бұл мәселені жүйелі түрде шешіп отыру - қоғамдағы қозғаушы, әрі жетекші күш орта тапты қалыптастырып қана қоймай, оның өндірістік - интелектуалдық әлеуетінде молайта беруге бірден бір негіз болар еді. Өркениетті мемлекеттердің де, дамушы елдердің де тәжиребесі кәсіпкерліктің мұндай маңызын дәлелдеп береді.
Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің негұрлым маңызды: экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Қазіргі таңда өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуын кәсіпкерлік жүзеге асырады. Мемлекет кәсіпкерлер арқасында, ал кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауынан дамып келеді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуына барлық жағдай жасалуда, мемлекетте кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдаудың кеңмасштабты шаралар қолдануда.
Өз жұмысымда кәсіпкерліктің негізін ашуға, оның артықшылығын және кемшілігін, қазіргі жағдайын және даму проблемалары мен тенденцияларын ашуға тырыстым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын ашу, кәсіпкерлікке несиелік қатынастардың әсерін көрсету, несиелеу процесстің даму проблемаларын және оларды шешу жолдарын іздестіру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кәсіпкерліктің даму проблемаларымен Қазақстан экономистер қатары толып келеді, олардың ішінде экономикалық ғылымдар докторы профессор М. Б. Кенжегузин, экономикалық ғылымдар докторы С. С. Сатубалдин, А. К. Кантарбаева және тағы басқалар.
Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады. Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша «қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы саны көп бөлігін - ортаңғы класс құрайды».
Кәсіпкерліктің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық - қүқықтық механизмдер қалыптасқан.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993 жылдарында күш жинай бастаған шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994 жылы бәсендеп кейінгі екі жылда мүлдем тоқтады.
Ол жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдың болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламмалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты өсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.
Сол себепті негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық - инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда.
2008 жылдың 1 қантарында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 756 385 бірлік, оның ішінде орта бизнес субъектілері 11756 кәсіпорын, шағын және орта бизнес субъектілер санының 1, 5% алып жатыр, ал қалған 98, 5% немесе 744 629 бірлік - бұл шағын бизнес субъектілері. 744 629 шағын бизнес субъектілердің ішінде 454 959 немесе 61% өз қызметін жеке кәсіпкер нысанында, 169 314 немесе 22, 7% - ауыл шаруашылық нысанында, небәрі 120 356 немесе 16, 2% - заңды тұлғалар немесе шағын бизнес кәсіпорындары. Осы уақытқа дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды талап етеді.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасаушы, жалпыға мәлім салық-салу, несиелендіру, бақылау-қадағалау қызметтерін атқарушы органдарымен арақатынас мәселелері кейінгі бірқатар жылдар ішінде өзгерместен қалып отыр.
Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиеттерде жете қарастырылғанымен Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған жұмыстар өте аз. Кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр. Аталған жайды ескере отырып, диплом жұмысы жоғарыда көрсетілген кемшіліктер орнын толтырады деп ойлаймын.
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Кәсіпкерліктің мазмұны мен ерекшеліктері
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі - кәсіпкерлер. «Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А. Смит, Ж. Б. Сэй, В. Зомбарт, И. Шумпетер тағы басқалары біршама үлес қосты. Сондай-ақ П. Друкер, Дж. М. Кейнс, Т. Питерс, П. Самуэльсон, Д. Эванс, Ф. Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерттелінген.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті үш аспектіде қарастырады: экономикалық категория ретінде; экономикалық ойлау типі ретінде; шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде.
Экономика категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады. Кеәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта бизнес өкілдері т. б. ) қызметі, сондай-ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін пайдалану арқылы қалыптасады.
Ал, кәсіпкерлік қызметінің субъектілері дегеніміз - заңмен сәйкес тіркелген және қызмет көрсету немесе жұмыс атқару, тауар сату, мүлікті қолданудан жүйелі пайда табуға бағытталған жеке іс-әрекеті өз тәуекеліне бел байлап жүзеге асыратын азаматтық құқық субъектілерін айтамыз. Сонымен қатар жеке тұлғалар және заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады. Жеке тұлғалар жеке кәсіпкерлік іс-әрекетті заңдастыру арқылы кәсіпкерлікпен шұғылдана алады. Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болғандықтан, оған мысал: үй шаруашылығы, өзінің бір ісімен айналысатын кәсіпкерлер және т. б.
Әрбір заңды тұлғаларда өздерінің заңды құқықтық базалары бар. Мемлкеттік кәсіпорындар үшін «мемлекеттік кәсіпорындар» заңы, акционерлік қоғамдарға «акционерлік қоғам» туралы заңдар табылады. Осыдан келіп серіктестіктер, кооперативтер, фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады.
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің тізбегіне:
- Белсенділік іс-қимылын толығымен өзінің экономикалық және заң алдында жауапкершілігіне толық бағындыра алатын адамдар, яғни кәсіпкерлер;
- Кәсіпкерлердің ұжымы және кәсіпкерлік бірлестіктері;
- Кәсіпкерлер өндірген өнімді тұтынатын жеке не ұжымдық тұтынушылардың одақтары не бірлестіктері;
- Тікелей келісімге қатыстары бар мемлекеттік құрылымдар, кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік тапсырманы беруші, бағаны реттеуші, мемлекеттік арнайы тапсырмасы арқылы жұмыс атқару кезеңінде кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктердің бағытын белгілеу жатады. Мемлекеттік құрылым органы кәсіпкерліктің жеңілдіктердің бағытын белгілеу жатады. Мемлекеттік құрылым органы кәсіпкерліктің заңды барлық іс-әрекеттеріне кепілдік көрсете алады.
Аты аталған субъектілердің бірнеше категориясына өзара іскерлік қатынастар арқылы, жұмыс қатынастары арқылы жұмыс жүргізетін кәсіпкерлер жатады.
Кәсіпкерлер - негізгі қызметтің субъектісі, экономикалық процестің орталық бейнесі. Ол қоғамдағы керекті тауарлар мен қызмет үшін, одан пайда табу үшін, кәсіпорындарды ұйымдастырады. Бұл процесс кәсіпкерлерден және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің іскерлік байланыс жасау арқылы іске асады.
Фирма - бұл осы кәсіпорындағы шаруашылық қызметтерді жүргізетін және иемденетін ұйым. Жеке фирма өзіне бір немесе бірнеше кәсіпорындарды кіргізе алады, ал фирмалар көп кәсіпорындарды қосады, олар «тік», «көлбеу» немесе кангломерат бірлестіктері түрінде бола алады.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің арасындағы жаңа комбинацияларды орындауда, белгілі экономикалық жүйелер теориялық бағытта бекітілуі керек.
Субъектілердің ішкі қатынасы олардың сыртқы ортамен, яғни сыртқы әлемнің әсер етуіне байланысты сынақтан өтеді. Адамдар қоғамдарының әлеуметтік жағдайы, өндірістік жағдайы, өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары үнемі айналымдағы өзгерістерді зерттейді (өткізу нарығы, бәсекелердің тәртібі, баға динамикасы, жеткізушілер мен серіктестердің сенімділігі) және өздерінің ұйымдарының басқару жүйесін жетілдіреді. Осыдан біз мынандай тұжырымдарға тоқталамыз.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің ішкі қатынасы неғұрлым өзгеріп отыруы мүмкін және әртүрлі өзгермелі факторларды сипаттайды: ұйымдардың қызметтерінің мақсаты немесе оның әртүрлі жеке бөлімдерінің құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни бұл жағдайда ұйымның құрылымын бір мақсатта, не бір бағытта өзгертуге тұра келеді. Осы мәселеден жаңа мақсаттардың туындануына байланысты, жаңа тапсырмаларды немесе технологияларды өзгертуге алып келеді. Кез келген басқару модельінің басты қайнар көзі болып адамдар табылады және олардың өндіріс процесіндегі қарым-қатынас.
Субъектілердің ішкі қатынастарының ішіндегі негізгі ерекше орынды кәсіпорынның ұйымдық мәдениеті иеленеді. Ұйымдық мәдениет, тәртіп тек қана адамдар арасындағы қатынасты анықтап қоймайды, сыртқы орта мен сыртқы қатынастардың белгілі түрін анықтауға мүмкіндік береді. Сауда фирмаларының арасындағы ішкі микроклимат тыныштықта қалыптасса, онда сатып алушылардың араларында ешқандай кері әсерлер туындамайды. Бәсекелестік күресте қол жетпейтін әдістерді қолданбауға тырысады.
Жоғарыда аталған ксәіпкерлік қызметтің субъектілердің ішкі қатынастарын жекелеп көрсетейік.
Кәсіпкер ғана кәсіпкершілік шешетін қызметтер кешенін жүзеге асыра алады. Негізгі орындайтын қызметтері:
- Инициативті тәуекелділік және шешім қабылдау;
- Шығармашылық жаңа идеялар қабылдау және орындау;
- Ресурстарды, материалдарды, еңбек, қаржы рсеурстарын мобильдеу;
- Ұйымдастырушылқ көп пропорцияда ресурстарды қосу және ұтымды пайдалану;
- Жаңашылдық өнімді, технологияны, өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға, жаңартуға қабілеттендіру;
- Қоғамдық - экономикалық игіліктегі халықтың сұранысын зерттеу оны қанағаттандыру;
Кәсіпкерлер өздерінің қызмет ету процесінде іскерлік қатынастарға түседі және нарық экономикасындағы басқа субъектілермен байланысқа түседі. Қазіргі кәсіпкерлік нарық экономикасы дамыған елдердің айырмашылығы бұрыңғы жүзжылдықта негізін салғандардың үлгісі бойынша. Қазіргі кәсіпкерлер сағтын үштен екісін адамдармен жұмысқа және бақылауға, мамандарды оқытуға, жаңа жағдайлардың туындауына байланысты кәсіпорындарды қайта ұйымдастыруға кетеді. Сондықтан кәсіпкер өзінің дайындығында белсенді әдістерді, іскерлі ойындарды компьютердің көмегімен, жаңа үлгілерді қоғау және өңдеуді ескергені жөн.
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүддемен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, жекеленген жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайда, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұра серігі - тәуекелдік қауіп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткені тәуекелділік, жүргізілген болжаммен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.
Экономикалық ойлаудың ерекше типі ретінде кәсіпкерлік практикалық қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен пікірлердің жиынтығын сипаттайды.
Жекелеген ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашылық өнері, табыс табу барысында тәуекелге бел буу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шеберлігі ретінде көрсетеді. Демек кәсіпкерлікті жұмыс түрі ретінде ғана емес, тұлғаның ақылы мен қасиетінің қоры, ерік-жігері, жеңіске жетуге деген ынтасы еңбектің ерекше шығармашылық сипаты тұрғысынан қараған абзал.
Шаруашылық жүргізу тәсілі ретіндегі кәсіпкерлік үшін басты шарт - шаруашылық тұлғалардың тәуелсіздігі, дербестігі. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет түрін таңдау; бизенс жоспар құру, қаржыландыру және оны жүзеге асыру; өнім өндіру, оған баға белгілеу және оны өткізу; пайданы қолдау тәрізді еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтығының болғаны дұрыс.
Жалпы нарық процесіндегі басты тұлғалар кәсіпкерлер десек, ол өз кезегінде қарамағындағы мүліктерді заңды негізде пайдалану жөнінде өзінің бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез келген әрекет жасауға құқықты заңды тұлға және жеке азамат. Бірақ ол шешімдер қолданылып жүрген заңнамалық құжаттарға қайшы келмеуге әрі белгіленген мүліктік немесе басқа да жауапкершілік пен қамтамасыз етілуге тиісті.
Кәсіпкердің талабы мен ұмтылысы жемісті болу үшін:
- тәуекелге бел буа білуі;
- нарықта кезігетін кез келген жағдайларға дайын болуы;
- ұйымдастыру барысы мен технология жаңалықтарын еңгізе отырып,
жаңа жолдар мен әдістер жасау;
Кәсіпкерлік дамуының әлеуметтік саладағы бағыттары халықтың тауарлар мен қызметтер жөніндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру және халықты жұмыспен қампту, табиғатты ұтымды пайдалану және табиғатты қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік қызметі халықтың бір бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Ендеше бұл кәсіпкерлікті еңбек ететін жұмысшылардың және кәсіпкерлердің қызметі олардың өмір сүру құралы болып табылады.
Кәсіпкерлік бірнеше нышандардан тұрады, нақты айтсақ, тұлға Кәсіпкерлігі және бірлескен кәсіпкелік. Өз тарапынан бірлескен кәсіпкерліктің екі түрі бар: отбасы меншігіне негізделген кәсіпорын және бірнеше жеке тұлғалардың алга қойган мақсаттарына жетуіне байланысты «жәй серіктестік» құрып бірігуі .
Кәсіпкерліктің тұлға кәсіпкерлігі нышанын жүзеге асырушы адам іскерлікті өз атынан жүргізеді және бизнесті өзі басқарады, барлық материалдық шығындармен өзі жабдықтайды және барлық жауапкершілікті өзі мойнына алады. Ал бірлескен кәсіпкерлік нышанын жүзеге асурушылар ортақ - үлестік меншікке, яғни отбасы мүшелерінің үлестік меншігіне және « жәй серіктестіктің» үлестік қоры аркылы құрылған меншікке негізделеді.
Отбасы меншігіне негізделіп құрылған отбасы бизнесі қазіргі таңда, шет елдердің тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, ел экономикасының дамуына айтарлықтай дәрежеде өз үлестерін қосып отыр. Айталық, Ұлыбританиядағы барлық әрекет ететін фирмалардың 75%-ын отбасылық бизнес және де отбасылық бизнестегі еңбек ресурсы елдегі тұрғындардың жартысын құрайды. Еуропалық кіретін елдердің отбасылық фирмалары барлық әрекет ететін кәсіпорынның 85% -ын, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% -ын құрайды. Отбасы бизнесі, көбіне бөлшек саудада, қоғамдық тамақтандыру орындарында, шаруашылық қожалықтарында, қызмет көрсету саласында жүзеге асырылады.
Кәспкершіліктің қайсы бір нышаны болмасын олардың қалыптасып дамуы рынокты экономикалық ортаның маңызды факторы болып табылады. Кәсіпкер өзінің табысын жоғарылату арқылы қоғамға қажетті тауарлар өндіреді және қызметтер ұсынады. Сонымен қатар кәсіпкер басқа кәсіпорындардың өзіне қажетті тауарлары мен қызметтерін пайдаланып, олардың да дамуына мүмкіндік жасайды. Және де барлық кәсіпкерлер салық төлеу арқылы бюджетке өз үлестрін қосады. Жұмыс орындарының осы салада көбеюі салық салу объектілерінің көбеюімен бара-бар. Ал салық - бюджет саласында еңбек ететіндердің жалақысының негізгі көзі болып табылатындығы өзімізге белгілі. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламарды қаржыландыру да осы бюджет арқылы орындалады. Салықтардың бюджетке келіп түсу деңгейі үкіметтің басқару тиімділігін көрсетеді. Демек, меншік негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің дамуы қоғам байлығының ұлғаюына тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.
Өркениетті елдердің дамуының негізі осы кәсіпкерлік болып табылады. Жеке меншігі дамыған елдеоде кәсіпкерлік қызметке қолайлы әлеуметтік - экономикалық орта құрылған және де олар экономикалық жетістіктерге жетіп, өз азаматтарының өмір сүру деңгейін жоғарылатқан. 1970 - 1980 жылдардағы ғылыми техникалық революцияның жеткен жетістіктері капиталистік елдерде кәсіпкерліктің жедел дамуына себепші болды. Осыған байланысты кадрларды дайындаудағы білім деңгейі жоғарылады, елдер мен аймақтар арасындағы өзара ақпараттық, іскерлік, сауда байланыстары қоғамда күшейіп, әлеуметтік өзгерістер енді.
Кәсіпкерлік ісінің жеделдетілуі экономикасы жоғары дамыған елдер мен бірқатар дамушы елдер экономикасында да көрініс тапты. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тән бұл бағыттар да біздің елге қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлерге жан-жақты жағдайлар жасалына бастағанына өзіміз куә болып отырмыз. Оның заңды негіздері тұрғысындағы базасы жылдан - жылға күшейе түсуде.
Кәсіпкер - қоғамдағы әлеуметтік - эконмикалық өмірдің негізгі субъектісі болып есептеледі. Қазіргі уақытта қоғам өміріндегі басты бағымыз -әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру. Осыған орай Қазақстан Президенті елімізде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын атап көрсетті. Өз тәжірибемізден байқағанымыздай, экономикалық еркіндіктің жоқтығы адамның құлшынды бастамасын, өз бетінше шешім қабылдауын, өз өмірінің қожасы болуына шек келтіреді.
Жеке мешік қатынасының тиімді әрекет етіп дамуы осы маншік негізінде өз іскерлігін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің тұрмыс деңгейлерін, яғни олардың табыстарының жоғарылауына мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпкер өзінің еңбекқорлығы арқылы қандай да бір іс-әрекетпен айналысу нәтижесінде барынша тұрақты табыс табуға мүдделі болғандықтан, олар өздерінің кәсіпкерлік өсу деңгейін көтеру үшін барлық күш жігерін жұмсауға тырысады. Осылардың нәтижесінде олар өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартып, төлем қабілеттерин арттыруға мүмкіндік алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz