Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нө¬мірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек.

Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұты-нумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең - жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын. Белсенді қалыпта болатын инновацияларға ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиға-тын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс.

Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артуы керек. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты инженерлік қызмет те. Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда - 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та - 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар.

Отандық білім беруге қойылатын жаңа талаптар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жедел қамтамасыз ету, инновациялық даму нарығы мен көп салалы ғылымның жоғары технологиялы өндіріс жағдайында басқаруға құзыретті және бейімді-шығармашылығы бар кәсіби кадрларды дайындау қажеттілігінен туындайды. Экономикалық жаһандану білім беруге ұлттық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудің Халықаралық нарығына тең дәрежеде кіруі үшін жаңа сапалы талаптар қояды. Елдің 2030 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық басымдылықтарын айқындаған Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «келер ғасырда экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы-адамның өзі, олардың ерік-жігері, қуаты, талаптылығы, білімі», ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болатынын атап өткен. Сондықтан елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағытының бірі-мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқаруда негізгі орындарға ие болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалды және шығармашылық әлеуетінің құнды игілігі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған инновациялық-бейімді, құзіретті және кәсіби бағдарлы жүйесін құру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайы
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономиқалық өсу
Жаһандану жағдайындағы банк жүйесінің ролі
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Қазіргі - заман мәдениеттің дамуы
Қазақстан және жаһандану
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Жаһандану жағдайында бизнесті ұйымдастыру
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz