Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС бизнес-жоспары мысалында қаржылық-шаруашылықтық қызметін талдау
Жоспарлау адам ойының ең маңызды жетістіктері ретінде, адамның күнделікті өмірде және де өнідірісте ең қажетті элементтірдің бірі болып табылады. Адам еңбегі басынан –ақ белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталған, яғни осы мақсатқа жету үшін ең алдымен орындалатын жұмыс тізімі құрылады. Өндірістік және коммерциялық қызметті жоспарлау ол тек қана қажетті аспект емес, ол әрбір ұйымдық-құрылымдық формадағы кәсіпорындарға өмірлік қажетті элемент болып табылады. Кез келген кәсіпорын немесе мемлекет болсын олардың даму кезеңдерін алдына қойған жоспар, яғни көзге көрінбейтін белгілі бір қол жетелегендей болады.Кәсіпорын деңгейінде, тек қана стратегиялық жоспар ғана емес (ұзақ мерзімді) сонымен қатар, оперативті яғни, жедел бір күндік жоспармен қатар, әрбір жұмыс орнының атқарылатын жұмыс тізімі болады.
Әрбір кәсіпкер жұмысын бастамай тұрып, қаржылық, материалдық, еңбек және де интеллектуалдық ресурстарды, оларды алу көздерін анықтап, фирманың жұмысы барысында оларды тиімді қолдануды жоспарлау қажет.
Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет.
Курс жұмысым кіріспеден,екі тараудан,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Бірінші тарауда Бизнес жоспар құрылымы мен негізгі мақсаттары.Екінші тарауда Энергетикалық кәсіпорындардың бизнес жоспары талданған және мысал ретінде “AYT International Travel” ЖШС алына отырып курс жұмысым жазылған.Әрине потенциалдық инвесторлар мен серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады.

1. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
2. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. Алматы, 2007.
4. Құлпыбаев Серiк. Қаржы: оқу құралы. Алматы: Мерей, 2001 ж.
5. Дробазина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва: Приор, 2000. –527с.
6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
7. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
8. В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2002. – 544 с.
9. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов/ Г.П. Поляк, И.А.Акодис и др.; - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997. – 518 с.
10. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. Алматы: Институт развития Казахстана, 2001
11. Қаржы және оны басқару. Оқу құралы. Құлпыбаев С. Алматы, Мерей, 1999.
12. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы: учебник. М., 2001.
13. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ, 2000
14. Горфинкель В.Я. Предринимательство. М.: Банки и биржи, 1999г
15. Кантарбаева А.К. Предпринимательство. Алматы: Раритет,2000г.
16. Макконел Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика, 2000.
17. Словарь современных экономических и правовых терминов / Авт.-сост. В.Н. Шимов и др.; Под ред. В.Н. Шимова и В.С. Каменкова. – Мн.: Амалфея, 2002.
18. Экономика. Краткий словарь. – Ростов н/Д: Феникс, 2001. – 336 с. – (Словари XXI века).
19. Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС туристік фирмасының сайтындағы мәліметтер.

Кіріспе
Жоспарлау адам ойының ең маңызды жетістіктері ретінде, адамның
күнделікті өмірде және де өнідірісте ең қажетті элементтірдің бірі болып
табылады. Адам еңбегі басынан –ақ белгілі бір мақсатқа жету үшін
бағытталған, яғни осы мақсатқа жету үшін ең алдымен орындалатын жұмыс
тізімі құрылады. Өндірістік және коммерциялық қызметті жоспарлау ол тек
қана қажетті аспект емес, ол әрбір ұйымдық-құрылымдық формадағы
кәсіпорындарға өмірлік қажетті элемент болып табылады. Кез келген кәсіпорын
немесе мемлекет болсын олардың даму кезеңдерін алдына қойған жоспар, яғни
көзге көрінбейтін белгілі бір қол жетелегендей болады.Кәсіпорын деңгейінде,
тек қана стратегиялық жоспар ғана емес (ұзақ мерзімді) сонымен қатар,
оперативті яғни, жедел бір күндік жоспармен қатар, әрбір жұмыс орнының
атқарылатын жұмыс тізімі болады.
Әрбір кәсіпкер жұмысын бастамай тұрып, қаржылық, материалдық, еңбек және
де интеллектуалдық ресурстарды, оларды алу көздерін анықтап, фирманың
жұмысы барысында оларды тиімді қолдануды жоспарлау қажет.
Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн
арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы
неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру
арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-
жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және
еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн
экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет.
Курс жұмысым кіріспеден,екі тараудан,қорытындыдан,пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.Бірінші тарауда Бизнес жоспар құрылымы мен негізгі
мақсаттары.Екінші тарауда Энергетикалық кәсіпорындардың бизнес жоспары
талданған және мысал ретінде “AYT International Travel” ЖШС алына
отырып курс жұмысым жазылған.Әрине потенциалдық инвесторлар мен
серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу
мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана
қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы
мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып
алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер
етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар
қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген
қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару
қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады.
Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға
Осы және басқа да мақсаттар үшін бизнас-жоспар қолданылады.
Бизнес-жоспар көмектеседі:
– жаңа кәсіпкерлерге жұмысын бастау үшін
– бәсекелестік нарықта кәсіпорынның табыс табу үшін
– отандық өндіріске инвестицияларды тарту үшін.
Бизнес –жоспар әдеттегі келесідей себептерге байланысты құрылады:
– Сыртқы қолдану үшін.Жұмыстың тиімді жақтарын көрсету үшін, мысалы
инвесторларға.
– Ішкі қолдану үшін. Мұнда атқарылатын жұмыстың күшті және әлсіз жақтары
көрсетіледі. Бұл жұмысты басқару үшін қолданылады.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты:
– өнімді өткізу нарығын немесе қызмет көрсету нарығын зерттеу арқылы,
оның сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау,
– тауар немесе қызметті өндіруге кеткен шығындарды талдай отырып,
нарықтағы баға мен кәсіпорынның пайдасын анықтау,
– кәсіпорынның қызмет ету саласын зерттеп, алдағы уақытта мүмкін болатын
қиыншылықтарды анықтау,
– белгілі бір көрсеткіштерді анықтай келе, кәсіпкерлік жұмыстын барысын
анықтау.
Курс жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Жоспарлау жүйесін жан-жақты талдау;
Жоспарлау жүйесіндегі бизнес-жоспардың рөлі мен экономикалық мәнін ашу;
Энергетикалық кәсіпорынның қаржылық жоспарлау қызметтерін талдау және
олардың ерекшеліктеріне тоқталу;
Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС бизнес-жоспары
мысалында қаржылық-шаруашылықтық қызметін талдау болып табылады.
Курс жұмысын жазуға үлес қосушы авторлар:
1. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. Алматы, 2007.
2. Құлпыбаев Серiк. Қаржы: оқу құралы. Алматы: Мерей, 2001 ж.
3. Дробазина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва: Приор, 2000.
–527с.
4. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное
пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
5. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.:
“Перспектива”, 1996.
I БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
1. Бизнес-жоспардың мәні, негізгі принциптері мен функциялары
Жалпы алғанда жоспар – белгілі бір нәрсенің пішіні, алдына қойған
мақсатқа жету үшін арналған жүйе немесе модель. Қазіргі уақытта жоспардың
ең көп таратылғаны – бизнес –жоспар мынаны көрсетеді:
• өз қызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкердің жұмыс жоспары;
• бизнес жобаларды, табыс және шығысты бағалау үшін жасалған программа;
• кәсіпорын қызметіне тән жақтарды және оның дамуын көрсететін негізгі
құжат;
• белгілі бір нарықта кәсіпорынның қызметін зерттеу нәтижесі.
Жоспар – қызметке және оны орындауға бағыт болып табылады. Ол ойлар мен
мақсаттарды, кәсіпорынды басқарудың және қызмет нәтижесін болжаудың
тиімділігн арттырады. Кәсіпорынның қызмет жағдайының өзгеруіне байланысты
жоспар да өзгеріліп, толықтырылуы мүмкін.
Бизнес – жоспардың нарықтың жаңа жағдайларын байланысты өзгеріліп
отырылуы кәсіпорынның қызметінің тиімді түрде атқарылуына мүмкіндік береді.
Әр бизнес-жоспардың өзіндік ерекшелігі болады, яғни барлық жағдайларға
бірдей стандартты бизнес-жоспар болмайды. Бизнес- жоспарды құрудың
негізгі принциптері болады. Олар:
• Түсінікті
• Қысқа және толық
• Логикалық мағынасы бар
• Шынайы
• Сандармен дәлелденген
• Қажеттілік
• Үздіксіздік
• Бейімділілік.
