Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың экономикалық мазмұны


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе . . . 4
- Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың
экономикалық мазмұны
1. 1. Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығының даму тарихы……. . …… . . . 6
1. 2. Нарық жағдайында егiн шаруашылығының даму жолдары . . . 10
ΙΙ Қазақстан Республикасы және аймақтық егiн шаруашылығының ауыл шаруашылығында алатын орны мен дамуын талдау
2. 1. Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығының дамуын талдау . . . 18
2. 2. Оңтүстiк Қазақстан облысының экономикасындағы ауыл шаруашылық саласында егiн шаруашылығының алатын орны . . . 21
2. 3. Оңтүстiк Қазақстан облысы егiн шаруашылығының дамуын талдау . . . 25
2. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысы егiн шаруашылық өндiрiсiн дамыту жолдары . . . 32
III Оңтүстiк Қазақстан облысының егiн шаруашылығын дамытуда кездесетiн мәселелер және оны шешу жолдары мен дамыту бағыттары
3. 1. Егiн шаруашылығын дамытуда кездесетiн мәселелер және оны шешу жолдары . . . 36
3. 2. Егiн шаруашылығын дамыту бағыттары . . . 38
Қорытындылар мен ұсыныстар . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51
Кiрiспе
Әр елдiң экономикалық даму дәрежесi сол елдiң нарықында өнiмдердiң сатылуының нарығында мол болуымен емес, қайдан, оның қандай технологияның көмегiмен, қалай өндiрiлетiндiгiмен анықталады. Әрине қазiргi халықаралық интеграцияның даму талаптарына сәйкес, елге керек нәрсенiң бәрi өз елiмiзден өндiрiлсiн деу орынсыз болар едi. Себебi, бiрiншiден, барлық өнiм түрiн өз елiмiзде өндiруге толықтай мүмкiндiк (қаржы технология, өндiрiстiк қуат) жоқ. Екiншiден, өнiмнiң барлық түрiн бiр елде өндiру, шығару экономикалық жағынан тиiмсiз. Халықаралық интеграция дамып отырған жағдайда өнiмнiң кейбiр түрлерiн өз елiмiзден шығарғаннан, гөрi шет елдерден сатып алған пайдалы. Бiрақ ол жан-жақты зерттелiп, өнiмнiң қай түрлерiн сырттан сатып алу, қай түрлерiн өзiмiздiң елде өндiру экономикалық жағынан негiзделген болуы қажет. Ол экономиканың тұрақтануына себiн тигiзедi. Көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, өз елiнде отандық агроөнеркәсiп кешенiн дамыту, шикiзат сатумен салыстырғанда тиiмдi, мемлекет қазынасына үзбей табыс түсiрiп тұруына тiкелей әсер етедi. Ал, шикiзатты шет елдерге сату экономиканың тұрақтануына нақты әсер ете алмайды. Ол мына себептерге байланысты: 1. бiздiң шикiзатымызға шет елдердiң сұраныс дәрежесiнiң өзгерiп отыруы; 2. шикiзат бағасының құбылмалылығы; 3. шикiзат сатуда шетелдiк бәсекелестерге төтеп бере алмауы.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық саласының өркендеуiне көптеген мүмкiндiктер бар. Ол үшiн агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда, халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi нарық жағдайында экономикалық реформалаудың жаңа формасын дамытуымыз қажет.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - ауыл шаруашылығы саласында егін шаруашылығының алатын орны мен дамытуда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырып және сонымен қатар дамыту бағыттарын теориялық негіздеу болып табылады.
Қазақстан үшiн тиiмдi шаруашылық және өндiрiс салалары: агроөнеркәсiп кешендерi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбi. Бұл салалар дамытылса шет елден киiм-кешек, тамақ өнiмдерiн сатып алуда кететiн қаржы үнемделер едi, оны басқа салаларға жұмсауға мүмкiндiк туылар едi. Ал келешекте шетке шығатын мұнайдың бағасы өсiп, шетелде сату үшiн оны тасымалдауға мүмкiндiк туылса, онда Қазақстанның экономикалық тұрақтануына қосымша әсер етер едi. Бiрақ, қазiргi кезде оның ақиқатқа айналуы көбiнесе шетелдiк инвесторларға байланысты болып отыр. Бұл мәселенiң шешiлуi солардың қолында, керiсiнше елiмiзде агроөнеркәсiп кешендерi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн дамыту- өз мүмкiндiктерiмiзге байланысты.
Ауыл шаруашылығы елiмiздiң экономикасының маңызды, өзектi салаларының бiрi. Халықтың әл-ауқаты оның дамуы мен тұтыну нарығының тұрақтылығына тiкелей байланысты. Шындығында, егін шаруашылығын былай түсінуге болады. Біріншіден, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгi. Екіншіден, егiн және мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың өмiрi, мүдделерi. Үшіншіден, халық шаруашылығының көптеген салаларын шикiзатпен қамтамасыз ету көзi.
Яғни, бұл менiң дипломдық жұмысымның тақырыбы егiн шаруашылығын дамытудың маңыздылығын көрсетедi. Жұмысымның бiрiншi бөлiмiнде егiн шаруашылығының мәнiн аша отырып, екiншi бөлiмiнде ОҚО-ның экономикасының ауыл шаруашылығы саласында егін шаруашылығының алатын орны мен дамуын статистикалық көрсеткіштердің негізінде талдау жасадым. Ал үшiншi бөлiмiнде егін шаруашылығында кездесетін мәселелер мен оларды шешу, дамыту бағыттарын қарастырдым.
Дипомдық жұмыс Республикалық және облыстық статистикалық мәлiметтердi, экономикалық оқу құралдары мен журнал мақалалары, конференция, семинар материалдарының негізінде жасалынды. Жұмыс 4- кестеден, 3-суреттен, 1-диаграммадан тұрады.
- Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың
экономикалық мазмұны
- Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығының даму тарихы
Қазақстандық тарихнамада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ ауылындағы жер пайдалану жүйесi жөнiнде арнайы зерттеу жұмысын жүргiзген тарихшылар сирек, солардың iшiнде П. Галузоның орны ерекше. Ол ерекшелiк оның зерттеу тәсiлiнде ғана емес, ең алдымен өзгелерден ерекшелеу тұжырымында. Мұнымен қатар жер пайдалану мен оны меншiктену түрлерiн айқындаудың ауыл шаруашылығындағы капиталистiк қатынастардың дәрежесiн анықтаудағы орны үлкен. Сондықтан оның бұл мәселедегi ойларына кеңiрек тоқталған жөн. Ол аталған мәселенi талдауды 1891 жылғы Далалық ережеден нақты үзiндiлер келтiруден бастайды. Оны қазақ жерiне өз өктемдiлiгiн орнатқан ресейлiк помещиктiк әскери-феодалдық империализмнiң терең шовинистiк құжаты деп бағалайды. Оның мәнi көшпелi қазақтардың әрбiр отбасын алдымен 3 кейiнiрек 4 сом деп белгiлеген қымбат үй салығында екенiн айтады. Патша үкiметi қазақ жерiн мемлекеттiк деп жариялай отырып, көшпелiлердiң қоғамдық пайданауына бердi. Ал, Ереже дайындалып жатқан жылдарда-ақ қауымдық жердi жiк-жiкке бөлiп, жеке пайдалану қалыптаса бастаған едi. Қазақтардың ауыл шаруашылығының тауарлы қатынастарына тартылуы бұл процестi тездетiп, экономикалық тұрғыда жерге жеке меншiк орнай бастады. Сондықтан заң мен өмiр шындығы арасындағы қайшылық орыс помещиктерi мен жергiлiктi феодалдардың, қазақ шаруалары мен орыстың крепостник-помещиктерiнiң арасындағы тартысқа ұласты.
Жер пайдалану, әсiресе егiншiлiк пен шөп шабудың дамуына байланысты тереңдей түстi. XIX ғ. соңына қарай қауымдар арасындағы бөлу басталады.
Капитализмнiң дамуының демократиялық жол үшiн күреске қазақтардың қатысу туралы мәселеге тоқтала келе мынадай тұжырым жасайды: жер пайдалануды бөлектеу процесiндегi жер үшiн күресте екi қарама-қарсы таптық бағыт соқтығысты. Бiрiншi: шабындық және егiстiгi көп байларға, Екiншi: жер-теңгермешiлiк жер пайдалану құқымен шаруаларға. Бiрiншi бағыт феолдализмдi бекiтудi бiлдiрдi, екiншiсi шаруалардың еркiн жер пайдалану үшiн күресi, бұл туралы қатынастар жағдайында капитализмнiң дамуының демократиялық жол үшiн күрестi бiлдiрдi.
П. Галузо егiстiктердi жалға беру жүйесiнiң кең тарағанын, жердiң тауарлық құнға ие болып, оның бағасының өскенiн жер меншiктенудiң капиталистiк жұмылдырылуы деп атайды. 1910 жылғы екi министрдiң Сiбiрге сапарынан кейiн қазақтардан тартып алынған жердi капиталистерге сату мен жалға беру әрекетi баталды. Бұл саясаттың күшеюiне Семей облысының Ертiс өзенi бойындағы 20 шаруашылықты зерттеу нәтижесi әсер еттi. Олардың көпшiлiгi, нақты айтқанда 18 капиталистiк шаруашылық болды және тексерушiлер бұлардың өмiршендiгiн, тиiмдiлiгiн көрсеттi. Үкiмет қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистiк түрдегi ауыл шаруашылықтарын құруды заң жүзiнде ұмтылды. 1912 жылы 13-желтоқсанда патша сiбiрде далалы облыстарда және Түркiстан өлкесiнде ауыл шаруашылығы үшiн қазыналық жер бөлiктерiн сатусыз жалға беру туралы министрлер кеңесiнiң Ережесiн бекiттi. Ол бойынша 1913 жылдан бастап арнайы егiн егетiн жер бөлiктерiн құру қолға алынды. Автор мұны патша үкiметiнiң капиталистермен ымыраға келуi, қазақтардан тартып алынған жерден рентасын алу және экономикалық негiзде феодализмнен капитализмге қарай бiр адым алға басу деп бағалайды. 1917 жылдың басында қазақ жерiнде арендаға беру үшiн жалпы көлемi 764434, 2 десятина егiстiктен 190 жер бөлiгi дайындалыпты. 1917 жылдың басында оның 168955 десятиналық 46 бөлiгi жалға берiлдi. Автор бұл әрекеттi Қазақстандағы капиталистiк егiн шаруашылығын ұйымдастырудағы егiншiлiктегi плантаторлықтың өскiндерi деп атайды. Бiрақ жалға беру құнының қымбаттығы бұл әрекеттi тежедi, царизм капитализмнiң таралуына ықпал ете отырып, оның дамуын тежедi, -дейдi.
Ауыл шаруашылығының дамуы, байлар мен шаруалар және байлар мен патша үкiметi, кадеттер, октбристер мен царизм арасындағы жер үшiн күрес, егiстiктердi жалға беру, көлемдi егiн шаруашылығын құру, октябристiк капитализм туралы жаңа да қызықты мәлiметтерi және оларды өзiндiк көзқараспен баяндалуы арқылы еркшеленедi. Сонымен қатар кейбiр қайшылықты пiкiрлерi де кездеседi. Ірi байлардың шаруашлығында капиталистiк жалдаудың дамуы сөзсiз болды деп мойындағанымен, капиталистiк кәсiпкерлiк элементтер айқын байларды байкулактар немесе жартылай феодал байлар деп атап, олардың тобы феодалдық топтағы байлардан айқын жiктеле қоймады деумен шектеледi. Өзi қайта-қайта айтатын октябристiк капитализмнiң мал шаруашылығындағы белгiлерiн нақты талдамайды.
С. Сүндетов кiтабында патша үкiметiнiң отаршылдық саясатының барысында жергiлiктi жергiлiктi халықтың егiстiктер мен судан айырылуы, тiптi орман-тоғайлардың манына егiн егу мүмкiндiктерiне де ие бола алмауы егiн шаруашылығының күйзелуiне, оның кейбiр жерлерде жаңа жағдайға амалсыз бейiмделуiне әкелiп соққаны баяндалды. Отырықшылыққа көшудiң өскенiн сипаттай отырып, автор оның көлемiн асыра бағалауға болмайды, қазақтар шаруашылығының негiзгi саласы егiн шаруашылғы бола бастады. Капиталистiк қатынастардың енуiне байланысты қазақтардың шаруашылығындағы, әсiресе егiн құрамындағы өзгерiстерге тоқталды. Ғ. Тоқжанов, Ғ. Федоров сияқты С. Сүндетов тек Қазақстан жерiнде егiстiк алқаптардың көбейгенiн көрсетедi. Өлкеге тауарлы қатынастардың одан әрi енуiмен байланысты егiн өсiруге және оның тұқымын жетiлдiруге ынталандырды.
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында қазақ даласында егiстiк шаруашылықтың түрлерiне сай аралап-айырбастау, мерзiмдi-жәрменкелiк және тұрақты деп аталатын сауданың үш түрi болды.
Сауда капиталы ауыл экономикасына барған сайын көбiрек енгенiн 1901 жылғы Семей облысының әрбiр облыста 20-40 алыпсатардың болғандығымен дәлелдейдi. Сауда операцияларында ақшаның маңызының арта түскенiн, оның заттай айырбасты ығыстырғанын, сату мен сатып алу негiзiнен ақша арқылы жүре бастағанын, қазақтардың шаруашылығындағы ақшаның ролiнiң артуы жәрменкелiк саудаға ықпал еткенiн iрi сауда орталықтары қалыптасқан.
Батыс Сiбiр мен Солтүстiк Қазақстан аймағындағы iрi сауда орталығы Омбы қаласы болды. Онда негiзiнен егiн шаруашылығы өнiмдерiн сатып алумен айналысатын орыс, американ, ағылшын, немiс фирмаларының сауда орындары әрекет еттi. Солтүстiк Қазақстандағы сауданың дамуында Петропаволск қаласы да өзiндiк орын алды. Ақмола, Көкшетау қалалары, Есiлкөл, Атбасар станциялары әкелiнген тауарларды қазақ ауылдарына аттандыратын қазақ даласымен сауданы кеңейтуде маңызды орын алатын орындар қызметiн атқарады. Жазда және күзде жұмыс iстейтiн жәрменкелер болды. Жәрменкелiк сауданың қызмет аймағының кеңеюi нәтижесiнде Қазақстанның жекелеген аудандарының арасындағы байланыс күшейдi, өлкенiң экономикасы жалпы ресейлiк рынок кеңiстiгiне тартылды. XX ғасырдың бiрiншi он жылдығының соңында жәрменкелер тұрақты саудаға орын бердi.
Қазақ шаруашылығындағы натуралдық құрылыстың дамуы көп жағдайда ақшалай салық пен мiндеткерлердiң енгiзiлуi мен таралуы арқылы тездедi деуiнде үлкен мән бар алым салықты ақшалай төлеу қажеттiгi қазақтардың өздерi өндiрген өнiмдерiн тек ақшаға сатуға ұмтылысын тудырды, отарлық қанауды күшейттi, мүлiктiк және әлеуметтiк жiктелiстi тездеттi. Мұнымен қатар ақша қатынастарының кеңеюi, алым салықтардың көбеюi сату үшiн өнiм өндiрудi, яғни тауар өндiрiсiн кеңейтуге ықпал еттi.
Бiрiңғай ұлттық рынок туралы мәселенi сөз ете отырып, өлкеде жергiлiктi рыноктың құрылу процесi жүрдi. Бiрақ жалпы экономикалық артта қалушылық, жекелеген аудандар арасындағы байланыстың әлсiздiгi себептi Қазақстанда Қазан төңкерiсiне дейiн бiрыңғай ұлттық рынок құрылған жоқ, деп есептейдi. Тауар өндiрiсi патриархалды феодалдық қатынастардың ыдырауына, капиталистiк қатынастар элементтерiнiң тууына ықпал еттi дей отырып, ауылдағы тауар өндiрiсi әлi капиталистiк өндiрiс болған жоқ.
Жалпы ауыл шаруашылығы егiншiлiгi, соның iшiнде қазақтардың шаруашылығының да дамуы, олардың сипаты мен ерекшелiктерi туралы мәселелер жаңа көзқарастар негiзiнде жан-жақты терең зерттеудi қажет етедi.
1. 2 Нарық жағдайында егiн шаруашылығының даму жолдары
Ауыл шаруашылығының нарық жағдайында тиiмдi жұмыс iстеу механизмi әсiресе нарықтық экономика жағдайында әр түрлi деңгейде көрiнiс табады. Себебi мұндай механизм меншiк қатынастарына, басқару жүйесiне, өнiм мен табыстарды бөлу ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Шаруашылық жүргiзу нысандарын, жер және iшкi шаруашылық қатынастарын, ондағы қаржы экономикалық механизмдердi тұрақты түрде жетiлдiрiп отыру - нарықтық типтегi агроқұрылымдар құрудың, аграрлық сектордағы өндiрiс күштерi мен өндiрiстiк қатынастарды дамытудың ең қажеттi талаптары.
Тиiмдi жұмыс iстейтiн агроқұрылымдарды қалыптастыру әр түрлi ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтардың өндiрiстегi ролi мен орнын, олардың бәсекелестiк қабiлетiн анықтауды талап етедi. Сондықтан шаруашылық жүргiзудегi тиiмдi механизмдер методологисы бойынша арнайы ғылыми зерттеулердiң қажеттiлiгi туындайды.
Бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорын дегенiмiз облыс, аймақ iшiндегi белгiлi бiр салада оның басқа кәсiпорындардан артықшылығы. Олардың бәсекелестiгi белгiлi бiр салаға жататын, ұқсас өнiм шығаратын (қызмет көрсететiн) бiр тектi кәсiпорындар шеңберiнде бағалануы тиiс. Ал, кәсiпорындардың бәсекелестiк дәрежесiн бағалау, яғни олардың бәсекелесе алатын артықшылық-тарын анықтау, ең алдымен салыстыруға алынатын тұрпатты (үлгiлi) шаруашылықтарды бөлiп алудан басталады. Басқаша айтқанда осы облыстағы, аймақтағы тиiмдi жұмыс жүргiзiп отырған бiр тектi шаруашылықтарды таңдап алудан бастау керек. Мұндай кәсiпорындарда мына төмендегiдей параметрлердiң (көрсеткiштердiң) болуы талап етiледi:
-өндiрiлетiн өнiмдер сипаттамасы олардың жәрдемiмен қажеттiлiктi қанағаттандыру бойынша бiр өлшемде, бiр деңгейде болуы керек;
-осы өндiрiлетiн өнiмдер түсетiн рынок сегменттерi де бiр өлшемде болуы қажет;
-жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарлдың өмiрлiк циклы да бiрдей болған жөн.
Шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарында, әдетте өндiрiстiң технологиялық факторлары сақталмайды. Олардағы өндiрiлген өнiм сапа жағынан рынок талаптарына сай келе бермейдi. Осыған байланысты коммерциялық құрылымдар арасында мұндай ’’шаруа өнiмiне’’ деген нашар көзқарас қалыптасқан, оларға деген сатып алу бағасы алдын -ала төмендетiледi. Осының салдарынан олардың өндiрiстiк- қаржылық қызметi нашарлап отыр.
Шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының экономикалық бiрлiгiне мына төмендегi жағдайларды сақтағанда қол жеткiзуге болады:
-ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастырып егудегi, өндiрiстiк процестегi ұйымдық- технологиялық агротехникалық талаптарды сақтау;
-шаруашылықтың және оның iшiндегi бөлiмшелерiнiң оңтайлы параметрлерiн қарастырады;
-әрбiр шаруашылықта негiзгi, қосымша және қызмет көрсету салаларын үйлестiру;
-мүлiктiк жарна мен жер үлестерi бойынша дивиденттердi бөлу негiзiнде iшкi шаруашылық бағаны және өндiрiстi ынталандыру механизмiн әзiрлеу.
Өндiрiстiң өзiне тән ерекшелiктерiне және басқада факторларға байланысты шаруашылық жүргiзудiң бұл механизмi де, қазiргi ұйымдық -құқықтың формалардың әр түрлi болуына байланысты өзiндiк ерекшелiктермен бейнеленедi. Мысалы, акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектелген серiктестiктерде адамдардың мүлiктiк меншiктiктен, жердi ұзақ мерзiмге пайдалану құқығынан айыруға әкелiп соғады. Оның үстiне ауылдағы адамдарды тiкелей ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруден алшақтатады. Дегенмен соңғы жылдарда қалыптасқан дағдарыстық көрiнiстер(көп мөлшердегi қарыздар төлем қабiлетiнiң төмендеуi, қаржы- қаражаттың және материалдық-техникалық ресурстың жетiспеуi, азық- түлiк рыногының болмауы, халықты мемлекеттiк қолдау мен әлеуметтiк жағынан қолдаудың нашарлығы және т. б) кейбiр аймақтарда шаруашылық серiктестiктердiң, әсiресе ЖШС-дiң көптеп пайда болуына итермелейдi.
Кесте 1- Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргiзудегi экономикалық механизм жүйесiнiң негiзгi элементтерi
1. Шаруашылық есеп:
-коммерциялық шаруашылық есеп;
-өзiн-зi өтеушiлiк;
-өзiн-өзi қаржыландыру;
2. Қорлардың формалары және оларды пайдалану;
3. Табыстарды бөлу
4. Еңбек ақы
5. Экономикалық өзара қатынастар: -кәсiпорынның мемлекетпен;
-кәсiпорынның өз бөлiмшелерiмен;
-бөлiмшелер арасындағы;
-бөлiмшелердiң басқа кәсiпорындармен;
6. Экономикалық ынталандыру
-өнiм өндiрудегi;
-өнiм сатудағы;
-өнiм сапасын арттырудағы;
-өнiм өндiру шығындарын қысқартудағы;
-өндiрiстiк потенциал мен жердi тиiмдi пайдаланғаны үшiн
1. Мемлекеттiк тапсырыс
2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
3. Жоспарлау
4. Бағалау:
-өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмiне;
-өнеркәсiп өнiмiне;
-жерге
5. Қаржыландыру, несиелеу
6. Салық саясаты
Олардың көп таралу себебi және ынталандыру уәжi ретiнде ЖШС-терге құрылтайшы болып кез келген жеке және заңды тұлғалар қатынаса алатынын айту керек. Мұндай құрылтайшыларда тек алғашқы капиталы немесе несие алуға, бюджет алдындағы, еңбек ақы қарыздарын қайтаруға, тұқым, жанар -жағар май, ауыл шаруашылығы техникасын алуға кепiлдiк мүлiктерi болса жетедi. Еңбек процесiне тiкелей қатысудың да қажетi жоқ.
Ал, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiнде олардың мүшелерi еңбек процесiне қатынасуға мiндеттi. Бұл құрылымда ЖШС -терге, АҚ-дарға қарағанда еңбек адамының және меншiк иесiнiң бiр жұмысшының бойында үйлескен принципi жүзеге асырылады. Өздерiнiң мүлiктiк жарналары мен жер үлестерiн кооперативтiң жарлық қорына өткiзе отырып, кооператив мүшелерi жұмыс алу кепiлдiгiне қол жеткiзедi. Сондықтан да ауылдық жерде әлеуметтiк орта белгiлi деңгейде тұрақталады. Демек, әсiресе шалғай жатқан аудандарда осындай тұрақтылыққа көңiл бөлiнуi тиiс.
Осы жағдайларды ескере отырып, өндiрiстiк кооперативтердiң әлеуметтiк-экономикалық табиғи ерекшелiгiне байланысты ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiн дамыту керек.
Қазiргi кездегi iрi ауыл шаруашылығы құрылымдарында iшкi шаруашылық қатынастар қалыптастыруда бiрнеше үлгiлерi бар.
1. lшкi шаруашылық бөлiмшелер тек шаруашылық жүргiзу дербестiгiне ие, шаруашылық есеп, өзiн-өзi өтеушiлiк принципiнде жұмыс iстейдi, кәсiпорын бухгалтериясында олардың есеп шоттары бар.
2. lшкi шаруашылық бөлiмшелердiң заңды құқығы жоқ, өзiн-өзi қаржыландыру принципiнде iстейдi, есеп шоттары кәсiпорынның Қаржы-есеп айырысу орталығында. Бұл үлгiдегi ұжым өздерiнiң табысына толық иелiк етедi. Ол норматив бойынша салықтарды, мiндеттi төлемдердi төлеу үшiн пайдадан, жалпы табыстан жекелеген аударымдар жасайды, кеңейтiлген өндiрiс және ұдайы өндiрiс жүргiзедi, орталықтандырылған қорларды қалыптастыруға қатысады.
3. lшкi шаруашылық қатынастардың үшiншi үлгiсiнде, қазiргi заманға сай агроқұрылым iшiндегi бөлiмшелердi нарық жағдайында еркiн кәсiпкерлiк субьектiлер ретiнде қалыптастырған орынды, олардың өздерiнiң өз өнiмдерi мен табыстарына дербес ие болғандары жақсы. Сонда олар тек қана жер үлестерi мен мүлiктiк жарнаға иелiк етiп қоймай, алған өнiмдерi мен табыстарының да иесi болып саналады.
4. Ассоциациялар мен жоғарғы дәрежедегi кооперативтерге бiрлескен заңды тұлғалар арасындағы iшкi шаруашылық қатынастар.
Осы төртiншi үлгi қазiр солтүстiк аймақтағы астық өндiретiн iрi-iрi корпоративтiк бiрлестiктерде кең тараған. Демек, таяу болашақта Қазақстанның негiзгi ауыл шаруашылығы аудандарында осындай iрi және орта кәсiпорындарды жандандыра отырып, олардағы iшкi құрылымдарды, экономикалық механизмдерiн дамытып, жетiлдiру керек. Шаруашылық жүргiзудiң осы үлгiсiнiң Солтүстiк Қазақстан жағдайында астық компанияларын дамытуда, күрiш шаруашылығында, мақта шаруашылығында, мақта шаруашылығында, iрi ауыспалы егiстi, күрделi суару жүйелерiн талап ететiн аймақтарда келешегi бар. Олардағы шаруашылық жүргiзудiң кооперативтiк принциптьерiн кеңiрек пайдалануды қарастыру керек. Ірi кәсiпорындар өздерiнiң мүмкiндiктерiмен артықшылықтарын тек әрбiр қызметкердiң жеке басының мүдделiлiгiн қорғап, соны iс жүзiне асырғанда ғана толық көрсете алады. Себебi олар ғылыми-прогресс саласында толыққанды бiртұтас болашақ саясатты орындауға бағытталған, селекциялық, өсiмпаздық бағыттағы озат технологияларды енгiзу жұмылдырылған. Өкiнiшке орай, оңтайлы құрылымдар қалыптастырудағы осы тиiмдi принцип бiзде сақталмай отыр.
Республиканың аграрлық секторында көп жақты экономиканы қалып-
тастыруға бағытталған, меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң бiрнеше түрiне негiзделген тамыры терең әлеуметтiк -экономикалық өзгерiстер жүзеге асып жатыр.
Сонымен қатар, ғылыми негiзделген аграрлық саясаттың болмауы, ауылда-
ғы халықтың нарықтық қатынастарға тезiрек бейiмделе алмауы және басқа факторлар ауылшаруашылық эканомикасының дамуына терiс әсерiн тигiзедi. Егiстiк жер көлемi қысқаруда, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң құлдырауы жалғасуда. Ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қаржы жағдайы нашарлауда, соның салдарынан саладағы материялдық - техникалық база қысқарып, ұдайы өндiрiс процесi нашарлауда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz