Ар түзейтін бір ғылым табылмаса



Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді.

Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Қазіргі философтар мен психолог ғалымдар психология ғылымын жантану деп атап, бөгде бағыт алып адасуда. Өйткені, шындығына келсек, мысалы логика ғылымы ойлаудың заңдылықтары туралы ғылым болса, психология адамдағы пси­хикалық құбылыстарды танып білудің ғылымы емес пе?!

Ал жанды танып білу ғарыштан келетін, яғни жанның тылсым құбылыс болуы себепті, ол жантану іліміне жатады. Абай мен Шәкәрімнің зерттеу, іздену ны­санасына алып отырғаны да осы ғарыш, яғни түп иеден келетін жанды тану ілімі. Психология мен бұл айтылып отырған түп болмысы ғарыштан келетін шын мәніндегі жантану ілімінің арасында жер мен көктей айырма бар. Осы себепті Шәкәрім: “Жанның бастан барын байқамапты, психолог ғылымын шашқан адам”, – деп мәселенің төркінін дәл басып, психолог ғалымдардың адасу себебін ескертіп отыр.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АР ТҮЗЕЙТІН БІР ҒЫЛЫМ ТАБЫЛМАСА

Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына
айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде
адастырмас темірқазығымыз.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші
әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану
ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп
иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам
ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім
дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы
әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді.

Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып
білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі,
шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар
желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып,
зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Қазіргі философтар мен психолог ғалымдар психология ғылымын жантану
деп атап, бөгде бағыт алып адасуда. Өйткені, шындығына келсек, мысалы
логика ғылымы ойлаудың заңдылықтары туралы ғылым болса, психология адамдағы
пси­хикалық құбылыстарды танып білудің ғылымы емес пе?!

Ал жанды танып білу ғарыштан келетін, яғни жанның тылсым құбылыс болуы
себепті, ол жантану іліміне жатады. Абай мен Шәкәрімнің зерттеу, іздену
ны­санасына алып отырғаны да осы ғарыш, яғни түп иеден келетін жанды тану
ілімі. Психология мен бұл айтылып отырған түп болмысы ғарыштан келетін шын
мәніндегі жантану ілімінің арасында жер мен көктей айырма бар. Осы себепті
Шәкәрім: “Жанның бастан барын байқамапты, психолог ғылымын шашқан адам”, –
деп мәселенің төркінін дәл басып, психолог ғалымдардың адасу себебін
ескертіп отыр.

Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті
тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы
жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік
қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды.

XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ағайынды ой алыбы Абай мен
Шәкәрімнің ғарыштық тылсым сырға толы жантану ілімін философиялық лирика
жанрының өзекті тақырыбына айналдырып, соны ой, тың таныммен жырлау
деңгейіне сол тұстағы батыс пен шығыс ақындарының қолы жете бермеуі де көп
нәрсенің сырын аңғартса керек-ті. Қазақ поэзиясындағы философиялық
лириканың сапалық деңгейі мен идеялық өрісінің шарықтау шегін танытатын осы
бірегей рухани құбылыстың тетігі жантану ілімімен ұштасуында жатса керек-
ті.

Менің пайымдауымша, Шәкәрімнің тіршілік пен жанның пайда болуы
жайындағы танымында қос сатылы ұғымның қатарласып жатуы байқалады:

а) Күн планетасы мен жер планетасы арасында, яғни Күн-ата, Жер-ана
сипатындағы қарым-қатынасынан әуелі өсімдік әлемі пайда болғанға ұқсайды.
Өсімдіктен жан-жануар әлемі пайда болған да, одан адамзат жаралған деген
танымды ұсынады. Бұл таным негізі Шәкәрім өлеңінде былай суреттеледі:

Бас қозғалыс қой жанның атасы...
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен.
Өсімдік жаны нашар боп,
Олардан жәндік және өскен,
Жәндіктен адам жаралған.

Бұлардың бәрі күннің жерге түскен жылы нұрынан жаралуы себепті, бұл
құбылысты жаралыстың төменгі сатысы деп қараймыз.

ә) Ал енді күн жүйесіндегі жер планетасында тіршілік атаулыға жан
қайдан келді деген ұлы сұраққа Шәкәрім: “Бас қозғалыс қой – жанның атасы”
деп көрсетеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургияда қолданылатын таңу түрлері
Абай, Шәкәрім мұрасындағы рухани тұтастық немесе жантану ілімі жайында
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу туралы
Шәкәрім философиясы
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын
Теледидар тарату
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Сандық информацияны кодтау
Пәндер