Бұл принциптер өзара тығыз байланыста.Олар жобаның құрылуынан оның
жүзеге асуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Осы принциптермен қоса,
жоспарлау барысында әдетте ғылымның, динамиканың, жалпылылықтың,
тиімділіктің жалпыэкономикалық принциптері қолданылады.
Кәсіпорында бір уақытта бірнеше бизнес – жоспар болуы мүмкін. Кез –
келген бизнес жоспар кәсіпкердің өзіне және оның серіктестіктеріне кем
дегенде 5 сұрағына жауап беруі керек.
Кәсіпкерлік қызметтің кез- келген түрі және бизнес – жоспарды
жоспарлау әдетте жаңа ой, яғни жаңа идеямен басталады. Жақсы идеямен
кәсіпкерлікті жүргізу мүмкін емес. Жалпы алағанда, осындай идеяларды жүзеге
асыру арқылы табысты бизнеске жетуге болады. Кәсіпкерлік және басқа
идеялар, ол адамның ішкі ойлары, яғни ішкі қоздырғыш күштер – армандар,
қажеттіліктер, құндылықтар.
1- Сурет. Бизнес –жоспардың бағытталуы және оның негізгі элементтері.
Бизнес- жоспарлау басқарудың қажетті элементі ретінде бірнеше маңызды
функцияларды атқарады. Олар:
• Ынталандыру – жобаларды, келсімшарттарды және қызметті активизациялау;
• Жобалау – факторлардың анализі және есебі барысында фирма жағдайын
көрсету:
• Оптимизациялау – нақты әлеуметтік-экономикалық ортада фирма дамуының ең
жақсы әдісін таңдау;
• Координация және интеграция – бір нәтижеге бағытталған компанияның
құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысы және тәуекелділігі;
• Басқарудың қауіпсіздігі – жағымсыз нәтиженің алдын алу үшін мүмкін
болатын тәуекел туралы ақпаратпен қамтамасыз ету,
• Тәртіпке келтіру – жауапкершілік және жағымды жұмыс үшін ортақ тәртіпті
белгілеу;
• Бақылау – жоспардың орындалуын жедел түрде бақылау, қателерді анықтау
және түзету;
• Тәртіпке салу және білім беру – қызметкерлер жұмысын рационалды
пайдалану, оларды оқыту;
• Құжаттау – фирма менеджерлерінің қызметін күнделікті қағазға түсіріп
отыру. Бұл атқарған жұмыстың айқындылығын көрсетеді.
Бизнес –жоспар кешенді, жалпылай құжат болып табылады. Ол басты қасиеттер
тұрғысынан алып жобаны бағалайды. Жоба – бір бірімен өзара байланысты, жаңа
тауар мен қызметті құру үшін жасалады. Жаңашылдық уақыт өте келе өз
құндылығын жоғалтады, себебі сыртқы орта, тұтынушылардың жаңа өнімге деген
сұранысы азаяды. Жаңа жобаны құру үшін шектеулі ресурстар қажет:
материалдық, қаржылық, еңбек, техникалық.
Егер жоба бәсекелестік ортада құрылса, онда оның бизнес – жоспарда
көрінуі қажет.
1.2 Бизнес-жоспар бөлімдерін құру
Бизнес – жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек.
Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысын анықтау қажет. Нені сатамын,
калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға
жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сатып
алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті
(маркетинг мамандары оларды маркетинг комплексі, кешені дейді) – товардың
өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және
оның жөнелту орнын қосады.
Бизнес –жоспардың құрылымы:
1. Сыртқы беті;
2. Резюме;
3. Мақсаттар мен міндеттер;
4. Қызмет, өнім түрін бейнелеу;
5. Нарықты талдау;
6. Маркетинг жоспары;
7. Өндірістік жоспар;
8. Басқару персоналы
9. Қажетті құралдардың көздері және көлемі;
10. Заңдық жоспар;
11. Тәуекелді бағалау;
12. Қаржылық жоспар.
Бизнес – жоспардың барлық бөлімдері бір бірімен өзара байланыста болуы
керек. Бизнес – жоспардың әрбір бөлімін құру барысында, олар өзгеріске
ұшырауы мүмкін. Сондықтан оның бірнеше нұсқасын жасайды. Әрбір кәсіпкер
бизнес – жоспарды өзінің қызмет ету саласына қарай арнайы түрде жасайды.
Сыртқы бет – бизнес жобаның түбіртегі, яғни алғаш көрген адамға ең
бірінші пікірді көрсететін құжат. Ол бизнес –жобаның атауын ғана емес, осы
жобаның дамытудың қысқаша мағлұматын береді. Бұл мағлұматқа – бизнес –
жобаның авторы, ол жобаның салалық бағытталуы, жобаның басталуы және
аяқталу уақытын көрсетеді. Жобаның қаржылық көрсеткіштерін (пайызбен
берілуі мүмкін – жалпы соммасы, өзіндік капитал, қарыз капиталы,
мемлекеттік көмек) сыртқы бетте көрсету дұрыс.
Резюме – бұл бөлімнің көлемі бірнеше беттен артық болмауы қажет. Оның
мазмұны сол салаға мамандандырылған тұлғаға ғана емес, сонымен қатар
қарапайым адамға да түсінікті болуы қажет. Бұл бөлім өте маңызды. Себебі,
осы бөлімді оқи отырып, инвесторлардың қызығушылығы пайда болады.
Жалпы бұл бөлім инвесторларға және кредиторларға мынандай екі сұраққа
жауап беруі қажет: Бұл жобаны нарыққа жағымды енгізетін болса, олар қандай
артықшылық алады (пайда) және олардың ақша қаражатының жоғалту тәуекелі
қандай?
Бұл бөлім бизнес – жоспарды құрудың ең соңғы кезегінде құрылуы қажет.
Себебі, басқа бөлімдерді зерттеу барысында басқа да сұрақтарға жауап
алынады. Бұл бөлімде кәсіпорынның қай салаға бағытталғаны, оның жағдайын
және кәсіпкерлік қызметін жазады.
Мақсаттыр мен міндеттер – мұнда идеялардың талдауы жүргізілуі қажет.
Идеяның пайда болу факторларын зерттеу қажет. Оның болашақта қалай
дамитындығына жауап беру қажет.
Жоспар кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ашуы қажет. SWOT –анализ
жасалынуы қажет.
Strenth – күшті жақтары;
Weafness - әлсіз жақтары;
Oportunitis – мүмкіндіктер;
Troubles – тәуекелділік.
Идеяның әлсіз және күшті жақтарын талдау кәсіпкермен бақылануы мүмкін.
Олар әдетте осы уақытқа бағытталады.
Мұнда келесідей факторларды қарастыру керек:
• Ұйымдастырушылық (құқықтық нысан; өз ғимаратының немесе жалдамалы
ғимараттың болуы);
• Маркетингтік (орналасу орны, маркетингтік кешен, нарық, оның сегменті,
бәсекелестер: өнім (қызмет) бәсекелестер өнімінен қандай ерекшелігі
бар);
• Техникалық (өндірістік қорлар: олардың жағдайы мен ресурстар);
• Қаржылық (өзіндік капиталдың бар болуы);
• Еңбек (арнайы мамандандырылған қызметкерлердің бар болуы).
Тәуекелдер кәсіпкердің бақылануынан тыс болады. Мұнда келесідей
факторларды ескеру қажет:
• Экономикалық орта (кіші бизнестің мемлекеттік қолдауы, салық кодексі);
• әлеуметтік – мәдени ортасы;
• технологиялық орта;
• демографиялық орта;
Өнім (қызмет) – осы жобаның негізі болып табылатындықтан, осы өнім
немесе қызмет туралы ақпарат беріледі. Бұл бөлім – тұтынушы қандай
қажеттілікті қанағаттандырады, оның ерекшеліктерін, патенттер мен авторлық
куәліктердің болуы, өнім сапасы, одан алатын пайда және т.б. сұрақтарға
жауа береді.
Нарықты талдау – бұл жаңа бизнестің ең қиындықты тудыратын кезеңі болып
есептеледі. Нарықты талдау кезеңі әдетте – 4 кезеңді қамтиды.
• Қажетті көрсеткіштер типін анықтау;
• Осы мағлұматты іздеу,
• Мағлұматты талдау;
• Осы мағлұматты кәсіпорын қажетіне қолдану.
Маркетинг жоспары – бұл клиенттердің нақты клиентке айналуы үшін қажет.
Бұл бөлім тұтынушылар не себепті осы өнімді сатып алатындағын көрсетеді.
Өндірістік жоспар – кәсіпорында бар барлық өндірістік процестерді ашып
көрсетеді. Өндіріс ғимараты, еңбек күші туралы сұрақтар осы бөлімде
ашылады.
Басқару персоналы – инвестициялар бизнес –жоспарға емес, белгілі бір
адамдарға салынады. Басқарушы тұлғаны анықтап, оның жұмысын белгілеу қажет.
Қажетті құралдардың көздері және көлемі – бұл бөлімде құралдардың
қаншалықты көлемін несиеге алуға болатындығын, олардың қажеттілігін
көрсетеді.Мұнда қажетті құралдардың көлемі, оған имденген қаражатты қайдан
алатындығы, құралдарды қайтару уақыты ашылады.
Заңдық жоспар – бұл бөлім әсіресе жаңа кәсіпорындарға өте маңызды. Мұнда
оның ұйымдық –құқықтық жақтары қаралады. Яғни оның серіктестік, не болмаса
ашық қоғам ретінде туралы әңгіме болады.
Тәуекелді бағалау – мұнда пайданың қаншалықты болатындағы, оның шығынды
өтейтіндігін, тәуекел деңгейін, оның алдын алу жолдарын іздестіреді.
Қаржылық жоспар – мұнда қаржылық жағдайды бөліп қарастыру қажет. әдетте
ол үш жылға жасалады. Ол мыналарды көрсету қажет:
• Сатылым көлемі;
• Пайда және табысты талдау;
• Ақшаның бір жылғы айналымы, содан кейін тоқсандық айналымы;
• Жылдық баланс ведомосі.
Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық
өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға
ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды
көздейді.
Жоспарлау – кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі.
Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол
байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер,
банктердің өз жоспары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен
қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай ақ қызметкерлерге жеке
өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы
айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас
тартылса, егер меншік плюрализмі ( дүниенің негізі бір бірімен байланыссыз,
белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат
философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлай өткенге оралу
деген қатып қалған қағидашыл пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын
болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде
жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті
жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналмайды. Егер
индикативтік жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл – жаңылысу.
Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро, мезо, және
микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қилысуы ретінде
қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарлауға қарағанда индикативті жоспарда
шаруашылық жүргізші субьектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы
керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар
шаруашылық жүргізуші субьектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі
келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің
жиынтығы ретінде шығады.
Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа
уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми
категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп
алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті
көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды,
бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік – жоспарлық
реттеу мен елдің әлеуметтік экономикалық дамуын мемлекеттік болжау
макрожоспарлаудың құрамдастары болып табылады.
Жоспарлаудың осы деңгейінде субьект болып макроэкономикалық меншік иесі
шығады, оның старатегиялық мақсаты – дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге
қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсу.
Аумақтық жоспарлау индикативті жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет
деңгейіндегі, бірақ аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзеге
асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы – аумақ пен
халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі
басқару тұжырымдамасына негізделеді.
Мезожоспарлау – салаларда, сала тармақтарында, аумақтық өндірістік
кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып өтетін процестерді қамтитын
индикативті жоспарлаудың бір түрі.
Микрожоспарлау – менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде
қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асырылады. Бұл деңгейде
жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында
пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің) тағдырын, оның бәсекеге
қабілеттілігін, ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін
айқындайды.
II ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ
2.1 Нарықтық экономикада энергетикалық кәсіпорынның қызмет етуі үшін бизнес-
жоспардың маңыздылығы мен негізгі мақсаттары
Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия
пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы экономикалық жағдай
кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілдеме қолдануды талап
етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет.
Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау
нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол
жеткізудің оптималды варианты - бизнес-жоспар болып табылады.
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол
жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім
өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және
еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын
жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс
береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын
инвестицияның тиімділігін негіздейді.
Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі – сауатты басқару және
жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол
жеткіліксіз. Өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар
сәтсіздікке ұшырады, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен
қарау керек. [1, 59 б. ]
Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын
оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын,
уақыт өтісімен ақпарат та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар
өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа
өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту
деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан
оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы
ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтарын сезінуге,
қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін
құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған
инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын
проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс
құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл
жобаға қаражат салуға тұра ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты
ақтайтындай табыс әкеле ме?”
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге
байланысты қажет:
Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі
бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық
экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар
алдын-ала көріп біле алмайды;
Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің
алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін
тудырады.
Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың
өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;
Бизнес-жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі
міндеттерді шешуге көмектесу: [3, 106 б. ]
болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;
осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды
тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы
жоспарланған істің табыстылығын анықтау;
өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;
өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін
бақылау көрсеткіштерін анықтау.
Бизнес-жоспар – қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне,
қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің
арнайы құралы.
Батыс елдермен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың
бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес-
жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін
жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті
ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге басты назарды айналысқалы отырған
ісіне шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл жекелеген ұсақ аспектілерге
көңіл аудармауға жағдай жасайды. “Бизнес әлеміне ұшпас” бұрын, кәсіпкер өз
бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас
үшін, болашақтағы іс-әрекетін қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
2. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға көмектеседі. Егер
бизнес-жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге асырылуына негіз болады.
3. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөндеумен тең. Жоспардың
болмағанынан болғаны жақсы.
4. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс тұлғаларға
жеткізеді, бұл қаржыландыру көздерін тарту немесе бірлескен кәсіпорын құру
үшін қажет. [4, 156 б. ]
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді
белгісі келеді:
• Сізге қанша ақша қажет?
• Ол сізге қашан қажет болады?
• Қаражат сізге не үшін қажет?
• Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылған істер жоспарсыз оқиғаларға
жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда табысқа әкеледі. Өйткені
бизнес-жоспар басты мақсатқа зер салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті
міндеттерге басты назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр
елде, әр салада әртүрлi құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын
инвестициялық жобаларды құру ДСҰ-ның ұсынған халықаралық стандарттары
бойынша жүргiзiледi. Соның құрылымын қарастырайық. Негiзгi тараулар
келесiдей: [5,45 б]
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттар мен бизнес стратегиясын анықтау
). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзiмдерi;
2. Жобаның алғышарттары және идеясы;
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгiлеу стратегиясы).
Нарықтағы сұранысты бағалау;
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта;
5. Техникалық жобалау және технология. Жобаның базалық технологиясы;
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару. Өндiрiстiк процесс. Өндiрiс
көлемi. Өнiмнiң стандарттары мен технологиясы;
7. Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау.
8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн анықтау.
Ендi осы тараулардың әрқайсысына қысқаша түсiнiктеме берейiк.
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы.
Бұл тарауда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның
құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлерi, заңгерлiк тiркелген және
орналасқан жерi, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының
мөлшерi, құрылтайшылық құжаттарында келтiрiлетiн бiрқатар маңызды деректер
берiледi. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвестициялық
жобаға қысқаша сипаттама берiледi. Жобаны жүзеге асыру мерзiмi, оның құны
және қаржыландыру көздерi, жобаны жүзеге асыру кестесi т.с.с. мәлiметтер
осы тарауда көрсетiледi.
Қажеттi ақша құралдарына деген қажеттiлiктi 2 бағанға бөлiп көрсеткен
дұрыс: ақша құралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздерi. Бұл екi
көрсеткiш арасындағы айырмашылық қажеттi ақша құралдарының мөлшерiн анықтап
қана бермейдi, сонымен қатар жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану
бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына
ерекше көңiл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз
құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелдi толық
ақтайтындығына көз жеткiзу керек. [6, 74 б. ]
2. Жобаның алғышарттары және идеясы.
Мақсат дегенiмiз-белгiлi бiр уақыт аралығында қол жеткiзудi көздеп
отырған қызмет нәтижесi. Мiндет - бiрқатар сандық және сапалық
параметрлермен сипатталатын, берiлген уақыт мерзiмi iшiнде қол жеткiзiлетiн
қажеттi қызмет нәтижесi.
Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткiзудi
көздеп отырған жетiстiктерi ретiнде белгiлi бiр иерархиялық тiзбекте болуы
мүмкiн, немесе басымдықты мақсат бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн, немесе компания
қызметiнiң әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берiлуi мүмкiн.
Мұндай мақсаттарға, мысалы, мыналар жатады:
- өнiм өткiзу көлемiн белгiлi бiр нақты деңгейге жеткiзу;
- өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы шығындарды нақты бiр шамаға төмендету;
- өнiмнiң сапасын белгiлi бiр нақты деңгейге көтеру;
- белгiлi бiр нақты мөлшерде таза пайда мөлшерiн алу;
- компанияның нарықтағы үлесiн белгiлi бiр нақты процентке арттыру.
Осы тарауда сондай-ақ, өндiрiлетiн өнiм ассортиментi, жобаның жүзеге
асырылатын жерi, экономикалық тиiмдiлiгi, оның заңгерлiк рәсiмделуi,
мемлекеттiң жүргiзiп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесiмдiлiгi
туралы қысқаша мағлұматтар берiледi.
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы.
Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдайды
жақсы бiлетiндiгiн көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы негiзгi
бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсiлдерi, және т.б.
Маркетинг жоспары фирма қызметiн iшкi ұймдастыру үшiн, сондай-ақ
серiктестер және инвесторлармен келiссөздер жүргiзу кезiнде қажеттi құрал
болып табылады. [7, 251 б. ]
Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серiктестермен өзара арақатынастар
негiзiн қалыптастырады, оның мақсаты-тауарды бөлiп-тарату схемасы туралы,
баға белгiлеу мен өткiзудi ынталандыру әдiстерi туралы анық көрiнiс беру.
Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданатын баға белгiлеу
стратегиясы, нарықтың мақсатты сегменттерiн таңдау, сату болжамдары,
тауарды бөлiп-тарату схемасы, клиенттерге сатудан кейiн де қызмет көрсету,
жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелерi, дайын өнiмдi немесе
тауарды өткiзу каналдары туралы ақпарат берiледi. Сонымен қатар компанияның
тауарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткiзудi ынталандыруда
қолданылатын маркетингтiк тәсiлдерi көрсетiледi. Жалпы маркетингтiк
концепциясына сипаттама берiледi.
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта.
Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшiн жердi таңдау туралы шешiмдi
қабылдау негiзделедi. Өнiмдi өндiру iсi жүзеге асырылатын құрылыс үйлерi,
жер учаскелерi қандай қағидаға сүйенiп алынғаны көрсетiледi.
5. Техникалық жобалау және технология.
Бұл тарауда жоба шеңберiнде қарастырылған ұсынылып отырған товар
немесе қызмет өндiрудiң технологиясы мен техникалық сипаттамалары
келтiрiледi. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен
кемшiлiктерi көрсетiледi.
Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, оларды өндiрушiлер
туралы, құрал-жабдықтың жұмыс iстеу режимi, техникалық-технологиялық линия
жұмысы туралы мағлұматтар берiледi. [8, 119 б. ]
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару.
Ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент-бұл фирманың iскерлiк кестесi,
қызметiнiң құқықтық қамтамысз ету сұрақтары, кәсiпорында басқаруды
ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық
бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң өзара қызметiн үйлестiру.
Iскерлiк кесте- бизнес-жоспардың қажеттi бөлiгi. Мұнда өнiмдi өндiру,
нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешушi iс-әрекеттердiң уақыт
кестесiн бекiту қажет. Iстi табыстылыққа жеткiзетiн мейлiнше маңызды
тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады. Бизнес-жоспардың шешушi оқиғалары
болып мыналар табылуы мүмкiн: шикiзат пен материалдарға тапсырыс беру;
дизайнды дайындау; тауардың бiрiншi көрмесiн ұйымдастыру; өндiрiстiң
басталуы; алғашқы тапсырыстың түсуi; алғашқы сату; алғашқы шоттар бойынша
есеп айрысу және т.с.с.
Сондай-ақ, бұл тарауда өндiрiс процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi,
өндiрiс көлемi, шығарылатын дайын өнiмнiң стандарттары мен технологиясы
туралы ақпарат берiледi.

Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi ағымдық және ұзақ мерзiмдi
сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттiлiктi анықтау болып табылады.
Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни
оның шамасын, активтерiнiң көлемiн және олардың қаржылану көздерiн
анықтаудан басталады.
Қаржылық жоспарлаудың объектiлерi болып мыналар табылады: өнiмдi
өткiзуден түскен түсiм; пайданың қалыптасуы және қолданылуы; Шығындарды
жабу көздерi; бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық
компаниялармен арадағы қарым-қатынастар. [9, 85 б. ]
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz