ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЖЕТІЛДІРУ (Қарағанды облысының мысалында)
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық қайта құруларға және экономиканың жаңа сапалы ахуалға көшу тиімділігінің басты және анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясымен анықталған негізгі жеті бағыттарының бірі - инвестиция тарту осы экономикалық басымдықтың шарты болып табылады. Осы басымдықты іске асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қаражаттарды тарту, осындай даму траекториясына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңартуды білдіреді, Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір салаларды көтеруге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол жеткізе алды.
Осы мәселені шешу, бәрінен бұрын, экономикалық өсу сияқты, сондай-ақ инвестиция ретінде теориялық пайымдауды талап етеді. Теориялық модельдер мен экономикалық өсу және инвестицияларды зерттеудің практикалық маңызы зор, өйткені олар теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, онда белгіленген уақыт ішінде елді мемлекеттік реттеу бағдарламасы негізделеді. Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің теориясы мен практикасы өзара тығыз байланысты, соңғысы экономикалық теорияның дамуы арқылы нығайтуды талап етеді.
Қазақстанда экономиканың нақты секторын инвестициялау қаржы ресурстарын жоспарлы кезеңде орталықтан шоғырландыру және бөлудің көмегімен жүзеге асырылды. Әміршіл-кімшіл жүйенің және оған тән реттеудің дерективті әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке инвестициялық-қаржылық мекемелер түріндегі орталықтандырылмаған қаржыландыру институттары ауыстыруы тиіс еді. Іс жүзінде осындай ауысу болмады.
Қазақстан Республикасы кейінгі жылдарда көптеген қиындықтарды жеңе отырып, елеулі экономикалық табыстарға жетті. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2003 жылдың соңында 30 млрд. АҚШ долларына жуықтап, оның жыл сайынғы өсімі кейінгі үш жыл қатарынан 10-13 % құрап отырды. Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен тұрақты әрі жүйелі түрде дами бастады. Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты тұтқасы, «тоқтап қалғаннан» экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен қайта құрылымдаудың негізгі шарты болды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЖЕТІЛДІРУ
(Қарағанды облысының мысалында)
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет салалары мен аялары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2008
Жұмыс Қазақ гуманитарлық-заң университетінде дайындалған
Ғылыми жетекші: - экономика ғылымдарының
докторы
Тоқсанова А.Н.
Ресми оппоненттер: - экономика ғылымдарының
докторы
Кемел М.
- экономика ғылымдарының кандидаты
Жұманова Б.К.
Жетекші ұйым: - Л.Н. Гумилев атындағы
Евразиялық
ұлттық университет
Қорғау 2008 жылы 26 қыркүйекте сағат 14.30-да Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университетінің жанындағы экономика ғылымдарының докторы
(кандидаты) ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі ОД 14.08.01 Диссертациялық
кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 010008, Астана қ., Жұбанов көш., 7, конференц-
зал
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда
университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 010008, Астана
қ., Жұбанов көш., 7.
Автореферат ____ ____ 2008 ж. таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысының м.а.,
экономика ғылымдарының докторы
Ж.Қ. Бопиева
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық қайта
құруларға және экономиканың жаңа сапалы ахуалға көшу тиімділігінің басты
және анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына
қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму
стратегиясымен анықталған негізгі жеті бағыттарының бірі - инвестиция тарту
осы экономикалық басымдықтың шарты болып табылады. Осы басымдықты іске
асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қаражаттарды тарту, осындай даму
траекториясына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңартуды білдіреді,
Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір салаларды көтеруге,
сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол
жеткізе алды.
Осы мәселені шешу, бәрінен бұрын, экономикалық өсу сияқты, сондай-ақ
инвестиция ретінде теориялық пайымдауды талап етеді. Теориялық модельдер
мен экономикалық өсу және инвестицияларды зерттеудің практикалық маңызы
зор, өйткені олар теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, онда
белгіленген уақыт ішінде елді мемлекеттік реттеу бағдарламасы негізделеді.
Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің теориясы мен практикасы өзара тығыз
байланысты, соңғысы экономикалық теорияның дамуы арқылы нығайтуды талап
етеді.
Қазақстанда экономиканың нақты секторын инвестициялау қаржы ресурстарын
жоспарлы кезеңде орталықтан шоғырландыру және бөлудің көмегімен жүзеге
асырылды. Әміршіл-кімшіл жүйенің және оған тән реттеудің дерективті
әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке инвестициялық-қаржылық мекемелер
түріндегі орталықтандырылмаған қаржыландыру институттары ауыстыруы тиіс
еді. Іс жүзінде осындай ауысу болмады.
Қазақстан Республикасы кейінгі жылдарда көптеген қиындықтарды жеңе отырып,
елеулі экономикалық табыстарға жетті. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ)
2003 жылдың соңында 30 млрд. АҚШ долларына жуықтап, оның жыл сайынғы өсімі
кейінгі үш жыл қатарынан 10-13 % құрап отырды. Елдің экономикалық жүйесі
тәуелсіздікті алумен және экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен
және инвестицияларды тартумен тұрақты әрі жүйелі түрде дами бастады.
Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты тұтқасы, тоқтап қалғаннан
экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен қайта құрылымдаудың
негізгі шарты болды.
Сыртқы байланыстарды орнатуға және инвестицияларды кең ауқымда тартуға
бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп, шикізат өндіруді
ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге валюталық қорды толықтыруға, теңгені
нығайтуға, оның өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. Қазақстан -
2030 Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында қойылған міндеттерді
шешу және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму
стратегиясына сәйкес, 2015 жылға болжам – жалпы ішкі өнімді 2000 жылмен
салыстырғанда 3,6-3,9 есеге арттыру мәселесі көзделген.
Қазақстанның инновациялық, индустриялық және технологиялық дамуының, ұлттық
өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты инвестициялық
қызметті белсендіру болып табылады, шетелдік сияқты ішкі инвестициялық
ресурстарды қолдана отырып, экономиканың нақты секторындағы салымдар
ауқымын әжептәуір кеңейту қажет.
Инвестициялық саладағы ел аймақтарының, оның ішінде Қарағанды облысының,
басты бағыттарының бірі экономикалық ахуалды жақсарту үшін жағдайлар жасау,
қаржылық және нақты секторлардың өзара байланысын нығайту негізінде
инновациялық өндірісті дамытудағы инвестицияның сапалық өсуіне бағытталған
тиімді ұлттық инвестициялық үдерісті жетілдіру қажет. Облыс бойныша
инвестициялаудың басымды салаларымен қатар тау-кен, металлургия, металл
өңдеу және қайта мамандандырылған машина жасау болып табылады.
Қазіргі уақытқа дейін депрессиялық тұрақтылықтан жаңа технологиялар
базасында ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатуға табысты көшу үшін талап етілетін
қаржылық және нақты секторлар институттарының өзара іс-қимылы қалыптастыру,
аймақтарда инвестициялық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол
жеткізуге бағытталған тиісті механизмдер құру көзделуде. Мұның барлығы
зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасының және Қарағанды облысының
инвестициялық нарығы және инвестициялық үдеріске қатысатын институттар мен
нысандар нақты объектілер ретінде алынған.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайындағы
инвестициялық үдеріс қатысушыларының экономикалық қарым-қатынасы.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мемлекеттің инвестициялық үдерісін
жетілдіру шеңберінде экономиканың қаржылық және нақты секторларының өзара
әрекетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу және қаржы
капиталының экономиканың нақты секторына құю тетігін жетілдіру ғылыми
негіздеу.
Көзделген мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- инвестициялар теориясының генезисін зерттеу;
- инвестициялық үдерісті жетілдіру тұрғысынан экономиканың нақты және
қаржылық секторларының өзара іс-әрекетінің кейбір теориялық қырларын
зерттеу;
- нақты және қаржылық секторларының түбегейлі экономикалық өзгерістер
жағдайындағы өзара әсерінің институттары мен тетіктерінің даму
тұжырымдамасын зерттеу;
- әлемдік тәжірибені зерттеуді негізге ала отырып Қазақстан үшін қолдануға
болатын қаржылық институттардың жинақтарын экономиканың нақты секторының
инвестицияларына аудару жолдарын іздеу;
- Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі инвестициялық үдеріске талдау
жүргізу;
- инвестицияны тарту стратегиясындағы маркетингтік қызметтің мәнін
негіздеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік инвестициялық саясатты
қалыптастыру мен оның тиімділігін арттыру мәселесін түрлі экономикалық
мектептер зерттеген. Бүгінгі таңда зерттеліп отырған мәселеге отандық және
шетелдік ғалым-экономистер үлкен көңіл бөлуде.
Инвестициялық үдерістердің мәні мен заңдылықтарын түсінуде П.Алмейда,
Т.Амблер, Б.Бернанке, Й.Ворст, М.Гетлер, С.Гилхрист, Дж.Доси, Х.Иши,
Дж.М.Кейнс, Б.Когут, Х.Мински, К.Перес, П.Л.Робертсон, О.Уильям-Сон,
С.Фримен, Ф.Хайек, П.Хейне, Й.Шумпетер, Т.Эггертсон және т.б. сияқты
ғалымдардың еңбектерін зерделеуде атқарған рөлі елеулі.
Р.К.Айдарова, Е.Б.Аймагамбетов, С.С.Айсагалиева, А.А.Алимбаев,
Я.А.Аубакирова, Ш.С.Ахметова, А.Баталов, У.Баймұратов, Б.Иришев, К.Назаров,
Н.К.Кучукова, М.Б.Кенжеғозин, А.К.Қошанов, Н.К.Мамыров, Н.К.Нұрланова,
М.Ж.Садықова, Ғ.С.Сейітқасымов, С.Сатыбалдин, А.Н.Саханова,
А.Ж.Сұлтанғазин, А.Н.Токсанова, А.К.Тұрғұлова, У.К.Шеденов, А.А.Таубаев,
Б.К.Жұманова, Ж.Е.Шымшықов сияқты қазақстандық ғалым-экономистердің
еңбектері ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырды.
С.Г.Божук, В.В.Бочаров, А.С.Булатов, К.Волынкин, С.А.Глазьев, Г.Григор,
Н.Иванова, В.Кабалина, С.Кларк, Л.Н.Ковалик, А.Костенко, В.Маевский,
Я.В.Сергиенко сияқты ресейлік экономистердің еңбектері осы мәселенің түрлі
қырларына арналды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін жетекші ғалым-
экономистердің зерттеулері мен еңбектері құрайды. Зерттеу жүйелі тәсіл,
үдерістерді қисынды үлгілеу қағидаларына сүйеніп жасалған. Қойылған
міндеттерді шешу үшін зерттеудің жүйелілік, факторлық, салыстырмалы,
графикалық, әлеуметтік талдау тәсілдер, экономикалық үдерістің
статистикалық талдау әдістері қолданылды.
Ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Ресупубликасының заң актілері,
Үкіметтік қаулылар, мемлекеттік, соның ішінде статистикалық органдардың
мәліметтері және есептік деректері, нормативтік құжаттары, түрлі деңгейдегі
ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары және т.с.с пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мыналар зерттеудің мәнді нәтижелері болып
табылады:
1. инвестицияның жіктелуі белгілік сипаттарымен негізделген;
2. әлемдік тәжірибені талдау негізінде инвестициялық үдерістің
жетілдіру бағыттары анықталған;
3. инвестициялық үдерістің қатысушылары арасындағы өзара
әрекеттестігі мен реттеу сызбанұсқасы ұсынылған;
4. Қарағанды облысы кәсіпорындарының инвестициялық үдерісіне әсер
ететін факторлары анықталған;
5. аймақта маркетингтік зерттеуді жүргізудің институционалдық
тетіктері (механизмі) ұсынылған;
- Қарағанды облысында инвестициялық үдерісті болжау үлгісі (моделі)
жасалған.
Қорғауға келесідей ғылыми тұжырымдар шығарылады:
- инвестиция және инвестициялық үдеріс түсініктерінің нақтыланған
авторлық анықтамалары;
- Қазақстандағы инвестициялық нарықтың даму үдерісін кешенді зерттеу
нәтижелері және оның Қарағанды облысында қалыптасу ерекшеліктері;
- инвестициялық үдерісті мемлекеттік реттеуді жетілдіру ұсыныстары;
- Қарағанды облысы инвестициялық нарығын зерттеу SWOT-талдау негізінде
облыстың инвестициялық үдерісін арттырудың күшті және әлсіз жақтары, сондай-
ақ өңірдегі инвестициялық сұранысты активтендіру жөніндегі қатерлер мен
жетілдіру жолдары;
- әлемдік тәжірибені зерттей отырып, Қазақстан үшін ұзақ мерзімді орнықты
өсу қарқынын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында макро және микро
деңгейде қаржы институттарының инвестициялық жинақтарын экономиканың нақты
секторына құю жолдары;
- Қарағанды аймағының индустриалды-инновациялық дамуына бағытталған
Аймақтық маркетингтік ақпараттық жүйе;
- Қарағанды облысы өнеркәсіптік кәсіпорындарының қазіргі қолданыстағы
экономикалық-математикалық болжау үлгісі (моделі) негізінде 2015 жылдарға
серпінді болжам көрсеткіштері.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Инвестициялар теориясының
генезисін, инвестициялық үдерісті жетілдіру тұрғысынан экономиканың нақты
және қаржылық секторларының өзара әрекетінің теориялық қырларын зерттеу
және инвестицияның, инвестициялық үдерістің даму ерекшеліктерін
зерделеудегі ғылыми жаңалық нәтижелерін Қазақстанның экономикасына
инвестицияның әрқалай түрлерін тарту және тиімді пайдалану мәселелерімен
айналысатын министрліктер, ведомстволар және департаменттердің қолдануы
мүмкін. Диссертацияның материалдары Экономикалық теория, Экономиканы
мемлекеттік реттеу, Макроэкономика т.с.с. пәндерді оқытуда қолданылуына
болады.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Қазақстан Республикасының аймақты дамыту
бағдарламарын құрастыруда да қолданылуына болады. Автордың негізделген және
берілген ұсыныстары инвестициялық үдерістің тиімділігін арттырады және
қаржы институттарының жинақтарын инвестицияға аударуды күшейтеді.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы. Диссертацияның негізгі
нәтижелері мен қорытындылары Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университетінде, Көкшетау экономика және менеджмент институтында, Қазақ
гуманитарлық-заң университінде өткен халықаралық, республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияларда, Экономикалық зерттеулер институты АҚ
өткізген халықаралық экономикалық Форумында жұртшылық талқылауына ұсынылды.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы диссертациялық зерттеудің
ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Зерттеу нәтижелерін басылымдарда жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша
жалпы көлемі 3,5 б.т. 9 ғылыми мақалалар, оның ішінде 5 – халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, 4 - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын
бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі жүргізілген зерттеудің қисынымен
анықталды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Экономикалық өсу және инвестициялау мәселелерін зерттеу толығымен экономика
ғылымында әрдайым басты назарда тұрады. Бұл өндіріс жүйесіндегі базалық рөл
инвестицияларға тиесілі екендігімен, өндірістік ресурстардың жаңаруымен
және көбеюімен, демек, экономикалық өсудің жоғары қарқындарын қамтамасыз
етуімен байланысты. Стратегиялық аспектіде инвестициялар еліміздің даму
және экономиканы жетілдіру, бәрінен бұрын ішкі және әлемдік нарықта отандық
өндірістің орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу және бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың барлық кешенді мәселелерін шешуді анықтайтын
басты звено ретінде танылады.
Экономикадағы инвестиция рөлі мен мәні олардың экономикалық маңызымен
анықталады. Жиынтық шығындардың негізгі құраушысы бола отырып инвестициялар
жиынтық сұранысқа елеулі ықпал етеді, нәтижесінде ұлттық өндіріс пен
халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.
Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және экономиканың нақты
секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен тұрақты әрі
жүйелі түрде дамып келеді. Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты тұтқасы,
тоқтап қалғаннан экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен
қайта құрылымдаудың негізгі шарты болды. Инвестицияларды, оның ішінде
шетелдік және ішкі қаражаттарды тиімді пайдалану жоғары технологиялы және
бәекеге қабілетті экономиканың қалыптасуының негізін қалайды. Елімізде
үдерістің дамуы қазіргі жағдайда экономиканың өсу деңгейімен сипатталады.
Оларды ұтымды пайдалана отырып Қазақстан өзінің келесі даму фазасына жетті.
Халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша Қазақстанда халықтың тұрмыс
жағдайының деңгейі артты.
Ғылыми, экономикалық әдебиетте инвестиция ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Кейбір авторлардың материалдарында инвестициялар әр түрлі активтерге
(материалдық және материалдық емес) қаржы ресурстарын салу ретінде,
басқаларында – ақшалай қаражат шығындарын өндіруге бағытталғандар ретінде
қарастырылады, олардың көмегімен капиталды қолдайды және кеңінен
таратылады. Үшіншілері табыстарды жәненемесе әлеуметтік нәтижелерді алу
мақсатында кәсіпкерлік пен өзге қызмет құндылықтарының барлық түрлері,
мүліктік пен зияткерлік объектілеріне салуды ұсынады. Көптеген авторлардың
еңбектерінде күрделі қаржы жұмсалымы мен инвестициялар арасында айырмашылық
берілмейді, ал ғалымдардың бір тобы инвестициялар деп олардың нысаналы
бағыттылығына қарамастан, кез келген қаражат жұмсау деп түсінеді.
Біз қарастырылып отырған санатты былай анықтауды ұсынамыз: Инвестициялар –
бұл кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қаражатты (ақшалай, мақсатты банк
салымдарын, пайларды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды) кеңейтуге
жәненемесе жаңартуға, сондай-ақ технологиялар, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар (оның ішінде тауар таңбаларына, кредиттер), тікелей немесе
жанама салым, сондай-ақ кіріс (пайда) алу және оң экономикалық және белгілі
бір уақыт кезеңінде әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында кез
келген басқа мүлікті немесе мүліктік немесе мүліктік емес құқықты,
зияткерлік және моральдік құндылықтарды салу болу табылады.
Қосымша қаржы салу (инвестициялар) қосымша табысты алу мақсатында жүзеге
асырылады. Бұл ретте қаржы салудың бір бірлігіне қайтарым келтірілген
шығындардан артық болса ғана мұндай қаржы салу қосымша табыс әкеледі.
Сонымен қатар, инвестиция мөлшері елде жасалған ЖҰӨ жалпы көлеміне, жалпы
экономикалық белсенділікті ынталандыратын халық табысының көлеміне
байланысты. Кәсіпорын (фирма) жеткілікті мөлшерде өнім шығаратын жағдайда
оларды кеңейтудің мәні жоқ. Бұл жағдайда инвестиция төмен деңгейде болады.
Инвестиция мәнін қарастыру кезінде олардың жіктелуіне және инвестициялық
үдерістің мақсаты мен дамуына тоқталған жөн. Экономикалық әдебиетте
ұсынылған инвестиция типтері бір-бірінен ерекшеленеді (тек толықтығымен
ғана емес). Жіктелу 2-суретке сәйкес біршама кең (бәрін қамтитын) типте
ұсынылған.
Дамудың қазіргі заманғы сатысында инновациядағы инвестицияны
инвестициялар жіктеуіне енгізу өзекті болып табылады. Әртүрлі экономикалық
санаттар болып табылатындығына қарамастан инвестициялар мен
инновациялар бір-бірімен тығыз байланысқан.
Иинновациядағы инвестицияның мынадай түрлерін бөліп көрсету ұсынылады:
- өнімді инновациядағы инвестициялар – жаңа өнімдер шығаруды білдіретін
және ең кеңінен тараған инвестициялар, бұл ретте жаңа өнімді шығару
технологияны өзгертпестен және жаңа құрал-жабдықпен жүзеге асырылуы мүмкін.
- технологиялық инновациялардағы инвестициялар – моральдық ескірген және
тозған құрал-жабдықты ауыстыруға және ескі құрал-жабдық есебінен өсу
резервін тауысу нәтижесінде материалдық-техникалық базаны кеңейтуге
бағытталған инвестициялар, сондай-ақ өндіріс процесін жетілдіру,
ресурстарды алмастыру, бөлу, үнемдеу және экологиялық нормалар мен
талаптарды сақтау мақсатында технологиялық жаңа енгізулерге салынатын
инвестициялар.
Жалпы қоғамның және оның әрбір шаруашылық субъектілерінің дамуы материалдық
құндылықтарын кеңейтілген түрде ұдайы өндіруге, ұлттық мүлікті арттыруды
және табысты қамтамасыз етуге негізделген. Бұл даму инвестиция салу немесе
инвестициялауды қамтитын инвестициялық үдеріс
2 сурет – Инвестициялардың негізгі түрлерінің жіктелуі
болып табылады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық үдеріс кәсіпкерлік негізінде нәтижеге жету,
пайда (табыс) табу мақсатында инвестиция нарығында шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылады. Инвестициялық үдерістер қоғамдық
өндірістің маңызды элементтері болып табылады. Бұл еңбек қаражатын табиғи
тозу үдерісінде шығатын еңбек қаражатын алмастыру ғана емес, сонымен бірге
өндірістің қуаттылығын, оның ішінде ең жоғары сапалы деңгейде ұлғайту,
халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету.
Инвестициялық үдерістің мәні бойынша белсенділігін экономиканың өміршеңдігі
айқындайды. Капиталды қайта кеңейтіп өндіру үдерістері тиімдірек
жүргізілсе, еліміздің өндірістік аппараты мен әлеуметтік инфрақұрылымы
ойдағыдай дами түседі.
Жалпы алғанда, инвестициялық үдеріс – яғни кім ақша ұсынса (уақытша еркін
қаражаты барлар), кім сұраныс жіберсе (оларға көрсетілетін қажеттілік)
осылардың орнына қолданылатын мәліметтер тетігі. Тараптардың екеуі де
әдетте, инвестициялық нарықта тұлғалар арасында (мемлекет, заңды, жеке
тұлғалар, институттар және т.б.) мәміле жасау, келіссөз жүргізу, сұранымы
мен ұсынысы бойынша мәселелерді шешу үшін кездеседі.
Инвестициялық үдеріс – белгілі бір уақыт аралығында сұраныс, ұсыныс пен
қажеттілік негізінде инвестициялар өндірістік қорлардың тиімді
қолданылуына, болашақ жетілдірілуіне және жағдайдың жақсаруына ықпал ететін
күрделі, серпінді дамып отыратын әлеуметтік-экономикалық жүйе.
Инвестициялық үдерістің мақсаты және даму механизмі 3-ші сызбанұсқада
берілген.
Ескерту – құрастырған автор
3 сурет - Инвестициялық үдерістің мақсаты және даму механизмі
Еліміздің инвестициялық үдерісін мемлекеттік реттеудің басты мақсаты
нормативтік-заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мен тиімді инвестициялық
жобаларды мемлекеттік қолдау негізінде капитал салымдарын қаржыландырудың
бюджеттен тыс көздерін кеңейту мен жеке меншік отандық және шетел
инвестицияларын тарту үшін қолайлы орта құру болып табылады.
Ескерту – құрастырған автор
4 сурет – Мемлекет пен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекет пен инвесторлар арасындағы іс-
қимылдар нарықтық механизм арқылы жүзеге асырылуымен байланысқан жағдайда
инвестициялық үдерістің жандануы біршама оң нәтижеге жетеді.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында отандық нарыққа шетелдік
инвесторларды тарту инвестициялық саясаттың басымдықтары болып табылды.
Қаржыландыру көздерінің инвестициялары 1996 жылғы 14,7%-дан 1997-1998
жылдары 8,4% дейін жетті. Егер соңғы 15 жыл ішіндегі инвестициялар көлемі
қарқынын байқайтын болсақ, келесідей суретті көреміз: 1992-1997 жылдар -
құлдырау; 1998-2002 жылдар – инвестициялаудың өсуі; 2003 жылдан осы кезеңге
дейін (2007 ж.) - өсу қарқынының тұрақтануы.
Экономиканың тұрақты дамуы алғы шарты жасалды. Негізгі капиталға инвестиция
жұмсау көлемі өсті. Мысалы, 2003 жылы негізгі капиталға шамамен 1327,9
млрд. тенге инвестиция тартылса, 2007 жылдың қорытындысы бойынша елдегі
негізгі капиталға 3234,2 млрд. тенге инвестиция тартылды, яғни инвестиция
көлемі 2 еседен артқан (1-кесте). Қазақстан бойынша негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың артқаны байқалады
1 кесте – Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар
2003 2004 2005 2006 2007*
Барлы-ғҮлес Барлы-ғҮлес Барлы-ғҮлес Барлы-ғҮлес Барлы-ғҮлес
ы, млн.салмаы, млн.салмаы, млн.салмаы, млн.салмаы, млн.салма
тенге - тенге -ғы, тенге -ғы, тенге -ғы, тенге -
ғы, % % % % ғы, %
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Қазақстан 3234193
Республикасы1327864100,01703684 100,02420976100,02824523100,0 100,0
Ақмола 15809 1,2 24428 1,4 38189 1,6 44059 1,6 96852 3,0
Ақтөбе 115842 8,7 130987 7,7 184130 7,6 187090 6,6 221056 6,8
Алматы 49020 3,7 56687 3,3 99501 4,1 112414 4,0 134588 4,2
Атырау 338521 25,4 447424 26,3 713681 29,5 727635 25,8 742735 23,0
Батыс 28034
Қазақстан 125093 9,4 89018 5,2 91860 3,8 106626 3,8 3,9
Жамбыл 32675 2,5 18062 1,1 22182 0,9 25553 0,9 157336 0,9
Қарағанды 67157 5,1 96650 5,7 125540 5,2 134157 4,7 144023 4,4
Қостанай 29279 2,2 42582 2,5 56074 2,3 63831 2,3 87551 2,7
Қызылорда 53093 4,0 42900 2,5 61471 2,5 66455 2,4 95513 2,9
Маңғыстау 75384 5,7 100518 5,9 143108 5,9 229755 8,1 206732 6,4
Оңтүстік 110634
Қазақстан 31221 2,4 45231 2,7 64939 2,7 84542 3,0 3,4
Павлодар 33473 2,5 41213 2,4 64072 2,7 120019 4,2 118608 3,7
Солтүстік 39928
Қазақстан 12353 0,9 18186 1,1 37229 1,5 34328 1,2 1,2
Шығыс 125683
Қазақстан 44840 3,4 50748 3,0 82197 3,4 116054 4,1 3,9
Астана қ. 137863 10,4 220560 12,9 274746 114 354583 12,6 436902 13,5
Алматы қ. 166241 12,5 278490 16,3 334159 13,8 417422 14,7 488018 15,1
Ескерту – ҚР Статистикалық агенттігі мәліметтері бойынша жасалған, Алматы, 2007.
422-б. * ҚР Статистикалық агенттігі алдын-ала (02.2008ж) мәліметтеріне сәйкес
жасалған
Кестеде келтірілген Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден Қарағанды
облысында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003-2007 жылдар
арасында 67,2 млн. тенгеден 2007 жылы 144,0 млн. тенгеге жуық тартылған,
яғни 3 еседен аса артқанын байқаймыз. Алайда өткен жылдармен салыстырғанда
республика бойынша инвестиция көлеміндегі үлес салмағының төмендеуі
байқалады.
2-кестедегі мәліметтерден жалпы Қазақстанға, соның ішінде Қарағанды
облысына соңғы үш жылда қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың көлемін байқаймыз.
Шетел инвестицияларын тарту 2005-2007 жылдарда сәйкесінше 23,9%, 20,2%,
18,0% құрады. Қарағанды облысына тартылған шетел инвестицияларының көлемі –
39,4%, 13,0%, 58,6%. Сонымен қатар меншікті қаражаттарды тартудың артқаны
байқалады, яғни республика бойынша 2005ж. – 56,1%, 2006ж. – 56,7 %, 2007ж.
– 54,4%. Қарағанды облысында 2005ж. - 48,6%, 2006ж. – 69,0%, 28,7% құраған.
2 кесте – Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялар, %
Бюджет қаражатыМеншікті Шетелдік Тартылған
қаражат инвестициялар қаражат
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды және ішкі ел қаражаттарын
тарту объективті қажетті үдеріс болып табылады. Көптеген елдердің әлемдік
тәжірибесі шетелдік капиталдың ағыны және оны пайдаланудың мемлекеттік
реттеуін экономикаға оң әсер ететінімен көрсетеді. Инвестициялар
экономикалық дамудың орта және төменгі деңгейлі елдердегі жеке
кәсіпкерлікті қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі, нақты жобаларды
іске асыру, аралас компанияларды, несиелік капитал нарықтарын құру үшін
капиталдарды жұмылдырады. Бұдан, Қазақстанның экономикасының қаншалықты
табысты болатыны әлемдік шаруашылық байланыстарда бірігетін, дағдарысты
жеңу стратегиясы мен тактикасына байланысты болады.
Инвестицияларды ынталандыру және олардың пайдаланылуын қаржылық бақылау
үшін шетел инвестицияларын және ішкі ел қаражаттарын басқарудың ұйымдық
құрылымы мен осы құрылымның мамандары қолданатын құқықтық және экономикалық
құралдарды қамтитын сырттан көмек алу үдерісін мемлекеттік реттеу тетігін
жетілдіру; қатерді сақтандыру және қайта сақтандыру жүйесін жетілдіру;
шетелдік инвесторларды ақпаратпен сапалы түрде және уақтылы қамтамасыз ету;
басқа да бірқатар шараларды жүзеге асыру; ал ең бастысы – Қазақстанның
инвестициялық саясаты икемді,
прагматикалық және болып жатқан ішкі және сыртқы экономикалық құбылыстарға
сай болуы тиіс.
Қарағанды облысының экономикасына 2001-2007 жылдар ішінде негізгі капиталға
жалпы көлемі 560 млрд. теңгеден асатын инвестициялар салынған (1-кесте). 4-
суретке сәйкес 2000-2007 жылдар аралығында инвестициялар көлемінің қарқынын
байқауға болады.
4 сурет – Қарағанды облысының негізгі капиталына инвестициялар көлемі
Қарағанды облысы инвестициялық нарығын зерттеу негізінде SWOT-талдау жүзеге
асырылып, облыстың инвестициялық қызметін дамытудың күшті және әлсіз
жақтары, сондай-ақ өңірдегі инвестициялық сұранысты активтендіру жөніндегі
қатерлер мен жолдарды анықталды (3-кесте).
Қарағанды облысы инвестициялық нарығының әлсіз жақтары: өнеркәсіп салалары
бойынша инвестициялардың тиімсіз құрылымы, облыстың қалалары мен аудандары
бойынша инвестицияларды біркелкі емес үлестіру, екі ірі кәсіпорын Миттал
Стил Теміртау АҚ мен Қазақмыс Корпорациясы ЖШС облыстың жалпы
инвестициялар көлеміндегі үлкен үлес салмағы, Қаржыландыру көздері бойынша
негізгі капиталға инвестициялаудың тиімсіз құрылымы: шетелдік
инвестицияларының өсу қарқыны (орта есеппен алғанда 2001-2006 жылдары
-63,8%) отандық инвестициялардың өсу қарқынынан озады (орта есеппен алғанда
2001-2006 жылдары - 26,0%), инвестициялық жобаларды қаржыландырудың төмен
деңгейі, іске асырылған инновациялық жобалардың төмен деңгейі, мемлекеттік
бюджет тарапынан қаржыландырудың төмен үлесі.
Қарағанды облысы инвестициялық нарығының күшті жақтары: Негізгі капиталда
инвестициялардың тұрақты өсуі; Кәсіпорындардың меншік қаражатын
инвестициялау үлесінің тұрақты өсуі (2001 жылы 24,6 млрд. теңгеден 2006
жылы 69,0 млрд. теңгеге дейін); Шетелдік инвесторлармен салыстырғанда
кәсіпорындардың меншік қаражаты есебінен қаржыландырудың айтарлықтай үлкен
үлес салмағы, 2006 жыл ішінде сәйкесінше 36,4% және 52%;
3 кесте – Қарағанды облысы инвестициялық нарығының SWOT-талдамасы
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Негізгі капиталда инвестициялардың Өнеркәсіп салалары бойынша
тұрақты өсуі инвестициялардың нәтижесіз құрылымы
Кәсіпорындардың меншік қаражатын Инвестициялардың облыстың қалалары мен
инвес-тициялау үлесінің тұрақты өсуі аудандары бойынша біркелкі үлестірілмеуі
2001 жылы 24,6 млрд. теңге, 2006 жылы
69,0 млрд. теңге
Шетелдік инвесторлармен салыстырғандаЕкі ірі кәсіпорын Миттал Стил Теміртау
Кәсіпорындардың меншік қаражаты АҚ мен Казақмыс Корпорациясы ЖШС
есебінен қаржыландырудың айтарлықтай облыстың жалпы инвестициялар көлеміндегі
үлкен үлес салмағы, 2006 жыл ішінде үлкен үлес салмағы
сәйкесінше 36,4% және 52%
Облыстың кейбір аудандарында Қаржыландыру көздері бойынша негізгі
инвестиция-лық сұраныстың азғантай капиталға инвестициялаудың тиімсіз
өсуі (Ақтоғайда - 11,1 млрд. құрылымы: шетелдік инвестицияларының өсу
теңгеге, Жаңаарқада - 9,5 млрд. қарқыны (орта есеппен алғанда 2001-2006
теңгеге, Шетте - 10,4 млрд. теңгеге) жылдары - 63,8%) отандық инвестициялардың
өсу қарқынынан озады (орта есеппен
2001-2006 жж. - 26,0%)
Жаңа өндірістерді іске қосу Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың
төмен деңгейі
экономиканың шикізаттық емес Іске асырылған инновациялық жобалардың
секторына инвестициялардың өсуі : төмен деңгейі
көлік пен байланыс-қа
инвестициялардың 2006 жылғы үлес
сал-мағы өткен жылмен салыстырғанда
2,2%-дан 26,4% дейін
Мемлекеттік бюджет тарапынан
қаржыландырудың төмен үлесі
Жетілдіру шаралары Қатерлер
Капиталдың қаржы секторынан нақты Облыстардың Миттал Стил Теміртау АҚ
сектор-ға ауысуын қамтамасыз ету және Қазақмыс корпорациясы ЖШС екі ірі
тетігін құру кәсіпорындардан тәуелділігі
Өңірдегі индустриалды-инновациялық Өнеркәсіптерді қайта құрылымдауды одан
даму стратегиясын іске асыру әрі тереңдету
Отандық кәсіпкерлердің, оның ішінде Тоқыраулы қалалар мен аудандардың санын
тоқы-раулы аудандарда инвестициялық үлкейту
сұранымын белсендіру
Өңірде инвестицияларды тарту мен ВРП тиімсіз құрылымы
үлестіру үдерісіндегі маркетингтік
зерттеулер рөлін күшейту, Өңірлік
маркетингтік зерттеулер мен
инновациялар орталығын құру
Институционалды инвесторлардың өңірлік
нарығының дамымағандығы
Инвестициялардың инновациядағы төмен
деңгейі
Отандық кәсіпкерлердің инвестициялық
сұранымын азайту
Ескерту - автор құрастырған.
Облыстың кейбір аудандарында инвестициялық сұраныстың азғантай өсуі
(Ақтоғайда - 11,1 млрд. теңгеге, Жаңаарқада - 9,5 млрд. теңгеге, Шетте -
10,4 млрд. теңгеге); Жаңа өндірістерді іске қосу, экономиканың шикізаттық
емес секторына инвестициялардың өсуі (көлік пен байланысқа
инвестициялардың 2006 жылғы үлес салмағы өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-
дан 26,4% дейін);
Капиталдың қаржы секторынан нақты секторға ауысуын қамтамасыз ету тетігін
құру; Аймақтағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру;
Отандық кәсіпкерлердің, оның ішінде тоқыраулы аудандарда инвестициялық
сұранымын белсендіру; Аймақта инвестицияларды тарту мен үлестіру
үдерісіндегі маркетингтік зерттеулер рөлін күшейту; Аймақтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz